БІР, ЖАЛҒЫЗ, РАББ ЖӘНЕ АЛЛА ТАҒАЛА

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 276

       Құдай -БАР,  БІР Алла -Тәңір, Ол Алла- жалғыз, Барлық жаратылыстың Раббы Алла. Құдай Бір емес, жалғыз. Жалғыздықтың құпия сыры, ондай нұр барлығында жоқ. Тек Құдайдың өзіне ғана тән сипат. Сондықтан Ол Алла (құдайымыз-нұрымыз) жалғыз. Егер Құдай Бір болса, барлық жанды, жансыз нәрседе де бірдің қатысы болып, құдайлық сипат болар еді, онда Алланың өзі жалғыз басқарушы, үкім беруші болмас та еді. Ал жалғыздық тек жанды ақылға ғана тән болғандықтан «Алдыма жалғыз келесіңдер» деген Алла тағала. Олай болса әбір жанның өзіне тән жалғыздық белгісі,  қасиеттік, қабілеттік ерекшелігі болады деген ұғымды да білдіреді. Адам баласын түп негіз нұр сипаты кісілік жалғыздан жаратқанымен; «Жалғыздық Құдайға ғана жарасады» деп жартылық сипаттарды некемен қосып екі жарты (жын қуаты мен шайтан сезім қуаты) бір бүтін болып, төртке көбейту парыз болған адамзатқа. Сондықтан; «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» деген. Бас жалғыз, ол Алланың добы, құдайлық нұрдан жаратылған. Екі бастың өзара қосылмай неге өзінше жалғыз болып бірге жүруінде не сыр бар? Ойлау ерекшелігінде, ой қуатын меңгеруінде, қозғалыстық қуаттылығының жиілік, тербелестік, кернеулік, өрістік ерекшелігінде емес пе? Еркектің басы құдайдан, әйелдің басы еркектің аяғынан деп неге айтқан інжілде? Бастық қуаттық, ой  қозғалыстық ерекшелігі  болмаса қалай жыныстық айырмашылық пайда болады? Бір жыныстылықтықтың, рухани азғандаудың, әйелдердің еркекке айналуға құштарлығы, ерлердің жіңішке мінезділікке айналуына осы бастың тазалықтық жағдайы деп ойламайсыз ба? Сондықтан бастың қадірін білмегендер түбінде жалғыздықтың зардабын да тартады екі дүниеде де. Мал төртеу, олар бір ақылдың көлігі. Сондықтан; «Төртеу түгел болса төбеден, бір ақыл келеді.» Бір ойдың, таза ақылдың бірлік қуаты. Ал мұндай  ақылмен ойланғанда; Пұтқа табыну дегеннің өзі жанды, жансыздық ұғымына байланысты. Жанды ақылға Бірге «Единицаға» табынбаған Адам болып өмір сүре алмайды. Қазіргі заманда білімнің өзі қаракеттік, танымдық ақылдың өлшемі болып, мектеп жасына келген баланы да пұтқа табындыра алмайсың да, қисынсызға нандыра да алмайсың. Әрбір білімді адам баласы Алладан берген; Бір жанның сырын түсінсе, жансыз пұтқа табындыру деген түк қисыны жоқ ертегі ғана екенін біледі. Сондықтан масһабшы, тәпсіршілердің бұл ұғымды оңды-солды пайдалануының өзі надандық. Жын және шайтанда — бір ібіліс-кісілік бар, ал рухани бірліктегі жаныңда- бір «мендік» бар, киелі  рухта бір тазалықты сүйетін кісілік бар. Сондықтан Алланың Бір тәңірлік сипаты барлық жаратылыстың нәрселерінде бірдей барлығын білдіреді.  Бірақ Бір Алла болса, Бір ақылмен басқарылатын жанды қозғалыс иелері болып салады. Сондықтан әрбір сөздің өз орны барын ескерткен құранда. Сонымен Алла тағаланың өзі жол-ғылым болса, Раббымыздың бірлігінің ерекшелігі мен Алла тағаланың ғылымдық сыры қандай? Тәпсіршелердің білімді ақыл қылып, логикалық пайымдаумен сөз ұғымына үңілуіге, ойлану қабілетіне тиым салып, ақылды қақпанға байлап қойғанына яғни жынмен шектеліп негізделуден құтылғыңыз келсе, әр сөздің қуатын ерекшелігіне үңіліп, ойды еркін меңгерсеңіз ақылда бостандыққа шығарары сөзсіз… Ал енді өзіңізді байқап көріңіз тапқыш ақыл, таза ойды шақырып. Бірақ ол үшін не керек, қандай рухани қуаттарды меңгеру екенін білесіз бе?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *