Ғалымдар мен сопылар құранды, дінді қорғаушылар!

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 127

«Мұхаммед ғылым берілгендер, Құранның Раббыңнан бір хақиқат екендігін біліп, оған сеніп және оған жүректері берілуі үшін. Күдіксіз Алла иман келтіргендерді әлбетте тура жолға салады.( (22-54) Бұл аятпен  Алланың өзі ғана тура жолға салушы екендігін, яғни Алламен байланысқа түсуші, хабар алушы және оның ашық белгісі түрінде ғылым берілу керек екен. Сонда ғана иманның толысуы мен жүректердің көзі ашылып хақиқатты көруімен белгілі болмақ. Ал онда ғылым берілгендер қандай хақиқатқа бөлену керек? «Алла тағала хикметті (терең білімді) қалаған құлына береді. Ал кімге білім (хикмет) берілсе, оған көптеген игілік (қасиеттер) берілген болады. Бұны ақыл иелері ғана түсіне алады.» (2-269) Демек мұндай Алладан берілетін хикметті білімдерді меңгеру үшін де ақыл иелері болып, оған халықтың бәрі ұйып жүректеріне айтқан сөздері қонатындай,  ондайлардың берген дұға тілектері арқылы жақсылыққа бөленетіндей дәрежеде, бұл игілікті халықтың мүддесіне жарата білу керек екен. Олай болса қазіргі құраннан тәпсірлерді халыққа тықпалап білімді аталғандар ғылым берілген ерекше ақыл иелері ойшылдар, философтар да болып табылмақшы. Олардың құдаймен тікелей байланысты құпия қасиеттері де (бақсылық) болып хикмет көрсетуге де шамалары бар екен. Сонымен бірге ғылым берілгендер кітап берілгендер болып олардың Алладан алған құпия ерекше білімдері болу керек және ол адамзаттың білімімен байланысты да емес. Мұны ілім деп атайды. Оған дәлел аятта; «Сен бұдан бұрын кітап оқымаған едің де оны қолмен жазбаған едің. Егер ондай болса еді, әрине бұзықтар күдіктенер еді. (28) Олай емес. Негізінде Құран, өздеріне ғылым берілгендердің көңілдерінде айқын аяттар. Аяттарымызға залымдар ғана қарсы келеді.» (29-49). Демек бұл білім құран арқылы аянмен көңілге жазылып берілетін кітап болғандықтан бұрынғы өткен әулие, пайғамбарлардың жазбаларынан ерекшелігі де болу керек. Мұндай жағдайда тәпсір, жазбалар арқылы берілген білімдерді не растайды аян, уахи арқылы немесе терістейді. Сонымен мұндай ерекше пайғамбарлық қасиеттің 46-дан бірлері болып мұндай адам баласы тақуалықты, сопылық дәрежелерді де меңгеру керек. Бұндай дәрежелерді Ясауи бабамыз тарихат, мағрипат, ақиқат деп көрсетіп кеткен. Олай болса Ханафилік масһабшы және құраншы, дінші  бауырларымыз, имамдарымыз, ғалымдарымыз  мағрипатты меңгеріп;  хақиқаттан яғни ақиқаттан хабар алған ғалымдар, ғылым-кітап берілгендер болуы тиісті. Енді мұндай ерекшелікті олардың таң қаларлық хикметті істерінен аңғаруға болады. Ең болмағанда жазылмайтын ауруларды құран арқылы емдеуге, берген дұғалары қабыл болып, осыдай замандағы болып жатқан бүлікшілдікке де тоқтам салумен, жаңбыр сұрап жауғызумен, өрттерді сөндірумен, тағы түрлі адамзатқа қауіпті құбылыстарға құдайға жалбарынып  араша бола алумен де байланысты болу керек екен. Неге десеңіз аятта; «Рас Дәуіт пен Сүлейменге ғылым бердік те олар; Барлық мақтау, бізді мүмін құлдарының көбінен артық қылған Аллаға лайық» деді(15) Сүлеймен, Дәуітке мұрагер болды да: «Әй адамдар! Бізге құс тілі үйретілді. Сондай-ақ бізге әр нәрсе берілді. Рас бұл, әлбетте ашық бір артықшылық.» (27-16) Міне ғылым берілгендер ең төмені құс тілімен яғни тылсыммен сырласудың яғни, Алламен тілдесудің екі сипатын да меңгеру керек екен; «Алла тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынана ғана сөйлеседі; Не бір елші жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары хикмет иесі.» (42-51) Бұл жерде масһабшылардың, діншілердің Алла адам баласымен сөйлеспейді немесе Мұхаммед пайғамбардан кейін уахи тоқтады деген пәтуаларын  аят ашық түрде жалғанға шығарады. Ал бұл аятты енді жалғанға санап немесе түрлі сылтаумен бұрмалаудың өзі Аллаға ортақ қосу болмақ. Демек Алла тағаланың өзі әрбір сүйікті құлына көкейіне салып, яғни құстың үнімен беріліп немесе елші қылып тағайындайды да халыққа уахи хабарын жеткізуші қылып, мұндай құлдарын; ғылым берілгендер деп атайды екен. Сонымен қазіргі таңдағы исламдық ұстаным бойынша бұндай пайғамбарлық қасиетті енді барлық тәпсірші діншілер 40-қа толмай-ақ, сопылықтың жолында азап шекпей-ақ, құранның масһаб білімін дайын тәпсірлерін оқып бес уақыт намазбен, ораза, зекетпен, қажылықпен ғылым берілгендер болып саналуы тиісті екен. Құранға ашық қарсылықпен Аллаға да жала қою емес пе?  Және бұлар дарынды ақыл иелері де  (философ, ойшылдар) болып аталуы керек. Шынымен осындай ма, қазақтың ғылым берілген болып, құранды тәпсірлеп өздерін тура жолда жүрміз дейтіндер?  Хикметті білімін, хақиқаттан берген хабарларын, дәлелдерін кім көрген?  Егер шынымен бұл топтағылар ғылым берілген ерекше хикметті білім меңгергендер болса алдымен халықтың алдына Ержан мырзадан бастап шығып неге дәлелдемеске? Ал онан кейін біздердің неге бір ауыздан мұндай дарынды қожалардың берген пәтуаларын мүлтіксіз орындауға иманға келмеске? «

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *