Масһабшы дін ғалымның пәтуасы,
Мешіттен іздеп барып кәрі, жасы
Дін үйреніңдер біздерден ақыл алып,
Құдайдан бетер болмай бар молдасы.
Тұрмыстық ұстазыңды аруақ деген,
Үйретіп сөз, жаныңа ақыл берген.
Есігін қағып іздеп бара қалсаң,
Серікті дәлелсіз қостың деген.
Әр пенденің тағдырында қатесі бар,
Бұл қатенің есебін кімнен алар?
Жолға шығып жобаңды алыңдар деп,
Құдайдан бұл үкімдер құранда бар.
Қазақтың дәстүр, діні, әдет-ғұрпы,
Ақталуға міндеттейтін аруақ ісі.
Жабылған мөрлі есікті тықылдатып,
Қағатын ұждан атты періштесі.
Інжілден Ғиса берген насихатты,
Көршің бар әр кентіңде өз қаласы.
Үйіңе аруақ қонақ түн ішінде,
Нан сұрап келер деген рух сипатты.
Бар көршіңе есігін қатты қақ та,
Мазала күнде барып жатқан шақта.
Осыдан құтылсам деп есік ашар,
Сұрасаң неге бермес ашыққанға.
Дегенмен бізді енді мазалама!
Ұйқыда біз жатқанбыз жаңа ғана.
Әкеңнен сұрай берсең қолың жайып,
Нан орнына саған тас бере ала ма?
Шерікті қосады деген имамдарға,
Тас алды деген дінде дәлел бар ма?
Ақиреттің қақпасын қақпа деген,
Қасиетті кітаптарда жазу бар ма?
Әке шешең өлгендер қайда барды?
Тәні қапа, жаны өтіп кімге барды?
Жанаттардың есігі қабір болып,
Әулиелер күзетпей ме ойласаңшы.
Жерді кез, жер тесігін ізде деген,
Үкімін жаратушы кімге берген?
Сол жерден көкке саты табасың деп,
Пайғамбарға аяты бар түсіндірген.
Ата-баба ар ұжданың аруағы,
Айша ана періште қыз жаннат бағы.
Ата жолы еліңе хикмет, мұғжизасы,
Хабарын батамен әулиелер таратады.
Надандан зұлымдықпен қарсы болған,
Құранға аяттарға ортақ қосқан.
Ғисадан үлгі, інжілді меңгеруге,
Құдай ісін масһабшы шектеп қойған.
(қыркүйек 2014 жыл)
*** ****