Мәңгіліктің мекені!  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 121

Мәңгілік ел мекені,

Топырағы толған киелі.

Тұраның туы Түркістан,

Әулие-әмбилер мектебі.

Қазақтың түбі номадтан,

Жеті арыс құдай жаратқан.

Пайғамбарлар атасы,

Ғымыран және Нұх атаң.

Сақ пен ғұнның отаны,

Қазығұрт тауы жоталы.

Қазақ, Созақ бата алған,

Қос Емердің бұлағы.

Мәңгіліктің бізде елі,

Әулие-әмбилер мекені.

Ыбрайымдай Ман ата,

Мұсылмандыққа үлгі еді.

Еврейлердің түп атасы,

Пайғамбар Ысқақ баласы.

Жақыптай атаң зияраты,

Балхаштай көлдің жағасы.

Ғисадай рухтан пайғамбар,

Сайрамда Мәриям ана бар.

Жақып пен Жүсіп сахаба,

Петір мен Павыл және бар.

Мәлік Сыдық, Һұд елші,

Мәді деп әлем іздеді.

Зияраты қазақ жерінде

Тағзым қыл берер кеңесті.

Алаш, Бабыр алым Бақанас,

Құдайдан алған хақиқат.

Ізбөрі анаң Ұлсай Емерді,

Есікте мекен тегің сақ.

Ерқоян, Укаша, Садуақас,

Баптардың бабы Арыстан бап.

Құл Қожа Ахмет Ясауи,

Ақылдың кені таусылмас.

Әлемнің түгел тегі бар,

Хам, Сам, Япшилар,

Нұх атаның ұрпағы,

Сыр елінде зиярат бар.

Кітабы құран есімдер,

Жүз отыз алты сан өлшенер.

Жүз үш әулие, отыз үш сахаба,

Жерінде қазақ кездесер.

Ерен Ғайып шілтен бар,

Ер Дәуіт пірі ұсталар.

Сипаты көркем Өзінің,

Қазақта қанда ділі болар.

Ілімсіз соқыр надандар,

Дәстүріне қазақ қарсылар.

Номадтық нәсіл өсірмей,

Соғысып жатыр тажалдар.

Шайтанға болған жамағат,

Ел билік, зиялы қауымдас.

Сипатын Алла танытқан,

Абайын жатыр мазақтап.

Оянып аруақ елімнің,

Көгертер жанын тегінің.

Аруақтанып шығатын,

Қияметі келді мезгілдің.

Мәңглік елдің бұл жері,

Әулиелер болған мектебі.

Әлемге үлгі дәстүрмен

Болады әлем жүрегі!

(қыркүйек 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *