Шылымшы, зинашы, нашақорлық,
Үшеуі ағайынды қылған зорлық.
Рух тазарып жан өспей тек аздырған,
Айырмасы бірі үлкен, кіші арам болып.
Шылымшы нашақор ғой ысты іздеген,
Жалыны жын, жыннан шайтан өскен.
Кеудесі ысталады құртқа айналып,
Жын-шайтан жылан болып білеуленген.
Жыланның уы белге жиналады,
Түрлі ой, теріс үнге айналады.
Жатыр мен қанына қатын уын салып,
Тек азып, дертті ұрпақ туылады.
Несібе ауаны күнде улайды,
Демімен сасық иіс кімге жайлы?
Адамның өніміне болған құмар,
Шайтандар азық алып балалайды.
Мұсылман ба шылымшы нашақорлар?
Арамнан аруағы да қашып тұрар.
Ата-баба ақиретте нала болып,
Өз ұрпағын шылымшыны қарғап тұрар.
Бір мысал айтсам үлгі ғибараттан,
Сапарлас ер азамат келе жатқан.
Шылымның зиянын насихаттап
Алмаңдар дедім ауызға наша настан.
Жасымнан арақ ішіп шылым тартқан,
Әдетім болды деп жігіттік батылдықтан.
Бір күні жас молда мұны көріп,
Аға деп шықтың деген мұсылманнан.
Неге деп сауал қойдым дейді жігіт,
Жұртың көбі жүрген жоқ па шегіп?
Шеккенмен сен нашаны ауызға алып,
Дегенді ақиретте ата-анаң жүр қиналып.
Қалайша мен шегем, олар қиналады,
Ақиреттің шаруасы қандай менде барды?
Ата-ана ұрпағына жауап беріп,
Үйретпеген мұсылмандыққа жаза барды.
Көзімнен жасым сонда шығып кетті,
Дейді жігіт ата-анам еске түсті.
Мен үшін әке-шешем азап көрсе,
Еркек болып мен жүрмін неге есті.
Сол мезет арамдардан аласталдым,
Қалайша еркек болып аталамын?
Мұсылмандық ар, намысым аманатым,
Қазақтың тегімін деп айта аламын?
Еркек емес шылымшы, нашақорлар,
Шайтанға еркін беріп сезім қуар.
Қазақ болып мұндайлар саналмайды,
Тектілігі жаны жетілмей босқа қалар.
(қыркүйек 2014 жыл)