(Масһаб, дін шариғат, сопылық және жалпы дін ұғымы, ғылым туралы Абай ата көзқарасы мен философиялық ойшылдығы)
Бұл жазбаның да өз талабы болып, біздің мақсатымыз Абай атамыздың ойшылдығы бойынша ақылды меңгеру арқылы имандылық пен махаббатпен Алла тағалаға және адамзатқа құлшылық жасау арқылы, Ол Алланы яғни жаратушының рахметіне бөленуге, сыйына кенелуге, мәңгілік өмірдің есігін ашуға деген құлшылығымыздың реттілігін табумен белгілі болмақ. Қандайда бір мұндай толымды құлшылық ниетімізді біздер ақылдың көмегімен, қуатымен ғана айқындай аламыз. Сондықтан да біздер бұл жазбаның бірінші тақырыбын 38-ші сөзден және пайғамбарлық қасиеттіліктің 38-сипаты «Естуші» яғни уахи алушы мүміннің имандылық, толымды дін ниеттілік, махаббатылық жағдайынан бастаған едік. Енді сан ғылымына жүгінсек Абай атамыз 45 қара сөзі арқылы естіліктің, көргендіктің, тектіліктің қадір-қасиеттілігін құран арқылы айқындап бергенін білу үшін де, құранның қандай сүрелері арқылы пайымдалғанынан да ескеруміз керек. Сонымен алдыңғы тарауларда баяндалғандай адам баласының сөз өнері ақылдың жетістігі парасаттылықпен 8 санымен түрмен байланысты және 13 санды даналықпен байланысты пайда болатынын ескерттік. Олай болса жаратылыстың және барлық уақыттың да ақпараттық түрленудің де, өмірдің де 3 түрлі қозғалысынан басталуын, мұның 10 көктік сан нұрмен дәрежеленуінен 30пара адамзатқа ортақ рухани қуаттың, кітаптардың және парасаттылықтың нәтижесі болған 38 санды сөзбен Абай атамыз пайғамбарлық қасиеттің «Естуші», уахи алушы қасиетін; «Расында сендерден бұрын да пайғамбарлар жібергенбіз. Оларға да жұбайлар, ұрпақтар бергенбіз. Ешбір пайғамбар, Алланың рұқсатынсыз бір аят келтіре алмайды. Әр нәрсенің мезгілі жазулы» (13-38) Ал енді мезгілдің жазуын –Заман деп атасақ, заманның өзі Алла тағаланың сипаттары болып, осы 8-түр-сипаттан барлық жанды жаратылыстың тағдырының жазылуы, өмір тіршіліктің де басталатынын да білген жөн.
Сонымен жанның негізгі 3 түрлі ерекше қуатын 43-ші сөзбен «впечательность сердца» -сезімдік логикалық қысқа ақыл, «подвижной элемент»-қаракеттік тектілікпен байланысты ұзын ақыл мен екі түрлі ақылдың екі түрлі естілікті қалыптастыратынын, бірі жанда жасырын талаптылық яғни мұны қаракеттік ақылдың алғырлығы, таланттылық деп атасақ, ал енді сезімнің аңғарымпаздығы сана қуаттылығына жататын «сила приятагательная однародного» деген қуаттың сипатын маңызын Абай атамыз бұл сөзде тоқталмай өткенмен, негізінен бұл қуат саналық басқарушы көкпен жалғанумен ақиретпен негізгі байланыста туратын таза ақылдан нұрдан қуат алушы болып, осы үш түрлі қуаттарды төртінші талаптылық, мақсатты бағдар арқылы өсіріп жетілдіру туралы жанды меңгеру арқылы иман, махаббаттың да дін ниетінің де толымды болуын 45 қара сөзбен, өлең насихаттарымен де ашып көрсетіп бергенін де білген жөн. Әрине мұндай ойшылдықтың құранмен, пайғамбар өсиеттерімен сәйкес келмесе, онда ол ақылға қуат, иманға жарық үн болып жүрекке де түсінік болып сіңе алмайды. Құранның да сандармен әр сүренің өз жүйесімен баяндалғанның өзінде ақыл-ойымыздың біздің рухани жиілігімізбен сәйкес келетін Алла тағаланың 8 түр сипатынан тарайтын барлық құдіретті, ғылым, рахметті сипатарынан пайда болатын Ол Алла болған 10-сипатты нығметінің көрінісі 99 көркем есімдерінің біздің өмірімізден ақыл-ой, сенім, иман, махаббат дін ниетімізбен құлшылықтарды орындау арқылы рухани қуаттарды меңгеріп, жанды өсіріп көбейту үшін жаратылғанбыз.
Сонымен 4 түрлі ақыл қуатының жанға қызметші болып екі түрлі естілікті қалыптастырғанын да алдыңғы жазбаларда баяндап кеттік, бірақ бұл жандық қуаттарды біздің өмір сүру барысында алған біліммен, тәрбиемен өнерлерді меңгерумен де немесе тәнге түрлі жағдайда алатын азықтармен де біз өзінің даму шегінен, өзіміздің жаратылыстық болмысымыздан белгіленген шегінен жетілдіріп асыра алмаймыз. Яғни қандайда бір ақылдық жинаған қуаттарымыз шектелумен, таусылумен аяқталып, біздің рухани да дамып ілгеріге болашаққа қарай мақсатты түрде жандық қуаттарымызды да өз шамамыздан артық көбейте де алмаймыз. Әрбір пенденің тағдырына байланысты мұндай шектелуге түсудің тіршілік барысында мезгілдері болып және өмірінің түрлі азаптар мен қараңғылықтарға түсіп, өмір сүргісі келмей,тірліктің қызығы таусылғандай әсерлермен жамандықтарға бой ұруына да себепші болмақ. Сондықтан да үнемі ақылымызды толықтырып және жанның да өсіп, жетіліп көбеюі үшін біз жаратушыдан құлшылығымыз арқылы алатын нұрға тәуелді болуымыз да қалыпты болмақ. Мұндай тәуелділікті Абай атамыз 38-сөзінде; «Пенделерде болатын қуат; Құдірет, Ғылым ақылдан бөлек тұрады.(біздің ақылымызда құдірет пен ғылым болмайды) Ал Алла тағаладан болатын Құдірет-Ғылым және рахметі болмақ. (Рахмет деген сипаттың өзінде екі сипаттың да бірленген көрінісі болуын білдереді) Сонымен Ол деп Рахмет сипатын атаймыз. (Ол Алла деген Алланың рахметі болып саналмақ) Рахмет сипаты сегіз сипаттың ішінде жазылмаса да Алла тағаланың; 1.Рахман, 2.Рахим (жарылқаушы, келтіруші) 3.Ғафур ( кешіруші ) 4.Уаруд(сүйікті, сүюші), 5.Хафиз (қорғаушы), 6.Сәттар (ара түсуші, арашашы), 7.Аззақ (несібе беруші), 8.Нариғ (пайда беруші), 9.Уакил (уәкіл басқарушы), 10.Латиф (жақсылық, мейрім) деген ұлық сипаттарын да негіздеп, бірлеп сипаттауға керек. (олай болса, бұл 10-сипаттың барлығы тұтастай Рахмет Ол Алла болып, көктен келетін нұрды-он саулық байлығын белгілеп тұр.) Ал енді бұндай ұғымдарды түсінуге дәлел жоғардағы Алла тағаланың 99 есімдері болмақ.» (38-ші сөз) Бұл негізінен біздер үшін дінсіз таза жаратушы тарапынан тікелей берілетін нұрлық жарық ой өнімдеріне байланысты болса, адамзаттың тіршілігі барысында да екі аралық бұл қуаттарды меңгеруге дәнекер болатын да себептердің 8 түрі малдық (пара), ақша қуаттардың да барын естен шығармаған жөн. Мұны рухани түйсіктік (интеллектік) тұрғыда 5 қуат және жандық сезімдік (интуция) тұрғыда 3 қуаттардың болатыны ата жол жазбаларында баяндалып түсіндірілді. Дін шариғатымызда бұл қуаттарды меңгеруді сауап жасап, сауап алу деп 35 санды сүремен «Фатыр»-Садақа туралы деп баяндалады.
Олай болса, Абай атамыздың бұл сүренің аяттарының да сырын баяндап өткенін де дәлелдей кеткеніміз жөн болар. Алдыңғы жазбалардағы барлық қара сөздер мен өлең насихаттардың да әзірге осы 13;35;45; сүремен байланысты аяттармен түсініктеме беріп отырмақпыз. Адамзаттың өмірінің мәні де өзін тану және сол арқылы жаратушысын тану арқылы иманды меңгеріп, махаббаттың маңызын білу арқылы ғана біздің дін ниетіміздің талабы айқындалмақ. Бұл сырды пайғамбарлық қасиеттің 35-ші түрі;«Жұмбақтылық» деп атап, аятта; «Сондай тақулар үшін әзірленген ұжмақтың мысалы: Астарынан өзендер ағады. Оның жемістері және көлеңкелері мәңгілік. Міне, Алладан қорықандардың соңы. Қарсы келушілердің соңы тозақ.» (13-35) Және мұндай ұжмақтық болғандардың мәңгі тірі болып; «Ол өз кеңшілігінен бізді тұрақты орынға орналастырды. Бізге бұл жерде шаршау да жалығу да болмайды» деп бата қылады.» (35-35) Олай болса ұжмақтағылар үнемі жұмыс үстінде болады және жалықпайтын қызмет деп ескертеді. Ал енді тозақтық болған жағдайда; «Бұларың, Алланың аяттарын мазақтағандықтарыңыңның салдарынан. Әрі сендерді дүние тіршілігі алдады. Сондықтан олар тозақтан шығарылмайды да ғұзырлары қабыл етілмейді.» (45-35) Сонымен Алланың аяттарын мазақтап тозақтық болатындар мен жақсы табыс арқылы ұжмақтық болуды Абай атамыздың 35-ші сөз пайғамбарлық қасиеттілік; «Жұмбақтылықтан»;«Махшарға барғанда құдай тағала қажы, молда, сопы, жомарт, шейіт-солады қатар қойып, сұрар дейді. Дүниеде атақ, даңқ үшін, сый құрмет алмақ үшін қажы болғанды, молда болғанды, сопы болғанды, жомарт болғанды, шейт (батырлық қылу, өзін өлтіру) болғандарды бір бөлек қояр дейді. Ақиретке бола, бір ғана құдай тағаланың разылығын таппақ үшін болғандарды бір бөлек қояр дейді. Дүние үшін болғандарға айтар дейді: «Сендер дүниеде қажеке, молдеке, сопеке, мырзаке, батыреке аталмақ үшін өнер қылып едіңдер, ол дүниең мұнда жоқ. Сендердің ол қызықты дүниең харап болған, сонымен қылған өнерлерің де бітті. Енді мұнда құрмет алмақ түгіл, сұрау беріңдер! Мал бердім, өмір бердім, не үшін сол малдарды, өмірлеріңді, бетіңе ақиретті ұстап, дін ниетің дүниеде тұрып, жұртты алдамақ үшін сарып қылдыңдыр?» деп…..» Сонымен бұндайлар Алланың аятын мазақтағандар, яғни дін ниеттерін меңгеруге ақылдары жетпегендер болып саналады. «Ана шын ниетімен орнын тауып, бір құдайдың ризалығы үшін өнер қылғандарға айтар дейді; «Сендер бір ғана менің ризалығымды іздеп малдарыңды, өмірлеріңді сарп қылып едіңдер. Мен разы болдым. Сіздерге лайықты құрметті орным бар, дайын, кіріңдер! Һәм ол разылықтарыңнан басқа осы машхар ішінде, сендердің осы қылғандарыңа өзі қылмаса да, іші еріп, ынтық болған достарың табылса, шапағат қылыңдар!»-деп айтар дейді.» (35-ші сөз) Олай болса ұжмақтағылар өзен үстінде болып біздерге Алла тағаланың көркем есімді қуаттарынан іштеріміздегі қара қуаттардың жанып, еруіне байланысты, босаған орындарға зейнеттелетін ұжмақтан нұр қуаттарына жалғаушы да болады екен. Масһаб дінші ғалымдарының өлгендердің өз туыстарына, жер бетіндегі тіршілік еткен адамзатқа ешқандай жәрдемі болмайды дегендерінің аяттарды мазаққа алып, өздерін тозақтық болып, бұл жағдайды атамыздың аятпен де, насихатпен де жалғандығына әшкере дәлел бергені емес пе?
«Мынау келген Назар ма, Ақсақалды ауыл азар ма? Сұрағаны бір-ақ тай, Бермейді деп сазарма!» (35-ші өлең) Бұл өлеңмен дүниелік нәрсені емес «НАЗАР-КӨЗ» аруақтық белгі болып, келген рухани қуаттың ақсақалдық жасқа жеткен адам баласынан өзінің құраннан зейнет мал-тайын алатынын да насихаттаған. «Махаббат достық қылуға Кім де болса тең емес. Қазір дайын тұруға-Бес күндік ғашық жөн емес. Сүйіспек көңілім ойлайды, Жанның бәрі-қатынбас. Сүйісу тозбай тұрмайды, Еңбекке аз күн татымас.» (135-ші өлең) Сонмен махаббат пен достық қылу үшін де ақылды меңгеріп иман жинауға да еңбек қылу керек екен. Мұндай еңбекті рухани тұрғыда қазақтың нақылында; «Бірінші байлық денсаулық, екінші байлық ақ жаулық, үшінші байлық он саулық» деп ескерткен екен. Бұл үш байлығымыздың да негізі; «Мал», «Жан», «Ар»-ға байланысты; есту, көру, ойлау сезімдерімізді жетілдірумен жанның негізгі үш түрлі ерекше ақылдық қуатын дамытумен байланысты екені де сөзсіз. Ол үшін де біздерге жоғарғыдай атақ, даңқ, сый-құрметке емес адамдық махаббатқа, бауырластыққа негізделген рухани тұрғыда «назар-көз» жүктерді яғни бес қуатты меңгеру үшін де пайғамбарлық қасиеттілік «Ізгілік» -ті болуымыз да керек.
«Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар, «Әй құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр!» деп тілек тілегенін өзім көрдім. Онысы-жас баладан гөрі өзі есті кісі болып, ескермес нәрсесі жоқсып, қайғылы ксі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танисың: әуелі-«Түстік өмірің болса, күндік мал жи» «Өзіңде жоқ болса, әкең де жат», «Мал-адамның бауыр еті», «Малдының беті- жарық, малсыздың беті-шарық», «Ердің малы елде, еріккенде қолда», «Берген перде бұзар», «Алған қолым –береген», «Мал тапқан ердің жазығы жоқ», «Байдан үмітсіз-құдайдан үмітсіз», «Қарның ашса, қаралы үйге шап», «Қайраны жоқ көлден без, қайыры жоқ елден без» деген сөздері көп, есепсіз толып жатыр. Бұл мақалдардан не шықты? Мәлім болды: Қазақ тыныштық үшін, ғылым үшін, білім үшін, әділет үшін қам жемейді екен, мал үшін қам жейді екен, бірақ ол малды қалайша табуды білмейді екен, бар білгені малдыларды алдап алмақ яки мақтап алмақ екен, бермесе онымен жауласпақ екен. Әйтеуір ұрлық, қулық-сұмдық қылып жүріп, мал тапса, жазалы демесек керек екен. Бұлардың жас баланың ақылынан несі артық? Бірақ, жас бала қызыл ошақтан қорқушы еді, бұлар тозақтан да қорықпайды екен. Жас бала ұялса, жерге ене жаздаушы еді, бұлар неден болса да ұялмайды екен. Сол ма артылғаны? Қолымыздағыны үлестіріп талатпасақ, біз де өзіңдей болмасақ, безеді екен. Іздеген еліміз сол ма?» (5-ші сөз) Енді аяттарға жүгінсек; «Мұхаммед егер таң қалсаң, олардың: «Біз бір топырақ болған кезде, жаңадан жаратыламыз ба?»,-деген сөздеріне таңырқау керек. Міне бұлар Раббыларына қарсы болғандар. Әрі бұлар мойындарында темір шынжырлар (итке айналатындар) болатындар. Сондай-ақ бұлар тозақтық. Олар онда мәңгі қалады.» (13-5) Қазақта да осыдай белсенді, ұлтшыл аталып мұнайдан, қазба байлықтан түскен қаражатты халыққа бөліп беріп немесе бөлек ұлт болып өзге елдермен бірігіп өз ара сауда–саттық алыс беруді болмау керек, кедей болып қаламыз деп тек дүниенің уайымымен халықты үркітіп жүргендердің жағдайлары да осындай ғылымды, білімді, әділеттілікті дін ниетін емес шайтанның жамағатының әрекетін білдіреді. «Әй адам баласы! Сөз жоқ, Алланың уәдесі хақ. Ендеше дүние тіршілігі сендерді әсте алдамасын. Сондай-ақ аса алдағыш та сендерді Алла туралы алдамасын.» (35-5) Және мұндай шайтанға айналудың әйелдерге байланысты сипатын; «Түңілікбайдың қатыны, атың-Шәріп, Байға жарып көрмеген сен бір кәріп. Сен-шыққан жол үстінде жалғыз түп ши, Көрінген ит кетеді бір-бір сарып.» (5-өлең)
Біздердің қандай да бір несібеміздің, жер байлығының, онан шыққан дақылдардың да Алланың қалауымен ғана сол жердің тұрғындарына, жаратылыс егелеріне өлшеп қана беретінін аятта; «Түн мен күндіздің ауысуында, сондай-ақ Алланың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар.» (45-5) «Жаңбырменен жер көгерер, батаменен ер көгерер» деген нақылдың да осы жағдайға жанның қуатына бір сумен бірі көркем сөзбен байланысты екені де сөзсіз. «Қорқытпа мені дауылдан, Дүрілдеп тұрса тау мен сай. Шатырлап тұрған жауыннан Жарқылдап тұрса түскен жай. Көк тоғындай аспан-көк, Білемін, жайнап ашылар. Исі аңқыған бәйшешек Түрленіп жерді жасырар. Қорқытпайды қар мен мұз, Өзге нәрсе қорқытты. Ойсыз, доссыз, бақытсыз, Жыбырлақпен өмір өтті. Сондықтан қайғы қат-қабат, Қарап тұрмын сендерге, Атасы басқа, өзі жат, Жалғыз жанша жат жерде.» (105-ші өлең) Тіріңде дін ниетіңмен толымды ақылың болмай, құлшылықпен Алланың досына жалғана алмасаң осындай аруағың да жерге қаңғып кетер деп ескертеді. «Күнді уақыт итеріп Көк жиектен асырса, Көлеңке басын көтеріп, Алысты көзден жасырса-Сонда көңілім жоқтайды Татуы мен асығын, Көзі жетіп тоқтайды Өткен күннің қашығын. Көкке бақтым алла деп, Тамаша етіп құдіретін. Рахматы оның онда көп, Бізге түк жоқ тиетін. Неге сүйсін ол мені, Өзім ақымақ, алмадым, Көрдім артық бір сені Рахматынан Алланың.» (205-ші өлең) Алланың рахматынан құр қалмау үшін, ақымақ болмау үшін онда ақылымызды қалай сақтаймыз, қалай жанымызды өсіреміз? ..(жалғасы бар)