Кім жауламақ Алашты?  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 84

Қазақ, Созақ ұрпағы Алаштың,

Әлемге алты рет жол ашқан.

Есіктегі анаң Ұлсай Емерді,

Келіні еді бабаң Алаштан.

Күміс кесе жиырма алты харіпті,

Оқи алмай талай ғалым жалықты.

Жиырма алты қаласын әлемде,

Алаш баба ұрпақтары салыпты.

Қазақтың бұл  дәстүрі еді ежелден,

Атила, Шыңғыс, Темір көреген

Әлемді дәстүріне түркі көндірген,

Сақ пен ғұнның ұрпақтарын бірлеген.

Нұрсұлтандай басшы мұны бастаған,

Талай төре текті шығып ұлтыңнан

Қазақтың әулие-әмбилері қолдаған

Әлемге үлгі болар дәстүрі қазақтан.

Қияметтің сыны келген тажалдан,

Ақылы жоқ біліммен ой жорыған.

Әулиелік қазақ дінін соттатқан,

Аруағын  білімділер артқа тастаған.

Керек емес евразия бірлік аталған,

Қазақ ұлты жеке де өмір сүре алған.

Алыс беріс дінін құдай алмаған

Украинадай ел болмақ, соғыс жалмаған.

Атомды дамытпаңдар қауіпті,

Қорқытады өліммен бос халықты.

Құдай емес пе бар өлімнің егесі,

Тағдырыңа өлшеп берген жарықты.

Ұлтыңның амандығы құдайдан,

Адамзатқа махаббатпен қараудан.

Ішіңді тазарта  алмай қараңнан,

Есті адам жиіркенер мұндай жобадан.

Тегің қазақ уахи алған құдайдан,

Тектілігің әлемге арыс таралған.

Енді білім тәңір болды шоқынған,

Түс, аянды көре алмаған наданнан.

Дүние байлық таусылуға жаралған,

Несібесін құдай өзі тағдырыңа арнаған.

Ғылымды дамытпаған халықты,

Жаратқан түрлі ауру, азаппен сынаған.

Мал бағумен басқа өнер алмаған,

Талай дәуір өтпелі кез сын алған.

Бодандыққа түскен өзге елдерге,

Ғылымы мен білім өнері асырған.

Сол нәсілдер  өніп шықты қайтадан,

Зиялы боп біліммен ақыл жинаған.

Құдайдың ескертуін айтқанмен,

Айдап салып талай ұлтты қырғызған.

Өзі білмес, білген тілін алмаған

Тажалдар көп ұлттың жанын жалмаған.

(қазан 2014 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *