Дәм мен тұз отауың  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 123

Отау құру оңай болып алды,

Ғашықтықпен екі жас жарасады.

Күйіп, сүйіп қосылар отау құрып,

Көпке бармай неге  ажырасады?

Себебін үлкендер жоқ ойлағанды,

Заманның салтына таңа салды.

Жесір мен жетімдерді көбейтуге,

Жастарымыз  неге бұлай жарысады.

Дәм мен тұз екі қуат қосылады,

Ерден дәм, қатыннан тұз жағылады.

Қыз ауыр ма тұз ауыр ма деген атаң,

Тұзы жеңіл қыздардан қуат азды.

Еркек дәм нәсілмен тек жалғанады,

Жүктіліп малына рұқ сөз алады.

Ет ауыртып еңбек қылып тазармаған,

Ерлердің еті сасып ұрық азады.

Дәстүрін ата-баба ойпат кезген,

Киелі жер таза оймен жүктелетін.

Масһабшы ел билікпен тиым салып,

Халықтың алтауы араз дәм сезетін.

Еркек жыннан түтінсіз от жүктелетін,

Нәзік жаны отсыз түтін меңгеретін.

Отсыз түтін сасық иіс қолқаны атып,

Арсыздықтың бұл сыры ескеретін.

Әуреттерін таза ұстап жаба алмаған,

Аяқтары тазарып жерге жалғанбаған

Жаны өспей  шайтанын семірткесін,

Жынға шайтан ғашық тауып алған.

Қатыннан қан қуатын ала алмаған,

Етіне тұзын қатын қоса алмаған

Отауларының ошағы жана алмай,

Жылусыз үй тандырда нан пісе алмаған.

Ел биліктен сана жоқ ақыл-ойдан,

Халқын көк отанын жауға алдырған.

Азғындығын гендірлік теңдік атап,

Зиялылық, шен, мақтанға айналдырған.

Ауруды емдеу ел билікке мақтан болды,

Неге ауру көбейді деген сауал жоқты.

Себебін тарқатып құдайдан бергенменен,

Билердің «Қараңға» ұшыраған  заман келді.

(қазан 2014 жыл)

***  ***

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *