Қазіргі таңда қазақ халқының сөзі ұзын және рухани сөз байлығын қалыптастырған қаншама әулиелері мен даналары болғанымен, өзге елдің салтына елітіп, дінде де артта қалғанбыз деген ұғымның пайда болып, өз ұлтының кемелдікке жеткен ата-анасынан өзге елдің жақсыларын неге артық көреді? Әсіресе бұл шариғатпен, бес пазды масһабты тура жол атап, оған қарсы болған қандай да бір адам баласын, мейлі ол әкесінен де, шешесінен де үлкен болса да жағасынан алып жабыла кететін дінші жастардың бұл қылығын қалай түсінеміз? Мұның себебін үлкендер мен зиялы қауымның имансыздығанан десек қате емес. Себебі иман деген сенімнен бөлек және адамның жасының келуіне жанының кемелденуіне тікелей қатысты құдайдан сый болатын нұрлық он саулық қуат екенін, ал сенімнің дінсіз таза ақыл рухпен емес, онан төменгі дінмен байланысты рұқпен, малдық қуатты жынды меңгеруге байланысты ақылды, білімді жетілдіру арқылы да және қандай бағытта білімің болса сол сенімің де, дін ниетің де солай болатынын, әр бір жаратылыстың өз өлшемі бар дегенді мейлі қандай білімді болып шариғат пен масһабтық бар білімді жатқа білсе де бұл ұғымды 40-қа толмаған жастардың жүрегі қабылдай алмайды да. Сондықтан бар қателік те иманды меңгере алмаудан десек жалған емес.
Оған себеп, олардың еліктеген табынып ұқсауға тырысқан үлкендер қауымының — ғалымдардың, дін басыларының да өздері дәрежелеріне жасына сай иманды емес. Ал иман деген тағдырмен әрбір пенденің тегіне қарай өлшеніп беріліп, осы иманның жүректегі жағдайына қарай сөзбен Алла нұрын тамамдап отыратынын да құранда ашық ескерткен. Жалпы иманның өлшемі 9, 49 санымен болса, сенімнің өлшемі;11,81 сандармен және сенім мен иман тәубе арқылы кездесіп 9 санымен иманмен қосылудан, оң алақандағы 18-саны осы екі қуаттың нәтижесін береді. Енді иман деген тек исламмен ғана байланысты емес барлық жер бетінінің адамзатының тағдыры болып дінсіз болған махаббатан жаратылып, оның атын жүректегі адамдықтың тегінің дәні- иман деген. Иманда дін болмайды, ізгілік пен махаббатың көрінісі ғана болып тек жақсылықты ғана бұйырып, көрсетіп еріксіз жамандықты араластырғанда жойылуға, көмескіленуге, жоғалуға тән болса, ал сенім дінмен байланысты жетіледі, сынақтармен шыңдалып бекиді. Егер де иманның жақсы-жаманы ажыратылуға сыналатын болса, онда не болғаны? Иманның адамзаттың ортақ тегімен, жанымен байланысты қуаттылығы да әрбір адам баласына ұлтына, руына, өскен ортасына қарай шамасы да әртүрлі болады. Құранда араптарға түскен үкімдерде олардың иманды келтірдім деген сөзі өзіндегі бар иманды осы дін ниетіне арнап, сенімге қуат қылып қостым дегені болады. Бірақ иман үнемі толықтырып отырмаса таусылуға тән қуат екеніне пайғамабарымыздың; «Таусылмас иман тілеңдер» деген өсиеті де куәлікке жарайды. Ал сенім болса, оны шыңдауға сынықтармен бекітуге болатын адам баласының еркімен, жігермен, сабырлықты меңгеруімен, тақуалығымен байланысты болған және белгілі бір діндік білімге, көзқарасқа, жол-жобаға да негізделген қуаттық шама болмақ…. (жалғасы бар)