VI-Имандылық пен сенім ерекшелігі және саналық пен арлылық

Бөлім: Иман және сенімділік туралы түсініктер 114

    Қандайда бір жаратылыстық қуаттың өлшемі мен қозғалыс жылдамдығы болып және негізінен 3 түрлі уақыттық жылдамдыққа, үш түрлі ақпараттық жаратылыс жүйесіне тәуелді болып, жер әлемдік жаратылыс қозғалыстық негізін 6 күнмен яғни 6 санмен белгілеп және негізгі себептердің жарықтың бастауы үшпен қайта дәрежелеу арқылы 18-мың ғалам деген осы ақпараттардың орталығы, ошағы, мекені «Матрицасы» болып саналады. Сенім қуатының түрлену, қозғалыс тербеліс жиілігін ғаламдық тұрғыда қарастырсақ 72 сандық белгімен болып, Жын сүресінің жындар әлемінің адамзаттың сенімімен тікелей байланысты бейнеленетінін, яғни ішкі ағзалардың жұмысының бір жүйемен басқарылуын қалыптастыратын ғылымда «биоритм» болып аталады. Ислам ғалымдары мұны Алла тағала тәулігіне 72 рет адамның жүрегіне қарайды деп бұл тербеліс жиіліктің 120 минутқа теңдігін ескерткен. Негінен адам баласының сенімі, тәуекелі білгілі бір ұстанымына байланысты тәуекелшілігінің сипаты болып; 1.Ми; 2.Жүрек; 3.Бауыр;4.Бүйрек;5.Өкпе ағзаларының 24 сағат бойы «биоритмдік» қозғалысының жиілігін қалыптастырады. Адам баласының тәндік қуаты денсаулығы немесе осы ағзаларға байланысты болатын аурулары да белгілі бір ұстанған сеніміне, тәуекеліне байланысты болатыны да хақ.  Және мұның қозғалыстың негізі оттың жалынынан адамзаттан бұрын жаралып, ібілістің де жаратылуы жыннан екенін, осы ағзаларға сенімін ұрлау арқылы әсер ете білетінін де білген жөн. Сенімдік қуаты тәуекелдің қандайда бір заманның оқиғаларына, білімінің, жараталыстың түрленуіне байланысты болып, мұндай жағдайда  Алла тағаланың хикметімен, белгілерімен түсірген аяттарының мәлімет, хабарларына да қара күштердің қарсылығы болып ондай аяттарды, хикметті хабарларды  иман арқылы меңгеруден ғана бойлық жарықтың жетілуімен, имандық жолдас адамзаттың тұрақты серігі — сенім болатынын да жадыңызға тоқып алыңыз. Біздер осындай себептік түрленуге байланысты сенімділікті дін деп атап, бірақ оны иман келтіру деген ұғыммен бірге түсініп, сенімді иман деп қабылдаудан рухани жағдайымыздың, жанымыздың ішкі сырын білмеуден жалпы адамзат қоғамының адасуға бөлшектенуіне соқтырғанын, ібілістің қақпанына түсумен ақылымыздың шектеліп, ойымызды, ойшылдық қабілетімізден айырылып қалғанымызды аңғарудан қалғанбыз. Ақылымыз сенімнің әрекетіне қарай бейімделетін басқарылатын болса, ойдың иманмен ғана тәуелді түрде қалыптасып бірге өсіп жетілетінін де естен шығармау керек.

   Қазақ халқының дәстүрі бойынша имансыз, ойсыз адам баласының болуы мүмкін емес, себебі біздің имандылыққа, ойлана білуге деген тәрбиеміз үздіксіз жалғасты болып барлық тарихи кезеңдерді қамтыған ғұрыптық сипат алғандықтан, имандылық, ойшылдық, сөздің құнын түсіну тарихымыздың ислам түгіл барлық кітап түскен діндерден де әріден басталған шежіреміздің барын да ұмытып қалдық. Сенім үзілуге, бөлшектенуге тән болып, белгілі бір кезеңдерді ғана қамтуға немесе белгілі бір адамзаттың тәуекелдік бағытына, әрекетіне ғана жүйеленуге тән болса, ал иман деген үздіксіз тұрақты адамзаттың жанымен, ой қуатымен, қиялдау әрекетімен байланысты болатыны да хақ. Қазақ мақалында «Адамның басы Алланың добы» деген насихатпен басымыздың жанмен байланыстылығын, ал ондай жағдайда имансыз, ойсыз, қиялсыз жанның өсіп өркендеуі мүмкін емес, иман болмағанда жанның еркі, ойлау қабілеті жоғалатынын да, дұрыс ойлана білудің қуаты әлсіреп, керісінше дүние тіршілігіне байланған уайымшылдықтың, жолынан адасуға түсіріп және түрлі рухани, тәндік дерттерге ұшырата бастайтынын, тектің азғандауын тудыратынын жадыңызға тоқып алыңыз. Сонымен негізінен үш түрлі уақытқа, қозғалысқа тәуелді болған сенімділіктің  101 түрлі Алла тағаланың үкіміне, парыздарына, міндетті намаздарына қарсылықпен де байланыстылығын ескеріп мұны меңгеру үшін 99 ардың қуаты мен 4 ақылдың негізінде пайда болатын жанның қуатын меңгеру шартты болмақ. Жалпы иманның, жандық ойлау қабілетінің аз болса да қатынасынсыз тек жансыз сенімге негізделгенде  адам баласы жануарлық деңгейдегі ақпараттық жүйеге байланып 72 түрлі ағымдық өрістің ықпалында болмақ. Мұндай жағдайда қандайда бір меңгерген білімнің, қылықтардың басымдылығына байланысты жүйеге негізделіп, адам баласы сол арқылы бақытты болмаққа меңгерген ақылын, талабын, сезімдік немесе қаракеттік ақыл тұрғысында ғана бағыттап алдына мақсатын да қойып өмір сүреді. Ойлану дәрежесі де осындай қалыптасқан жүйесінің шеңберінен шыға алмайды да керісінше сезімдік ақылдың ықпалына түсіп жәндіктік жүйеге негізделе бермек. Сондықтан мұндай шеңбердің негізі де сенімділікте  9 санымен белгілі болып және иманның да 9 санды жан қуатының шеңбер жүйесімен  18 ғаламмен жалғанумен меңгергенде ғана біз құстық, адамдық ақпараттық жүйеге жалғанып ой қуатымызды, яғни оң жақ қолымызды тазартып толық меңгере алмақпыз. Бұл сырды ғылым алу, кітапқа жалғану немесе Алланың жібі деп атаған. Қазақтың дәстүрінде бұл жіпті көмес, ғайыптағы кісілік кітаптарға жалғанумен; көрегенділік, болжампаздық, сәуегейлік, әулиелік және сананың жоғарғы қуатын толық арды меңгеруді әмбилік, абыздық қасиетпен байланыстырған. Және; «Қырық қожа қырқадан аспай, тоғыз төре төбеден келмей тектілік болмас» деп иманның 49-санды белгісін, сипатын ескерткен. Оның 46-сы пайғамбарлық қасиетпен, ал 3-еуін «Имани гүл» деп атап, Абай атамыз 45 қара сөзге өлеңдердің насихатын санмен байлап, құран аяттарымен, пайғамбарымыздың хадистерімен жүйелеп дәлелдеп кеткенін де білген жөн.

   Жалпы бұл адамның қартаюымен, өмір тәжірибесімен иманы жетіліп сеніммен суғарылған рухани егінінің шамасына міндетті тәуелділікте болатыны да сөзсіз. Сондықтан әлемде Мұхаммед пайғамбарымыз мұндай жетістікті 63 жасына дейін қалыптастыра білген. Осындай тұрғыда исламдық дін құлшылығының маңызы да зор болып, бұл сырды кейінгі келген адамзат қауымының білгірлері, ғалымдары, сопылары намаздық рәсімерінің ғана сырын меңгеріп құран насихатын теріске алумен, жаннаттық бақытылық өмірді ертегіге айналдырып алып; «менің соңыма ерсең жаннатық болып, бақытты өмір сүресің»  деген сезімдік ақылға негізделген 72 топтың пайда болуына соқтырған.  Негізінен бұл ақпараттық жүйенің өрісінің біртұтасқа айналуы да адамзаттың жасының шамасына тәуелді де екенін білгеніңіз жөн. Сонымен енді Шәкәрім атамызды тыңдап көрсек; «Мен 72 жасқа келгенше өмірде болатын неше алуан қилы оқиғаларға, түрлі жамандық, жақсылыққа кездесіп, солардың көпшілігін, керекті-керексіздерін өзім де істеп, басымнан өткізгендерім көп, «алдында өнегелі көрерің болсын» дегендей, алдымда Абай марқұм болған соң, содан ғибрат алып, мен де адамдықтың, адалдықтың жолын қуғаным жөн деп басымды шытырман шатақтан ерте босатып алып білім жолына түстім. Негізгі алған білімім болмаса да, өз бетіммен ізденіп, өткен жазушы-ғалымдардың жазғанын оқып, ойларымен танысып, білгендерден сұрап, өз ойымнан құрап, түрлі әңгімелер жазып, барлық өмірімді жазумен өткіздім. Елу жасқа тақаған соң оңашада жатып, басқа келген ойлардың барлығын қағазға түсіріп кеттім. Мен солардың бәрін өз мақтаным үшін жазғаным жоқ, мақтан үшін жазылған, айтылған сөздің құны болмайтынын жақсы білемін. Кейінгілер үлгі алып, өнеге үйренсін дедім. Міне, жетпістен астым, ойым тозбағанмен, денем тозды. Тозған денем ойыма орын болудан қалып барады. Мен оған қарамай әлі де келген ойды жаза бермекпін…» Сонымен Шәкәрім атамызға назар салып, ішкі сырына үңілсек жас кезіңде алдыңда ғибрат алатын үлгі ұстаз болып және шығармашылықтың маңыздылығы да иманның жетілуімен байланысты болып, бұл ойларды 50-ден кейін ғана қорытуға болатынын ескертеді. Елу ердің жасы, сондықтан жұртқа ақыл айтып кеңес беруде елуден кейін ғана нәтижелі болмақ. Және дененің тозып, енді іштен келетін қарсылық ойларға орын болмаған жағдайда ғана сырттан таза ақылдан, кісілік аруақтардан келетін ойды меңгеруге болатыны, ол үшін де негізгі жас 72-нің маңыздылығын, яғни жын қуатын тақуалықпен меңгеру керектігін ескертіп тұрғаны да сөзсіз. Олай болса Абай атамыздың үлгісімен 50-ден кейін имандылық қуатты жұмсау арқылы ойшылдықты, даналықты меңгеруге болатын «Адам баласында жалығу дегеннің болатынын» және 1-ші қара сөзінің маңыздылығын да  насихаттарын да естен шығармаған жөн.

   «Бұл айтқалы отырған ойымды жекелеп, сұрыптап жазбағаныммен, бұрынғы жазғандарыма кездесіп отырады….Бұл ойым басқа келген қиял, бірақ болмаған іс,  құрғақ қысыр кеңес, жай қиял дейтін бір ауру бар. Бұл аурудан құтылу керек. Неге десеңіз барлық ғылымның өзі қиялдан, ойлаудан туған. Адам осы жаралыстың бір бөлігі, бұл жаралыстан, табиғатан бөлек емес. Сондықтан адамның бұл дүниеде, бұл табиғатта жоқ нәрсені ойлауының өзі мүмкін емес, болуға мүмкін істі ғана ойлай алады, бір. Екінші, сол қиял болмайтын нәрсе деп отырғанымыз ұлғайтылып, өзгертіліп, ауыстырылып айтылған болашақ болуы мүмкін. Неге десеңіз бұрын фантазия, қиял деп жүрген ойлар бүгін мүмкін дағдылы іс екенін танып, құтыла аламыз ба? Әрине қиялдың шегі бар. Меніңше, айтқалы отырған ойым болмайтын қиял емес, болуға мүмкін.» Олай болса біздің қазіргі таңда әлемді кезіп жинаған барлық білімдерімізді ақылмен қорытып, ойымызда иманымызға байланысты осындай қиялдар туылып, сан алуан түрлі істерге бағытталып, ал мұның тазарту жағын имандылық сипатын өз дәстүрімізбен таразыға сала алмасақ, онда тәуекел мен сенімге негізделген ойшылдықтың халықтың алауыздығын ғана туындатуы сөзсіз. Қандай да бір ойшылдықтың имандылыққа, яғни адамзат өмірін түзеуге ізгілікке апаруға негізделуі де керек.

  «Адам өмірін қалай түзеуге болады? Адам қайткенде тату тұра алады? Ойлы, саналы адамдардың ғасырлар бойы миын тыншытпай, өмірін сарп еткен, әлі де сан адамдардың арын қозғап, ойларын тыншытпайтын осы сұрақтар. Адам өмірін түзейміз деп сан ғалымдар түрлі ойлар айтып, ол ойларын халыққа таратып, том-том кітаптар жазды. Солардың ойларының мен білетін бастылары: біреулер адам өмірі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, кейбіреулері үкімет жойылса, әркім өз бетімен өмір сүрсе түзеледі деді. Ал, біреулер оқу біліммен, халықты ағартумен түзеледі деді. Біреулері бай, кедейді теңеумен адам өмірі түзеледі деді. Өмірдің өзі-тіршіліктің таласы. Сондықтан адам өмірін жаралыстың өзі солай жаратқан, бірін-бірі жеп, талап, таласып өмір сүрмек дегендер де болған.» Бұндай дұрыс қалыпты ойлардың пайда болуына да бұрынғы замандарда ақылдың маңызы мен үлкендігі бар ғалымын қадірлейтін елдерге тән болатыны да сөзсіз. Бірақ, біздің қазіргі таңдағы әлемдік барлық дағдыларына жалғанумен, енді бұндай ойларды айтудың мүлде жасаруына және еркек түгіл, қатындардың өзі ойшыл-жұлдыз аталып, ұятсыз жалаңаш жүріп арын жоғалтып түземек болып жатқанын да иманынан ажырған  сезімдік ақылға, меңгерген өнеріне тәуекел қылған сенімге жатқызу керек. Сонымен бірге, жеке қазақ елінің жағдайында мұндай ойлардың партияға бөлінуімен бірге; «Ескілік тегімізді қайта табу арқылы  түзелеміз, ол үшін таңбаны өзгерту керек, атыңды қазақшалау керек, орыстан бас тарту керек. Және өзге де елдермен ортақ сауда –саттық шаруашылықтан бас тартып, бар байлықты халыққа тең үлестіру керек, жүз мектеп салсаң, оған жүз аурухананы салып денсаулықты тәнді ғана емдеп түзеу арқылы текті боламыз, балаға үш тілді зорлап үйретіп, тілді меңгерген бала ақылы өзінен өзі өсіп-жетіліп, ғылымды елге айналамыз, ел билікті жиі ауыстырып, елдің әрбір қадамына бір заң шығарып, халықты заңмен түзеп, мәңгі елге айналамыз, жемқорлықты қатаң жазамен қорқытып түзу ел болып,дін  масһабпен жаратушымызды тәпсір білімі арқылы танып, құдайдың хикметінсіз өзіндік сипатын көрмей, аянын  біліп түсінбей-ақ иманды боламыз» дегендей т.б. сансыз, санасыз қиялға негізделген ойшылдықтың қияметтік жағдайға тән тажалдық тәуекелге сендірулердің пайда болғанын да ескеріңіз. 

    «Біздіңізше, бұларды жекедей алғанда ешқайсысы да адам өмірін түзей алмайды. Адам өзі жаратқан иесін танумен түзеледі десе, жаратқан иесін танып күнде бес уақыт намазын оқып, құранды қақпан қып, елді алдап жүретін молда-сопылардың қылықтарын ойлап қараңыз. Үкімет жойылса, адам бет-бетімен кетсе, біреу-біреуге жәрдем етпесе, азулы айуандар жекелеген адамдарды жей берсе, қайтып өмір сүрмек? Оқу, білім үйренген адам түрлі өнерді білетіні рас, бірақ ол өнер-білімді қандай іске жұмсайды. Мен көптеген адамдар үйренген ғылыммен түрлі қару жасап, улы газдар ойлап тауып,басқа адамдарды аң есебінде атып, әлсізді құлданып, жердің бетін адам қанымен бояғаннан басқа бітіргені шамалы. Бұған ең өнерлі, білімдіге саналатын Англия, Америка елдерін қараңыз. Бай мен кедейді теңеу, байдың малын кедейге бөліп беру-кедейді еріншектік, еңбексіз мал табуға дағдыландарып жіберетін жол. Тәрбиемен (текті қылып) түзеуге болады десе, менің ержеткен төрт ұлым болды. Бұлардың бәрі бір шешеден, бір әкеден туған, өскен жері, ішкен тамағы, өскен ортасы, алған тәрбиесі бір. Бірақ біреуі шыдамды, біреуі шыдамсыз, біреуі еңбекке құмар, біреуі жалқау, біреуі мейірімді, біреуі қатал, біреуі ашуланшақ. Ақырында өмір- тіршіліктің таласы, сондықтан адам таласып, бірін-бірі қыруға жаралған деген ой негізсіз, өйткені барлық зат, оның ішінде адам жаратылыстағыдан өзгеретіні сөзсіз. Ары бар, ақылы бар, мейірімі бар, махаббаты бар адамның бірін-бірі жеп, талап, қырып өсуі мүмкін емес. Бізше адам өмірін түзеуге, барлық адамдар тату тұруға негізгісі-адал еңбек, ақ жүрек, арлы ақыл болуға керек. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай, адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ. » Сонымен біздердің дін масһабымыздан да, түрлі тәрбиені үйретіп, бағзы замандағы ескі текті жетілдіріп және таңбамызды, пенделер атын өзгертіп немесе барлығын қазақ тілінде сайратып қойғанмен де, түзу жолға түскен иманды, арлы елге айналуымыз мүмкін емес. Бірақ ақ жүректілік пен еңбек, арлы ақылсыз мәңгілік елге де айнала алмаймыз.

     «Әрине, адам оқып, білім үйренуі қажет. Білімсіз-ғылымсыз өнер табылмайды. Сол алған білім-өнерлерін адам еңбекпен жаратылыстың мол байлығын пайдалануға салса, табылмайтын нәрсе жоқ. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне, пайдасына жарату керек. Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық ақ жүректен шығады. Ал, арлы, ақылды адам қиянатты, зорлықты, өзімшілдікті, мақтанды білмейді және істемейді. Осы үшеуінің басы қосылса, адам жақсы өмір сүріп,  бірімен-бірі тату тұруында сөз жоқ. Бірақ осы айтқандарға қарсы жолдан қосылған, адамның бойында біржола сіңісіп, біте қайнасып қалған күшті, зиянды жау нәрселер, әдеттер де бар. Олар: нәпсі, өзімшілдік, мақтан. Бұлардан ұшы-қиыры жоқ жаман әдеттер туа бермек. Мысалы; зорлық, алдау, мансапқорлық, малқұмарлық, рахымсыздық, мейірімсіздік, қанішерлік, тағы тағылар…»Сонымен біздің қандайда бір әрекетке деген сенімді тәуекелмен ісімізді аздыратын жаудың нәпсі, өзімшілдік, мақтанды тәрбиелеуде барлық діндердің басын біріктіріп, имандық қуатты жетілдіруде сеніммен иманды меңгеру арқылы жанды жетілдіріп, дене сауытын, ар қуатын қалыптастырып сананың жоғарғы дәрежесі болған данышпандықты меңгерудің құлшылығын Мұхаммед пайғамбарымыздан қалған жарқын үлгіні ата жолы дәстүрімен қазақтың ежелгі ғұрпымен бірлеп табыстыра білген Ясауи бабамыздың ілімдік жолын, бізге қарапайымдап түсіндіре білген Абай атамызға, 45 санды қара сөзіне қайта келіп тірелеміз. Сондықтан әрбір қуаттың жеке-жеке қалай өсуін қандай әрекеттермен, адамзаттың қасиеттерімен, тәндік ағзасымен байланысты денелік жетілуін, рухани егінінің сипаттарын ішкі сырын да бүгінгі заман білімімен ажырата білуіміз керек. Ардың қонысы ұят болса, иесі ақыл болмақ. Ақылдың жағдайына қарай ғана иманның түрлі дәрежелі қуаттары сыйға беріліп, оның өсіп жетілуіне сенім арқылы меңгеретін өнер-білім, тұрмыстық, тіршіліктік әрекет, әдептердің маңызы да зор болмақ.  Және ақылдың қонысы сөз болса, сөздің иесі-нақыл болатынын да естен шығармау керек.

   Сонымен иманға, арға сүйенген сенімділік жоқ қоғамда дін де жоқ. Дінсіздіктің көрінісі бір-біріне күдікпен қарап, түрлі ақымақтық қиялы ойлардың әрекетіне ұшырап, ағайындық, туыстық бірліктің бұзылуымен арты ұлттардың арасындағы араздықпен, ұлт ішіндегі көре алмастықпен, таққа, атаққа мақтанға таласудағы кекшілдікпен, бірін-бірі құртуға тырысатын бұзықтықпен бейнеленеді. Мұндай жағдайда имандылық өзін көрсетуге қабілетсіз болып, адамдардың бір ұлт ішінде де бірін-бірі түсіну қабілеті жойылып, бір ақымақтың халықтың су ішетін көркем сөзінің ақ бұлағына, құдығына тастаған тасын жүз данышпан шығара алмайтын жағдайға тап болады. Мұндай санасыздық дертіне ұшыраған қоғамда ұятсыздық жайлап, ұятсыздықтан қан азып, онан жетенің де маңызы қуаты жоғалумен сезімдік, түйсіктік, иманға қарсылықты сенімге айналдырып алып түрлі бейнедегі ұжымдық ақылға негізделген білімді  меңгеруді ақыл деп санаудың маңыздылығы да артады. Жалған ғалым, арамза діншілер өздерінің жазған, оқыған кітабын арқалап жүріп, кезбелік білімге негізделген оқырмандарын қалыптастырып алып, ал мұндай аясы тар, ойы жоғалған ақылдық жүйеге сыймайтын, Құдайлық ақпараттарды, белгілерді, аяндарды қабылдауға жүректері жабық болып, сондықтан қарсылықпен білім жүзінде терістеп және халық арасына қорқыныш үрей туғызып, мұндай жағдайда пайда болатын рухани абыройсыздықтарын қорғау үшін заңға жүгініп, құдіреттілігіне шоқынып, тәңір қылып алумен көрінісін табады. Заң тәңірге айналып; «Шыққан заңның кері жойылатын күші жоқ» деген ұғым сенімге айналып, жындылық ақылмен мықтап бекиді. Ғалымдардың, ел биліктің сана қуатын меңгере алмауынан да және дүниеқоңыздыққа, байлыққа ғана негізделген сенімдерінен жалпы рухани тұрғыда бедел, абыройының жоғалуымен мұндай орынға кез келген білімді жастың да, ақылы кем жетесіз пенденің де жетуіне жол ашылып, жалпы қоғамның мұндай азғындыққа түсуіне құдайдан ашық азап белгісі түсіп қияметтің оқиғасының жыл санап үдей түсуіне де тажалдардың құлшынысымен азғындық әрекеттері арта бермек.

   Мұндай санасыздық, жетесіздік қоғамның басқарушысы болған ел билеуші мен зиялы қоғам өкілдірінің өз басының кемшілігін жанымен, иманымен ұғынуға яғни түсінде көре алмайтын және жетесі де жоғалып, аталы сөз ұғымдарын түсініп арлана алмайтын жанды ақылдарының қараңғылыққа түсіп, ойларының шектелуіне соқтыратын дүниеқоңыздық, сараңдыққа салынуымен көрініс табады. Және жаппай қоғамдағы арсыздықты, ұятсыздықты мәдениеттілік деп қабылдаумен көрінісін тауып, арсыздыққа жәрдем беретін әділетсіз заңдарды шығарумен айналысып кетеді. Сондықтан әркім білген, көрінгеннің қолында болған, қадірі кетіп адамзатқа пайдасынан енді зияны көп құбылысқа айналған әлемдерден кезіп жүріп жинап алған ескі құндылықтарды мақтан дәрежеге айналдыруға құштар болып, ата-баба мирасының маңызы да жоғалады. Адамзатқа жақсылықтан да жамандықтан да жалығу деген жалпы халықтың да тағдырында болатын құбылыс. Мұндай арсыздықтан да жалығатын құдайдың хикметіне құштарлығы оянатын жағдайды жаратушы иеміз өзі хикметті жағдайлармен түсіруі де артып, бұқара халық арасынан жетесін іздейтін, ал анасының ақ сүтінен нәр ала білген, тегін аздыра қоймаған жетелілердің иманына қуат қосылып, санасын оятатын жағдайдың жаппай үрдіс алатын мезгілі де туатыны да сөзсіз. Бұл баяндалып отырған ахуалдың қазақ халқының бүгінгі таңда қияметтік сын сағатының жағдайын басынан өткеріп жатқаны екені де хақ. Сенімнің тәуекелі үнемі заман біліміне, дәуірлік оқиғалар сынағына қарай қарсылығы да артып, әрбір пенде өз күнәсына қарай ақтала алмаған жағдайда масһабтық ескі намазбен ата дәстүріне қайшылық пәтуалардан иманынан қарсылық туындап, дін рәсімдерімен де жүректері жабылып, мәңгүрттеніп жетесізге айналатынын да ұғынатындар саны арта бермек. Ал енді алдағы жазбаларда осындай жетесі тірілерге ғана арналған иманның, жандық қуаттық хикметті сырларын қалай меңгеруді яғни санаға жол ашатын, жетемізді, танымдық ақылымызды қалай меңгеруді, санамыздың қуатын арттыратын ұлттық арымызды қайта табуға болады деген ойды жалғастырып көрсек. (жалғасы бар) 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *