Құдайым жарылқасын бұлағыңды,
Некемен сүйіп қосқан қосағыңды.
Ақ жаулық, кең пішілген жеңді болып,
Күн көрмеген ақ білек жан жарыңды.
Етегі жерге жетіп тобық жапқан,
Аяғын арамдамай қорғап баққан.
Мұндай әйел ерінің шөлін басқан,
Ләзаттың «Кәусары» ақ бұлақтан.
«Бұлағы» көшелерде ағып жатқан,
Еркек көп, жан байлығын шашып жатқан.
Қыз, қатынды қараусыз шайтан қылып,
Ұлтының ар-намысын таптаттырған.
Иманды әйел ер азығы нан емес пе,
Қанынан шарап берсе сана емес пе.
Жанға қуат рұқыңа дем беретін,
Егіндігі ер азамат жері емес пе?
Арсыз әйел, қараңғы түнек болар,
Жалаң бас, әуреттері ашық тұрар.
Төсі мен иық, қолын жалаңаштап,
Тұзы еріп, хайуандайын сасық болар.
Арсыз қатын жаныңа тұзақ құрар,
Қол аяқтан жала беріп тән тоздырар.
Еркекке ит аурудан күнә жүктеп,
Ар сауыт, зейнет киім жағып тынар.
Қызғаншақ, арсыз әйел ақылы кем,
Сырты сұлу шайтан көзбен ішіп жеген.
Шешініп жезөкшедей тәнін ашып,
Күндестей өз жынысымен ерегіскен.
Ақ жаулық -ұлт байлығын мазақ қылған,
Ел билік тажал болып заңмен тиған.
Жетесіз ұлт, алты аузы араз болып,
Үш байлығын ұлтының ұрлап тынған.
(Қаңтар 2015 жыл)