Жүректерді жалғай біл  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 77

Еркек- рұқ, әйел- жан жаратылған,

Бес қуат жанға шипа азық болған.

Атаның шақуатының көп қой мәні,

Дене –киім, терің-әке ризық алған.

Етің ана, сүйегің аталықтан,

Адам бол деп жүректі сыйға алған.

Жасың тері денемен ақыл болған,

Етің гүл ақыл-оймен суғарылған.

Нәзіктер бойы жарық бақша-бағы,

Жүрек сана, діл қуаты қанда дағы.

Әйел жаны еркі бөлек еркектерден,

Жан сезіп, жүрекпен таза ойланады.

Ерлердің жүрегінде төрт бөлмесі,

Рұқтан қуат, төрт нәсілді меңгермегі.

Бөлмелердің мүлкін берген әйел жаны

Қанынан шарап болып келген белгі.

Аталған қазақ, қожа, төре текті елі,

Діннен дәстүр бәйбіше тоқал бекігенді.

Елуді ердің жасы деп атаған,

Аталық шақуаты қуаты мол таза белді.

Арнаған қызға тәлім, бабын білген,

Өсіруге болашақтың ұлттың тегін.

Тоқал ғып текті ерге ұзатумен,

Теңін тапса тектілікке тегін берген.

Төрт әйел, бір ерді тазартатын,

Бес қуат бір жүректен табылатын.

Тағдырлары ұрпақтардың текті болып,

Сананы меңгеруге жол ашатын.

(Қаңтар 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *