Махабаттың ұғымы

Бөлім: Махаббаттың ұғымдары 151

Ақындарға бүгінгі таң қаламын,

Махаббат болған, сөздерінің арқау әні

Дегенмен өзін мақтап мен сондаймын,

Өлеңдердің осындай бар ма мәні?

Көп ақын жазар қозып тек арқалары,

Теңеумен өзін өртеп  мақтанғаны.

Немесе жетілгендік, болып алым

Өртеніп, құр тілімен от боп жалын?

Сұрашы онан басқа дұрыс ісің бар ма?

Жар сүйіп, бала өсіріп тәлім беріп,

Отанға қызмет қылдың ба күшің бар да?

Өмірдің ащы, тұщы сырын білген,

Құдайдан көретін аян түсің бар ма?

Ақын көп, діл білмейтін айдан анық

Ғашық болып, бес сезімге өртенетін.

Махаббат сөз емес сезімен өлшенетін,

Жетегіне қу нәпсінің бұйдаланып.

Махаббатпен ғашықтық екі ұғым,

Ғашықтық -махаббатың баспалдағы

Көлігі құштар ойдың армандағы.

Махаббат- адамзатың ой бақшасы,

Алланың жүзі болып өсіп өнген

Бақшасын бәйшектің арала, деп

Ескерткен Шәкәрімдей  сөз данасы.

Болғанын бәйшешектің бұл бақшасы

Атымтайдай Жомартың берген асын,

Дәстүрі тура жолдың бір парасы.

Үшінші махабатың бар бақшасы,

Атамыз бұл бақшаны, деген басты

Ата-ана махаббаты бала өсірген

Өсірген ұлттық тәрбие беріп жақсы.

Махаббат үш бақшадан бәйшешектен,

Сипатын әулие бабамыз жырлап өткен.

Расулден қалған хадис құпия сырын

Ұлтымыздың діл білімін ашып берген.

Өлшемдері атау сөздің болу міндет

Құдайым махаббаты- жақсылық, деп

Көрсеткен таспихпеннен  бөліп терген.

Жаратып 100 сипатын махаббатың

Тоқсан тоғыз бірлігін жаратқанның

Өсиеті расулден болды қалған

Табу сын, құлшылықпен адамзаттың.

Махаббатың сипаттарын  өлеңменен

Қалдырған біздерге ұрпақ аманатпен

Даналар Абай-Шәкәрімдей дінді білген.

Япырмай бүгінде сөз шебері даналары,

Махаббатай асыл ұғым, сөз атауын

Бес сезімен қалай жеңіл бағалады?

Сөз түгелін,түбін білген Майқы биден

Қазақта философ, енді ақын бар ма,

Сөз қадірін меңгеріп ұлтын сүйген?

Шоқындырмай жас ұрпақты бөтен сөзге

Абайындай ділін қорғап, жаны күйген?

***           ***          ***

Демейік, қазақтың өткен даналары,

Кітабын жаратқанның берген тарту,

Уахи көрмей, есек болып арқалады.

Артында қалған мұндай мұраларды,

Зерделеп, оқып санмен мәнін білмей,

Біздердей білімді заман балалары

Есек  болып, бұл кітаптарды арқалады.

Құран сөзі санменен ортақ адамзаттың

Есепсіз сөзді алма, деген жаратқаның

Түсірген үкімен аяттардың бар талабы.

Махаббат жақсылық еді жаратылыстан

«Бір» сипаты махаббатпен жаратқаның

Жақын боп күре тамырдан, қан боп аққан.

«Мен» деген атыменен жан ол бастан,

Бір сипаты Құдай сыйы махаббаттан.

Қалғанын есімдерден алсын деген,

Құлшылығы мұсылманың таспих тартқан.

Туғанда жөргекке орап ат қоясың,

Жаныңа махаббатқа айдар тақтың.

Есімге  жақсылыққа айналдырмақ,

Сыры да құлшылықтың осы болмақ.

Жар, деп атап есімдердің көркем атын,

Жүзіне жаратқаның ғашық болмақ,

Табыну таза ақылға болған хақың

Ғашықтық, сопылық деп атап затын.

Масһабшы намазыңмен біле алдың ба?

Иманың ағашына екі түрлі жалғанумен

Жақсылықты, аяныңмен көре алдың ба?

Махаббатын жаратқаның санын көріп,

Халқыңа насихатпен бере алдың ба?

Тәпсірін ескі заман білімін сараладың

Уахимен жалғанбай есіміне даналардың,

Кітабын аян алып көре алмадың

Рух жүгін есек болып арқалдың.

Иманның толық саны жүзбен отыз,

Саны ол үш бақшаңның тоқсан тоғыз.

Қалғаны көркем есім жаратқаның

Отыз бір саны болған Лұқман хакім

Махаббаты  ата-анаға адамзаттың,

Дәстүрі, салты болған, біз қазақтың

Ғұрпы болған, ұлттыңа жасау тағзым.

Үкімі бұзылмас заңдылық, жаратылыс,

Жұбымен,пары болған бар нәрсенің,

Масһабта ұмыт болған мұндай жұмыс.

Сондықтан «Мен» аталған махаббатты,

Рухпеннен шатастырған тәпсір бұрыс.

Аталған бақшасы боп бәйшешектің,

Ғашық болып, жұптасасың некеленіп.

Жүктеліп рухынан жарыңа ексең егін,

Алты дәмің ауыздағы өскен өнім,

Жақсылықты пар қылдың еселеніп.

Құлшылықтың бұл сырын-иман, деген,

Көркем сөз боп, тамырлап қабірлерден,

Көкке жетіп жемісі  жарық берген.

Жұлдыз болып тұрған сол махаббаттың,

Жаратқанның қол жаны жапырақтың,

Аруағынан ол адамзаттың жүрек деген!

Ақындыққа сөзімнің таласы жоқ

Ақындар көп бүгінде ақындар көп,

Өлеңге таласы бар жақындар көп.

Мұқағали жырлаған махаббаты,

Нәпсімен ғашық болып шатылған көп

Ғашықтық, жақсылық, достық пенен,

Адамдар бір бірінен қонақ екен.

Гүл бақшасы адамзаттың махаббаты,

Үш сүйю іші оның болады екен.

Батырыменнен хандарын қалқан қылып,

Истайдың көзі, Махамбеттің өзі боп.

Жылы жерде жатып ап, арман қылып,

Пілге үрген қандендей тасырлар көп.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Деп өткен  Абайдай қазақтың ғұламасы.

Абай айтқан махаббаттың мәнін ұқпай,

Қалайша адасуда, философ сөз данасы?

Махаббат үш сүюдің тұтастығын,

Бірі білсе қазақтың бірі білмей,

Ғашыққа сырты ғана ұқсастығын

Үңіліп ішкі сырын, түрін көрмей.

Махаббат атау ұғым, сөз сарасы

Әр сөздің болмады ма өз парасы?

Ғашықтық, сүйіспеншілік, достық атты

Осы үшпен махаббатың бар қаласы.

Жақсылық, ізет мейрім жомартықтан,

Ол қалада жасырын бақша болған.

Ат қойған бәйшешектің бақшасы деп,

Әулие Шәкәрімдей өзі сопы дана болған.

Екінші махаббатың гүл бақшасын

Жасыңнан білім алып жинасаң тас,

Өнермен өрнек салып, рух бақшасын

Жиіркенбесең тікеннен аларсың ас.

Ақындар көп араптың дінін білген,

Пайда болған осыдан дін таласы.

Дәстүрін өз халқының мін деп жүрген,

Бұл да бір ақындардың бір парасы.

Көп ақын махаббатың гүл бақшасын,

Рухы өліп, жанмен білмей сыр қаласын.

Қашықтық, құмарлықпен тәні білген,

Жырлайды сезімменен  нәпсі көзбен.

Өлеңдер көп, қу дүниеннің қамын жеген,

Болмаса да, тырысқан Қасымда көп.

Өлең жазып, жайлы орын іздеп жүрген.

Салтын алып өзге елдің сатылған көп,

Атақ  үшін әнін жазып, ғашық болған,

Ақында көп, қазақта ақындар көп.

Өлеңінде махаббаттың сырлары жоқ ,

Қу дүние мақтанына шатылған көп.

Тегіне тарттып өскен ақындар көп,

Ішін білмей Абайының өлең сөзін.

Қазақтың күпі киген қара сөзін,

Жапқанымен шекпенін бөрігі жоқ.

Мен өзім ақындыққа еш таласым жоқ,

Ажырат деп, асыл сөздің парасын дөп,

Даналардан жаз деген белгі алдым.

Ақындар ішкі сырын  үңіліп қарасын деп.

Ақындық пайғамбарлық жалғасы деп,

Ата жолың, бақ жолың болмас па еді?

Меңгерсек  алты алаштың баласы боп

Тура жол пайғамбарлар жалғасы боп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *