Жаратқан махаббатпен адамзатты,
Сүйсін деп ол Алланы жанан тәтті.
Жартысын бар нәрсенің сыйға беріп,
Жалған, деп жалқы сөзді және атапты.
Қарасаң бірі жарты бүтіндік жоқ,
Ақ пен қара екі жарты бір бүтін боп.
Әйел мен ер ол да жарты және қарсы,
Махаббатсыз қосылуға мүмкіндік жоқ.
Дүниенің бір растық, бірі жалған,
Бағалар шамасынша әрбір адам.
Болады, болмайды мен дінді беріп,
Тапсын, деп ортаңғысын сынақ қылған.
От пен су екі жарты бүтін болу,
Күн мен айдай, бірін-бірі іздеп жүру
Бірі от бірі судың нұры боп, қосылғанда,
Атайды бұл хикметті күн тұтылу.
Әйел жанның үйі, ішінде отын жиған,
Еркек от жағушы, қазанға су құйылған.
Қазаншы әйел болып, еркін берген,
Шығаруға құлақты, сол қазаннан.
Қаның ендігі қақпағы жоқ ашық қалды,
Ұятсыз көп ит жалап, асыңды арамдады.
Осыдан нәзіктер қаны азғындаумен,
Ұлтыңның діл тегі, әлсіз азғындады.
Алты айменен өлшенер айдың нұры,
Нәзіктің табанымен жалғанып, жердің жүзі
Келінің аяғынан, дегендей нақыл болған
Жыныстық қуаты, әйелзат көңіл суы.
Суыңда бұл көңілдердің арамданды,
Төсін жауып қыздарың да қамданбады.
Қатының су арғын, сызықты, көтен жасап,
Арсыздықтан жан үйінің жеті безі арамданды.
Төбеден енетін ерлерге жартысы бар,
Алты ай нұрдан, ер азамат үлес алар.
Екі жарты, бір бүтін боп, он екі аймен,
Некемен бұл несібе рухани егін болар.
Ұрығы еді, бұл нұрдың төбеден тазаратын,
Еркектер басты күтіп, бөрікті, деп аталатын.
Ерлердің жалаңбас, жалаң аяқ, ұрық ашып,
Рухы азып, ауру дәнмен, еркек көп мақтанатын.
Анаңның тілмен, ата сөзден қуат болмай,
Ұрпағың дерті болған іштен тумай.
Исіңді өзің қымтап, өз етіңді өзің жемей,
Жүктелді жастарыңа аруағы жетіле алмай.
Құдайдың нығметі, қазаншының еркі барды,
Бұл дәстүр өткен өмір, ұмыт боп және қалды.
Қатының жалаңаш, басы сасып тамақ жасап,
Оны ішкен қай еркектен иманы жоғалғанды.
Жартыңның ендігі ерлер, қара серігі бар,
Жын-шайтан атты ертіп жүрген ермегі бар.
Ойнасын қатының көрсең не істер едің?
Абайдан қалған осындай сөздері бар.
Ойнасын көрер ерлерде шама бар ма?
Шайтан қатын, оған сана аштыра ма?
Көше мен үйің толған арсыз, қара қатын,
Бар ма пайда ұстанғаннан дін шариғатын?
**** ***** ****