Мөңке биден;Ақырзаман Және «БҮГІНГІ ЗАМАН

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 167

Ақыр заман халқының
Шайдан басқа асы жоқ.
Жақынынан басқа қасы жоқ,
Лағынет қамыты мойнында,
Қолдарының босы жоқ.

Әрқашанда олардың ,
Көңілдерінің қошы жоқ.
Бар шаруа түп-түгел,
Енді мұның иесі жоқ.

Заманақыр боларда,
Жер тақыр болар,
Халқы пақыр болар.
Балалары жетім болар,
Әйелдері жесір болар,
\»Ә\» десе \»мә\» дейтін кесір болар.

Бас қосылған жерде
Әйел жағы ден болар.
Жаман-жақсы айтса да
Өзінікі жөн болар.

Орай салып бастарын,
Желпілдетіп шаштарын,
Тақымдары жылтылдап,
Емшектері салпылдап,
Ұят жағы кем болар…

Орыс-қазақ қосылып,
Бір-біріне үйір болар.
Сөйткен заман кез келсе
Түзелуі қиын болар.

Кигенін сірісінен басады
Аяғын қымтаудан қашады.
Атасының асы емес,

Келін түсірген той емес,
Бозбала мен қыз бас қосатын

Арсыздықтан жиын болады,
Мұның өзі жасы ұлғайғандарға

Қарауға ұят, қиын болады.

Ақыр заман болғанда су тартылар,
Қарап тұрған жігітке қыз артылар

……..

***    ****     ****

БҮГІНГІ КҮН ЖАЛҒАСЫ

Жастарың  ақылшы болады,

Қырыққа келіп, ақыл толмай,

Ділсіз,  жетесіз тәпсірші болады.

Мастығы тарқамай жас балалар,

Құран жаттап, «намазхан» аталады.

Үлкендерің қалмақ ойын ойнап,

Бас –басына партия құрады.

Дүниесі көбің, төрге шығады,

Ел билігі ақшаға  сатылады.

Басшыларың өздерін тәңір атап,

Заңымен құдайға қарсы болады.

Сөз сататын дінші болады,

Тілдерің бөтен сөзге толады.

Өзге елдің таңбасын дәріптейтін,

Санасыз өңкей ғалым шығады.

Жетесіз ақындарың болады,

Сезімді қуған сөздерің болады.

Санасыз ғалым ой жорыған

Данышпан, философ аталады.

Қатындарың дүние қуып,

Тапқандары желге ұшады.

Некесіз тексіз бала туып,

Еркекпен тең, деп аталады.

Жесір мен байсыз қара қатын,

Ділдер аздыруға жарысатын,

Арсыздығы заңмен қорғалады

Ар-намысы ерлерден жоғалады.

Үй күшік, еркегің бала бағып,

Балдарыңның нәсілі жер құшады.

Еркек шора қылып, қыз қатындарын,

Ұятсыз, арсыздыққа тиым салмай

Қол аяқ арасынан жала алады.

Қыздарыңның ақылы азады,

Жігіттерге өздері артылады.

Нәзіктер түгел көтін ашады,

Осыдан жыныстық қытығы қашады,

Жәндіктік бейне қылығын табады.

Өз еріне күйлей алмай,

Көшеге шығып әуретін ашады.

Көшеге шығар шашын жайып,

Басына жынан азық алып.

Жындармен жаны ойнас болып,

Жан ұяның құты қашады.

Қатындардың қаны азып,

Еріне санаға бере алмай азық,

Аласың жыныстың зарпын,

Хайуандай иісті аңғармайтын,

Жамадықпен, арсызды доғармайтын,

Гендірлік дегенде ата заңың болады.

Тексіздігін зайырлы, деп аталады.

Ақылы ердің қатынан аса алмайды,

Есті ерді, қатындар жақтырмайды.

Итше талап, арасынан қудалайды.

Жастар мен қатын билеп еліңді,

Жоғалтып қазақ сөзіңнің құнын

Ақының ессіз, ғалымың тексіз

Азғындап елің, туады күнің.

Көрсетер сонда Құдайда өзін

Қияметпен сыналар, болады кезің.

Билері елдің, шығарып заңын

Жердегі тәңірдей, көреді өзін.

Соңынан ерген, бұқара халқың,

Мақсаты болмас дүниеден өзге.

Тойлайсың күнде, тұрмайсың сөзге

Аруағың келіп, көрсеткен тезге.

Осындай елім, болады салтың,

Мастығын алған, уланып санаң,

Зиялы қауым, мәңгүт қауым,

Басқарар еліңді ендігі халқым!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *