Құдайлық сипаттың сөз жұмбағы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 119

Ертеде бір ел, құдайлық ата дінін,

Қабылдауға қайтадан құрды жиын.

Патшасына өтініш айта барған,

Даналары ойлаған көптің күйін.

Жиналған көпшілікке сауал беріп,

Патша қойды бір шартты мұны біліп

Кім менің сауалыма жауап берсе,

Қабылдап заң шығармақ, өзі көніп.

Ал сауалына таппаған дұрыс жауап,

Құл болып, қызмет қылу алып талап.

Талай жан сауалына жауап тапай,

Қабылдап патша дінін болған мазақ.

Таусылған даналары жауап таппай,

Шоқынған жер тәңіріне, құдай жоқтай.

Бір жас бала сарайға келген іздеп,

Патшаға бер, деп сауал отыр саспай.

Патша айтты; Құдай өзі бар ма, деді

Бар, деген жауапты бала саспай берді.

Жарайды сендім саған, деді патша,

Бар болса, көрсет маған, қайда, деді.

Қойды сауал, патшаға  қарап бала,

Құдайдың сипаты бар еді, сонда

Бір қазан сүт әкелсін сауған жаңа,

Дәлелін көрсетейін, деді бала.

Жасауылдар әкеліп қазанмен сүтті  қойды,

Бала қарап сүтке, патшаға сауал қойды.

Сүт ішінде не бар, патшам айтсаң, деді

Құдай туралы сауалды сосын қойсаң еді.

Ішінде сүтің  май болады, деді патша

Май болса, ол майды көрсетіңіз, деді бала.

Қалайша көрсетпекпін, мұнан майды?

Деді, патша бұл сауал, ақылға жарамайды.

«Соншама дана болған, ел билеген,

Бір қазан сүттен  майды сен көрмеген.

Қалайша мен 18-мың ғалам шардан

Құдайын мендей  бала, қайдан көрген?»

Бұл  жауапқа сөз таппай тосылады,

Ақылсыздың басын алу заң шығарған,

Өзіне де қауіп төнер, бұл заңның ісі барды,

Патша ағзам ата заңнан қатты қысылады.

Дегенді, патша енді сасқанынан,

Екі рет сөзден жеңсең көндім саған,

Құдайың сенің сондай жақын болса,

Не ойлап тұр осы кезде, айтшы маған.

Бала айтты, онда орыннан тұршы, деді,

Айтайын тақта отырып, төмеге түсші, деді.

Таққа бала, отырып, сөз сөйлеген,

Дәл осыны Құдайым ойлап, отыр, деді.

Сауалды, сіз қойдыңыз тақта отырып,

Жауабын мен айтқанмын төмен тұрып,

Ендігі сауал беру, болмай ма, маған лайық

Жауап беру, сіздей пендеге солай тұрып.

Тоқтаған бұл сөзге патша көніп,

Босатқан екен халыққа еркін беріп,

Ата жолын, ата заңын ділін алған

Діні болған, ел биліктен азат болған.

Ел билік, дін имамдар, ғалымдарың,

Қазақта көп тақпен шенге, құмарларың

Ата заңман ата жолды басқа атап,

Масһаппен, өзге діндей қудаладың.

Мен едім, елден шықтым тазша болған,

Талай сауал білімділерге едім қойған.

Рух пен жанның  сипатын ажыртпай,

Сенімді иман атап, діншілер кітап жазған.

Алдына ғалыммен, зиялының талай бардым,

Жауабын бұл сауалдарыма ала алмадым.

Сонда да күдер үзбей алты сипат кітап жазып,

Талай жерге өзім барып, таратқанымын

Ендігі қиын емес, қоймақпын сауал оңай,

Ел билікке, діншілерге шартым осы болғай.

Таба алса жауабын заңдарыңа біз көнелік,

Таба алмаса, қайтарсын ата жолын елге беріп.

Ібіліске, Құдай еді қашаннан қарсы болған,

Бірі тұрса, екіншіге болады тірлік жалған.

Я құдай тұрады үстем болып, жан тәніңде

Немесе ібіліс басқарады шайтан болған.

Күнә болса, сипаты жоқ ол жеріңде,

Құдай келсе күнә өлер, шығып демде.

«Құдай өлді» дегені Ница данышпаның,

Күнәнің үстемдігі орнаған, деген жерде.

Сонда қалай бұл істі кім түсіндірер,

Сипатын құдайының, аятын қалай білер.

Алланың өзі жаратып, ібіліске қарсы болса,

Екі тәңір емес пе, қарсылық күшін көрер?

Әлде Алланың өзі, деген ерекше сипаты ма?

Он сегіз мың ғаламның ішкі сыры тұрпаты ма?

Құдай, деген ұғымның да бар ғой жұбы,

Хазірет пен дін ғалымға берілген кітап сыры.

Абай, Шәкәрімдей даналар көп жырлап өткен,

Сипаттап талай насихатпен тек, деп келген.

Түр түсін, шама, шарқын даналар айтып берсең,

Дәлелдерің лайық болсын шенге, шекпен.

****      ****       ****

Қазақта философ, сөз данасы имам да көп,

Тура жолға түсіп, кітап оқып білгендер көп.

Иманы болса ондай ғалым мен даналардың,

Тапсыншы құдайлық сипаттың бағаларын.

Таба алмас сөз өлшемін, құранын санмен оқып,

Тура жолың өтірік, білмесең аят сырын көріп.

Білінер кімде ар-намысы, ұятқа тоқтам болса,

Болмаса сөзге тұру, ғалымдардың иманы жоқ.

Абайын танымаған, сөз данасы ақын емес,

Бұл сөзді шешу, ақындарға қиын да емес.

Қазақтың дәстүрі, дін сауатын анықтайтын,

Білімін, иман нұрын, жанында тұрған көмес

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *