Ел билікте бар, мырза- қожалар

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 124

Заң керек, жоспар керек, билік керек,

Биліксіз халық қалай өмір сүрмек?

Халық, ел көбейетін өңшең нөл ғой,

Еденица, бірліксіз болар дүрмек.

Халқымның мұқтаждығын өтеп жүрмек,

Депутатар бар, сайланған, алып міндет.

Есебін ел биліктің тексеріп, түзетумен,

Мүдесін, халықтың да қорғап жүрмек.

Мемлекеттің ошағының бар үш тірегі,

Бір шаруашылық, өндіріс, ел еңбегі,

Екінші тіреуі болар, әлеумет саясаты,

Ал, үшінші  руханияты, болмақ елдің тегі.

Бұрынғы саясаттан ендігің мүлде бөлек,

Шаруа, байлық бәрінен тұрған ерек.

Аш бала, тоқ баламен ойнамайды,

Тоймай қарын, дінің міндет болмау керек.

Замана шаруа түзу, байлықта жетіп, артылады,

Мемлекет енді дін саясатын қолға алды.

Масһабың  бес парыздық  намаз оқу, қажы болу,

Діні ісі мекемесі үкметтің және ашылғанды.

Дегенбіз, бірлікпен, тасымыз өрге домалайды

Бұхара халық, бұл іске қуанып шатанғанды.

Дініміз еліміздің тағдыры, амандығы қорғалады,

Үміттендік, рухымыз, аманаттың ақталады.

Бастығы бұл саланың еді, Лама Шариф,

Қайратын жинап, діндерді алды тізіп.

Мешіттер жеке-жеке  діннің, есеп саны болып,

Көптеген діндер тобының шықты мәні болып.

Діні ісінен, ата заңға қарсы заңы шықты,

Атаңның жолы, бұл заңда болды түрткі.

Өртейтін өлікті де ғимаратқа ұлықсаты берген,

Ислам түгіл, Құдайға да қарсы бабы шықты.

Дін деген, әрбір пенде жеке шаруасы,- деп,

Биліктің бөлек саясаты, халықтан,-деп

Құдайдан да, заңымен болмақ  мықты.

Ата жол, шежіреңнен бөлек ұлтың шықты.

Әулиеңді, Алла досы, құдайдан «басқа» деді,

Салықсыз, мекеме ашпай зияртауды таста деді.

Әулиеңді жекелендіріп, құжатпен тізімдейсің,

Болмаса, ата дініңді ұлықсатсыз меңгермейсің.

Екі жыл тізімдеді, көнбегенін кісен салып,

Шаруасын баяндады мәжіліске  Лама Шәріп.

Жүздеген халықтың аталған қалулысы

Ұлтының дінінен қоймай сауал, болды кәріп.

Жан қандай, рухың қандай білімі қайда деген,

Пайғамбар мен елшіліктің сипатын жігін білген

Бір мырза-депутат сауал қоймай, басты шұлғып,

Әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің  болмады ісін білген.

Депутат мырза,-деп атағасын қойды қолын,

Дін ісі, қызылбастық болды дәстүр, жолың

Иман-ділің, шариғат-деп енді тура жолың,

Діннен шықты шежірең, тарихың ата жолың

Құранды Шәріптің Қайраты қылды мазақ,

Халықтың қалулысы депуттар заңмен қарап.

Дұрыс, деп бұл мазағың, дәстүрге берген бағаң,

Мырзаларың мақұлдап, руханиятың болды харам.

Ясауи, Фараби, Ибн Сина, Ұлықпек даналарың,

Арыстан, Пір Бекет, Шығысхандай бабалардың

Абай-Шәкәрімдей  және әулие-әмби, қожалардың,

Оқымаған еңбегін, діни сауаты жоқ мырзалардың.

Оқығанмен ел билікте, діни сауатты ғалымдарың,

Насихатын түсінер кітабы жоқ, мырза-қожалардың.

Алланың өріп берген, қазаққа, аманат ала жібін,

Жалғана алмай қарны тоқ, дүние мас мырзаларың.

Құдайы өлген, енді ел билікпен, масһабшының,

Теріске алған сөз астарын, ділдің үндік жарасымын.

Өзің білмей, түсін көремей, белгілерін еске түймей,

Мас болғандар, аруағын тірілтпеген ата-анасының.

Сынадым, көп мысалдармен жаздым дерек,

Ата жолдың кітабын оқсын, болсын, деп зерек.

Меңгермей руханиятын, қазақтың адастырған,

Мастарды түзететін, еліңе жібі түзу ерлер керек.

Мырзаларда, құранды зертеуге болмай талап,

Дінді шектеп, бес парызбен мешітке қойды қамап.

Ендігі дін амандығын ұлтыңның жоғалтқансың,

Құранды, тура жолды, ел билік қылды мазақ.

Тажалдар, кедейлікпен пенделерді қорқытқанды,

Руханиятты дүниемен бағалатып азғырғанды.

Қарсы болып, ата жолыңа, замана ақ бастауға,

Мырзаларға, құдайға қарсы заң шығартты.

Ескертуі болды, Құдайдың, түсіріп түрлі апат,

Көгіненен де белгі келген, ұшағың жатыр құлап.

Құдай  уахи беріп тілдеспейді, пендемен, деп

Тажалдар, ел билікті түсіргенді, қақпанға алдап.

Аянмен бейнесін аят көру, түсіңді жорып білу,

Уахимен болашаққа сапар шегіп, жоба көру,

Өзіңдегі, аруағыңның бейнесіне көңіл бөліп,

Масһабтың сауатынан шығып қалды мүмін болу.

Діншілер пәтуа берер,  пайғамбарсыз уахи келмес,

Құдай, енді жер бетіне үкімін оқып, ескертілмес.

Періштелерді жинап, өліктермен, сөйлестірмек,

Әнғам сүресінің 111-ші аятын тажалдар менсінбес.

Арап білген, масһабшыға білмеген алданғанды,

Сөздің құнын ғалымдар жоғалтуға барын салды.

Дегендей қазақта құдайдың сөзі түгіл, өзі болмай,

Сөздің бәрі араппен, парсыдан ғана таралғанды.

Тажалдық бұл әрекетті, ел билік қойынға алды,

Аманатын ата-баба ақтамаған, діліне жалғанбайды,

Аталғамен халықтың қалаулысы, мырзасы боп

Сөзден ұялмайтын, дінсіз, құдайдан да ұялмайды.

«Бастық» деген, бастағы бес мүшесін түгелдеген,

Бұл сөзден қашып, мырзаларың жирендірген.

Зияткер-қарсылық,тосқауыл, жолдан тосу еді

Атаған Назарбаев  мектебін, білімге шерік қосу.

Жаратқан барлық нәрсе жұбы мен серігімен,

Құранда насихаталаған, көместен серігінен.

Ал,Ханафи масһабының жұбы да, серігі жоқ,

Дінші айтар, Құдайдың да түзеуге елшісі жоқ.

Сопылықсыз, кітапсыз, елшілік дінді білген,

Ділсіз масһабпен, жан ақталмай иман келген.

Жолы түгіл жобасын көрмей, мүміндіксіз,

Төрт масһабтан Ханафилік жалғыз, тура деген.

Құдайдан уахи алсаң, масһабқа серік қостың,

Дейді имам; Ханафи құдайды жолдан тостың.

Тек қана, арап білген ғалымдардан сұрау керек,

Құдайың да олардан артық білімді болмау керек.

Білмесеңдер,  білгіш құдайлар мешіте отыр,

Ел билік, заңмен бұл құдайларды,  бағып отыр.

Өзің білме, білгеннің тілін алма, деген қарғысна,

Ұшырған өңкей надан, мырзаларың билікте отыр.

Жастарың жүр қырыққа толмай, болып имам,

Атайды тақуа және сопы болып, кітап алған.

Құранның мың жыл әрі тәпсір білімін ап,

Шежіреңді, құранның кітабын қойған тастап.

Имам дейді, пайғамбарлық үлгіні жалғастырған,

Расулде қырыққа келіп  ақылы, сана толған.

Жиырма жыл оқығанды кітабын және құран,

Алпыс жаста Меккеге қажылыққа еді барған.

Масһабтық ғалымдардың есептен жоқ сауаты,

Хижра есебімен құлшылықта және адасты.

Пайғамбардың туған айын хижрамен есептеумен,

Ғұмырын екі жылға тажалдарың және ұрлатты.

Құдайым хикметін түсірген қазаққа ақиқатты,

Рухы қазақ әулиесі көтеріліп, келді хақиқаты.

Дәстүр мен ата жолы тарызға түскен кезде,

Мырзалар ақша, дүние мастыққа айырбастатты.

Надан қатын, баласын шырылдатып сабайтындай,

Ел билік, дінші, ғалым, мырзаларда болды сондай.

Ата жолын, дәстүрін ізгіліке ниетенген бұхарасын,

Сабады, діни сауаттарың жоқ, анадан біліп тумай.

Ғасырлар бойы төкен тер, аққан қан бабалардың,

Қу дүниеге айырбастап тажалдай, берді бағаларын.

Япырмау, қалаулысы атанып, бұқара халқының,

Мырзалар, сараңдық, шайтандыққа қалай бардың?

Бұл дүние, бүгінгідей үнемі тұра алмайды,

Алданғандар мәңгі адасып жүре алмайды.

Талапты, текті талай жастарың ізденіп жүр,

Ақиқат ашылған күн, мырзаларды табалайды.

Құдайым, ел биліктің осы есебін күткен еді,

Қарсылығыңды мақұлдап, мырзалар бекіт,- деді.

Енді аз қалды, кітабы тажалдарға ашылады,

Сынақтың да мырзаларға түсетін мезгіл келді.

Ел билік, үкімет бұл сынақтан шыға алмайды,

Талай мырза, өз боғына былғанбай тұра алмайды.

Бар үміт, ел басына хақтан көңіліне сәуле келсе,

Бір өзі-ақ,  мырзалардың қателігін туралайды.

(Маусым 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *