Құлшылық негіздері, Адамзатың сәзждесі

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 135

Жаратқан  істердің меңгерушісі адамзатты,

Қасиеттердің басы, тегі атамыз Адам атты.

Адам атамызға бейнелеп, біздің сұлбамызды.

Бар істі ақылмен меңгеруші тұлға болды.

Жер жүзіне, іс меңгеруші болсын,деп халифасы,

Раббысына орынбасар жер бетінің падишасы.

Жаралыс басы қозғалыс, періштені түгел жиып,

Қызмет қылыңдар Адамға,- деді сәжде қылып.

Рухын үрлеп, барлық атау сөздер берді

Періштелерді басқарасың, бұйыр деді.

Таза ақылдан сыйға  жанның нұрын берді,

Періштелерді де жұмысқа өзіңе тұрғыз, деді.

Алдымен жансыз періштелер орын алды,

Атамыздың бар мүшесіне қозғау салды.

Ендігі жанды періштелерге кезек келді,

Алдымен жұмысқа орын сұрап ақыл келді.

Ақылға,  атамыз  таңдауға еркін берді,

Ақыл таңдап басына Адам келіп кірді.

Ұят, келіп орным қайда,- деп сұрап еді,

Оған атамыз; орынды өзің таңда,- деді.

Ұят таңдап, көздерден орынын алды.

Адамда көздердің 70-тен саны барды.

Ұятың орындары адамзаттың үйі болып,

Қырқын, Хау ана, атамыздан сыйға алды.

Қазақта қызға қырық үйден тиым деген,

Ұятқа осы үйлерде бойына киім берген.

Құранда жан есігі «Ғыфырмен» белгілеген

Адамзатқа берілген діл кітабы осы екен.

Ал, ұлыңның отыз үйін ұрым деген,

Құраның парасының үгіті; «Рұм» екен.

Иманың кітабы, істердің белгісі боп,

Рұмды меңгеру ерлердің міндеті екен.

Мейір келіп, өзіне орын сұрап еді,

Атамыз,  көңілден оған жайын берді.

Асықпай аңдап басып, сабыр жетті.

Ұлықсат сұрап, қарынан орын тепті.

Төрт асылы құлшылықта, парыз болды,

Адамның құлшылығына жәрдем берді.

Төрт періште дауларын айтып келген еді,

«Адамға біздерге де орын бер»,- деп еді.

Бірінші болып келген өлім болып;

«Басыңнан орынды маған бер»- деп еді.

«Ол жерде бас көмекшім ақыл бар»,- деп,

Атамыз; «орыныңды басқа жерден ізде»- деді.

Өлім айты; «Өлімнен ақыл енді қорқар болар,

Мен келгенде ол, орын тастап ақыл қашар».

Екінші боп, Адам атамызға ләпсі келген еді,

«Орынды маған көзден берсең» деген еді.

Атамыз; «Ол жерлер ұятқа бердім» деді,

Ләпсі айтты; «Мен келсем ұят кетер»,-енді.

«Орын бер», деп буырқанып ашу келді,

Адам ата; « қалаған орыныңа жайғас»- деді.

Ашу айтты; «Орным менің көңілде тұр»

Атамыз; «Ол орында мейір жайлады дүр».

«Мен келсем, мейір қашар»,-деді ашу тұрып,

«Онда қалауың болсын»,-деді Адам көніп.

Төртінші боп, асығып, алқынып нәпсі келді,

Оған орын таңдауға атамыз еркін берді.

Нәпсі атты; «Орным менің қарында»,-деп

Атамыз; «Ол жерді, сабырдың меншігі еді»

Нәпсі айтты; «Мен келгенде сабыр қашар,

Сабыр кетсе, маған барлық орын босар».

Осылай төрт парызға, төрт қарсылық бар,

Адам атамыздан қалған біздерге ғибрат бар.

***       ***          ***

Болмасын насихатым, ертегі босқа мақтан,

Жанды жаратқан атамызға сансыз ақтан,

Жанды, жансыз періштелік көп қуаттан,

Адамның жан қуаты, сансыздан, топыр-ақтан.

Бастапқы қозғалыс саны екі белгі қарсылықтан,

Күн мен түн, ақ пен қара, түрлі ыстық, суықтан.

Арасында  арашада жүретін бір  қуаттар бар,

Үшеуін пар деп атап, жаратылған қолқабыстан.

Жаратым, деп, сансыз нәрсе нығмет үшін,

Сипатын жер мен көктің арасын, деген түсін.

Қозғалысқа керек қуаттық қолқабысты,

Меңгеру дін құпиясы, жүктерден алып күшін.

Періште қуаттар дәрежеленер, 99-санын беріп,

Алғашқы жан нұрымен, қосылар жүзге жетіп.

Махаббат пен құлшылық жаратқанға, қылу керек,

Жүз саулықты табу керек, өнермен, еңбек етіп.

Жанына Адамның періштелерді серік етті,

Бастапқы «Менге»  қызметке тұруға үкім берді,

33- жанды періштелер қызметке, еді оған тұрған,

Таспиқтың саны бар, хикметтен қалған белгі.

****         ****         ****

Жарылыс басы болған, жан негізі қозғалысты,

Қозғалысқа жаратты пары шерігі қол қабысты.

Жындар деп, атап, қозғалысқа берген қол қабысты,

Адаммен бірге көбейіп, болыңдар, деп мол табысты.

Жын мен адам жаны және шайтан қарсылық бар,

Қозғалысқа төрт асылдан, серіктері қолқабыс бар.

Жетеуін түгелдеумен айнасы болар аруағыңның,

Адамдығың; көру, есту, ойлайтын сезімің бар.

Дәрежеленіп, үш сезімдер аруағың жетіменен,

Қозғалыстар себебі жиналар, жиырма бірмен.

Адамзатың барлық амалдары, шам шырағы,

Жиырма бір жұлдыз орындарда бар тұрағы.

Бақара сүресінде аяттың 286 саны неге болды,

Япырмай үш жүзге, он төрті жетпей неге тұрды?

Он кітап  және жетпей отыз пара құран болып,

Он төрттің ишарасын ғалымдар неге жорыды?

Он кітабың , көктен келер он саулығың,

Ал төртеуің, төрт асыл, намазы  ол парызың.

Бұл он төртті атаған Ыбрайым жолы деген,

Құлшылығың, мүміндік намазың, бұл қарызың.

****      ****       ****

Жеті үнмен Құранның  көместе сырлары бар,

Жұбымен, пары және жеті түрлі жолдары бар.

Он төртпен, жермен екі аралалық себептермен,

Тура жолдың үш жеті аруақтық сырлары бар.

Жеті түрлі тозақтың төрт қарсылық дәрежесі,

Жиырма сегіз, ішкі сыры секен сегіз ережесі.

Ғибарты адамзатың құлшылықтың шежіресі,

Жиырма бір жарықпен қосылып теңеседі.

Қараңғыдан жарыққа 49-санды үкімі боп,

Құраннан 52-саны Тұр сүресі шешімі боп.

Даналар 101 санды сырларды қатер деген,

Замана намазы, Құдай ісі уахимен, үкімі деп.

****       ****       ****

Төрт асыл сәзждені іздеңдер, деп жаратыпты,

Иман, намаз, іліммен, мейір жұбы шапағатты.

Төртіне және жұбы қарсылық және ұрысы,

Иманды-шайтан,  шапағатты, бақылдық ұрламақшы.

Және бар қарсылығы ілімнің мақтаншақтық,

Мақтаннан және туар тажалдық тәкәпарлық.

Адамзатқа берілген ерекшелік құлшылықты,

Көріп, естіп, ойланып меңгеруге тұтас рухты.

Үш сүю, деп атаған жанның ісі махаббатты,

Жаратқан төрт асылды жұбымен намаз атты.

Төрт асыл, ақыл, мейрім, сабыр және ұятты,

Ілімен меңгеру керек намаз, иман, шапағатты.

Сендерге сегіз түрді жаратым, деп құлшылыққа

Намазбен меңгеру керек, малдық бұл қуатты.

Үш сегізді дәрежелеу намазы нұр болады,

Тәулікте 24-санымен, сәзждемен қозғалады.

Сәзжде деп атаған бастапқы үш қозғалысты,

Ал адамзатқа міндеті үш сезіммен қолғабысты.

****        ****       ****

Сәзждесі адамзаттың алты күн, жарығың бар,

Жаның, жының және  қаныңды шайтаның бар.

Күнәнің жеті қараңғы тозағынан құтқаратын,

Адамзатың құлшылығы тәубесінің саны бар.

Жұбымен тылсым, рухтың үні он сегізбен,

Он сегіз мың ғаламға жалғанған кітабыңды ал.

Діншілер намазды жеке құлшылық, деді атап,

Үш сүю махаббатың сәждесін кетті тастап.

Арап танып, құранды жатағанды  ілімді деп,

Ілім, білім ортасынан, ғылымнан алмай кітап.

Тура жол намаздары жаратылған сегіз еді,

Меңгеру төрт асылды, жұбымен негізі еді.

Десеңіз, бес парыз намаз қайдан шықты?

Надан ғалым, оны есепсіз жолынан бұрған еді.

Әрбір қозғалысқа қарсылықпен үшеу еді,

Үшпенен барлық нәрсе жандары түрленеді.

Және бес қуатпен, намаз сегізге түрленетін,

Алтымен ғана бұл қуаттар, себепке бірленетін.

Құлшықтың намазы адамзатың сегіз түрлі,

Жаратым деп аятпен үкім берген сегіз түрді.

Меңгеруді рухтың сырын сүнетін, тазалығын,

Надан дінші, бес парыз намаз осы тура деді.

Үшеусіз, өзі іздеп, таза ақыл иман келмес,

Білімсіз, ілім өздігінен кітап боп, түске енбес.

Ғылымы кітаптардың, расулден шапағатсыз,

Уахи болып, мүміндік қасиетің дәржеленбес.

Адамзаттың құлшылық сәзждесі осы болды,

Бұл сегізді бастарын бір орында қосу болды.

Арашасы бұл намаздарды орындау  шүкір еді,

Шүкірлік намаз, мұсылманға парыз болды.

****       ****        ****

Төрт асылды меңгеру жанның болды ісі,

Жанға берген ойлау, көру, естуші қасиетті.

Үш сүю болар адамзаттың махаббаты.

Дана Абай, құлшылықтың сәзждесіне үлгі етті.

Жаратқан  нәрселердің, жұбын және парын,

Құлшылықтың шүкірін,  сәзждесін, намаздарын.

Үш түрлі құлшылықтың амалы орындайтын,

Шүкірлік; дәстүрің, аманатың, ұлттық салтың.

Алланың расулінен қалған сүннеті еді,

Жеті сүйекпен сәзждені бізге міндетеді.

Жеті сүйек сәздесі бес парыз намаз емес,

Жер кезіп, жоба алу кедергі, деген екі белес.

Артық хайыр жасауға берген, ақыл кеңес,

«Бәләд» атты сүре бар, оқысаңыз артық емес.

«Тоқсан ауыз сөздің бар тобықтай түйіні»,-деп

Топырақтағы сорлыны құтқаруға берген кеңес.

Бұл сүренің аяттар саны жиырма болған,

Бес қуаттар саусақтар, аяқ қолмен толған.

Надан дінші, бес қуатты, бес парыз деп,

Япырмау есепсіз тура жол, деп кәпір, надан.

Бес парыз, жүктің сыры, құлшылығың,

Сипаты жұпен болған төрт пен бірің.

Төрт саусақ, төрт парыз бөлек құлшылығың,

Іші он екі буын, көрсетіп тұр сүре сырын.

Бас бармақ төртке қарсы болған, екі буын,

Бес парыздық құлшылық болу мүлде қиын.

Бас бармақ оң мен солың және неге екі буын?

Төрт асылды меңгеруді білдірген, екі мақам

Екі жеті; фатиха және жеті аятың азан сырын.

Жетімен ғана бірге фатихаға жалғанады,

Сегіз болар, құранның жарығы жан анасы.

Бұл сегізді дәрежелеп төрт асылмен,

32-мәнді сәзждеңді, 21-санды, ал парасын.

Үш жеті «Әнбия» сүресімен түспен білер,

Кітабың ақталатын, жаныңен есеп көрер.

*****              *****           *****

Шеріктерді бес қуатпен босқа жаратпаған,

Надан діншілер намазына тиым салған.

Көбейіңдер адам жанымен, үкімі аяты бар,

Құрбандық жанымен шерігіңді тірілтіп ал.

Шеріктерге жан беріп, аятына бірлеп қосу,

Иманың қуаты осы, зейнетің, бойға қосу.

Бойыңды толтырумен және ұсынасың,

Иман жарықты, мал жұмсап, сатып аласың.

****          ****           *****

Өлімсіз, иман жарық жаныңа ене алмасты,

Өлімен, ажалды  қалайша ғалымдар бір атапты?

Өлім мен ажалдың әрекеті  бөлек болып,

Ажалың келсе, жан денеге қайта алмасты.

Өлім, ол уақытша ажал, тек жанға келер,

Рух- ақыл, тәнде өлімнен қашып жүрер.

Ажал жетсе, ақылың тәніңді тастап шығар,

Ал, өлім тек жанды өзімен ертіп жүрер.

Өлімге ұйқы жаратылыс серігі жұбы еді,

Қазақта;Ұйқы мен өлімді арсыз,- дейді.

«Ұят күшті өлімнен»- деген сөзде қалды,

Ар- ұятпен, ұйқы-өлімді жеңбек діннің салты.

Ұйқы-өлім келсе, бастан ақыл қашар,

Қашып келіп, жүректен орын алар,

Жүректен орыннан ақыл тәнді бақылайды,

Жалғанып, санмен ақылың да тазаланар.

Қаныңда саннаның тазалығы ділің болмай,

Ақылың тазара алмай, ұлтыңның үні болмай

Ойлантын имансыз тек сенім, біліменен,

Ғалымдар сананы бастан іздер, сезіменен.

Істерің саналады  ұйқыда түс көрумен,

Әртүрлі жақсы, жаман істерді бейнелеумен

Жан алар керегін, көңілден көшірумен,

Ал тәнге керексізді, ақылың жүрер өшірумен.

Адамзат түс көрумен ақыл-ойы тазаланар,

Уахимен ақиретке кітабына жан жалғанар.

Санайтын жаман, жақсы өмірдің сырын біліп,

Сананың жәрдемшісі, сақтығың,-деген болар.

Ақылың көрген, білген естігенің білім еді,

Денеден келген сезімдік сырларды ойдан білді.

Сананың көлеңкесі, ашылған жүректің еді көзі,

Ақыл айтып, көңіл көнсе, жүрегің мақұл, дейді.

Бұл үш сезімінің оқитын намазы ұйқы кезі,

Жаның шығып жолына, несібесін іздеп кезді,

Жалғанып ата баба аруғына, жаннат кіріп,

Жол жорықтан, алған белгіден, жоба көрді.

Намаз оқу, құлшылықтың ақиреттен амал еді,

Бес уақыт намазға, расулден сүннеті жұбы еді.

Иманның бұл намазы Адам ата жаратылыстан,

Иманға қуат, адамзатқа таза білім жүрекке енді.

Сәзждеге жығылуды, дейді дінші намаз оқу,

Ал, сәзжденің сүресінің насихаты, мүмін болу.

Раббыңның аятына сәзждемен бой ұсынып,

Шежіреден кітап алып, түс жорып, ісін көру.

Абай атамыз, сенімен, иманның мәнін білді,

Намазы, қызылбастың имансыздық деген еді.

Дегенді масһтың төртін қыл, үшеуің түгел болса,

Иманды таза ақылдан жалғанған жобаң,- деді.

Ақылмен адамзат ойлап білер, бар істі несі зиян,

Тарихты кітаптан оқып, шариғатты білсең  пайдаң,

Жаныңды сақтамаса, есебін біліп, сезім-санаң,

Шайтанға айналасың, болғанмен ақылды адам.

Санаңның кітабы нәзіктердің қаны болған,

Тарихтан төртің үні, ұлтыңның ол ділі болған.

Ұлдың жақсы, саналы болуы нағашыдан,

Жан үйінің мықтылғы, әке белі ағашынан.

Арсыздықты жеңудің сананың сәзждесі еді,

Ұят, ардың жартылыстан жұбы болған еді.

Ләпсі арсыз, келіп көздерден орын алса,

Ұят болса арлы бетке қарай қашқан  еді.

Ұяты өлгеннің бетінде ары болмас, деген,

Қара бет, ар-ұятсыз,  пендеге оңбас ерген.

Қатынға жолама,  қарасы жұғар, деген

Балаға жолама, бәлеге басың қалар, деген.

Ұяттың көздері еді жанның үйі,

Арсыздарда жетілмес жанның күйі.

Қаны азып, қызыл дағы бетке теппей,

Санасыз, көңізсіздің ұжданы өспей.

Ал ар, ұятың пары болар көңіл еді,

Көңілден ұждан деген пеште туып еді.

Дене мен жан ерлі зайыпты жұптасудан,

Ар-ұжданың тән мен жанның баласы еді.

Көңілсізден «көтсіз» бала туады, деп,

Ұждансызда, жыныстық ұяты жоқ.

Ұждансыз, тексіз бала туып жатқан,

Бүгінде көтін ашқан қатындар көп.

Болады ұятсыз, арсыздар салқын қанды,

Жүктелген шайтан, жынмен жансыздарды.

Қанында шайтандары жанбайтындар,

Семіздік, және өзгереді қан қысымдары.

Жыныстық қылықтары өзгеріп, ауысады,

Хайуандық  әдетерге құмарлық және артады.

Шеріктер ар сауыты болмаған пенделерге,

Тығылып, мешіттерде отырсаң да қосылады.

Адамзатқа сәзждесінде періштелік екі қуат,

Бірі жансыз- шерік, жандысы серік болад.

Жандыларды меңгеруді иманды келтіру деп,

Шеріктерді меңгеру аталғанды жүктелу боп.

Қуаттардың қарсылық сергі жұбы барды,

Бұл қуаттар мәндері діншіге сынақ болды.

Расулден жындарды ырым қылмаңдар, деп

Өсиетін, масһаб дінші мазаққа алғандар көп.

Намазын ата жолдың, зияратап досын табу,

Жүктеліп шеріктермен, аманат серік алу,

Атайды надан дінші намаз емес, серік қосу,

Құранмен ат алсаңда, намаз емес, шерік алу.

Жол-жобасыз, жүксіз без парыз, деп

Сенімді болсаң, аталдың намазхан боп,

Иманды жаннатан, ата-анадан алмай үлес,

Тіліңмен жанға құпия білімді келтірдім деп,

****       ****       ****

Адамзат құлшылығы пайғамбар намазы боп,

Қырық алты саныменен мүміндік үлесің деп.

Төрт асыл төрт парызың намазың, құлшылығың,

Расулден өсиеті; сауапта 50-намаз орындау серт.

Бірінші асыл иман болып, ұрысы шайтан еді,

Екінші асыл намазыңды, ғапілдік ұрлаған кеп.

Үшінші асыл ілім білу, тәкәпарлық ұрысы еді,

Мейірмандық асылыңды, ұрлайды қатыгездік.

Иманың келеді екен, алпыспен яки жетпіс,

Намаздың мәні емеспе, санына ақыл жеткіз.

Екі қол тағдыр ісі, аяқпен жиырма санды,

Көңіл көзің, жүрегің осы мәнмен ашылады.

Мейірмандық- асылды хайырмен меңгерсің,

Құрбан шалып, жолға шығып, жер кезесің.

Бір-біріңе садақа беріп, шерігімен жүктелуге

Масһабшы, ел билік, шайтандықпен жолды кестің.

Арап елі шерігін, нәсілдерін меңгере алмай,

Жындарды ырым қылым, намазын орындамай

Алауыздық болып, жүректерге шерік еніп жатыр,

Құрбандықтың қанымен, тірілітіп жүктеле алмай.

Қара қытай нәсілі еліңді қазақ, басып жатыр,

Орыстың да нәсілін жүктелеліп тоздың, ақыр.

Ойптарын әулие-әмбилердің арамдап, қорғамасаң

Жүк-нәсілден, ұрпақтарға туады заман ақыр.

Дегендей;Қызғанғаның қызыл итке жем болады,

Өртпен, су, жол апаты және ұшақтар неге құлады?

Құрбандықпен арамнан тазаруға салып тиым,

Еселеп, дүние жанмен құдайым есебін туралады.

Масһабта тура жол, тағдыр ісін меңгере алса,

Абыз болса, Раббынан намазымен кім сұрады?

Жеті жыл намазыңа, иманыңа сынақ келді,

Жүктерді имамдармен, ел билікке артар енді.

Бастарын тауға-тасқа ұрып, жүгінен құтыла алмай,

Аруақты мазақ қылғандарды, халқың да білер енді.

Құдайдың қияметік сағатын, хикметін әрбір пенде,

Ақылымен, не ақиретке өтіп, түсінетін мезгіл енді!

                     (Маусым 2013 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *