Қатының бабы-ұрпақтың қамы, Дәстүрің еді

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №2 148

Атамнан менің ауыл түгел жасқанады.

Ал, атамды үйдегі әжем басқарды.

Ауылдың саясатын шалдар жасап,

Тұрушы еді, оны әжелер түгел қолдап.

Ендігі саясатшыл әйелдер көп,

Қой дейтін оларға қожасы жоқ.

Құран түгіл Құдайды да менсінбейтін.

Саясат айтқан билікте әйелдер көп.

Ақылын би қатынның оқып едім,

Екі әйел алу еркеке ұрлық деген,

Ескіден қалған, қандағы әдет екен,

Алдамшы ғана бұл тірлік деген.

Және бірі жазыпты, қай заманда да,

Саясатты әйелдер жасайды, деп,

Ал еркектерде мұндайға ақыл бар ма?

Бас шұлғып, қатындарды қолдайды, деп.

Қазақта, саясаттан нақыл қалған,

Қой, дейтін еркектерден қожа болған,

Әжелер бұл саясатты насихаттап,

Әй, деумен ер саясатын орындаған.

Қатынның тәрбиесін бабын табу,

Қашаннан әжелерден үлгі қалған.

Ұрпақты өсіріп, бағып және қағу,

Қазақта әйелдердің ісі болған.

Еркек бақса, баланы, жер құшады,

Дүние жиса, әйелің, желге ұшады.

Балаға жолама, бәлесі жұғады, деп

Қатынға жоласаң, қарасы жұғады.

Ал,Расулден қалған нақыл барды,

Баламен әйелге мастық тәнді,

Бәле мен қара, мастық болып,

Жын шайтанға сезімін алдырады.

Атаңды, анаң да азғырғанды,

Жаннатан солай қуылғанды.

Абайдан қалған даналықты,

Қатындар, қалайша бұрып алды?

Қатындар бәсекемен дәстүр сақтап,

Өсірумен ұл-қызын, арын баптап

Сәл ғана кем, пірі- ерімен теңеседі,

Сары қарын бәйбіше, құрсақ ақтап.

Алтын құрсақ, атаған еді аналарды,

Текті ұрпақ тәрбилеген даналарды.

Батырды, екі қатының бірі туаса,

Биді, мың қатының бірі ғана туа алады.

Қатындар көп, қазағымда туып жатқан,

Ән салатын, болмаса айласы асқан

Дүние тапқыш, күші тасып батыр болған,

Білім қуса, ұлтын, намысын жатқа сатқан.

Би болар ұрпақтарды туып жатқан,

Қазақта ар таза, ұятты қатындар аз.

Жастар көп ана тілін, дәстүр сатқан,

Аруақсыз, ділсіз өңкей құдай атқан.

Көргенді, ар намысты ұрпағың аз,

Еркек болса санасы жоқ, жетесі аз.

Білімді, ел билегенді, текті атаймыз,

Дініне қарсы, санасыз, ойламы аз.

Қатынның бақытын іздеп еркіндіктен,

Көшеге көтін ашып, шығып кеткен,

Ошағын маздатып жаға алмаған,

Қатын жоқ, ұлтыңда бақыты болып өткен.

Билікте бар, еркек ісін  қатын алған,

Ақылы қысқа, құдайына қарсы болған.

Еркектерді жамандайды би қатындар,

Ал, еркектерді, өсіріп, кімдер туған?

Жердің пары, ай мен әйел жатыры екен,

Ай нұрынан табиғатың түрленіп өркендеген.

Ал, жатырынан нәзіктің жарық болып,

Адамзаттың жарығы өсіп-өніп жатады екен.

Бүгінгі әлем халқы жатыры азғындады,

Қазақтың да кең құрсағы тарылғанды.

Нәзіктер жатыр түгіл, денесін күте алмай,

Хайуанша сасып жатыр, шіріп тәні.

Себептің бәрі басталады ортасынан,

Үш байлық, ортасы оның  ақжаулықтан.

Бұл байлықты сананың сыры, қуаты, деп

Даналар  жан қуаттын меңзеп айтқан.

Ерлер көп, қазағымда билікте, іс басында,

Шаруаның  ұстап, дөңгелеткен тұтқасында.

Дәстүрін, салтын, ата жолын ұстана алмай,

Өзге елдің бодан болған,  азғындық нұсқасына.

Ақылдары, дінін тануға жетпей жатыр,

Өз ұлтының ділін неге көрмей жатыр?

Ер азамат қатындарша төмен ойлап,

Надандықтан халық неге шықпай жатыр?

Надандық, бұл жағдайың қайдан келді?

Сырына надан болмай, үңілшеңші.

Қандай ғалым, білімді ер болсаңда,

Санаңның жарығы нәзіктің қанында еді.

Қатынның ұяты аз және жаулықсыздан,

Етектің киіз қуаты, қазығы бойға бекімейді.

Қатының қан қуаты таза емес, ұятсыздан,

Ер азаматтың санасы, діл қуаты жетілмейді.

Қатының  діл сүтін, некемен бермей сыйын,

Ерінің санасына жарық, жанына бермей киім.

Ұятсыз, жалаңаш қатынынан қара-жала,

Рухын ұйықтатып, иманға да болар тиым.

Қатынды аталар, нанға теңеп «қалаш», деген

Әйел ерге, жанға жарық, санаға азық екен.

Ғисада; Әйел үш тегеш қамыр илеуші,- деп,

Өсиетпен, бұл егінді еркектерге өсір, деген.

Ошағы бұл қамырдың пісетін жатыр екен,

Дәстүрі атаң қазақ, бұл сырды жете білген.

Жаман деп қатынды, көшем деп отынды да,

Тастамай жесірінде, жетімін және өсірген.

Қатынға жолама, қарасы жұғар, деген,

Мақалмен, некесіз жүрісіңді доғар деген.

Ол заманда, арсыздыққа тиымда болған еді,

Қарасыз қатынды, енді іздесең табар ма едің?

Шәкәрім әулие; ар білімін меңгеру керек,- деді,

Қазақ мұнсыз, санасы өспей, түсер надандыққа

Түсесің  еліктесең қылғына, еркіндік арсыздыққа,

Салтына өзге елдің құлы болып, бодандыққа

Европаның салты бар, қатынға еркін беріп,

Ұятсыз қыз-қатындардың, тұз қуат кетті еріп.

Жатыры мұндай елдің тарылып, қараланып,

Қан тегі, гендір, ділі жетілмей жатыр өліп.

Құдайдың бұл жіберген сынағы еді болған,

Байлыққа алдандырып,өзге елге үлгі қылған.

Ақыл жұмсап, жақсысын айырып ала алмадың,

Әдеті жаман ауылға, қатыныңды неге апардың?

Ғисадан ,киесі көркем сөздің, насихатын,

Дәстүрге айналдырған, ежелгі ата салттың.

Аралап жердің бетін, халықтар қылған мекен,

Бір кісі, егін егіп, дән себуге, шыққан екен.

Бір дәндер, түскен екен  жолдың бойларына,

Ал екіншісі дәндер, себіліпті тасты жерге.

Үшінші бір дәндер, жыртылмаған түсті жерге,

Төртінші дәндер, түсіпті өңделген сулы жерге.

Біріншісін, құстар келіп, шұқып жеп кетеді,

Ал тастақ жерден аз ғана дән жетіледі.

Жыртылмаған жерден егін түгел өскенмен,

Арам шөптен дәні толық пісіп жетілмеген.

Жыртылған сулы, құнарлы жерге түскен,

Дәндерден қаулап бітік, жақсы егін өскен.

Ол жерден, иесі жүз қаптай өнім жинап,

Қамбасын толтырып, уайымсыз қыстан өткен.

Астарын бұл насихатың шешіп көрсең,

Төрт түрлі әйелдердің жатыры болады екен.

Жолда жүрген ұятсыз, арсыз қатындардан,

Шайтандар, сепкен дәнді ұрлайды екен.

Көңілсіз, жүректері қаттып, тастай болған,

Мұндайларға екен егін,  шықпай қойған.

Үшінші, әйелдер бар, жатырлары арамданған,

Бала туса, тексіз боп, өкпесі піспей қалған.

Төртінші сипатты, түркілік дана аналардан.

Біздердей бақытты заман ұрпақтары еді қалған.

Атың қазақ шықпаса, жеріңді өрте, деген,

Ата жол дәстүрі бізге аманаты бабалардан.

Ерлер көп, анасының уызына қанбай өскен,

Нағашысының тегін, ағашын алмай өскен.

Ағашынан майлы қатық ұрығы әлсіз болып,

Өртенбей жатырлары, қатынның құйрығы өскен.

Еректерді жамандап қатындар, белсіз, дейді,

Белсіз еркек, мәңгүт боп, өз елінде жерсінбейді.

Ана тілін, ата сөз аманат, дәстүрін сатып жүрген,

Қаны бұзық жастар көп, дінші, сопы болсын мейлі.

Ананың ақ уызына мейірленіп, тоймай өскен,

Әкесінің майы кем, тегіне тартпай кеткен.

Жатқан жері жатыры таза, жарық болмай,

Қанына тартпай, белі мықты ер болмақ екен?

Ұятты қыз, арлы әйел ешқашан алданбайды,

Алдағанмен, аладандым, деп бас шайқайды.

Бүгінгі қатын, қыздар дүние қызығына алданады,

Арсыздығын ескермей, еркегін жамандайды.

Арсыздық, ұятсыз саясатпен, ел оңбайды,

Жесірлік те, жетімдік те ешқашан азаймайды.

Ұятсыз әйел, қуатсыз, толғақсыз өзі тумай,

Тексіз ұрпақ көбейгенмен, қан тегің арзымайды.

Нәзіктер жолы неге жіңішке аталады?

Жан жарығы төрт сәуле періштен жаралады.

Бес қуатты жіңішке өнермен кәсіп болып,

Тоғыз сан тәубе болып, аналардан таралады.

Еркекте сөз қуаты, ағайынды алтау екен,

Бес қуатты кәсіп, өнермен меңгеру керек деген.

Он бір түрлі еркектік, қасиетік қуат болып,

Екі сан, құс тістеген  әйелінен артық екен.

Төртеуің қатындарсыз түгел болмас,

Бақ, жаның жартыңсыз бүтін болмас.

Алтауы араз болса ер азаматтың,

Абысын тату болса, қоспай қоймас.

Адамзаттың тоғыз түрлі жаны анадан,

Нәсілі он бір санмен ұлтыңнан даналардан.

Он бір мен тоғызды құранмен некелсең,

Жиырма сан, Алла өзі, тағдыр болған.

Бүгінгі ердің бәрі шетінен кермет дана болса,

Ал қыз,қатының шайын жайып, көтін ашса.

Берген асы, жалаңаш, арсыз қатын қыздың,

Жаласымен, басының исімен арам болса.

Ашыған сұқтанумен, қышқылы арақ болып,

Некелі еріне аяқ арасынан,  жала жапса.

Жан тазармаса, рухың өсіп, өнім бермес,

Қатыны жаман болса, ұрпағың тегін білмес.

Қатынның жаманы, құрсақта бала дерті болып,

Қан тегі азғандардан, нағашы тегі келмес.

Ақ тегің, рухтың егіні, жатырда өсе алмайды,

Ері мықты болса да, арамнан жатыр тазармайды.

Санасы өсіп, жан жарығын ала алмаған,

Қандай да текті еркек, арамнан азғындайды.

Хау анамыз, ұлықсатсыз ағаш жемісін, еді жеген,

Анамыздан, атамыз жынысымен дәмін көрген.

Ұятты жерлер, сондықтан ашылып қалған екен,

Бұл жағдай, адамзатқа қатынан мәңгі сынақ екен.

Қатының арам жеген, ұятсыз, арсыз болса,

Ерінің санасы өспес, зейнеті жетпей ашық тұрса.

Байының бойындағы «дағын» жаба алмайды,

Етек түгіл, жаулықсыз жүріп, шашын қиса.

Қатындардың бабы артар, тек бәсекемен,

Бәйбіше, тоқал дәстүрі міндетті керек екен.

Жақсы әйел, жаман ерді төрге сүйрер,

Екі жақсы қатын, бір жаманға керек екен.

Жесірлер түгел арлы болса, ұлтын сүйсе,

Ез еркекті тәрбилер, тоқал боп байға тисе.

Әйел нәзік ұлтымызда болса түгел арлы,

Еркектер түгел жаман болсын, мейлі зәрлі.

Жаманнан жақсы туып, санаңды өсіретін,

Көп болсыншы ар-ұятты нәзік жанды!

(маусым 2013)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *