XXIX- Ел биліктің дін саясаты және экстремистік пиғылдар.   Қазаққа қасірет қайдан келген?

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 117

Адамзат әлемнің қозғалысының, түрленуінің басты себепшісі болып табылады. Жер әлемдегі адамзаттың тіршілігіне байланысты барлық қуаттарды қызметке тұрғызған жаратушымызға сансыз мадақ айтып, ақыл қуатын өсіріп жетілдіру арқылы ғана бақытты өмірдің рахатын көре аламыз. Біздер жеке-жеке тіршілігімізде өзімізді бақытты деп бағалағанмен, егер біз өмір сүрген қоғамның әділетті, әділетсіздік саясатына, өмір сүру салтына, рухани адамгершілік тұрғысындағы көзқарастары мен табиғатпен, қоршаған ортамен үйлесімділік, сәйкестігіне қарай  сол қоғамдағы тұрғындардың бақытты, бақытсыздығы мәлім болады. Адамзат мейлі қандай замандарда өмір сүрсін, өздерінің бақытты, бақытсыз екенін айқындау үшін дінді меңгеру арқылы ғана түсіне алады. Себебі дін үміт пен қорқыныштың мәнін түсіндірумен, адам баласының өзін тануымен, құдайлық белгілермен байланысқа түсудің жолын меңгерумен айқын болуы  керек. Бақыттың кілті әділеттілікте. Ал әділеттіліктің ақиқатты түсініп меңгерумен ғана қалыптасатынын естен шығармаған жөн.

Біздер ақиқаттың маңызын тану үшін ақиқатқа жетіп бақытты өмір сүре білген ата-бабаларымыздың қалдырған даналықтарынан, нақылдарынан және Құдайдың сүйікті құлы болып мәңгілік тірі болған, біздерге беретін белгі ақыл-баталары, уахилары арқылы түсінуге мүмкіндік аламыз. Ақиқат біреу-ақ, ол бөлшектенбейді. Сондықтан мейлі қандай замандарда ата-бабаларымыз өмір сүріп, қандай дінді ұстансын біздер ұлттық ерекшелік тұрғысында исламның Мұхаммед пайғамбарымыз салған ақ жолына, тарихтағы өткен жолымызды үзілісіз меңгеру арқылы ғана жалғана аламыз. Ақиқатты тану үшін әуелі өзіміздегі салтымыздағы, дін ұстанымыздағы, меңгерген біліміміздегі қателіктерді анықтап, олардан бас тартумен, рұқымызды тазартумен және діннің ақ бастауына дейінгі аралықта ақпараттық жүйеде бостықтың болмауымен де маңызды. Әлемнің жаратылысы уақыттың қозғалысына тәуелді болып және бұл заман, дәуір оқиғалары болып әлемдік жанның тағдырын қалыптастырады. Адамзаттың жаны тарихпен, ұлтының шежіресімен байланысты ғана өсіп өркендейді, тұтас жүйе құрып Алланың жібінің бір тармағы болып табылады. Ал жанның өркендеуі Алланың жібінің иірілуі сөз ғылымының дамуымен, таңба атау сөз ұғымдарының даму жолымен тікелей байланысты болады. Сонымен жанмен, рұқпен барлық әлемдік ақпараттық жүйеге жалғанудың құлшылық әрекеттерін намаз – заман деп атайды. Намаз орындау, толық орындау дегеніміз барлық діндердің құлшылығын және өзіміздің әке-шешеміз бен Адам ата қауымы арасына дейінгі аралықта ақпараттық тұрғыда тұтастық жүйемен байланысқа түсумен құдайлық белгілерге жалғану болады.

Сондықтан да намаздардың да үш сипаты әлемдік уақыттардың жүйесіне жалғанудың әрбір адам баласының міндетті орындайтын немесе қарсылық білдіріп өзін-өзі қараңғылыққа, түнектерге тасталуына себеп болатын қаракеттері болып табылады. Біздердің адамгершілік тұрғысындағы өсіп-өнуіміз ата-бабамыздан келе жатқан әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен өмір сүре білуіміз және ғылым, білімді меңгеріп, шаруашылықты өркендетуге, елге, отанға, халыққа қызмет қылуымыз орындаған намаздарымыз болып табылады. Сондықтан да бұрын дінмен байланысты болған қандайда бір жақсылыққа, бақыттылыққа жетудің тіршіліктік, қызметтік қарекеттердің тұрмыстық жағдайда әдетке, салтқа айналуын дәстүр деп атаймыз. Олай болса дін кітаптарындағы, құрандағы сәжде, намаз орындау дегеніміздің ұғымы да дәстүрді сақтау, ұлтымызға, тарихымызға, ерекшелік қозғалыс жүйесіне жалғанумен байланысты құлшылық деп түсіну керек. Ал  намаздарды толық орындау арқылы барлық діндердің, оларды меңгерген пайғамбарлардың үлгілеріне, меңгерген қасиеттеріне яғни әлемдік қасиеттілік, тектілік қозғалыстық жүйеге, әлемдік біртұтас тағдырға жалғанумен құлшылық болады.

Мұндай құлшылық, қызмет сәжде мен намаздарды орындау арқылы замандық, дәуірлік уақиғаларға, екі аралық ортаның жүйесіне жалғанып, ал намазды оқу арқылы жеке-жеке өзіміздің қауымымызға, ата-бабамыздың нәсілдік белгісіне жалғанамыз. Сонымен бірге бұндай құлшылықтардың қарсылығы болып ібілістің азғыруымен білім тұрғысында белгілі бір әулиелікке, қасиеттілікке негізделген қысқа жүйелердің намаздардың пайда болуымен қиялға, ой жоруға негізделген қисық жолдардың пайда болуын туындатады. Дін ақыл-ойдың өркениетін қалыптастыруға, дамуына қуат беруші амалдардың жүйесі болуы керек. Және әрбір заманның қозғалысын туындататын білімнің қуаты, көлемі артуымен оның үні, тілмашы, түсінігі болатын ақылдың сапасын арттырып отыру міндетті болады. Ал енді ел билеушілер мен зиялы қауым өкілдері діннің мұндай рухани құндылығын, ақылдың сапасын, қуат, күшін жетілдіру құлшылығын, ата-баба дәстүрінің намаздарын орындауға құлықсыздық танытқанда, онда ондай елдерде бақытсыздық пен тажалдық білімнің үстемдігі орнап, мәңгүрттіктің (идиотизм) ақылдылық, даналық болып бейнеленуі қалыптасады. Саясатта да әділеттілік жоғалып заңға шоқынумен кез-келген елдің әдетін, салтын құндылық қылып ұлттық рухани жолынан мүлде басқа жаққа қарай бұрылып алады. Діннің рухани саласына мән бермеуден бүкіл ұлттың, ұлыстың біліктілігіне де ақау түсіп, мұндай жағдайдағы білім арқылы белгілі бір қызметті, кәсіпті меңгергенмен оның біліктілігі жоғалып, ақылдың маңызы болмай қалады. Сонымен ар, ұят, ұжданнан жұрдай ел басқарушылардың атақ-дәреже, мансапқа оңай қол жеткізуге болатын әділетсіз, бақытсыз, мәңгүрттік қоғамдық саясаты үстемдік алады.

Ал енді қазақ дін ғалымдары мен масһаб имамдарының пайымдауынша бес уақыт намазбен шариғаттың істерін орындап, күнә жасаудан сақтансаң болғаны тақуа, тура жолда болып бақытты боласың дейді. Мұндай жағдайда «намазхан» аталып енді жын және ібілістің ықпалы дегеннен мүлде ада боласың деп түсіндіреді. Мұхаммед пайғамбарымыз; «Адамзат күнәдан жаралады» деп ескерткен екен. Ал егер жер бетінің барлық адамзаты күнәсізге айналса не болады? деп сұрағанда, онда; «Жаратушы иеміз қайтадан адамзатты өзгертіп күнәдан жасайды» деген екен. Абай атамыз; «Адам- жан мен тәннен тұрады» деп түсіндірген екен. Ал біздің жан мен тәндік болмысымызды қозғалтып, естіртіп, көргізіп, ойлантып және біздің қандай ұлт болуымызды, ата-аналық ерекшелікті, түрлі өнер қасиетімізді тумасымыздан қабілетті, икемді болып қалыптасуымызға байланысты көмес көрінбейтін жаратылыстық болмысымыз барын, ақылы бар адам баласы жоққа шығармайды. Құранда Раббымыз; «Адамдар мен жындарды өзіме құлшылық үшін жараттым» деп ескерткен. Және аятта; «Оларды тұтас жинаған күні; «Әй жын тобы! Адамдардан көбейтіңдер» делінеді…» (6-128) Олай болса адамзаттың өсіп-өнуі күш-қайраттық тұрғыда да көбеюі жындардың әрекетімен ғана байланысты. Демек біздің рухани жартымызды жындық қуаттылық құрап, адамдық қасиетіміз азайғанда жындылығымыз басым болып немесе керісінше дін тазалығын меңгерумен жынымыз кісілік қуатқа түрлену де керек. Сондықтан біздің тәндік, заттық және осы рухани тұрғыдағы жындық болмысымыз жанның басқарылуында болып, бұл барлық қуаттардың періштелері болып, олардың сапасын ақыл күшімен жетілдіріп бір қуатқа айналуын адамзаттың құлшылығы деп атаған дұрыс.

Қандай да жаратылыстың негізі жалғыз нұрдан басталып, онан екі жарықтың сапасынан, түрден пайда болатынын қазақ даналығымен баяндап өттік. Бұл жұптық және парлық жаратылыстық негіз болып барлық қозғалыстың да себептері Алланың өзі болып табылады. Сондықтан қандай да бір жаратылыстың себебін, қасиетінің үгітін, яғни жалпы сипатын, маңызын түсіну үшін жұбын міндетті түрде тауып сол арқылы «Екі жарты бір бүтіндік» қағидасын сақтау керек. Ал енді терең ішкі сырлы насихатын түсіну үшін парлық сипатын табуымыз керек. Онда; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деген шарттылық орындалады.  Алла ұғымының өзі осындай үш қуаттың төртінші белгіде тұрақтанумен толық жүйе болып, бесінші ақылдық қуатты түсінікті қалыптастырады. Бес қаутты бір жүйеге айналдыру арқылы ғана адамзаттың ерекшелігі және бұл қарсылығы бар қозғалыс жүйесімен, жер бетінің тіршілігімен байланысты «жалған дүние» деп атаймыз.  Сонымен бұл «Оң» істермен, жер ананың рухын меңгерумен, туған жермен, жаратылыс табиғатпен тұтастықта болуымен яғни шариғаттың дін ісін меңгерумен байланысты. Ал оның қарсылығы «Сол» жындар әлемімен, тылсым «Барзақ» әлемімен, көктік қуаттармен жалғанумен байланысты және Құдай ісі деп аталады. Діннің де ең соңында негізгі  үш кітаптың сипатымен баяндалып 4-ші Құран болып, Алланың адамзатқа білдірген белгілерін, сөзін тегін белгілейді. Тура жолдың негізгі басты қағидалары  жеке-жеке әлемге әр түрлі халықтардың әдет-ғұрпы, салты болып қалыптасып, бұл қасиеттіліктердің 3-кітаппен жүйеленіп, ең соңғы рухани қуаттардың жүйесі яғни адамзаттың жындық болмысын меңгеру, өлім сатысынан өтумен байланысты Ғиса пайғамбарымыздың үлгісімен бекітілді. Ислам дінінің негізгі сахбалары христиандар мен тәураттықтар және бұрынғы зәбур дінін меңгергендердің болғаны да тарихта мәлім жағдай.

Сонымен Құран арқылы барлық әлемге түскен діндердің намаздарын бірлеп, әлемдік қуаттардың жүйесіне толық жалғанудың құлшылығы жер бетінің барлық қуаттарын меңгерумен, яғни жалғанумен көк қуаттарына Ғиса пайғамбармен, інжілмен жалғанумыз ақиқатты танумен шартты болды. Ал енді екі аралық қуаттардың жүйесін меңгерудің сыры түркілік халықтардың Яссы деп аталған әдет-ғұрпымен қалыптасқан да еді. Сонымен діннің тура жолының сырлары барлық жер әлеміне несібе ризық болып, бұл әр халықтың даналығында, сөз ғылымында жасырылғаны хақ. Және оның жан ғылымын қай халық толық меңгерсе, сол елдің рухани сөз ғылымы дәстүрі арқылы құранның сыры ашыла береді де, діннің де бүкіл әлемдік бірлігі де қалыптасады. Мұндай мерзімнің келетіні және мұны меңгеретін халықтың барын құранда да, пайғамбарымыз да ашық ескерткенді. Құран арап тілінде жеті үннің негізіне ғана жалғану кілті болып, сондықтан біз намаз оқып және жалбарыну құлшылығын тек арап тілінде оқып, ал ақылды, ілімді діннің барлық қуаттарын бірлеудің намаздарын әр халық өз тіліне аударып қана орындау шартты болмақ. Құдай ісі деген дін ғалымдары түсіндіргендей шариғатпен байланып қалмайды, жер бетінің әрбір тірі пендесіне тағдырына байланысты Раббымыздың аяттары аян, уахи, бата болып оқылып отырады. Мұнсыз жан тазарып, өсіп өнбейді, адамзат көбейе де алмайды. Ілім, білім дамып өркениеттілік те болмайды.

Сондықтан аятта; «Сендерге аятарымыз оқылатын еді де теріс айналатын едіңдер (66) Аяттарымызға тәккаппарсып мүлде сандырақтаушы едіңдер. (67) Олар сөзді (аян, аят, уахи) зерттемей ме?(68) Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме? (68) Немесе пайғамбарларын олар танымады ма?» (23-69) Қандай да діннің сөз ғылыммен байланысты, тілімен, діл білімімен ұлттық қан тегін қалыптастыруы болады. Ұлттың, елдің сөз байлығы жетілген сайын, жан ғылымының өркениетіне дәлел болатын діні де қуаттана беретіні де хақ. Олай болса, түркі елінің сөз байлығын, даналығын және жан ғылымын қалыптастырған пайғамбарларының болғаны да хақ. «Немесе пайғамбарларын олар танымады ма?» Бұл аяттың «пайғамбарларын» деген сөз ұғымын тек Мұхаммед пайғамбарға ғана байланысты деп түсіндіреді ислам ғалымдары. Және бұл діннің әлемге ортақ  жүйенің де ортасы болып; құранның негізін қалыптастырған Мұхаммед пайғамбарымыздың дін шариғаты түркілік дәстүр негізінде қалыптасқаны да құранда ашық аяттармен берілген. «Немесе оларға бұрынғы аталарына келмеген нәрсе келді ме?» (68) Демек құранның кітаптық ақпараттық жүйесі құраннан бұрын түсірілгені және жан ғылымы, кітабы, діні  болғандықтан да түркі халқына арап елдеріндей шариғатты басынан бастап үйренудің де қажеттілігі де аз болып, пайғамбарымыздың намаз оқудың сүнеттерін қабылдау арқылы құранды араптардан да жетік меңгеріп, шариғаттан биік тұрған тарихат, мағрипат дәрежесіндегі құдай ісін жоғарғы сатыларын да еркін меңгеруге жол ашылғаны хақ.

Сонымен діннің басы Яссы аталып Қайрат, жігерлік болып танылады. Ал қайрат, жігерлік жын қуатымен, ақылды жүрекке бағындырумен байланысты болып табылады. Абай атамыз бұл хикметті сырды қазақ дәстүрінің негізін 17-ші қара сөзінде насихаттап өткен. Қайрат, ақыл, жүректің ғылымға жүгінуімен, ғылымның үкіміне мойынсұнумен түсінікті болады. Сонымен ғылымға жүгінудің хикметін Мұхаммед пайғамбарымыздың шапағатымен байланысты деп түсінсек, ал ғылымның хикметін, ақиқатын түсініп, іске амалға айналдыруды Ғиса пайғамбарымыздың қалдырған үлгісі және інжіл арқылы атқарылатыны да құраннан мәлім жағдай. Қандай да бір өркениеттіліктің қарсылығының да даму үдерісі соған сәйкесті қуаты, яғни ақпараттық жалғандығы болады. Сөз қуаты діні жетілген, жан ғылымының негізі қаланған елдерде әулиеліктің, Ақ нәсілді тектің жоғарғы сипаттары болса, керісінше қарама-қарсы жалған қара нәсілдіктің де қуаттылығы артып яғни жалған әулиеліктен, тажалдық білімдерден туындайтын мәңгүрттіктің, «идиот» атты орындаушылары да білімді, талантты, жетілгендік тұрғыда болатыны заңдылық.

Ондай заманның келетіні және мұны әлемдік тұрғыда қияметтік мезгіл, ондай Құдайдың ашық белгісі, хикметі түскен, өлілермен, ақирет өмірімен, тозақтықтармен де байланыстың басталатын ел үшін қияметтік сағат болып аталды да. Мұндай мәңгүрттіктің себебін, сипатын аятта; «Мұхаммед ойын тәңір жасап алғанды көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? (43) Немесе оларды көбін, (уахи, аян, батаны) тыңдайды я түсінеді деп, ойлайсың ба? Олар мүлде хайуандар тәрізді. Бәлкім олар жолдан тым адасқан.(25-44) Адамзаттың жаратылысы жануарлық болғанымен көру, есту қасиеттілігінен  хайуаннан да төмен дәрежеде болғанымен, ақылдың қуатын меңгерумен білімнің қуаттарын жетілдіруге, ойшылдық қабілеті арқылы жанның ең жоғарғы сапасына иелік етуімен Алланың өзіндік сипаттарына ұқсастығы, жер бетінің барлық тіршілігіне басқарушылық орынбасарлық періштелік қабілетіне дейін көтеріледі.Мұндайда жағдайда адамзаттың періштелігі де жеті қанаттылық яғни Алла тағаланың растығына, мәңгілік тірі болу  сипатына, жаратылысына ұқсастыққа ие болады.

Сөз ғылымын, ойшылдық, даналықты меңгеру діннің маңызын түсініп, жаратылыстық Алланың өзінің қадір-қасиетін меңгерудің кілті болып табылады. Ақыл-ойдың қозғалысын және адамзаттың меңгерген біліміне, өнер әрекеттеріне байланып қалмас үшін оның қарсылығын, жақсыны да жаманды да терістеуші Ібілісті жаратқан. Сондықтан адамзаттың көру, есту сезімдері жануарларға ұқсас болғанмен ақылдың күші, ойдың, адамдықтың әрекетінің ықпалында немесе оның қарсы жағы ібілістің басқаруында болады. Қандайда бір жаратылыстағы ойдың жеті үнмен және оның қарсылығы ібілістік үнмен байланысты болып, құранның оңы және теріс қарсылығы солы болатынын да құранда ескертеді. Аятта; «Күдіксіз бұл Құран әлбетте әлемдердің Раббының түсіргені.(192) Оны сенімді (Жебірейіл) Рұх келтірді. (193) Ескертушілерден болуың үшін жүрегіңе қондырды. (194) Ап-ашық бір арап тілінде. (195) Рас ол, бұрынғылардың кітаптарында да бар еді» (26-196) Олай болса құранның арап тілінде бүкіл әлемдік тұрғыдағы ақпараттық белгісі; «Шұғара-Жол тізбек» болып, Аланың жібінің сипаты болып табылады. Енді кез-келген адам баласының ұлтына да қарамай  жүректерде құранның 200 санды белгісі (нейрондар) тағдыр кітабының орындарымен байланысты болса, 200-195=5 сипатты белгісінің әр ұлттық тілдік ерекшелігіне байланысты 196 санды белгісі болады. Олай болса жүректегі бұл ақпараттық орындардың, діндердің негізі  4 кітапты меңгерумен жарықтық «нейрондарға» айналады немесе оның қарсылығын теріс санды «сол» кітабын алып, ібілістің ұрпағына айналумен мәңгүрт болу да жүректің жағдайымен байланысты болады. Аятта; «Осылайша Құранды күнәкарлардың жүректеріне қойдық (200) Күйзелтуші азапты көргенге дейін оған сенбейді.» (26-21) Олай болса, қиямет күнінде жаһандық тажалдардың пайда болуы және олардың білімді қауымның арасынан шығатын  пайғамбарымыз және даналар да ескертіп кетіпті.

Халықты кез-келген білімнің жетістігімен, құранға қайшылық ойларды қалыптастырумен және сөз ұғымдарын өзгертумен немесе бағзы замандардағы ұғымдарға қайта оралумен ой қуаты жоғалып, жалпы білімнің ойын ұрлап, адамзаттың ойлану қасиетін жоғалтуына, мәңгүрттікке тәрбиелеп, әрбір пенденің қанын аздырып, ішкі дүниесінде «идиоттардың», шайтан лағының өсіп өнуіне жағдай жасаумен байланысты болады. Мұндай қоғамда рухани құндылықтың, ар, ұяттылықтың маңызы жоғалып «идиот», арсыздардың өнерлі, «жұлдыз» болып және адамзаттың бақытты болуына түрлі ойдан шыққан көріпкелдік, болжампаздық жалған  білімнің пайда болуымен Құдайдың да ісін, аян, уахи, хикметті, мұғжизалық әрекетін дін ғалымдарының өзі мойындаймайтын дәрежеге дейін құлдырайды. Қандай ашық белгілердің Алланың хикметін де біліммен түсіндіріп, білімнің күші жетпегендерін кездойсоқ табиғи оқиғалар немесе «аномалды» түрінде қабылдап, халықты  мұндай белгілерден қорықпауға яғни құдайдың ісіне мән бермеуге, рухани өлмеуге үгіттейді. Бұндай мәңгүрттенудің қияметтік мезгіл тәураттың түсуімен байланысты Мұса пайғамбарға қарсы шығып, суға жұтылған Перғауындық ел билеушілер мен түрлі білімді қауымның нәсілдік тұрғыда қайталануымен байланысты болған еді. Сонан бері бұл мезгілдер ақпараттық дамумен, уақтың қозғалыс қуатының артуымен байланысты жер бетіндегі адамзаттың бір кезеңнен, екінші жағдайға өтуімен де  үнемі қайталанып отырғаны да хақ. Мұндай мезгілдегі қылықты қазақта; «Елді арамза молда мен надан ғалым бүлдіреді» десе, орыс халқында Ф. Достоевскийдің «Идиот» атты шығармашылығымен, оның философиялық ойшылдығымен байланысты; 1.безнадежный идиот, 2.законченный идиот,  3.круглый идиот,  4.полный идиот,  5.последний идиот, 6.совершенный идиот деп аталса, енді қазіргі таңдағы қазақтың билеушілері мен зиялы қауымның көбі соңғы сипатқа, біліммен қысқа сезімдік ақылға, ой жорушы тажалдыққа айналғандары да сөзсіз.

Сонымен «Идиот» мәңгүрттіктің тажалдық бейнесінің 30 сипаты болатынын Мұхаммед пайғамбарымыз ескертіп өткен екен. Аяттағы; «Мұхаммед ойын тәңір жасап алғанды көрдің бе? Сонда сен оларға кепіл боласың ба? (43)» деген пенделердің сипаты біріншіден философтар, ғалымдар, діншілер, психологтар, ел билеушілердің өз ойларын білімге байлап «діннен бөлек,зайырлы, мәңгілік ел» боламыз деген сөздерімен байланысты болады. Және «Ел билік жер қазынасын сатып байып жатыр», «Барлық сөз ұғымдары араптан, парсылардан келген», «Латын харпін пайдаланып  орыстан алшақ боламыз», «Атыңды қазақшалап өлілермен теңдес, текті боламыз», «Ешқандай мемлекетпенен ортақ шаруашылық құрмай жеке ел болып қарық боламыз», «Атом станциясын салсақ қырылып қаламыз», «Желтоқсанда орыстармен соғысып, қазақтың тәуелсіздік алған күні», «Жаңаөзендегі ұлт-азаттық қозғалысы», «Анау сәләф, мынау секта, халықтың садақасын алып баюшы.» «Әулие деген Алладан басқа «жын-жұрқа» басына барып құрбандық шалып, аруағына табынсаң серік, шерік қосқан боласың» деген сияқты құдайдың тағдырына, аятына, үкіміне, әлемдік жүйеге қосылуға деген қарсылықты ұйымдастырушылардың  ақылдан, ардан, діннен жұрдай құдайсыздардың, бірақ білімді «совершенный идиот» —тардың мектебін қалыптастырушы білімді тажалдардың әрекеті десек жалған емес.

Енді  қазақтың тажалдарының қауымын қалыптастырушы білімді пенделердің рухани сипаттарын 30 түрлі қылықтарымен әрбірінің ішінде ібілістің елшісі «Идиоттарының», шайтан лағы барын және мұндай шайтан жамағаты мен ібілістің ұрпақтарын мінез-қылықтарынан танып білуге болады; 1. Әшкерелеу; Мұндай пенделер жамандықты көргіш, ел билеушілердің қатесін білгіштер және мұны тек біліммен ғана болжайтындар.2.Құнсыздық; Адамзаттың өмір тәжірибесімен қалыптасқан құндылықтарды ескіліктің қалдығы, ендігі заман басқа деп түсінетіндер.3. Бой-түзеу; Заманға лайық болуымен сыртын түзеумен дүниемен ғана сәйкестікте болуды қалайтындар. 4.Сабырсыздық; Бұл туралы «Иман мен сенім ерекшелігі» деген жазбада баяндап өттік. 5.Шарпау; Өзеуреп, шымшып менікі ғана дұрыс деп сөйлеушілер жатады.6.Құмарлану; Өзге ұлттың, топтың әдет-әрекетін, сөзін, дінін, өз ұлтының құндылығынан үстем қоюшылар. Шала қазақтар мен арап болуға құмар діншілер де жатады. 7.Қиялдау; Бос оймен, негізсіз арман қуушылар және шығармашыл топ өкілдері. 8.Даттау; Қандай да бір елде болып жатқан қайғыға, қиындыққа себепті тағдырдан, құдайдың, тағдырдың ісінен демей, кез-келген іс басындағы немесе басқа ұлттың өкілдерін кінәлап, жала жабушылар болады. 9.Күпірлік; Мұндай пенделердің жағдайын арсыздықпен байланысты деп түсінген дұрыс. Енді білімді халыққа ақыл айтуға тұрған, түрлі таланттылықты меңгерген адам баласына жалпы қазақта мұны арсыздық деп қабылдайтын қылықтарды өзіңіз мұндай қауым арасынан іздеп көріңіз. Арсыздықтар; 10. Кінә арту; 11.Көз жұма қарау;12.Тағатсыздану;13. Беймезгілдік; 14. Кінәрапа жасау; 15.Қол салу, 16. Балағаттау;17. Әдепсіздік,18. Самарқаулық; 19. Көз салу, 20.Бейкүнаға кінә арту; 21.Ой-сана түзеуге құлықсыздық;22.Илануға нанымға қарсылық; 23.Құлағдар болмаушылық; 25.Жүйеленуден бас тарту; 26.Мұқтаждыққа төзімсіздік; 27.Ойлану қасиетін жоғалту; 28. Сыйлау, сүйспеншілікті бағаламау;29Адамгершілікке жат қылықтарды ұнату, 30.Рухтану, ата дәстүрін бағалау, қадірлеуден бас тарту;

Енді осы 30 белгінің  ардың жоғалуымен байланысты қазіргі халық алдында жүрген өздерін тектімін деп санайтын ел билеуші, зиялы атты қауым өкілдері мен дін имамы, дінші,  әрбір қазақтың баласының бойында осындай белгілердің біреуі де табылатын болса, онда ол тажалдың қызметшісі болып саналады. Демек ондай пенденің ішінде ібілістің елшісі болған «идиоттың», шайтан лағының бары да хақ… (жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *