Сана-сезім, көңіл және ұждан

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 166

  Сананы неге сезімен бірге жаздық,

Бар ма мұнда айырмасы ажыраталық.

Ойласаң таза ақылмен беріп сынын,

Қалайша сана-сезімді басқа таңдық.

Ақыл-ойдан, сана сезім бүлде басқа,

Сезімің хабаршы денелік жаратылысқа.

Бастан ой, дене берген бұл хабарларды

Қаныңда бар діл таразы болар сана.

Сана сезім, діліңнен жүректен көңіл туар,

Ақыл-ой көңілге түрлі қозғау салар.

Көңілдің жарығы болса ар мен ынсап

Шырағың ол ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұстар.

Көңілің баста ғарыштан келген иман еді,

Ойы да періштедей таза болған еді.

Шын көңіл сипаты таза махаббатың,

Құдайдың бояусыз берген сыйлары еді.

Көңіліңде құлақта бар, көретін көзіңде бар,

Жүрегіңнің айнасы 6-түрлі сезімде бар.

Көлеңкесі көңілдің түсіп тұрса көкейіңе,

Қан су басқа жетіп, мида ойға қозғау салар.

Көңіл бақша гүлденер жемісі бар,

Бәйшешектің бұл бағының сандары бар.

Ғылым болып көңілдің көзі ашылса,

Көңілінің көзі ашық, дейді санасы бар.

Ақыл, қайрат, жүректе тұр көңіл көзі,

Көңілдің күзетшісі Раббыңның болып өзі

Төрт көлеңкеңді көңілдің түгелдейтін,

Жалғанып таза ақылдың болар тезі.

Көңілің таразы боп барлық істің,

Бар мүлкі екі өмірдің тіршіліктің,

Сөздердің де сырлары көңіл болып,

Кітабы да көңіл болар құлшылықтың.

Көңілде адамзатпен бірге өсіп-өніп,

Балалықтан жігітке келер жетіп.

Білем, болам бәрінен мен озамын деп,

Атақ, мақтан, құмарлыққа болар жетек.

Боялып түрлі түсті әрекеттен іздеп пайда,

Зымыраған, зырлаған көңілді тоқтар айла қайда?

Көңілің мезгіл және мүшелмен ауысады,

Жастықтың бар қызығын көңілдерін тауысады.

Қызуы кетіп көңілің салқын тартып,

Көңілді тырналайды ұжданың және оянып.

Келдім қайдан, бармақпын енді қайда

Қайғырар өлімді ойлап, уайымның жүгін артып

Халифа қып жердің жүзіне адамзатты,

Көңілді бол деп, Құдай бізді жаратыпты.

Дегені емес көңілді бол, рахатпен тәтіні біл,

Табсын, деген, құлшылықпен көңілге махаббатты.

Махаббат ол иенің жарық нұры көңілі еді,

Ғаршысы бар себептің жан-жарық киесі еді.

Қосылу жаратқаның көңілін іздеп тауып,

Бар діннің құлшылық ісінің тірегі еді.

Өсірер көңіліңді азат ақыл, ой құмарлық,

Үмітпен арманың және нәпсіңді сынатарлық.

Жаның жай таппайды көңілге беріп жарлық,

Қайғысыз өмір, таусылмас бағың бар деп анық.

Көңілді өсіреді көрген, білген бауырмалдық,

Жылы сөз жанға жайлы адамзатқа жан ашырлық.

Көкіректе көзің болса астарлы сөз ұғарлық,

Ділмен сезіп, білген сөз, көңілге қуат болар анық.

Үш нәрседен көңілді өсіп, қайғыны жеңер анық

Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек

Үш күнің көңілде туса, жүректе отың барлық,

Төртінші күніңмен көңілге келер хақтан жарлық.

Құранда аяты бар көңілді Раббың көріп тұрар,

Үш кісі сыбырласа төртінші Алланың өзі болар.

Төртеуің жалғанып, көңілің өсіп толса,

Иманың төбеден дәтіңе қуат болып еніп тұрар.

Бабалардан қалдырғанды нақылды аманаттан,

Көңілдің тәрбиесі әдет-ғұрып, дәстүр- салттан.

Сана тазалығы, жүректің қызуы ақ жаулықтан,

Қайраттан ден саулық, таза ақыл он саулықтан.

Бас жоғары мойын төмен жаралғанды,

Мойынмен көңіл басқа жалғанады.

Бес қару бес қуатың көңілге кейде қауіп,

Бой жарығың жетілмей болмаса арға сауыт.

Діншінің қосылады дегені болып шерік,

Адамзатқа түрлі бейнеде жүрген еріп,

Бойыңда ар сауытсыз, көңілің болса суық,

Өнерсізге, бойсызға бұл қуаттар бермес ерік.

Шеріктер бұрынғы өткен адамзат көңілі еді,

Серік боп көңілден жан-ұжданың бөлінгенді.

Тұрақты некесі көңілдердің шариғат-діннің ісі,

Заманның өзгермелі себепке ие Құдай өзі еді.

Некесі көңілдердің қиылады уахи, хикметпен,

Масһабшы оймен жорып себепті «шерик» еткен.

Құранда бұл хикметің ғылымы аяты бар,

Бесеуің сыбырласса, алтыншы Алла деген.

Бес қуат сезім болып көңілде әнді салар,

Санамен некесі оның алтыншы орын болар.

Көңілдің көлеңкесі кезетін шартарапты,

Алтауың араз болса, аузыңнан дәмің қашар.

Көңілдің сипаты бар ақ және қара түсті,

Сана-сезім, ақыл-ой, қайратпен болар күшті.

Жылы мен суықтың және ащы, тұщы дәмін көріп,

Қайран көңіл қайыспай өлімге де сабыр етті.

Көңілің ну тоғайлы, қамысты көлде болды,

Ал кейде сусыз, нусыз тап-тақыр шөл де болды.

Кеудеңде көңілден бір жазылған заңдары бар,

Сол заңға бағынбаса тыншымайды жүрек сорлы.

Адамзат бірін-бірі махаббатпен іздеп тауып,

Жүрекпен де алысар, қаныңа отты жағып.

Көңілің қосылмай жұбына тыншымасты,

Некесіз қосылса шайтаннан бар үлкен қауіп.

Қайғыға да қуаныш, уайымен сезімдерге,

Үмітпен, түрлі жүкпен мінез және өнерлерге,

Және де түрлі ойды сырлары сен әндері бар

Көңілдің тұлпары бар қосатын бәйгелерге.

Абайдың сөзін білсең сезіммен санасы бар адамға,

Көңілді суретеген; Қансонарда біркітші шығады аңға

Бүркіт қара, түлкі-қызыл, ұқсатып сұлуларға

Көңілің бір жасайды құмарың әр қанғанда.

Ал кейбіреулер күйкентай мен қарға сақтап,

Басқа сая, жанға олжа көңілге қуат болмай,

Өзіндегі барды алмай, өзгенің салтын мақтап,

Көңілсіз итерде көп, ас бергенін кетер жақтап.

Пайғамбарлар көңілі бейнеленген сұңқар еді,

Аналардан аққу болған махаббатың тұрағы еді.

Ата жолда аққу, сұңқар жүрек ашу, көңіл ашу

Ақ ұлға құдайдан бұл сұңқарлық қонған еді.

Надан дінші тажалдай шайтанан өрмек кұрған.

Хикметін көңілдің көзін ашу деді жалған,

Ел билік, игі жақсы құранды өзі оқи алмай

Көңілдері жетілмей еліне заңымен құрды қақпан.

Ислам бірдің үні, пайғамбардан шапағаты,

47-санмен расулін Алла неге бағалатты?

Ризашылығы Алланың өзі махаббаты

Көңіл армен, осы белгі санында қосылмақшы.

Құлшылықпен тазарту керек көңіл кірін,

Дінін берді көрсетіп намаздардың ішкі сырын.

Ұятың мен арың ұйықтап сенің қалмасын деп,

Аманат пен уәде деп арқалатқан көңіл үнін.

Шәкәрім атамыз бұл әндерді атаған сөздің сыры

Ән өлшеуіш, өлең күміс өсірген жаның нұры.

Буынын сегіз, алтауын егіз, үштен екі, тапшы деді

Ай нұрынан жаралған тағдырдың кілтін енді.

Қазақта даналар көп сыр ашқан хақиқаттан,

Тура жол бұндай білім табылмас еш масһабтан.

Шәкәрім даналығын, сандық білім сырын ашсам,

Көңілдің кітабы, Шұғара сүресінің кілтін тапқан.

Шұғара Нұхтан бастап пайғамбарлар өткен ізі

Ыбрайым пайғамбардың даңғыл жолы.

Шұғайып, Лұтпен Мұсалардан болған үлгі,

Даналық, сұңқарлықтан расулден иман белгі.

Шұғара мен Мұхаммед сүресінің айырмасын,

Білсең баурым табасың бұл әнің қайырмасын.

Әнге билік, «Әнбия» болып үш жеті аталады,

Дәстүрің дін бірлігі, ата жолың насихатың.

Дінің де қағидасы шариғат шарты да бар,

Құдайын іздеген жан алдымен бой ұсынар.

Бойың ол зейнет киім, денеңде ар сауытың,

Ораған сені бойың жаннан бақшаң болар.

Өліммен тағдырыңның тұзымен дәмін таусып,

Бойың сенің ғаламнан алар өз орнын тауып,

Ар болған бұндай дене жанның үйіне,

Көңілің тозақтардан өтіп келер қайта тауып.

Адамзат көңілдерінің бейнесі түрлі-түрлі,

Аралық қуатар болған көңілдердің көп бейнесі.

Алланың 13-санды әскері уақ деген мүлкі,

Шеріктер ол, адамзаттың рухынан көлеңкесі.

Көңілдің жүгі болған аралық ұсақ, уақтар көп,

Түрленген көкке шығып адамзатқа нәсілдер боп.

Құранды бұл уақтарды рулы қол деп айтар,

Бес парыз аманатың, бес қуатпен жүктелсін деп.

Арың бойдан, ғасырлардан аманат ақ сауытың,

Бойын өсір қызыңның, байлығың ақ жаулығың.

Мал қуатын өсіріп, егінін салсын ұл қызыңа,

Ақ жаулыққа байланар денің және он саулығың.

Тән тазалығын атаймыз дендік саулық

Мұндай саулық адамзатқа болар байлық.

Деннен саулық-ақыл-ой, мінез саулық,

Есті түзер сабыр және ынсап тауып.

Байлығың көктен келер он боп саулық,

Шежіре ағашынан жемісі иман байлық.

Он саулықпен тоқсанды алсаң сатып,

Еркін ой, азат ақыл деніңе болар лайық.

Ортасы бұл екінің сезімдік санға байлық,

Жұбыңнан қан тегіңнен келген байлық,

Жан жарыңнан ақ некең болса лайық,

Етіңді тазартарсың, санаға болар азық.

Сана-сезім, діл, көңіл бірлігі ескі жаның,

Алтыншы бұл қуаттардың үйі болар тәнің.

Жанды дінде Алланың бір сипаты өзі дейді,

Бастапқы нұрдан үлес серігің және жарың.

Жан жардан, рухың бардан, ұждан ардан,

Құдай бар, қиямет шын, дұрыс ұждан.

Діндердің бәрі үш негізде «Бір» аталған

Ар ынсапен іс қылмақшы ұжданды адам.

Адамнан Алла сыйы білімі сөз атауалардан,

Көңіл болып талай жараталыс себеп туған.

Нахыл деген тегін ардың бұл сипатын,

Жарығың ар сауытың бойыңа болған қорған.

Бірлігінен екі себеп жарықтың бұл сипатын,

Жалғай алсаң аруағың Құдайдан алған хақың.

Жарыңнан келген иман дәнін ақылмен суғарасың,

Ар қазынаң ол құранмен уақты жалғанатын.

Аруағыңды Тәңірге емес, серік қыл өзіңе қос,

Түгелдесең жетімен бірлігін көңілмен тос.

Іздемеген көңіл жүгін, ойсыз босқа оқып намаз,

Алла досы иманына жалғанбаған көңілдер бос.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *