Үлкендіктің сауалы  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 120

Ажал жетсе өлдің бе,

Өлім келді, көрдің бе?

Баянсызға салынба»-

десе, тоқтау бердің бе?

Жетпесті қудың, жеттің бе,

Барша жаннан өттің бе?

Тағдырың жазған ақ өлім,

Құтылып онан кеттің бе?

Қарманып едің, таптың ба,

Қарындасқа жақтың ба?

Қарсыласып жауыңды,

Канеки, жерге қақтың ба?

Білдім дедің, не білдің,

Басыңа пайда не қылдың?

Бәрі де болды баянсыз,

Өзіңнен-өзің жеңілдің.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Қарашы сен үлкенсің,

Қарттық жасқа келгенсің.

Атақ та бар дәрежең,

Кемдігі жоқ кемелсің.

Бұрынғы өткен дананың,

Еңбегін жазып алғаның.

Сыртын көріп шапанын,

Жарай ма бұл мақтаның?

Профессор, доктор атандың,

Бәріне мәлім атағың.

Ар түгіл, ақыл сана жоқ,

Басыңмен қастық қылғаның.

Басыңда ісі меніңнің,

Алланың сыйы өмірдің.

Төрт жыныңды тазартпай,

Жыныңнан неге жеңілдің?

(Б.Т.К)

****  ***

Өлместей оны көруші ең,

Соған да қарсы келуші ең.

Аяған сонан жаныңды

Кімге сақтап беруші ең?!

Өзің кімнен кем едің,

Кім үшін уайым жеп едің?

Күдеріңді үздің бе,

Сүйенішім мықты деп едің!

Қанеки, қайтып келді ме,

Жаныңа жәрдем берді ме?!

Жалаңдаған жалмауыз,

Жан-жағыңнан көрді ме?

Тиянақ көрме жалғанды,

Қуа берме арманды.

Пайғамбар мен сахаба,

Сен түгіл содан қалған-ды.

Құтырмай енді тек отыр,

Күнәңа уайым жеп отыр.

Алдыңда кірер үйің бар,

«А, тоба онда» -деп отыр…

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Айнасы бар көңілде,

Үлкендікке келдің бе?

Әлде қимай жындарды,

Мастықты қимай жүрсің бе?

Жаныңды аяп өлімнен,

Бас тартқызған дініңнен.

Заманға жауып жалаңды,

Бас тарттың ба тәңірден?

Ақыл бермес білімнен,

Тәпсірін масһаб сезімнен.

Қысқа ақылға маталып,

Бос қалдың ба өнімнен.

Көрсеткен аян күзеттен,

Ісіңді тағдыр түзеткен.

Артыңда қалған ғұмырды,

Сауабың қандай өзгерткен?

Зияраттап жерді кездің бе,

Өткендер ісін тіздің бе?

Ғұмырың-кітап аруағың,

Қол бала өсіріп бердің бе?

Жын қуаты көлеңкең,

Досына Алла өткізген.

Саудасын ақирет дініңнен,

Бар ма еді үлгің үлкеннен.

Тиянақ қылып жалғанды,

Баянсыз қылық баяғы.

Жалғана алмай дәстүрдің

Аманатына баба жандағы.

Әулиелігі болған ұлттағы,

Ақсақалдық еді салттағы.

Нәсілдік тегің жоғалды,

Білімді, «зиялы» қарттағы.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *