Әлемнің жаратылысы даналық пен парасаттың әрекетімен жаратылғаны да хақ. Негізінде Алланың нұрынан екі жарықтың сары және ақ түстен басталып, екі аралық қызыл түспен және қарсылық қара қуаттардың теріс ой — көк түспен бейнеленуімен; «Төртеу түгел болса, төбеден келеді» деп парасат егелерімен, жаннатық жандармен жалғануды білдіреді. Ал жалпы жанды жаратылыс егелерін құранда «Біз жараттық, бізге есебі көрінеді» деп ескертеді. Жер ананы жаратқаннан кейін парасатты аспандағы жұлдыздарға айналдырып, екі араны мықты бекітіп қойғаны да сөзсіз. Сонымен Алла тағаланың ғылымы мен кереметі (хикметі) парасат болып көктің мүлкімен бейнеленген. Сонымен ғылым дегеніміз таза ой қуаты болып, құдайлық нұрмен біртұтастыққа айналған адамзаттың әулиелік дәрежеге жеткен кісілігі, рұқ қуаттары, кітабы, иманы жұлдыздар болып саналады.
Сонымен парасаттылықты меңгерген көктен екі аралық қуаттарға бейнелеген ғылым деректерінен ғана біздің бүгінгі пайдаланып жатқан білімдеріміз пайда болады. Жалпы ғылымдық сипаттың Алланың өзі болып адамның тәнінде, рұқында, жанында бейнелеуін Ата жолы № 2 кітапта 14-ші бетте баяндаған да едік. Енді қандайда бір жаратылыстың негізі Алла, яғни барлық қуаттардың тәңірлік негізі болып табылады. Ал жаратушылық қуаттардың біз ғайып, көмес сипатының өлшемдерін анықтауға біліміміз жетпейді. Бізге Алланың өзі болып бейнеленген жарықтық сипатымен ғана анықтай аламыз. Олай болса; Ғылым, хикметтік сипаттарын үш түрлі жарықтың негізі болып бейнеленетінін білген де жөн. Енді бірінің ішінен бірі пайда болатын үш шеңбер сызық сызып, оның ең кішісі қызыл, онан кейінгі ортасы сары, сыртқы үлкен шеңбер көк түсті болып, жалпы әлемдік жаратылыстық ғылымының бейнесін береді.
Олай болса, қызыл түс- Ғиса пайғамбармен жалғанумен, інжілмен байланысты; Сары түс — Сүлеймен пайғамбармен, Зәбурмен байланысты болса; Көгілдір түс — Жүсіп пайғамбар жолымен, төрелікпен байланысты болады. Ғылымның мұндай қуаттарына жалғануды Інжілмен негізделгенмен 4 түрлі нәсілдік қуаттарды және ібілістік қарсылықтарды толық меңгеру жасыл түспен Жәбірейілмен, Мұхаммед пайғамбарымызбен, құранмен ғана нәтижеленетінін де жадыңызға тоқып алыңыз. Төртеуді түгелдеп, алтауды араздастырмайтын сопылықтың, ғылымды меңгеруді Мұхаммед пайғамбарымызбен санаулы сахабалар ғана меңгеріп, бірақ оның намаз орындау амалдарының жасырын болып, барлық діндердің негізін бір тұтас ғылымын қалыптастыру тек түркілік әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің негізінде ғана мүмкін болатын еді. Енді қалған 4 түрді, арыстардың меңгерген кітаптарымен қосып тура жолды қалыптастыруды, сегізінші Ақ – ар сауытын толық меңгеруді түркілік дәстүрдің негізін қалаған және бұл ғылымның сипаттарын меңгеруді, оның барлық хикметінің сандық белгісін Ясауи бабымыз анықтап кеткенді. Ғылымды меңгерген адам баласы Раббысы дидарымен жолығады, жарға жалғанады.
«Отыз үш мың шариғатта қайран болып, Отыз үш мың тарихатта сайран болып, Отыз үш мың хақиқатқа қайран болып, Бұл дүниеге дидар үшін келдім достар». Шариғатпен алатын 33 мың белгі болса, Тарихатта 33 мың ақиреттік деректерді жанның аралап көріп жалғануымен, ал хақиқатта 33 мың ғылым дерегін меңгерумен хақ нұрына жалғанады екенбіз. «Шариғатта «Ғылмул- иақын» сөйлеп өттім, Тарихатта «Ғайнул-иақын» сөйлеп кеттім, Хақиқатта «Хаққул- иақын» көздеп өттім.» «Шариғатта; Алла өзің шарапат бере көр деп, Тарихатта нығметіңе шүкір еттім; Хақиқатта тәубе етіп, ақиқатты көздеп өттім.» деп Сәни дәптерде барлық ғылым дерек көздерін санмен, хикметтің белгісімен белгілеп; 13 сатыдан тұратын әлемдегі теңдесі жоқ тура жолдың кітабы, қазақ ұлтының мирасы болғанын бүгінде түсінетін есті пенде аз болар. Сондықтан таза, арлы намыс та жоқ зиялы қауым өкілдерінде.
Енді сөзіміз дәлелді болу үшін, бұл сатылардың сипатын;1.Ақыл-ой; 2.Тәлім-тәрбие; 3. Ой-сана;4.Сезім- ойлану; 5.Иман, 6.Қарыштау; 7.Тапқырлық; 8.Бағдарлау, 9.Тәпсірлеу; 10. Өркендеу; 11. Ізгілік, ілтипат; 12.Парасат; 13. Өнеге-өсиет болып дәрежеленеді. Сонымен қандайда бір білімнің, ойдың қуаттары ғылымнан немесе қарсылығы теріс ойдан туындайды. Ал қайсысы теріс ойдан, қайсысы таза ой ғылымнан екенін ана тілінің, діл білімінің қуатымен, сөз ғылымын меңгеру арқылы ғана тазартып анықтай аламыз. Енді қазақ халқы үшін бұл құлшылықтың тіл мен ойдың арасын қосудың, жан, рұқ сырларының ғылымының дерегі, кітабы Абай-Шәкәрім әулиелердің қалдырған насихаты болып табылады.
Олай болса шариғатты тәңір қылып алған масһаб және исламдық топтардың Мұса пайғамбарға қосымша берілген 10 сүре кітаптың, құранда ғылымды меңгеруге берілетін жол-жоба болып және елшіліктің жалғасты кітабы болып, Мұхаммед пайғамбарға да берілген еді. Сол кітаптың аян, уахи болып оқылуымен ғана шариғаттың яғни дін ісінің қалыптасып, оны әр замандағы өз ішімізден шыққан елшілер ғылымын жетілдіріп отыруы шартты еді. Себебі әр заманның білімділік қуаты да, бұрынғы замандарда пайдалы болған нәрселердің, енді керісінше ібілістің қаруына айналып, адамзатқа орасан зиян келтіруі де хақиқат деп аталды. Мұндай жағдай қазақтың зиялы қоғамында да қалыптасып біліммен ғана пайымдап, ой жорып, ғылымды мүлде тастап қоюға да жағдай жасалғаны да сөзсіз.
Оған дәлел зиялы қауым мен ел билеушілердің ата жолының ғылымын, құранның құпия аяттарын меңгеріп, түсіне алмай, сезімді қысқа ақылмен, құр білімиен ой жорыған масһабты дін ұстаным қылып, жете, саналық қуаттың дәстүрлік құлшылығына қарсы болып, заңмен тыйым салып, халықтың рухани күйзеліске ұшырап, құдайдың лағнеті күнде түрлі белгі апаттармен, азаптармен қамысқа түскен өрттей жалмап жатса да, мұны сана түгіл жетелік қуаты жетіп түсіне алатын есті ел билеуші табылмай жатқаны да сөзсіз. Және ғылымның мүлде жоғалғанына дәлел; Таңбаны өзгерту мен ныпсыңды қазақшалау деген, 13 жасқа толмаған балаларды 3 тілді зорлап үйретуді және үшінші тіл ағылшын тілі — ғылым көзі деп білімді, ғылым атаған алжасудың белгісін, болашақта тарихта рухани күйзелудің, халықтың жанын өлтірудің ібіліс ұрпағының әрекеті болып танылатыны да хақ.
Жалпы ғылым бар елде тура жолы да болып, яғни ақылдың да жоғарғы сапасы қуатының құлшылығы, дәстүрі болып, ондай жағдайда қайғы-қасірет, азап, ауру, себепсіз өлім, соғыс, азғындық деген болмайды. Ағылшын тілді елдердің бәрі дерлік семіздік пен арсыздыққа, бір жыныстылықпен, аурудың барлық түрімен, от, су апаттарымен де азапталып жатқаны, бұл қанша білімді болғанмен ғылым қуатының жоғалғанына дәлел болады. Сол сияқты дін ұстанымда да ғылымның қуатының жоғалғанына масһаб ұстанушы елдердің өзара соғысып кеткенінен артық дәлелдерді іздеудің қажеті жоқ. Қазақ елінің білімді, дінші атты қауымының мұндай елдің білімін талғаусыз, ғылымын тексермей алып, халықты мәңгүрттікке ұшыратуға жанталасып жатқаны өздерінің тажалға айналып, ібілістің ұрпағы болып алғандарын аңғара алмайды. Неге десеңіз зиялы қауым арасынан сана түгіл, жетелі, бір есті білімді үлкендерді шырақ алып іздеп табу қиынның қиыны болып алды. Ғылым бір естілікті, жете, сана, ар қуатын қалыптастырумен ғана барлық білімге жол ашатын кілт екенін қазіргі жаппай білімге, дүниеге мас болған жоғарғы ел басқарушыларға жүректеріне жеткізу мүлде мүмкін емес. Демек қанша елдің қамын ойлаған текті, ізгілікті болып аталғанмен имандылықтары, махаббат, ары өздерінің қызмет, атақ дәрежесімен сәйкес келмейді. (жалғасы бар Сәуір 2015 жыл)