Дін-діл және масһаб

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 92

Сөз айтып аруақтан талай дана,

Қалдырып ұрпақтарға болған мұра.

Білім келіп евпопадан жетілгендік,

Өнердің сан-саласын меңгерумен

Алдандық өсірдік деп ұлтық сана.

Сөз өнері, жан сыры мен пайғамбарлық,

Қонған екен  ұлтына қазақ жеке дара.

Қазақтың өзге жұртан сөзі ұзын,

Өсиетімен, астарлапты Абай дана.

Түгел сөздің түбі бір, түгелдесең,

Түп атасы Майқы би болған дара.

Кешегі өткен Шәкәрім атамызда,

Халқына өшпес-өлмес сөз қалдырып,

Тәпсірлеп хадистермен құран сырын,

Жеті жолды, жалғап өткен жеке дара

Жан сырын, рух сырынан ажыратып,

Көрсеткен тура жолын, ұлттық сана.

Аманатын Абайдың қайталапты.

Өзге елден сөз тасып әуре болмай,

Сөзімнің сыртын алмай ішін қара.

Үңілсек,  даналардан қалған өсиетіне,

Таза ақыл жетілгендік, қасиетіне.

Әулиелік, даналық, бақсылықпен,

Абыздық, сәугейлік, төреліктен.

Қазақтың діні салты, дәстүрі боп,

Қаланған ежелден-ақ исламдықпен.

Заманына қарай келген сынақтардан,

Қожа, төре, ишандар ел жағдайын,

Өгіз өлмей,  арбасын сындырмай-ақ,

Алдын-ала болжаммен білген жайын.

Ендігі, тура жолымыз масһаб болды,

Рухпен жанның арасын ажырата да алмай

Намазын алып, араптан «намазхандық»,

Ел тарихын діншілер тастап қойды.

Құдай ісін жоғалтып, шарият дін ісімен,

Ар білімі- аруағынан қашпақ болды.

Әулиесін тастап, Абайын мазаққа алып,

Тарихат, мағрипатын  жауып тастап.

Салт-дәстүр, әдет-ғұрыпсыз  ақталарлық.

Қатесін шежіре, тарих елеп көрмей

Жан иесіз, Рух күзетпей бос қаларлық.

Япымау, дінде барма мұндай масқарлық?

Жол көріп, жоба білмей жерді кезбей,

Иманды іздеп, ұжмақтың ісін көрмей?

Қандай дін,  өліп рухы, қайта өнбей?

Шариғат-діннің ісі, намазы мұсылмандық,

Ақ бастау шежіремен  тарих болған,

Ілімі тақуалық мағрипатпен із боп тарлық.

Япырмау Құран мынау, хадис анау

Ділсіз діл, тілсіз иман, масһаб мынау.

Қалай хазірет, ғалым болып аталады,

Тілсіз діл, ділсіз дін, дәстүр  сатқан,

Тура жолын іздеп жүрген шариғаттан.

Имансыз уахи алып, түс көре аламай,

Қалайша пәтуа берер Құдай атқан?

Бір істері тазылық, бір ісі түлкі болған,

Дін ісімен, Құдай ісін ажырата алмай,

Әулиесін «Басқа» атап дін жанынан,

Ақталатын, күзетшісіз, жүгін алмай

Болды ма дін Қазақта  күлкі болған?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *