V-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 128

«Ақыл алтыда, ой жетіде» деп сөз қалдырған қазақ даналығында. Ақыл біліммен ілімінің насихатынан тәрбиесінен құлшылығынан пайда болатын болса, ой сол меңгерген ақыл деп қабылдаған білімдерміздің ішкі үні болады. Жаратушымыздан түскен даналық ақыл кітабы құранды үлгіге алсақ; Құраның үгіті жалпы қандай амалдардың пайда, қандай жағдайда зиян және біздің білімді ақылымыз жетпесе де, орындауға міндетті болатын намаздардың, құлшылық амалдардың түрлерін баяндайды. Жалпы қандайда бір жаратылыстың жұбы пары болуы міндетті деп түсіну керек. Олай болса құранның үгіті, насихаты және ғылымы болып үш сипатын қуатық ақылдық дәрежеден тұрады деп түсіну керек. Ал енді аятта; « Расында түсінулерің үшін оны Арапша Құран қылдық. (3) Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы.» (43-4)  Дін ғалымдары мен масһабтық білімде осы аятқа сүйеніп, құранды арап тілінен ғана түсінуге болады деп, ал ақиретік тұрғыдағы негізгі кітапқа тек намаз оқып бес парыз арқылы жалғанамыз деп түсіндіреді.

Енді бұл аяттардың жұбын қарастырсақ; «Мұхаммед шын мәнінде олардың үгіт алулары үшін Құранды сенің тіліңде (арап тілінде) ғана оңайластырдық. (58) Нәтижені сен де күт. Расында оларда күтуде.» (44-59) Олай болса қияметік мезгілдің білімді заманың келіп ақпараттық тұрғыда құраның насихаты кітабының терең сыры да ашылатын тура жолдың ғылымының нәтижеленетін мезгілі келіп, құранның құпия сырлары насихатының өзге елдерден пайда болатыны да (4-104) аятпен ашық ескерткенді. Ондай күнде; «Оларға періштелерді түсірсек те және оларға өліктер (аруақтар) сөйлесе де сондай-ақ олардың алдына әр нәрсені жинасақта олар нанушы емес. Әрине Алла қаласа басқа. Бірақ олардың көбі білмейді.» (6-111) Құранның насихатының өзге елдерде ашылуымен және барлық ғылымның көрнісін; «Күдіксіз ол қасымыздағы негізгі Кітапта өте жоғары, терең сырлы» сипатты кітабының да тылсымнан өлілердің тірілуімен, әулие аруақтарының  беретін батасын дарынды адамдардың шығып оқумен ашылатынын ескертеді де.

Сонымен бірге құранның насихаты да болып, оны тақуалықтың жоғарғы дәрежесіне жеткен сопылар мен ғалымдар ғана түсіндіруге тиісті деп ескертеді де. Бірақ біздердің мұндай білімді, жетілген заманда құранда жасырын тұрған, біздердің ақылымыздың қуаты жетіп түсінбейтін ештеме жоқ сияқты. Ал енді құранның ой қуаты  жеті үні болып және бұл үндерге жалғану үшін ақылдың толымдылығы, бір естіліктің жағдайы, үлкендік жасқа келудің, рухани тұрғыда 10-түрлі қараңғылық үңгірлерден (тунель) өтудің жанның қуатылығының яғни иманың жетістігіне тәуелділігін біз ақылмен мойындауға да келіспейміз.

Енді мұның себебі біздің заманымызда жалпы жоғарғы саналықтың бигіне көтерілген тұтас бір есті тұлғалардың, әулиелердің үлгісін қалыптастыра алмаудан деп біліңіз. Яғни адам баласын мұндай кемелдікке жеткізетін ақыл-ой жетістігін меңгертін білімнің, құпия сыры болған кітабына жалғанудың, ғылымның жоғалғанынан деп біліңіз. Мұндай құпия білімнің  негізі тура жол болып Мұхаммед пайғамбарымыз қарапайым үлгісін қалыптастырғанмен оның ішкі сыры, құлшылық намаздары арап елдерінде  жоғалғанмен, түркі елінде 450 жылдар араға салып ,қайта жаңғырып, жан ғылымның жетістігіне жету үлгісі намаздары дәстүр болып қалыптасқанда еді. Осы ғылымның негізінде әлемнің барлық қазіргі таңдағы білімдегі, өнердегі жетістігі Әл-Фараби, Омар Хаям, Ибин Сина, Ұлықпен т,б даналардың еңбектерінінің меңгерген ғылым қуаттарының жемісі десек қате емес. Бірақ бұл жағдайға көптеген оқырмандар қарсы болады, себебі жан ғылымнан, рұқтың өркениетінен әлемдік тұтастық қуттардың жүйесінен білім мүлде жоқтығынан деп түсінген дұрыс.

Мұндай  ғылымның білімге айналған, онымен өмір сүре де білген құпия сырларының жоғалуына біріншіден исламның құран келгенен кейінгі негізін қалған арап ғалымдары, діншілер, масһабшылардың шариғатты , тәпсір білімін құтақарушы, тура жолға салушы тәңірге айналдырып алуынан десек жалған емес. Бұған негізгі себеп, пайғамбарымыздың; «Әрбір жүз жыл сайын сөз атауларының ұғымдары өзгереді» деген хадистің ғылымын білген пендеге айқын дәлел болар еді. Бірақ мұндай хадистердің де ғылымын түсіну, білімді аталған қоғамға түсіндіру қазірге таңда мүмкін емес. Неге десеңіз біздің ақылымыз білімге байланып, ақыл білімді басқарудан қалған, керісінше кез келген әлемнен кезіп жүріп меңгеріп алған  біліммен біздің ақылымызды басқаруға болатын жағдайға да жеттік. Алайда біздің ақылымызды өсіре алатын, ойымызды тазарта алатын қазақтың даналарының қалдырған мирас еңбегі бар ғой деген сауал қойыңыз. Бірақ мұндай қиын мәселенің күрмеуін шешетін қазақтың ғалымдары, ғұламалары, дін ғалымдары неге меңгеріп үлгісін әлемге де паш ете алмай жатыр?- деген сауалға да жауап іздеу керек.

Енді бұған жауапты да қазақтың данагөйлері қалдырған мирастарынан, жан ғылымынан және құраннан таба аламыз да.Бірақ қазіргі таңда қазақта мұндай үлкендік жасқа келген ғалым да, ақында, жазушы, ел билушілерде жеткілікті болғанымен ақылдары жетелікке де өсе алмай қалғаны да сөзсіз. Себебі қазақтың ақылдың қуатын жинау ғылымның тәжірибесі болып, әдет-ғұрып, салт-дәстүр болып қалыптасқан. Ал енді өзінің шамасы келгенше дін шариғатын ұстанып және ұлтына тән бұл төрт ақылдың негізін ұстатын амалын жасап жүргендерде жеткілікті ғой қазақтың елінде. Неге олар онда құран ғылымын, негізгі Кітаптың терең сырына жалғанып әулиеге айналмайды деген сауал да туындайды. Мәселе де енді Құдайдың ісі болған Алла достарына жалғанып, ғылым-таза ой қуатын меңгеру керек болады.  Яғни осы заманға тән сипатта ата жолында бұрын әлемде болмаған мағрипаттық дәрежедегі құлшылықтың намаздарынын «серік қосу, шерік қосу» деген пайымдаумен зиялы қауымның, дін ғалымдарының, ел билеушілердің қысқа ақылға негізделіп алғанын ғана кедергі болғаны да хақ.

Мұндай жағдайда тағдырмен, жанның талабы- талантылық болып көрнісін беретін ғылымының қуатының тек белгілі бір өз мақсатында, өнерде, білімді меңгеруде, шаруашылық істерін жетілдіруде ғана пайдалы болып, бірақ ақылға естілікке қызмет қылуға шарасыз болып шығады. Сондықтан қазақта белгілі бір білімнің, өнердің саласында таланты болғанымен, дарындылықтың жетіспеушілігінен қысқа ақылға сезімге байланып алып, сөз ұғымын терең түсінуден қалады. Дарындылықтың құдайдың нұрымен, имандылық қуаттармен, тектіліктерге жалғанумен байланысыт ғана болатын естен шығармау да керек.  Аятта; «Оларға айтылған (қияметтік ақпараттық өзгеріс, өліктердің сөйлеуі) бастарына келген кезде, олар үшін жерден бір хайуан шығарамыз да ол, оларға адамдарымыздың аяттарымызға мүлде сенбегендіктерін айтады..» (27-82) Енді бұл жағдайдың; арыстан, бұқа, құстарда «Алла, Алла» деп үн қатып, қазақтың жан, сөз ғылымын растап, құранның Халифа Алтай атамыздың аудармасында да Алла, Рахман деп айтыңдар тұрса да, «Аллаһ» деп өзгертіп, осындай құран аудармаларының да, дін шығармашылығының да тура жол білімі деп қабылдануын қалай түсінеміз? Сонымен бірге қандай хайуан, жануарды алып қарасаңызда; «Мә, бә, мө, аф.. ку-ка-ре-ку, қыт-қыт (6)..» деген сияқты жаратушымызға сәждесі жұппен шығады да.

Жаратушымыз негізде  барлық қуаттардың бастауы болып табылады. Ал әрбір таңба белгілі бір қуаттың ыдысы болады. Олай болса жаратушымыздың тақ қуатты болуы мүмкін емес. Тақтық мәндердегі қуаттық жаратылыс иелерін, тек қана адамзатқа жүк қылып меңгеруге тақуа болуға аманат қылғанды. Ал көркем сөзді меңгермен, сөз астарын түсінбеген мейлі  қандайда бір ғалым болсын, ғылымы болуы мүмкін емес.  Ғылымсыз, ойдың  құранмен жалғанған таза  жеті үнінсіз қандайда да дінінің болсын, білімнің болсын сан қуаты жетімсіз болып, адасушылықпен негізделуі де хақ. Сонымен бірге шариғатты тәңір қылып, құдайдың уахиын, өліктермен сөйлестіруін, шариғаттан жоғары дәрежеде әлемдік қуттарадың жүйесіне жалғануды жанды жетілдіруге, ғылым көздеріне жалғанудың түркілік дәстүрінен масһабты жоғары қойумен және құдайдың әрекетін, белгілерін мүлде елемеуге үгітейтін, ғылымның маңызын жойуға тырысқан дінді тажалдық деп қана атауға болады. Және сөз ғылымын меңгере алмаған діншілердің пайғамбарлардың ғибрат мирастарын ашық мазаққа алып жүргенін білеміз бе?..(жалғасы бар)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *