Ақындыққа сөзімнің таласы жоқ

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 120

Ақындар көп бүгінде ақындар көп,

Өлеңге таласы бар жақындар көп.

Мұқағали жырлаған махаббаты,

Нәпсімен ғашық болып шатылған көп

Ғашықтық, жақсылық, достық пенен,

Адамдар бір бірінен қонақ екен.

Гүл бақшасы адамзаттың махаббаты,

Үш сүйю іші оның болады екен.

Батырыменнен хандарын қалқан қылып,

Истайдың көзі, Махамбеттің өзі боп.

Жылы жерде жатып ап, арман қылып,

Пілге үрген қандендей тасырлар көп.

Өлең сөздің патшасы сөз сарасы,

Деп өткен  Абайдай қазақтың ғұламасы.

Абай айтқан махаббаттың мәнін ұқпай,

Қалайша адасуда, философ сөз данасы?

Махаббат үш сүюдің тұтастығын,

Бірі білсе қазақтың бірі білмей,

Ғашыққа сырты ғана ұқсастығын

Үңіліп ішкі сырын, түрін көрмей.

Махаббат атау ұғым, сөз сарасы

Әр сөздің болмады ма өз парасы?

Ғашықтық, сүйіспеншілік, достық атты

Осы үшпен махаббатың бар қаласы.

Жақсылық, ізет мейрім жомартықтан,

Ол қалада жасырын бақша болған.

Ат қойған бәйшешектің бақшасы деп,

Әулие Шәкәрімдей өзі сопы, дана болған.

Екінші махаббатың гүл бақшасын

Жасыңнан білім алып жинасаң тас,

Өнермен өрнек салып, рух бақшасын

Жиіркенбесең тікенінен аларсың ас.

Ақындар көп араптың дінін білген,

Пайда болған осыдан дін таласы.

Дәстүрін өз халқының мін деп жүрген,

Бұл да бір ақындардың бір парасы.

Көп ақын махаббатың гүл бақшасын,

Рухы өліп, жанмен білмей сыр қаласын.

Қашықтық, құмарлықпен тәні білген,

Жырлайды сезімменен  нәпсі көзбен.

Өлеңдер көп, қу дүниеннің қамын жеген,

Болмаса да, тырысқан Қасымда көп.

Өлең жазып, жайлы орын іздеп жүрген.

Салтына өзге елдің сатылған көп,

Атақ  үшін өлең жазып, ғашық болған,

Ақында көп, қазақта ақындар көп.

Өлеңінде махаббаттың сырлары жоқ ,

Қу дүние мақтанына шатылған көп.

Тегіне де тарттып өскен ақындар көп,

Ішін білмей Абайының өлең сөзін.

Қазақтың күпі киген қара сөзін,

Жапқанымен шекпенін бөрігі жоқ.

Мен өзім ақындыққа еш таласым жоқ,

Ажырат деп, асыл сөздің парасын дөп,

Даналардан жаз деген белгі алдым.

Ақындар ішкі сырын  үңіліп қарасын деп.

Ақындық пайғамбарлық жалғасы деп,

Ата жолың, бақ жолың болмас па еді?

Меңгерсек  алты алаштың баласы боп

Тура жолды пайғамбарлар жалғасы боп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *