Ақ бастау бұлағы. (Ақ ұлға)

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 92

Ақтадың амантты болдың Қазақ!

Атыраумен Алтай өрдің арасына,

Ел көрмеген іс болды, көрдік ғажап.

Тоғыз ай көтеріп, ардақтап асыраған,

 Ана сүтін,  ақтадың болдың азат

Мөр ашып, тылсым берген кілтіменен,

Шәкірттер ерді артыңнан дінге сенген.

Ол кезде Құраның да сыры ашылмай,

Сынақ болды ата жолға сөз асырмай.

Жазғыштар, айтқыштар да, тілшіменен,

Соңыңа май шам алып түсті білем.

Сонда да қайтпас қайсар мінезіңмен,

Шәкірттің бірін іні, бірін аға қылып,

Ақуларға ақылшы да жаға болып,

Майданан алып өттің кезі келген.

Ел билігі жақсылар бірі білсе, бірі білмес,

Хикметін жаратқаның көктен келген,

Құлағында, көзі жоқ надан көрмес.

Көкжиекті көріп өскеннің, көзі көрген.

Белгісін Раббысының жалған демес.

Қазақтың бүгінгі таң абыройы,

Халықтың тазарумен өскен ақыл-ойы,

Өзіңе берілген көк кілтінің, арқасы деп,

Мойынсұнған өсіп-өніп, өркен жайды.

Сөз ұзын болған қазақтың данасы көп,

Әтең бір-ақ, іштерінде шаласы көп.

Ата жолға қарсылық заң шығарып

Дін-амандық мемлекеттен бөлек болған,

Бір тілді қазақтың да нәсілі азған,

Екі жүзді биліктіңде тексіздік парасы көп.

Байланған дүниеге, тазара алмай арам бойы

Бұзылды дінімізден өзгеше боп  ақыл-ойы,

Пайғамбар намазы, Ыбрайымның жолы

Құрбан шал, садақа бер, хайыр жаса,

Тазарса әулие аралап, жан мен арың

Ақтап ал аруағыңды, бақта қойын.

Намазы болды қазақ, Құдай тойы.

Боларын біліп, жаннатан  тұрағыңды

Берілген хикмет сыры, ту,   ұраныңды,

Кетерде алты ай бұрын алыс сапар,

Тапсырған едің бейнеленген Құраныңды,

Сақта деп, туменен бірге ұранымды,

Күтумен аманатты, сақтап жүрмін,

Білемін бір күні келіп деп сұрарыңды.

Бабалар қарсы алды ма шапағатпен,

Кешіктің күтіп жүрміз, біз тағатпен.

Ата жол жол басшылығын қолға алып,

Тылсымнан пайғамбардан бағаңды алып,

Барамыз зияратап өзің жатқан үй төбеге

Тілейміз, сыйынумен жаратқанға   енді бізге,

Жіберсе елшілікке орындаушы шапағатпен.

Көрсетіп шәкіртерге,жол іздеп  түскен ізге

Ашылса кітабы қазақтың да сын сағатпен

Келер деп  ақ шапанды, ақ боз атпен

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *