VI-Құран және қазақтың сөз ғылымы, ақыл мен парасат негіздері

Бөлім: Сұхбат әдебі және діл білімі 136

Алла деген ұғымның біздер үшін әлемдік барлық жаратылыстың қуаттарының тұрағы, негізі деп түсінгеніміз абзал. Бірақ бұл қуаттардың жүйесі болып біздерге өмір сүру барысында пайда, зиянды шамаларын анықтау арқылы және әлемдік қуаттардың жүйесімен толық жалғануды, тұтастықта бола білуді Аллаға қосылу, яғни Бір Алланың қызметіне тұрумен құлшылығымыз нәтижесін береді.  Жалпы әлемнің жаратылуы таза ақылдан яғни Алланың бір ғылымынан болып және « Әлемді шындықпен жараттым» деген Раббымыз. Шындық-ғылым, Алла сөзінің бейнеленуі, қуаттарға түрленуі деп түсінген дұрыс. Ал ғылым, шындық Алланың сөзі болып оның насихатын дін деп атаймыз. Жаратылыстың осындай негізіне сүйенген дін ғалымдары дінді ақылдан биік деп түсіндіреді. Және ақылды білім тұрғысында сипаттап негізінде ақылдың оймен жұбы болып, ал ғылым таза ойдан, құдайлық нұр – ақылдан туатынын ескермейді де.   Сонымен әлемге түскен барлық діндердің екі сипатта ғылымының бейнесі көркем сөз, насихаттармен негізделіп, інжіл-қызыл және құран-көк болып, оның үшінші түрі «Сарының» тегін тауып бір ғылымдық негізге айналуды тура жол деп атаған да дұрыс.

Құранды неге көк десеңіз, арап тілінің көкпен байланысты екеніне пайғамбарымыздың өсиеттермен дәлелдердің жеткілікті екенінде. Және арап тілі көктің суымен байланысты болып, хижрамен айдың жүрісімен есептелуінде де мән бар. Ал енді бұл үш түр ғылымдардың негізін меңгерудің сырын; әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі де түркілік дін ұстанымда ежелден болғанына да дәлелдер жеткілікті де. Мысалы; сары мен көктің сырын меңгерудің сақтың тегімен байланысты түркілік дін ұстанымы негізінде көктегі аспан денелерімен байланысты көкті бағу, көк тәңіріне табыну және Тоны көк білекті қаһан, Көк тонды деген әулиелік сипаттармен байланысты болып және «Сарыарқа», «Сары оғлан», «Сарыағаш», «Сарыдала», «Сары қарын бәйбіше», «Алтын басты әйел», «Алтын құрсақты әйел»  деген атауларды әлемдегі өзге елдерден табу да қиын болар. Ал қызыл түстің қуатын меңгеру хрстиандық нәсілдермен, білім, өнермен жалғануға байланысты болып қызыл империя аталғанмен; «Сендердің жек көрген нәрселеріңнің ішінде жақсылық бар, жақсы көрген нәрселеріңде жаманшылық бар» деп ескерткен Раббымыз құранда. Қызылмен байланысты ғылымдық негіздерді қуаттарды меңгерудің де ерте бастан қалыптасқаны; Қызыл жар, Қызылқоға, Қызылжарма, Қызыл орда деген сияқты түрлі атаулармен бірге «Қыз» деген киелі ұғымды қызыл түспен байланысты атаудың да сыры тереңде жатқаны да хақ.

Енді ғылыми негізі; Қызыл, Сары, Көк түсті қуаттардың негізінде үш түрлі дінінің негіздерінің өзара әрекеттерімен 9 түстің пайда болып соңғы нәтижесі жасылмен байланысты 3-түрі де пайда болады екен. Бұл үш негізгі түр-түстердің; Микәйіл періште -көк, Исрафил періштесі — сары болса, ал енді қызыл түстің Ғиса пайғамбармен байланысты болуында да үлкен хикмет бары хақ. Себебі Әзірейіл-қара түспен, қара қуаттармен байланысты болса, оған қарсы тұруға, өзгертуге тек қана қызыл түстің қуат негізінің ықпалы зор болмақ.  Сондықтан да Ғиса пайғамбар арқылы ажалға қарсы тұрып, өлімнің рухани сатыларын өте білу қазақ даналығындағы; «Мың өліп, мың тірілумені байланысты екені де сөзсіз.  Сонымен Алланың сөзі, рухы қызылмен бейнеленіп, адамдық болмысқа айналуымен; «Әй Кітап иелері! Дінде артық кетпеңдер. Аллаға байланысты шындықты айтыңдар. Шынай түрде Мәрйәм ұлы Масих Ғиса, Алланың елшісі әрі Мәриемге жалғастырған сөзі және Алла тарапынан бір рұх. Ендеше Аллаға және елшілеріне сеніңдер…» (4-171)

Алланың сөзі адамдық болмыста, қызыл түсті аруақпен де нәтижелетінін білген жөн. Адамзаттың ғылымының Алла рұхын, таза ақылды, көркем сөзді меңгерудің  жемісі де қызыл түспен Ғиса пайғамбарлық қасиетпен, аруаққа айналумен байланысты болады. Ал ойшылдықты меңгеру көк түспен Жүсіп пайғамбарымызбен байланысты аян, түстерді меңгерудің сырымен де ерекшелігі, елшілік  кітабы болады. Аятта; «…Осылайша Юсыпқа әдіс үйреттік. Өйткені, Алла қаламайынша патшанының заңында туысын алып қала алмас еді. Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз. Сондай-ақ әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар.» (12-76) Ілімді болудың да сыры аян, уахиға жалғану Жүсіп жолы болып, көк түсті ғылымды меңгерумен нәтижеленіп қазақтың тектілігінде Тоны Көк Білекті Қаһан мен Ясауи бабымызды Көк тонды аталып кесенесінде осындай түспен боялуында үлкен сыр да бар. Ал сары түстің Арыстан бабамызбен байланысты кесенесінің осындай түспен қаланғанында да мағына, хикмет бары хақ. Жалпы бұл үш түрлі ғылым негізіне жалғануды көріпкелдік, әулиелік, кісілік болып; «Қалаған кісіміздің дәрежелерін көтереміз» деген  Раббымыздың үкімін масһабшы, дін ғалымдары ашық мазаққа алып, «…әр ілім иесінің үстінде бір білуші бар..» деген үкімді мүлде терістеп, «серік қосу» атап, Аллаға ортақ қосып кәпір болып жатқандарын ел биліктің заңмен қолдап құдайға ашық қарсылық білдіруінен қазақ елінде қиямет сағатының соғылып, халықтың азапталуына ғана жол ашып қойғаны да хақ.

«Иман мен сенім ерекшелігі» атты және алдыңғы тарауларда  жеті жолдың түр-түсін, түрлердің ерекшелігін, періштелік бейнеленуін ескерткендей;  Жәбірейіл — жасыл түспен байланысты болады. Енді жоғарыда ескерткендей 9 түрдің жасыл түспен байланысты ғылымының сипаттары пайда болып 10-шы тұрғыдағы жасылдың Жәбірейілмен яғни Алланың өзі, сөзімен бейнелетін болса және 9 қуаттардың жүйесіне екі негізгі түрдің; ақ пен қараның өзара Алланың жібі болып иірілуінен пайда болатын 11 санды қуаттардың ғылымының жүйесін меңгерген Мұхаммед пайғамбарымыз жасыл түсті Алланың Қадырі, жеті қанатты періштелігі пайда болады. Олай болса Мұхаммед пайғамбарымыз әлемге түскен барлық ғылымының адамзаттың көркем мінезімен, қылығымен, тектілік сапасымен бейнеленуі болып; Ақиқат көзі-Шындық, Ілімнің көзі-Құран, Өнім көзі-табиғатпен тұтастықтығының үлгісі болады.

Сонымен біздер ғылымды меңгеру үшін ана сүтімен алған қызыл және сары белгіні алтын құрсақты анамыздан, алтын басты жаулықтық қасиетімен жалғану арқылы әкеден рұх — қызыл текті аламыз. Және ақ пен қарадан ұлттық дініміздің жібі — дін дәстүріміз арқылы көк және жасыл түрлермен байланысты табиғатпен тұтастықта болып құранға жалғанумен, ілімді меңгерумен шындыққа-ақиқатқа жалғана аламыз. Пайғамбарымыз: «Адамзатқа екі түрлі білім берілген, бірі тіл білімі, екіншісі діл білімі» деген. Олай болса аятта; «Әкеге, балаға серт!(3) Расында адамзатты әбігерге жараттық.(4) Өзіне біреудің күші жетеді деп ойлай ма?(5) «Толып жатқан мал  ысырап еттім» дейді. (6) Оны біреу көрмеді деп ойлай ма?(7) Оған екі көз жаратпадық па?(8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе?(10) Сонда да ол кедергіден асуға тырыспады.» (90-11) Алла тағала біздерді жердің халифасы болуға шындықпен-ақиқатпен, рұхпен жаратқанда; «Әкеге, балаға серт!» (Во имя отца и сына) деген Раббымыз рухани әкеміз болып, аруақ-қол баланың (сын) адамзаттың өнімі болып, бізді бақылап тұратын «Біздердің»; «Оны біреу көрмеді деп ойлай ма?» басқаруында болуымыз үшін; «Оған екі көз жаратпадық па?(8)» дегендей екі көз құран мен ақиқат інжіл болып; «Әрі бір тіл екі ерін? (9)»  9 сипатты түрлерін меңгеруміз үшін екі ерін-діл білімін, бір — тіл біліміміз яғни ана тіліміздің қасиетін толық білу міндетті ғылым болатыны да хақ. Және; «Сонда да ол кедергіден асуға тырыспады.»(90-11) (101) «Тоқсан ауыз сөздің тобықтан түйіні болып», «жүз бір атты қатерден сақта»  деген ата-баба дәстүрімен ғылымды болуға тәрбиелейтін қазақтың 11 сипатты құлшылық негіздеріне келіп тірелеміз…(жалғасы бар. Сәуір айы 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *