Ақырмазан қазақ елінен басталды

Бөлім: Қиямет мезгілі рухани сынақтар 129

         Ақырзаман дегенімізді біздерден бұрын өткен талай даналар болжап белгілерін де нақты көрсетіп кеткен. Ал ақырзаман пайда болған кезде адамзаттың зұлымдыққа түсіп, түрлі апаттармен, сынақтармен азапталатын және ақпараттық күрделі өзгерістің басталу кезеңі екенін барлық дін кітаптары да насихаттайды. Мұндай ақырзаман оқиғалары негізінде 4 кітаптың түсуімен байланысты төрт мезгілдік уақиғалар болса, ал жалпы оның саны құранда жеткілікті ғибраттары берілген.  Және бұл замандарда негізінде 8 діннің өзгерісімен 8 түрлі уақиғалардың  бір дәуірде қайталануы болса, ал дәуірдің саны 9 болып, аталарымыз; «Тоғыз жолдың торабында тоғысу» деп астарлы ескерткен.        Біздің өмір сүрген заманымыз осы 9 дәуірлік уақиғалардың тоғысу кезеңі болып табылады. Бұндай заманды қиямет күні деп атап, оның ерекше белгілері  түсіп жер бетінде қияметтік ескертулердің белгілі бір елді мекенге, мемлекетке байланысты сипатын қиямет сағаты деп атайды.

Қиямет сағатында; «Қашан бір өлкені жоқ еткіміз келсе, олардың дәулет мастарына әмір етеміз. Сонда олар оған қарсы келеді. Сондықтан оларға деген сөз (үкім) шындыққа айналады. Сүйтіп оларды негізінен жоқ етеміз.» (17-16)  Сонымен мұндай қиямет сағаты соғылатын елде дүние байлығына мас болған қауым ел басқарып, діннен бас тартып, құдайдан келген ескерту уахи, аяндарды, ел ішінен шыққан елшілікке тұрған қасиетті кісілерін мазаққа алумен көрініс береді. Және мұндай қияметтік сынақтың, ақпараттық өзгерістің де әлемдегі барлық діннің тұрағы бола білетін және сөз байлығында рұқ, жан ғылымының барлық өркениеттілігі қалыптасқан, ғылымнан құпия жан кітабын алған әулиелік дәстүрі бар елдің үлгі болып, сол елден де ақырзаманның негізгі сынағы болатынын да ескерткенді. Бұл оқиғаны; «Ғиса көктен түседі, Мәді жерден шығады» деп түсіндірген. Ал көктен Ғиса пайғамбарымыздың періштелік болмысы қазақ еліне түскеніне қаншама белгі де бар және зияраты қазақ елінде болу себебі де бар. Мәді –Мағди –Һұт пайғамбар болып табылады. Һұд пайғамбар номадтық тектің негізі болып біздің түпкі бабаларымыз болып Ақтөбе облысында зияраты бар. Ақтөбе облысындағы жердің өнім бермей, шегіртке басуы да сол бабамыздың басын көтеруге ел биліктің, дінші, білімді қауымдардың қарсы болуымен де байланысты.

Һұт пайғамбарымыздың жерден рұқы Мәді болып, аруағының мыңдаған қазақ тегіне жалғанып, құдайдың уахиын жеткізе бастауды Мәдінің шығуы деп атайды. Мұндай хикметті құбылыс ( иманы жолдас болсын) марқұмТарыбай ұлы Қыдырәлінің жүрек ашу мен аққу, сұңқарларды дайындаумен, толық хабар беруші Аллаға сыйынатын, (масһабшылардан саңырау, естімейтін, дұға тілектерге жауапсыз құдайға емес) ата жолының  қазақ дәстүрлі дінінің жаңадан сапасының пайда болуымен көрінісін тапқан еді. Мұндай ақпараттық  өзгеріске дәлел, деректің яғни  міндетті нұрландырушы хикметін түсіндіруші құранның жеті үнімен жалғану кітабы болуы шартты. Ол кітаптың алғашқыда болмауынан ата жолы қудаланып, сотталып «Жаптым жала, жақтым күйемен» халыққа жек көрінішті , қорқынышты қылғаннан кейін ғана қазіргі таңда жартылай жазылып, бірақ құранның 7 үні толық қамтылып халыққа таныстырылып та жатқаны хақ. Сонымен қазақ дәстүрінің жан ғылымын Абай-Шәкәрім аталардың философиясым ен Ясауи баба ақыл дәптеріне «лауқы махфуздағы» негізгі құранға жалғанудың сыры және көптеген осы уақытқа дейін ашық айтылмай қазақ даналарының астарлы түрде ғана айтып, жалпы халықтан жариялықтан жасырын ұстаған ғылымдық құпиялар да жарияланды.

Бірақ қазақ халқының ең үлкен қияметке ұшырауы да Алла тағаладан берілген сөз байлығы, жан ғылымы, ақылды меңгеру дәстүрі мен ғылымның бұлжымас қағидасы ар туралы білімді дәулетке мас зиялы, білімді, дінші аталған қауым өкілдері аяқ асты қылумен, сөз атауларының ұғымын зерттемей, заманға қарай қайта сандық тұрғыда қалыптастыра білмей, естілікті, саналықты жоғалтумен керісінше әулие -әмбилерден қалған мирастары мен өздерінің аруақтарын да ашық мазаққа айналдыруды салтымызға айналдырып алуға себеп болғаны хақ. Мұны ата жолы жазбаларында қаншама жыл дәлелдегенмен де тыңдайтын есті ғалым табылмай, ақырында қиямет сағатының үкімі түсіп, биыл үшінші жыл мұны бастан кешіп жатқанымыз да. Ең сорақасы ғылым деген «метафизикалық» яғни бізге беймәлім көмес, ғайып қуаттардың, жаратылыстың кереметтерінің себебін адамзатқа пайда, зиянды әрекеттерін, адамзаттың құпия жан, рұқ қуаттарының өсіп-өну, көбеюумен байланысты дүниелік тіршілікпен байланысын түсіндіру керек. Ал білім болса бізге мәлім болған құбылыстар мен және ғылымның көместік тұрғыда заманға қарай әрекеттен оны адамзаттың пайдасына жаратуға, өнерге, құралға айналдырумен айналысу керек.

Қазақтың барлық зиялы қауымы, ел билеушілері білімнің соңына түсумен ғылымды білім деп ұғынып, әлемдегі ең жоғарғы дәрежедегі ғылымның отаны болып қалыптасқан дәстүрі мен сөз байлығына, жан ғылымына ашық соғыс ашып, масқара зұлымдыққа түскендерін аңғарудан мүлде қалғаны да хақ. Сонымен ғылымның ақ бұлағынан 70-80 түрлі қияметтік ауру рухани індеттердің себебін де «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген тақырыппен жарияланып таратқан ата жолы сарбаздарын ел билеушілер заңмен қудалап, соттап айыппұлдар салумен қияметтік сағаттың уақиғаларын үдетуге, құдайдың қарғысын жаудыруға да себепші болды. Біздердің берген ақпараттарды қазақ зиялы қауымы  мойындаудан үнемі бас тартумен, ең соңғы дерек Керейхан бабамыз бен Жәнібек сұлтан бабаның зияраттарын  басын көтеруді де ойыншық қылып ескермеді де. Және тағы да тастан мүсін соғып, соған гүл қойып тойламақ болған ел биліктің әрекетіне үлкен су апатымен ескертілді де. Ең соңғы ақырзаман үкімінің түсінуіне  әкімдердің ұйымдастыруымен ел басымыздың шет елдің салтымен сайлау салтын өткізумен және Қарасай бабамыздың басына гүл шоғын қойып, баба аруағын, қазақ дәстүрін, исламды мазаққа алумен Алматы қаласында от апатымен көпір құлап ескерту белгі түсті.

Сонымен енді осы уақытқа дейін екі жылдан бері әрбір 6 ай сайын қазақ еліне келетін рухани сынақ, апаттардың  60-70 пайызы нақты іске асып, оның көптеген шараларын ел басымыздың алдын ала қам қылып, ел билеуде ақпараттық тұрғыда өзгерістер енгізуімен айналып та өткен едік. Бірақ енді сол кезеңдерде ескертілген  жалпы халық арасында белгісі ғана түскен аурулар мен өлім яғни ажалдық оғы болып «Арыстанның ақыруы» -«ақыр-заман» осы 2015 жылдың мамыр айының 22-мен 24 арасында үкімі түседі. Хикметті жағдаймен дінге, ата дәстүріне қарсы шыққан ер пенделердің оң тізесінен белгі түсіп, буындардан ұстап және қазақ елінде өлімнің саны күрт артады. Сонымен бірге Астана қаласына толассыз жауып тұрған жаңбырдың, түрлі дауылдардың саны артып, халықты әбірге ұшыратады, ортақ ұлттық қазынаны да ортайтуы сөзсіз. Әрине қандай да бір сынақтардан, қияметтік оқиғалардан бұрын Раббымыздан насихаты түсіп, оны қалай меңгеру де үйретіліп, мұндай сынақтардан аз шығынмен де ақталудың жолы беріледі. Ол жолды меңгергенде өкінішке орай санаулы ғана пенделермен шектелгенмен, ел биліктің оңды шешімімен бұл қияметтен де, еліміздің көптеген тұрғындарын мәңгілікке жоғалудан аман алып қалуға болады да. Сонымен бірге қазақ елі әлемде рухани көш бастаушыға, текті елге айналуымыз да хақ. Ол үшін алдымен не істеу керек?….(мамыр 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *