II-Сен ғылымға  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 154

Шикі надан, ақылы жоқ

Жас баламен бір есеп.

Біле тұра алдап алмақ,

Естілердің жолы емес.

Ғылым үйретпек, ақы алмақ

Сауда есепті болса да.

Балалармен сауда қылмақ

Шариғатқа жөн емес.

Сізге надан қанша малын

Берсе, босқа алмаңыз.

Неге десең, ол өзіңдей

Ақылы бар кісі емес.

Пайда қылмай бір адамға,

Пайда қылма сен де онан.

Неге десең, «босқа аламын»,-

Ол білімнің ісі емес.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Шариғаттың жөнін білген,

Төрт ақылға сеп деген.

Дәстүр салтын ісін білген,

Жетелі ақыл ес деген.

Зиялылар білім білген,

Естен хабар білмеген.

Аруағынан аян көрмей,

Тірі емес, жаны өлген.

Ақиретпен сауда қылған,

Ата жолы дәстүр болған.

Екі күнін ұлттың жанған,

Қудалады көп надан.

Көре алмастық пайда қуған,

Садақасын ел қызғанған.

Тиымен хайыр сауаптан,

Арсыз заңын шығарған.

Құдай ісін жоба алған,

Шариғаттан нәр алған.

Бекіген дін ісі шариғатты,

Жол-ғылым деп жынды болған.

(Б.Т.К)

****   ****

Сен біраудің ғайыбын ашпа,

Түн сықылды перде тарт.

Күн сықылды аша берме,

Жер жүзінің әр сырын.

Кісі бағын деме бағым,

Өз денеңді нұрлы қыл.

Ай сықылды болма жарық,

Қарыз алып күн нұрын.

Күн сықылды көпке білдір,

Шықты ма күн батты ма?

Ай сықылды айтып ұқтыр,

Қанша ғұмыр өткенін.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Жер бетінің түрлі сырын,

Бұрынғылар бүркеген.

Жын туралы білген білім,

Түркі жұрты жасырған.

Арап елі мұны білмей,

Жынды басқа атаған.

Күнді тізбені көзге ілмей,

Ай -жыл есебін, күн қылған.

Масһабшылар жанды білмей,

Рұқпен жанды бір қылған.

Иманмен сенім шегін көрмей,

Намаз оқып бос қалған.

Өзге елдің кісілігін,

Бақ осында дейді имам

Аманатын асыл сөзін,

Тастап дінші адасқан.

(Б.Т.К)

****  ***

Түн сықылды тым түнеріп,

Көзді тартып байлама.

Күндізі бол, байқасын жұрт

Келегені мен кеткенін.

Сусағаның сусыны бол,

Су сықылды сұп-суық.

Бірақ ондай болма салқын,

Ел көңілін қалдырып.

От сықылды жылы болсын,

Жүзіңіз бен сөзіңіз.

Бірақ ондай мархаматсыз,

Болма өртеп жандырып.

Жел сықылды желпі жұрттың

Шаршағанын, талғанын.

Жықпа үйін, болма құйын,

Қылма жаман аманын.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Адам- сезім өсер жерден,

Түрлі жәндік бейне алып.

Жының қуат, жұбың болар,

Бар жануардан сырын алып.

Екі естілік болған Адам,

Бірің жынмен, бірің жан.

Бір болады құлшылықпен,

Бір қуатты текті алған.

Күнде, түнде қуат берген,

Жанға бейне шындық келген.

Сәуле берер баршасы да,

Жұлдыз, айдан ойың енген.

От пен суда, желде өзіңнен,

Бір қуатқа бірлендірген.

Адам әлем көшірмесі,

Жаны артық өзгелерден.

Патшалығы жер істерінен,

Алланың досы біздер деген.

Жанаттықтар қуат, күшпен,

Шапағатпен несібе берген.

Қуат алып нәрселерден,

Әлемге қуат қоспақ екен.

Бес қуатты өнерменен,

Жалғанады өмір, ғылыменен.

Білімділік заман келген,

Ілім-ғылым меңгермеген.

Ғылымсыз халық арсызданып,

Теріс қуат жан өлтірген.

(Б.Т.К)

****  ****

Жар сықылды пайдалы бол,

Пайдалансын ел сенен.

Тасты жердей болма қатты,

Тілме жұрттың табанын.

Сен бұлтай бол көлеңке,

Мезгілмен бер жауын.

Сел ағызба, жай түсірме,

Бұзба елдің шаруасын.

Дариядай дап-дайын бол,

Парходпен жүрсе де.

Болма толықын, ашпа құлқын

Жұтамын деп баршасын.

(Шәкәрім әулие)

****  ***

Әлемнің бар тынысын,

Жер бетінің бүкіл ісін.

Аруағымен адамзатың,

Басқарылар бар жұмысың.

Аруақ қуат қызыл түспен,

Бейнеленер қуат күшпен.

Қызыл- ғылым бірі боп,

Ғисадан үлгі хикметпен.

Табиғаттың бар қуатын,

Жеті түрге жиналатын.

Өлген пенде аруақ болып,

Мәңгілікке көпір жалғанатын.

Қанша нәсіл адамзаттың,

Жақсы жаман біл сипатын.

Ақиретте бейнеленер,

Қол ісі боп аруақтарың.

Ғылымнан кітап алған,

Тектілігің құпия болған.

Жан ғылымы мирасың бұл,

Аманаты жол-жобаң алған.

(Б.Т.К)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *