Жасырын Бақ-Сыр бақшасы

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №1 119

Жас болдық, шала және бала болдық,

Жастықтың әдеттерін жасырумен

Бізде өсіп, ақыл айтар дана болдық.

Жас кезде әдет болған ойынпаздық,

Қалған ба сіңіп әбден сана болып,

Жасырынбақ ойнаумен қылған әдет,

Кетемін кейде ойынпаз бала болып.

Қырыққа толса қатының қылық ашар,

Дегені емес ақылы тозып, болар нашар,

Еркектің ақылы толып, сабыр келіп,

Сары қарын  жасқа келген бәйбішенің

Байқайды қалмайтынын түңлік ашар,

Тоқтағанын ғылымның, сананы ашар,

Жастығын, келіншектік ұйқыны ашар.

Бұл сырды ақыл болжап, сірә білмес.

Оны да  байқамайды сырын білем,

Алдайды бала құсап мені кейде,

Балаша алданам да іштей күлем.

Махаббаттың бал сыйы осы ма екен?

Өмірге ғашық болып Құдай берген,

Балаша жасырынбақ ойнап күлген.

Немерем ақылды боп және алдайды,

Байқамағансып, сұрағанын бере салам.

Алдансам қуаныштан  жайраңдайды.

Болмаса екен тентектік ойы бөтен,

Жасырынбақ ақыл, естің ойыны екен.

Жасырынып Хау анамыз үш жүз жылдай,

Нәзік жанның ерлерден әбиүр, бой жасыру,

Адамзатқа  «Жасырын Бақ» қалған екен.

Сонан бері еркекпен, әйел  заттың,

Жасырынбақ ар-ойыны болған екен.

Әйелге нәзік жанды қылығы жарасады,

Жасырын бақ ойнап, әуретін жасырғаны.

Ішімде қажетіңді, азығыңды  тауып ал деп,

Етегі жерге жетіп, басына да жабылғаны.

Еркекке  іздеу міндет  ғашық әнін.

Ұйқы көрмей, іздеп тапай жасырғанды.

Ғашық боп, құпия сырдың ашылғаны,

Сыңарын жүрек көрсе,  сезіммен бойлап.

Жеңгесін қызды ауылдың, аңдып бойдақ,

Жасырын бақ, махаббатың ойынын ойнап,

Кілтінде алады екен қырық қүн күн тойлап.

Махаббат адамзаттың, ойыны жасырынбақ.

Қыз бұрымды, ұлы ұрымды болған елде,

Жасырбақ ойнаған ауылда қаламас бойдақ.

Сағынамын, іздеп ойын жасырынбақ.

Еске алам  жасырынбақ жүрген ойнап.

Жасырынған нәзік жанды көзім шалса,

Жастық жақ, балалықпен жүрген бойдақ,

Тағдырдың жазғаны екен жасырынбақ,

Әйел еркек  егіндік азығы, асы болмақ.

Бағбаны адамзаттың гүл бақшаның,

Қалсыншы армандаймын сыр боп сағым.

Қарындас,  жұмбақ болшы  қуантсаңшы,

Шашты тығып, етек  жауып, есті жинап.

Көрейінші не жасырдың,   сөзбен барлап,

Сен жасыр сырыңда айтпай, жүрген ойлап.

Сылдырындай судың аққан наз күлкіңмен,

Кел ойнайық, үлкен ойынын жасырынбақ!

Жасырынбақ ойнасаңшы армен бойлап,

Жапсаңшы етегіңді, ойласаң ар-ұятты

Құдайға да құлшылықты, жүрсең ойлап?

Гүлі боп бәйшешектей сырлы әлемнің,

Қуантшы құрбы-құрдас шабыт сыйлап.

Ақын жанды еркектердің жатқан қалғып

Оятшы, тылсым сезім  болған жұмбақ!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *