Әлемдегі болып жатқан қандайда бір бүліктердің, апаттарды, азаптардың, індеттер мен табиғи райының адамзатқа қолайсыз үлкен шығынға ұшыратып жатқанының бір ғана себебі бар. Ол біздің өзіміздің жаратылысымызды тегімізді танымай және құдайдың түсірген, түсіріп жатқан белгі ақпараттарына жалғанудан бас тартып, керісінше қарсылық білімді, қуаттарды меңгерумен, өндірумен (шерік қосылу) әлемдік қуаттар жүйесіне өз рухани махаббат атты өнімімізді қоспақ түгіл, өзімізден туылған ұрпақтарымызға адамдық тұрғысындағы қуат өндіріп бере алмай жатырмыз. Қандай да бір замандық, әлемдік тағдыр уақиғалардың есебін шешу жолдары алдын-ала түсіріліп, әлемдік қуатқа таза адамдық рұқ, жандық қуаттарды өндіріп қосудың, тура жолдың үлгісін көрсетіп, мұндай қияметтік уақиғаларды басқарып, меңгерген де елдер болып, бақыттылықтың үлгісі де жер әлемнің тәжірибесінде болады да. Сондықтан қандайда бір замандық оқиғалардың шытырман есебін шешу үшін тарихтан үлгісін іздеп, сосын құдайдан берілген ақпараттармен оны жетілдіру құлшылық сәждесінің үлгісін қалыптастыру да, адамзаттың және оған байланысты уақыттың да тағдырлық қозғалысын басқаруға жете білу де міндетті болмақ.
Қазіргі қазақ елінің де әлемдік саясатпен тұтастыққа бірлікте болу мақсатымен өзінде бар тарихи үлгі шежіреден бас тартуымен әлемнің барлық сынағын, азабын, қателігін де қайталаумен ақырзаманның уақиғасын бастан кешіп жатқан ел боламыз. Мұндай рухани тығырықтан шығудың жолын ел билігі, зиялы қауым мен білімді ел тұрғындары іздемей амалсыз отыр десек қателескен болар едік. Ізденіс те амал да бар. Бірақ оның бәрі өзге елдердің бақыттылық жолында күрескен, меңгере алған тәжірибесі, ескілік үлгісі ғана. Қандайда бір елдің өркениеті екі түрлі саладан тұру да сөзсіз. Оның әлеуметтік және рухани жағы болып, әлеуметтік саласын; шаруашылықта, өндірісте халықтың әлеуметін қалыптастыруда барлық әлемнің өткен жолын қателігін алып тастап, тез уақытта меңгере алдық. Мұндай әрекеттен жақсы үлгі тәжірибе жинаған ел билеуші мен зиялы атты қауым өкілдері рухани тұрғыда да осы үлгіні алып; бар әлемнің рухани тұрғыдағы елді басқару тәжірибесін жинап әлемге татулықтың, бірліктің үлгісі болатын елге айналдырдық дегені сырттай ғана көрініс болғанымен, алты ауызымыз яғни кіші жандарымыз өзара ала ауыз болып дамымай қалған өзара ел іштей алауыздықта, ұлттық дәстүрмен бекіген ойлау жүйеміз жоғалған, құр сыртқы елге мақтан, ал ақылмен бағамдағанда адасушылық қана екенін аңғара алмай жатқандары да сөзсіз.
«Басқа келетін он бәленің тоғызы – тілден» деген дана қазақ. Қазақ еліндегі рухани іс басында тұрған ел басшылардың «тоғыз кісілікті», «тұлғалық» қабілетті меңгере алмаудың басты қателігі сөздердің ұғымын өзгертумен, ақылдың қуатын жоғалтумен шұғылданатын ібілістің ұрпақтарының жоғарғы атақ, шенді орындарда халыққа ақыл берумен шұғылдануға мүмкіндік жол ашылып қоюдан десек жалған емес. Мысалы; Қазір қазақ елінде 7 тұлғалықтың үлгісін марапаттауға дайындық жүріп жатыр. Осыны ұйымдастырушылардың бәрі де ібілістің ұрпақтары мен шайтан жамағаты болып саналады десек, қарсы болатындар жеткілікті. Ал енді қазақтың жан ғылымында тұлға болу үшін әулиелік, пайғамбарлық қасиеттерді меңгеріп, онымен қоса дарындылық, елшілік қабілеті болып, халықты рухани тазартушы, жол көрсетуші, құдайдың сүйікті құлын, кісі асылын атаған. Ал кісі асылы екі түрлі; бірі ел билеуші, бірі бектер болып саналды. Адамзаттың тарихында, шежіресінде мұнан басқа тұлғалықтың іс жүзінде үлгісі болуы мүмкін емес. Сонымен бірге оларға жәрдемші болатын рухани дарындылықтың болып, мұның таланттылықтан жан талабынан биік тұрған қожалық қасиет екенін де естен шығармаңыз. Мұндай ұғымдарды да түсініп меңгеру үшін шариғат және құранның насихатына да сүйенбесек адасушылық шығады. Бірақ құранның да сөз ұғымдарының қаншама ғасырлардан бері талай өзгеріп, оның ең жақын ашық түсінігі қазақ даналығында Абай-Шәкәрім және көптеген дарынды әулиелерден қалған мирастарында екенін де мойындау үшін белгілі бір ұлттық ақылдың мектебі (азаматтық ғылым мектебі) жүйесі болу керек.
Бір ғана «тұлға, тұлғалық» сөзінің ұғымын бұзу арқылы ұлттық ойлау жүйесі мен ел басқару жүйесіндегі адамдық қасиеттілік тектілігімізді танып анықтаумен рухани тәрбиесіне де үлкен үлкен соққы болып тиіп жатыр. Тұлға болып қалыптасудың тәрбиесінің мектебі болып, оны меңгеруде қаншама әулиелердің өзі сынақтан сүрініп, толық тұлға болып қалыптаса алмаған, қаншама ел билеген текті патша, хандардың, билердің өткенін де білген жөн. Және әр ұлттың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік ерекшелігі мен өмірдің сынақтары, туған жердің табиғатының мінезіне байланысты жол-жоба ерекшелігі болуы да шарт. Қазақтың тұлғалыққа жеткен кісісі арап елін билеп төстеуі мүмкін емес, сол сияқты араптың кісісін қазақтың тұлғасы етіп қоюға бола ма? Сол сияқты өзге европа, азия елдерінің тұлғалық мектебі, саясаты, ерекшелігі болуы да шартты жағдай. Олай болса, мұның бәрі сөздің ұғымдарын, ерекшелігін, ақыл қуатын меңгеруге тәуелді болмақ. Сонымен енді әнші, күйші, биші, спортшы сияқты қоғамдағы кез елген елге ұнамды іс қылғанды, таланттылықты, адамдықты тұлға деп атаудан онда ұлттық ойлау жүйеміздің де сипаты шығып, біздің кісілігіміз де, ел билеушілеріміз де сондай тұлғалар басқаруы да керек. Қатынды тұлға деп немесе қылмыс жасағандардың тұлғалығын анықтап жатырмыз, тұлғаларды жазалап әшкереледі дегеннен артық құдайға қарсылықты, ақылды қазыққа байлауды, Аллаға ортақ қосуды іздеп табудың да қажеті шамалы.
Қазақ еліндегі халықтың әлеуметтік жағдайын қалыптастыруда тұлғалық, төрелік қабілеті болған ел басшымыздың өзінде рухани тұлғалғы жартысы толық қалыптаспағаны да хақ. Яғни ел басқарушы, зиялы, бектердің екінші жартысы; жанына, санаға «қожалығы» дұрыс жетілмей қалғанын, өзін де толық тұлға болды деп айта алмаймыз. Сондықтан мұндай түсінікті жою үшін де кез келген елдің тұрғынын тұлға деп атауды, кез келген дінді арапты білгенді имам, хазірет, қожа атап, ақпараттық орындардан жарнамалап және сөз ұғымдарын, қуатын өзгертумен айналысып жүрген, халықтың ақылын ұрлап ойлау жүйесін әлсіретіп жатқан барлық шығармашылық өкілдері де, «сөзді тек араптан алдық» дейтіндін имамдар мен ғалымдары да, ібілістің ұрпақтары немесе шайтан жамағаты деп аталады. Және қазақ елінің ең үлкен қасіреті де; осындай мектеп өкілдерін қалыптастыруда ғалымдықты меңгеру дүниемен бағаланып, жалған ғалымдардың жоғарғы атақ дәрежені пұлмен, тамыр-таныстықпен, ақшамен сатып алып, қоғамдағы барлық ақпараттық орындарында өздерінің саясатын, атағын қорғайтын көмекшілерін де, ібілістің ұрпақтарын лауазымды орындарға қойып мықты бекініс жасап алуымен де байланысты.
Сонымен мұндай жалған ғалымдар, тілшілер, санасыз жазушы, ақындар, дін ғалымдары; елшілік, пайғамбарлық, иман мен сенім, рұқ пен жан туралы ұғымдарды мүлде жойып, енді құранды Алланың сөзін мектеп жасындағы мастықтан айықпаған баланың өзі меңгеріп, кез келген білімді жастың ақыл беретін лауазымды қызмет істеуіне есік ашылып қойылды. Мұндай жағдайда парасаттылыққа қуат болған; естіліктік, білімділіктің жетілмей, кейбір халықтың кезінде жаппай надандық тұрғысындағы бақытты өмір сүруге негізделген, белгілі дін ісіндегі тазалықты сақтауға исламның, немесе басқа дін топтарының белгілі бір кезеңдеріне, яғни сол уақыттағы кісіліктерді меңгеруге негізделген дін ұстанымының үстемдігін қалытастыруға еліктеушіліктің пайда болуы да заңды құбылыс. Себебі әр халықтың ұлттық сөз ғылымына байланысты белгілі бір ойлау жүйесі болып, оны жол-жоба атап, бұл құдайдың ісін меңгерумен қалыптасқан тектілігіміз, аманат мирасымызды діл білім деп атайды. Ал діл дегеніміз ұлтымыздың қанмен бейнеленіп, белгілі бір ақпараттық жүйеге айналған ойлау қасиетіміз. Сондықтан қазақ елінде де ұлттық ой қуатының ақылдық сипатын; жетелікті қалыптастыратын, тарихатқа ол арқылы ата-бабаларымыздың ой ғылымының мирастарына, сөз байлығына, біртұтастық саналыққа, рұқ қуатына жалғануды мүлде ұмытып, сезімдік ақылдың тәрбиесін, шариғатты жол деп түсініп, халықтың жанын өлтірумен айналысатын дін ұстанымын яғни имансыздықты дәріптеп кеттік.
Шариғатпен біздер сезімдік ақылды, яғни ойдың төменгі қуатын меңгерсек, тарихқа –тарихатқа жалғану арқылы біз саналыққа, жоғарғы ойлау қабілетін меңгеруге, мағрипатқа қарай есік ашамыз. Ал бұл құндылықтардың бәрінің тұтастық денесін, сауыт-жарығын қалыптастыруды Ар деп атаймыз. Арлы, бір есті, ойы қалыптасқан, Алла тағаланың сегіз сипатын меңгерген, жетілген адам баласын ТҰЛҒА деп атаған да ғылымға да, құдайдың үкіміне де лайық болады. Ал енді тұлғалық қасиеттің сөз ғылымымен, ойшылдықпен байланысты; ділдік, ұлттық ойлау қабілетімізді жоғарғы саналыққа, заманның да тағдырына, діннің жаңадан түскен үкімдері – құдай ісімен сәйкестендіре білуді, ар білімін меңгеруге қазақ дәстүрінің негізделгенін де білген жөн. Және тұлғалығы бар адам баласының ерекше көргендікпен байланысты амал әрекеттері, шығармашылығы яғни құдайдың кітабын алып, оны елшілік тұрғысында атқарушы да болуы керек. Ел басымыздың Астана қаласын салып оның шынында қазақтың мәртебесін асыруға да өркениетіне де үлесі болғаны да сөзсіз. Бірақ рухани тұрғыда шығармашылықпен байланысты сипаты болып; біздің ұлттық тұлғалық қасиеттілігіміз; жоғарғы дәрежелі сан ғылымын меңгеру, яғни Ясауи бабамыздың сани дәптерінің хикметті сырын ашумен, Абай-Шәкәрім аталарымыздың жан ғылымын еркін меңгеріп түсіндіре білуімен көрінісін табу керек. Ондай тұлғалығы бар қазақтың шығармашылық және дін ғылымы саласында кімі бар? Болса бүгінгі замандағы осындай қарсылық қайшылыққа құдайдан жәрдем сұрап жолын көрсетер еді де, ел басының да мұндай оң мен солын таба алмай тұрған өліара кезінде қол ұшын беріп, қазақ елін рухани тұрғыда тығырықтан шығар жолын айқындап берер еді де.
Сонымен шариғаттан дәріс алып намаз оқыған кез келген арапша таныған жастарымыздың да сөз жүзінде ғана дана, иманды яғни ұжданды, саналы деп аталып, бірақ ұлттық сөз ұғымдарының қадыр қасиетін жоғалтудан ондайлар ұлттың меңгерген жандық ғылымын жоғалтуға арналған ібілістің әскеріне айналып шыға келді де. Мұндай жағдайда ақылы толған жетесі бар кез келген адам баласына мұндай діннен бас тартуға құдайдан да, халықтың алдында да қателік болып, ал оған мойынсұнған жағдайда ақылмен қабылданданбайтын, көптеген ұғымдарды, қылықтарды да қабылдап қана қоймай намаздарын орындауға тура келетін болғандықтан; «Ел билік діннен бөлек» деген заңның шығуына да себеп болды. Қандайда бір дін болсын, саясаттағы ұстанымдардың білімінде пайдасы мен зияны да, жаулығы мен достығы да қатар жүреді. Неге десеңіз, әрбір жаратылыстық нәрселердің, қуаттардың жұбы, пары болуы міндетті болса, онда бұл жүйенің де оң мен солдан тұратынын білген жөн. Олай болса өмір сүрудің әдебін оң жағын меңгеруді дін ісі шариғат болып, ал сол жақтық қуаттарды меңгеру білімнің жетістігі мен ақыл-ойдың шамасына қарай мүмкін болмақ.
Шариғатты ғана ұстану бес парыз намазбен ғана бағзы заманда адамзаттың бақытты ғұмыр сүруін қалыптастыра да білген. Сонымен бұл бақтың білімін масһаб атап, ібілістің оңды солға қарай бұрған әрекетінен аман болу үшін әрбір амалдардың тек қана құдайлық аян, уахи, ақылмен басқарылып, әрбір адам баласы тағдырына байланысты белгілі бір шекті ұлттық екі жол-жобасын сақтай алмағанда, мұндай намаздың имансыздыққа, мәңгүрттікке апарып соқтыратынын түркі даналары дәлелдеп; Абай атамыздың; «Имансыздық намазда, Қызылбастың салған жол» деп ескертуінде де үлкен ғылымдық астар бар. Бұл бір жағынан мұндай діндік топтың ықпалына түсіп, ел билеушілердің әлемдік тұрғыдағы тажалға айналмауына да пайдасы болғанымен, екінші жағынан жетесі мен санасына жол ашатын рухани тазалықты сақтауға да қайшы болып, бүкіл қоғамның да мәңгүрттенуге де жол ашқаны хақ. Яғни жоғарғы лауазымды ібілістің ұрпақтарының ар біліміне, қарсылықтағы «қара кісілердің» үстемдігінің орнауына, қазақ елінің бар саласында өз міндетін атқаруға жол беруші тұлғалыққа лайық болған ел басшымыз бен ел билеуші бектердің өздері себепші болды…(жалғасы бар Шілде 2015 жыл) Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/