Ел басының ата жолына пікірі және шынның жүзінде ел тағдыры

Бөлім: Ел билігі және экстрмизм мен тероризм себептері 132

     «Мен Елбасы болсамда қазақ деген атасын ардақтап, анасын сыйлаған, аруағын қастерлеп, Алласына сиынған елдің перзентімін; Аруақтың бар екені рас болса, Атырау мен Алтай, Алатау мен Арқаның арасында талай төбе дөңбекшіп, талай ісімізге орнынан аунап түсіп, бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп білемін. Лайым сол бабалардың батасы қабыл болсын дегім келеді… Біз екі жарым ғасырдан астам Ресейдің боданы болып келдік. Сондықтан мен санадағы кұлдық психологияны өзгерту үшін ата-бабалар аруағына сиындым, солардың қасиетті рухын тірілттім. Бүкіл қазаққа сауын айтып, оларға ас беріп тойларын өткіздік. «Өлі риза болмай, тірі байымайды» дейді халқымыз. Сол аруақтар риза болсын деп, жатқан жерлерін тауып, басына белгі орнаттық, есімдері ел жадында жүрсін деп олардың атын мектептерге, көшелерге, ауыл-селоларға, аудандарға бердік…Ендеше сол аруақтар бізді қолдамады деп кім айта алады?! «

Н.Ә.Назарбаев. Қазақстан Республикасының Президенті.

                                   Датым бар құрметті Нұрсұлтан мырза!

            Бас кеспек бар, тіл кеспек жоқ! Алланың өзі де рас, сөзі де рас деген жаратушының растығына шүбәланып, екі ұшты оймен; «Аруақтың бар екені рас болса,..»  деген сөзді пайдалануыңызға қарағанда нанымыңыз жоғарғы иман тұрғысында бекімегеніне, оған себеп қазақ елінің сөз ғылымының, философиялық мектебінің мүшкілдік халіне, екі жүзділігіне, ұлт дәстүр дінінің, ата заңымыздың қадірсіздігіне де дәлел болады. Сондықтан елбасының осындай екі жүзді сөз айтуына да тура келеді.  Сіздің қазақ атты елдің, көптеген ұлттардан тұратын халықтың тізгінін ұстауға, құдай алдында тілек тілеп, іс басында жүруіңізге себепші болған ата-бабалар аруақтарының тірі, бар және оның дәлелін сіз тізгінін ұстап басқарған 24 жыл ішінде мыңдаған хикметті белгімен де өзіңізге аян, уахимен Астана қаласын да салуға сапқа тұрып, біртұтас қазақ аруақтары жәрдем бергені де хақ.

        Қандай заманда болсын көктен түсіріп жерден өндіретін барлық несібе байлық қазынаның да басқарушысы әр ұлттың өзіндік пайғамбарлары, елшілері, әулие-әмбилері екені де хақ. Және мұның бәрі әлемдік біртұтас қуаттардан яғни Бір Алладан түсіргенімен, оның атқарушысы, үлестірушісі біздің бабаларымыздың, аналарымыздың көкте жинаған біздей бақытты заман ұрпақтарына берілген несібе сыйы, кісілік, жаннаттық қуаты жұлдыз-біздер екенін де білген жөн. Сондай қазынаның басына келген сізге де ерекше қасиет, қабілет беріп, көктен, жерден, екі аралықтардан Алланың құдіретті қолы, ғылым, кереметімен яғни аруақтары арқылы үнемі қадағалап, дүниелік қателіктерден, нәпсілік қызықтардан пайда болатын қарсылық білімнен, арам ойлардан тазартып тұруға да өз ата-бабаларыңыз қызметте тұрғаны да хақ. Олай болса; «Мен Елбасы болсамда….?» деген сөздің ұлт дәстүріне, біртұтас жан ғылымына жат екені де, мұндай сізді асылық сөз айтуға жеткізген өзіңіздің сенген уәзірлеріңіз екенін де біліп жүріңіз. Шыққан тегіңіз қара халық екенін және; «Ұлық болсаң кішік бол!» деген бабаларымыз.

Ал енді; «…..талай ісімізге орнынан аунап түсіп, бүгінгі біздің ісімізге ақ батасын беріп жатқан болар деп білемін. Лайым сол бабалардың батасы қабыл болсын дегім келеді…» деген ойыңызға ел билеуші, білімді қауымы, діншілер күмәнданғанмен, бұқара халық шүбәсіз сізбен бірге; «әумин» деп айтатыны да хақ. Бірақ аруақтардың батасының құдайдың ұлықсатымен ерекше хикметімен ғана берілетіні, сіздің осы күнгі әлем алдында мақталып жатқан істеріңізге көмекке құдайдың өзі жәрдем беріп, ұлтымыздың рухани оянуына; Ақ ұл — Қыдырәлі Момбай ұлына елшілік қасиетті беріп, қазақ ұлты ғана емес көптеген ұлттың өкілдері де әулиелердің ақ батасына кенеліп рухани оянумен ел бірлігін, тыныштығын сақтауға, өндірісті өркендетуге зор үлесін қосқанын да мойындаған жөн болар. Себебі жұпсыз, парсыз жаратылыста өмірлік қуат, қозғалыс та болмайды. Бұл шартты үкім екенін құран растайды да.

Және қарсылықсыз тіршілік те өсіп-өніп өркендей алмайды. Сонымен қазақ елінде түрлі ағымдар қарсылықтар пайда болып, сіздің ұстанған саясатыңыздың қалайда ақша табу арқылы дүние байлығы бірінші орында тұрып, халықтың тұрмысын өзге елдерден кем қылмаудың соңында жүріп ібілістің жолына түскен білімді қауым, діншілердің азғыруына еріп, өзіңіз өсіріп отырған ұлттың тектілік ағашына тамырына балта шауып, бұқара халықты шыққан тегіңізді аруақтардың ақ батасынан айыруға, өлілерді ескерусіз тастауға, тек қызылбастық салт сенім мен тәпсір біліміне негізделген масхабқа байлап, құдаймен ашық соғысқа дем беріп, ақылға қақпан құрып, ібілістің еркін орындауға негізделген заңдарға қол қойылып, бүгінгі таңда ақырзамнаның үкімінің орындалуына жол ашып, елдің тағдырының таразыға түскенін әлі де аңғарар шамаңыз жоқ. Неге?!!!

      Ата жолын яғни  біздердің табынған, сенген дінімізді, дәстүрлік, аруақтық нанымызды соттағанда; Біздерді білімсіз, (сауатсыз-тексіз,  үш ағашсыз) құраннан дәлелсіз, құдай мұны бұйырған жоқ, елдің қалтасына түсу деп айып тағып, бұл жолда жүрген жетім-жесірлерді де артық хайыр жасаудан тыйып, садақадан салық жинап, көнбегендерді аяусыз қудалап соттағандарыңыз да хақ. Оған болашақта жазылатын нақты деректермен де, бұқара халық тарапынан болатын айыптаулармен тарихи оқиға негізі болып қалары да сөзсіз. Сізге де бұл жағдайды аянмен Шапырашты атаңыз шырылдап көрсеткемен, оған илануға не кедергі болды? Ел басы болып, дәріптеліп аталғаныңыз ба? Әрине сіздің сенген тек қана дүние жинауға машықтанған уәзірлеріңіздің, саяси өкілдерінің ақылдарының негізделуіне де «ел билік діннен бөлек» деген саясатыңызға орай құдай да ақылдарыңызды қысқартумен, жүрек көздерін жабумен жауап беріп, енді бұл іс басындағылардың нәсілі өзгеріп, тұқымы тегі қиылып, сауатсыз-тексіздерге айналып алғанын да білгеніңіз жөн. Бұған да түбінде өздерінің надандықтарынан емес, сізді кіналап айыптап, біздердің және ата-баба аруақтарының да арашаға келетінін ескеріп жүргеніңіз абзал болар.

      Қазірге таңда қазақ елінде ата-баба дәстүрін, ар білімін ұстанып; ақ жүрек, адал адамның күн көруіне өте қиын кедергілердің сіздің ұстанған гендерлік теңдік, европаға еліктеу салтынан алты жанымызды көбейтпек түгіл барын аман сақтаудың өзі қиын екенін білесіз бе? Ел билеушілердің ата дәстүрі деп шын жүзінде ібілістің жолына бейімдеп, кез келген ар-ұяты кем, дәстүрге қайшы істермен, ар-ұятты сақтайтын бұқара халқының ашу-ызасына ғана тиюмен айналысатынын да қалай естіп, көрмей отырсыздар? Әлде ар-ұятсыз, яғни ақ жаулықсыз, етексіз ұлттың ділін өлтіріп, ерлерді бөріксіз төрт жынын тазартып төртеуін түгелдемей дәстүр аталады деген қай ғылымда, дінде, шариғатта да дәлелденген? Жас қыздарымызды орамалмен мектепке кіргізбеу, абыройын сақтағандарды ашық қудалау, үлкендерімізді қыз, қатындарды ақ жаулықпен жұмысқа қабылдамау деген де ел биліктің тажалдық саясатты ұстанғанына ашық дәлел емес пе?

      Экстремизімнің де жұбы пары бар. Тәнді өлтіріп бір-бірінен кек алып жатқандарға қарағанда, қазіргі қазақ ел билігінің саясатымен жанды өлтіруге, қара күштердің ықпалын арттыруға, ақылды ескірген, әр елден жинап алған білімге байлап, мұны ғылым деп, ұлттың рұқын өсіру деп жасалып жатқан ойын-сауық, той думан, нәпсінің қызығын дәріптеуден артық жанға «экстремистік» зұлымдық та жоқ. Ұлттың санын көбейттік деп мақтанғанмен киімсіз, дене жарығынсыз-кебенексіз, шалбар киген қатындардың туған балаларының болашақтағы ділсіз, мәңгүрт, жанжалшыл, мемлекетке масыл болатын қауымдарды қалыптастыратынын әрине болжай алмайсыздар. Ібілістің еркін орындауға, жас балалардың өз ұлттық ділін меңгертпей жансыз жаттанды жынды пенде болуына ғана жәрдем беріп, латын тілімен қосып үш тілді зорлап оқытудан аруақтардың ар жақтан лағнет айтып жатқанын қалай естімейсіздер?

      Аманатқа қиянат жасап, аруақтың назына қалып, ақ батаға кенеліп, өлілерді риза қылып жатырмыз деп мүсіндерін қойып гүл шоқтарымен исламды, ата-баба ұстанған дінін, әдет-ғұрпын мазаққа айналдыру да дәстүр болып аталғаны ма? Осындай күнде көріп жүрген амалдар қазақтың тегін мазақтап діннен шығуға, құдайдың лағнетін арттыруға себеп болғаны да хақ. «…. Сол аруақтар риза болсын деп жатқан жерлерін тауып, басына белгі орнаттық,,,,» деген пәтуаңызға қарай онда қазақтың  жерінде негізгі әулиелік жүйенің 103 әулиелік орындар мен 33 сахабалық ақпараттық ойпаттарды қалай тауып түгелдей алдық? Әлі өз кезегін күтіп жатқан жағалы бабалардың аманаттарын, біздердің тауып қойғандарымызға да назар салып белгі қоюға кім тыңдап кім ескереді? Киелі орындарымыз, құдайдың ерекше ұлықтауға берген белгі орындары неге жеке меншікке, пайда табу көзіне немесе қызық үшін келетін мұражайға айналып кетті? Бұл үшін құдай алдында бірінші сіз жауап беретініңізді білесіз бе?

     Бұндай әлемдік қуаттарға жалғанатын ғылымның ақ бұлағын қорғап дәріптеу ел билеуші, дінші, ғалымдардың міндетіне жатпайды ма? Тек қана қағаз бетіне түскен деректерге сеніп, құдайдан уахи, хабарға сенуге неге діншілер, ғалымдар қарсылық жасайды? Сондықтан уақиға, яғни құдайдың өзіне жүгінбей қойылған көптеген белгілердің жалған екенін қалай сіздерге түсіндіре аламыз? Астана қаласының иектеріңіздің астында тұрған Абылайхан бабамыздың зияратын көрсетеміз, белгі қою керек дегенге ешқандай да тарихшы, дінші, ел билеуші неге сенбейді? Бір ғана құдайдың барлығына мысал болатын қазақ хандығының тәлімгерлері Керейхан мен Жәнібек сұлтан бабаларымыздың зияраттарын басын көтеруден бас тартып, той тойлағанан не пайда табатынын, құдайдың сүйген құлдарын қалай қолдайтынын жуық арада халық ашық дәлелмен көрсетіп түсіндіреді де.

Мұндай сынақтарды ақырзамандық белгілерді  алдын-ала көріп қам жасауға, бұйырылған ел билеуші іс басындағы аян, уахимен тексеру жүйесі неге өз қызметін атқара алмайды? Әлде мұндай дәрежеге лайық ұлттың рухани жаны жетілген тұлғалары, кісілік үлгісі шетінен жынды «қара жұлдыз» болып, жалған жер тәңірісіне айналып кетті ме?

Қабанбай батыр деп қара қыпшақ Қобыланды ата-бабаларының зияратын меншіктеп, бұқра халықты да  алдаудан артық зұлымдық бар ма? Сұлтан Бейбарыстың топырағы деп Беріш Құрбан аруағының топырағын әкеліп халықты алдаған кісіні хазірет атап, кеудесіне орден тағып арттағыларға да үлгі қылғанда не өзгерді? Алтын Адам болып ат алған Ұлсай Емер анамыздың өз есімімен аталып зияратын көтеріп нақты деректермен Отырар кітапханасын ашумен әлемге де паш ететін күн туады, сол кезде осы заман ел билеуші, зиялы қауымы ел бетіне қарап, тарихта қандай ат алмақ? Һұт пайғамбар, Қам, Сам, Япши бабалар мен Алтай жүрсін, Бабыралы Бақанас, Алаш баба, Қазақ, Созақ, Ізбөрі ана, Ұлсай Емер ана, Ыбырайым, Ысқақ, Жақып, Ғиса, Мариям ана, ….осындай жүзге жуық Алланың сүйікті құлдарының қазақ жерінен орын алып жатуын, халықтың ұлықтап әлемге танытатын қазақтың да ар намысы түбінде оянатынына көздеріңіз жетпейді ме?

     Қазіргі масхабтық дін муфтияты, дін істері мен ел билеушілердің ұстанған дін саясатының ібілістік жол екенін, ұлтымыздың екі күн жарығын, даналық ақылын, санасын тартып алып, рухани зұлымдыққа сепбепші болғанына бұқара халықтың да ұйқыдан оянып жаппай қарсылыққа шығатын күні жақын қалды. Қазіргі іс басындағы ел билеуші, зиялы шығармашыл қауым өкілдері, дін ғалымдары мен дін жолындамыз деген барлық ұлт өкілдері және ата жолдық біздер де бабалар аманатына опасыздық жасаған қауым болып саналамыз. Мыңдаған жылдар тәжірибеден өткізіп қан, терімен жинаған біздерге құпия сақтап, құдайдың ұлықсатымен ашылған ғылымның ақ бұлағын, құдай патшалығына кіруден бас тартып, керісінше төменгі сезімдік ақыл дәрежесіндегі тәпсірлік, философиялық пайымдауларға ұлт рұқын байлап, алты жанын өсірмеуге, имансыз құр сенімдік білімге негізделген мәңгүрт, қорқақ, жанжалшыл, арсыз, мал сияқты заңмен ғана бағылатын қауымды қалыптастырып та үлгірдік.

Сондықтан қазақ халқына берілген ғылымның білімі орыс ұлтына ауып, енді аруақтық білімімізді, дәстүріміздің қадірін, қасиетін тағы да орыс ұлтынан үйренетін жағдайға келіп тірелдік. Мұның артында философиялық-ойшылдық, шығармашылық, өнер білімнің де өркениеті осы ғылымның қуатынан тарап, ұрпақтарымыздың тағдырын да рухани тұрғыда бодандыққа байлап бергенін қазақ зиялылары түсіне алмайтыны да сөзсіз. Себебі бүгіннен бастап азаматтық ғылым мектебін ашып, тылсымдық белгілерді теория және тәжірибе жүзінде зерттеп, білімін меңгеруге барлық қауым болып жабылғанмен енді жеті жылда ғана бұл кедергіні ұлт тұрғысында меңгере аламыз. Себебі бүгінгі таңда жазылған  аруақтар ақ батасымен берілген деректерді, жазбаларды сізден басқа жеті ғана ел билеуші меңгеріп түсіне алса, ал бұқара халықтың арасынан әзірге мыңдаған пенделер жетелік тұрғысында түсінуге жете алды. Неге десеңіз ар-ұяттылықты сақтап, бой қуатын жетілдіруге, өлімнің сатыларынан өтуге, өлілермен араласып жүктерін жеңілдетіп ата-ана аруақтарының бастарын көтеруге, сіздің және сізге ерген қауымның ұстанған сөз жүзінде керемет мақтан, ал заңымызда, дін салтында, іс, тәжірибе жүзінде қарсы, екі жүзді саясаттарыңыз, ұлтымызға да бір тұтас халқымызға да рухани өркениетіне ібіліс жолы ғана болып саналады.

       Құрметті Нұрсұлтан мырза, сіздің мұндай өтпелі кезеңде ел басылық міндетті орындауда екі кеменің де басын ұстап басқаруға тура келгенін, ал енді ешқандайда қорқынышсыз мемлекетіміздің ар ұятпен ғана құралған, бір кемемен әлемдік саясаттың ақпараттық теңізінде жүзетін, қазақ даналығын, жан өркениетін, ұлт мәдениетін, тіліміздің құдіретін әлемге паш ететін күнінің әлде қашан өтіп бара жатқанын мойындауға да көп ақылдың керегі де жоқ. Бұған жеткілікті деректердің осы таңға дейін ата жол жазбаларында жазылып та болды.

Сонымен әзірге аз ғана сауалдармен қорытындыласақ; Ата заңымыздың ар-ұяттылық туралы, оны бұзғанға жаза туралы 24 жыл ел басында отырып заңның қабылданбауын қалай түсіндіре аласыз? Бұл арсыздықтың бір түбінде сыналып, айыпталып, жазғырылудан құтыла алмайтыныңызды да, сондықтан да келесі ел билеушімен араға өз қолыңызбен ар-ұяттан, жан ғылымынан, бабалар батасымен рухани көпір тұрғызып, біздердің де бұқара халық өкілі ретінде сіздің абыройыңыздың да, ақпарат басында жүрген сыңаржақ жынды сыншылардың әрекетімен аяқ асты болмауына жәрдем берсін десеңіз, өзіңіздің жүрегіңізге үңіліп, әулиелер басына барып аян сұрап, жол-жобаңызды, уахиыңызды  алып көруіңізді ата жолы бауырластары атынан сұрар едім. Және қаншама әулие бастарының күтімсіз, қараусыз жатқанын да өз көзіңізбен көріңіз. Мәңгілік өмірдің есігін ашыңыз. Ата жолынан ғана ұлы дала жолдары байтақ даламызға нәр беріп тарайтына көз жеткізгеніңіз де дұрыс болар бұл қияметтік сын сағатында. Уақытыңыз да өте аз қалды, оны да біле жүріңіз. Ештен кеш жақсы қашанда! (Қыркүйек айы 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *