XXVI-Аққу-сұңқарлар және ата жолы дін философиясы мен қазақ дін дәстүрінің түсініктері

Бөлім: Аққу, сұңқарлар және Ата жолы 121

 «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Сонан қашпақ болу керек; Әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-залымдық деп білесің. Надандық-білім-ғылымның жоқтығы, дүниеде нәрсені оларсыз біліп болмайды. Білімсіздік хайуандық болады. Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады. Залымдық-адам баласының дұшпаны. Адам баласына дұшпан болса, адамнан бөлінеді, бір жыртқыш хайуан қисабына қосылады. Бұлардың емі  халқына махаббат, ғалам халқына шапағаты, қайратты, тұрлаулығы, әділет ісінің алды –артын байқарлық білімі, ғылымы болсын…Ол білім, ғылымы құдайға бағынумен, ерумен, құлшылығымен болсын. Ғылым әуелі ғалами (әлемдік жаратылыстық) ғылымға ерумен бағыныштылықта болсын. Яғни құдай тағала бұл ғаламды жаратты ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кемелділікті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңізде жақсылыққа негізделіп және оған арқа сүйерлік шеберлікпен болсын. (Абай ата өсиетінен)

Қазіргі таңдағы әлем халқы білімді, өнерлі болуға құштар және мұндай елдерді өркениетті деп атаймыз. Біліммен өнердің сан алуан сырын меңгеру арқылы тұрмыстың барлық саласында қол еңбегінің үлесі мүлде жоғалып, малды да, егінді де адамзатқа ең қажетті азық-түліктерді де техниканың, білімдегі жетістіктердің әрекетімен өндіріп және мұндай өнерді жетілдіруде әлем халқы өзара жарысқа түсіп бай, ауқатты болуды ақылдылық, ғылымдылық деп атайтын болдық. Ал мұндай білім-өнерді меңгере алмауды надандық яғни хайуандық деп танитын болды.  Ақылымызды, адамдығымызды жетілдіруге негізделген дін біліміміздің де керісінше адамзаттың бір-біріне деген жеккөрушілігін, өздерінің меңгерген дін құлшылықтарын ғана адамдық өзгелерді кәпір, хайуандық деп атап, зұлымдықтың бүлікпен соғыстыңда ең соңғы жетілген, әлемге ортақ бірлік дін исламнан туындап жатқаны да хақ. Ал енді бұндай надандық, зұлымдық, хайуандық, еріншектіктердің білімді аталған адамзаттың ақыл-ойының біртектігінің жоғалуынан, бірін-бірі адамдық тұрғыда түсіне алмауынан, адамзатқа деген махаббаттың жойылып әлсіреуінен туындап жатқаны да хақ.

Ал, махаббатты-сүйіспеншілік-Мұхаммед деп атап Адам атамызға берілген адамдық қасиеттің, құдайлық болмыстың «Мен» атты тектік сипаты еді. Сондықтан да Раббымыз; «Сендерді тектеріңді тану үшін жараттым, маған (мен, тектеріңе) құлшылық жасаңдар» деп бұйырған. Адам атамызға өзара тең емес 41 періштелік қуаттардың және оған қарсылық ібілістік теріс ойдың егелерін жаратқаны белгілі. Біздер жер атты ұжмағында тіршілік еткенмен заттық, материалдық тұрғыда күнәлік болмыстардан Абай атамыз ескерткен үш түрлі сипаттардың негізінде жаратыламыз да, физикалық тұрғыда ғана Адамдық сипатымызды, денемізді, бой жарығымызды және оның ішкі мүліктерін, қызметші періштелерін ақыл-оймен басқаруға негіздеп өзімізді-өзіміз Алла тағала өзіне, жарық сипатты жолына, періштелігіне ұқсас қылып жаратуға мүмкіндік берген. Тек қана біз жоқтан барды жаратуға мүмкіншілігіміз жоқ, Алла тағаланың берген нұрынан, шапағатты несібе сыйларынан, қуаттарынан бейнеленген жаратылыстық шеріктік нәрселерінен керегімізше пайдаланып жаратыламыз.

Сонымен біздің өзімізде жаратылыстан бар құдайдың сыйын, махаббатын, сүйіспеншілігін, яғни бір ғылымдық қуатын көбейтіп, өсіріп қалған түнектік, малдық, хайуандық, жәндіктік, құстық қуаттық жүйелерімен негізделген күнәлік жаратылысымызды ақтап, бір ақылға бағындыру үшінде Алламыздың ғылымына жалғанумен ғана мүмкін болады. Олай болса ғылымды меңгеру, ғылымды болу үшін; «..Ғылым әуелі ғалами (әлемдік жаратылыстық) ғылымға ерумен бағыныштылықта болсын. Яғни құдай тағала бұл ғаламды жаратты ерінбеді, келісімменен, хикметпенен кемелділікті бір жолға салып жасады, сіздердің ісіңізде жақсылыққа негізделіп және оған арқа сүйерлік шеберлікпен болсын.. Олай болса, біздер бүгінгі білімді заманның, қоғамның өкілдері болып; ғаламды, ғаламдық ғылымның сырын түсіну үшін де біздерден бұрынғы өткен даналардың, дін ғалымдарының, философтардың арттарында қалдырған кітапқа айналған білімдерінен-ақ танып біліп алмаймыз ба?

Егер жер бетіндегі барлық даналардың, осындай білімді меңгерген ғалымдардың бәрі түгелдей періште болып, мұндай ғылым, білімге қарсы міндетті түрде пайда болатын ібілістік қарсылық білімдерді түгелдей меңгеріп, ешқандай қатесіз білім қалдырған деген сенімде болсақ, онда бүкіл адамзаттың бір ақылға жүгініп, өзара махаббат сүйіспеншілікте болып, жер бетін ұжмақтық өмірге айналдырып алған болар еді. Шын жүзінде керісінше болып жатқан жоқ па? Демек, біздерге дейінгі ғылым, білімнің де зиянды жақтары мен біздердің қандайда бір ақпараттарды жақсылығын, пайда зиянын ажыратуға деген қабілеттеріміздің де жеткіліксіз немесе қарсылыққа, зияндылыққа құштар  болып, ақ пен қараны ажырату қабілетіміз, адамдық қасиеттілігіміз әлсіреп, надандыққа, хайуандыққа, залымдыққа түсіп алғанымызға да дәлел емес пе?

Осындай адамзатқа өзін-өзі танып, адамдық болмысын жетілдіруге деген мүмкіндіктің де, барлық өмірдің, тұрмыстың қажетін өтеуге жеткілікті мүмкіндік бола тұра неге мұндай тек қана дүниенің ішіп-жеміне, қызығына ақылымызды байлап қойған; төменгі дәрежедегі хайуандық, жануарлық, жәндіктік, мастық кейіпке түсіп алдық? Себебі; «…Еріншектік-күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік-бәрі осыдан шығады.» Әрине қазіргі заманда дүние табуға, біреулерден күшімізбен, айламызбен, дүниелік мақсаттағы таң қалдырмақ өнерімізбен «мені десін» деген мақсат, ниетпенен еңбек етуге ерінбейміз. Дінші болсақ, «намазхан», имам, қари, шейх, машайых, хазірет атасын деп күні-түні тұрмастан намаз оқуға да ерінбейбіз. Ал ғылымсыз, бір естіліксіз, жетесіз, санасыз, арсыз рухани кедей екенімізді түсінуге ақылымыздың шамасы жетпейді. Ақылымыз оқыған, білген, көрген, үйренген, өзіміз табынып пір көрген пенделердің ақылынан ары аспайды да.

Себебі біздің үйренген біліміміз ғылым емес, білім ғана болып, Абай атамыз өсиет қылған; «..Ғылым әуелі ғалами (әлемдік жаратылыстық) ғылымға ерумен бағыныштылықта болсын…» Алла тағала ғылымына, жарығына сәйкес емес, еруге, бағынышты болуға қарсылығы, қараңғылығы да жеткілікті. Абай атамыз айтқандай намаз оқып, ораза ұстап ниетті болып, құдайдың хикметін танып, ғылымын меңгермек болсаңыз онда; « Сіздің ішкі сарайыңыздың мүліктерінің таза болмағы әуелі иман болып, бұл ниеттенген ғибадаттарыңыз иманды болған соң ғана парыз болған, сіздің сыртыңыздағы ғибадат (бой өріс, ұждандық періште, қол аруағы, күзетшілеріңіз) иманның көлеңкесі, Һәм сол иманның нұрланып тұрмағына көрік үшін (тазартып тұру) бұйырылған. Сол үшінде ғұламалар иман екеу емес, біреу, бірақ ізгі тағатпен (құлшылықтармен) нұрланады, тағат жоқ болса күңгірттенеді (күнәлікқ, жындылық, шайтандыққа айналады), бәлки сөну қаупі де бар деген. Егер надандар ол ғибадаттың (дәстүрлі әдет-ғұрыптың) ішкі сырын ескермей қылса (құр намаз оқып, парыздарды ғана орындаса) соны қылып жүріп иманы сөнер деген.

Жаратушымыздың ғылымының үш сипаты болып; Қызыл, көк, сары деп ескерттік те, оның 6 сатылық өзара әрекетімен жасыл түстің пайда болатынын, ал жасыл түстің Мұхаммед пайғамбарымыздың бастан бар болып, әрбір адам баласының ішкі құдайлық болмысын «Мен» жарық негізі болатынын, құран аятымен дәлел келтіріп баяндадық. Сонымен бірге Алла тағала –Ақ түсті барлық жаратылыстағы періштеліктің өзі және жеті қанатты-жол болып, қара қуат жындық жаратылыстың Алланың тәңірлік сипатының бірі екенін және осы 6 түрлі түстердің соңғы түрленудің орны адамзаттың тәні арқылы өтіп, бір жарыққа айналуын бір ғылымдық қуат деп түсінген жөн. Алты ақылдық сипаттың, қуаттың болмысы, ғылымның «трансформация», бейнеленуі болатыны хақ.

Алла тағаланың ғылымдық сипаттарында қарсылық болмайды. Ал біздің оған ұқсастықта меңгерген ғылымдық жарықтық қуаттарымыздың қарсылығы болып, меңгерген білімдеріміздің сапасы қараңғылық түнектік білімдермен араласуымен, ақылымыз білімнің соңына еріп, сондықтан біздер үшін ой қуатын үнемі жетілдіріп отыруымыз маңызды болмақ. Яғни Алла тағаланың тікелей басқаруымен болатын хикметтерімен, мұғжизаларына, біздерге көрсеткен, білдірген белгілеріне, уахи аяндарына еріп, бағынып, құлшылық амалдарымызды, намаздарымызды үнемі жетілдіріп отыруымыз да керек. Ол үшінде біздер өзіміздің ішкі сарайымызды таза ұстауға негізделген адамзатқа ортақ ғылым, білімнен хабардар болып, өзімізді-өзіміз иман айнасы арқылы тексеріп отыруғада мүмкіндік беріп қойған Раббымыз. Ондай рухани, метафизикалық тұрғыдағы  иман айнамызды-аруақ деп атайтынын да жадыңызға бекітіп алыңыз.

Іштегі иманымыз бір және 49 сандық белгімен (7 –жолдық Х 7-арыстық) қуаттық жүйеден болса, ал аруағымыз оң сол және оған бағынышты қызметшілері болып саналатын алды-артымыздағы күзетшілер де болмақ. Осындай төртеудің түгелдігі, иман ғылымының бірлігі арқылы ғана  төбеден келетін «біздерге» аспан мүліктеріне, жаннаттық тұрғындарға жалғанып, ғылымды толық меңгеруге мүмкіндік аламыз. Қанымыздың 4 топтан, төрт дін кітабынан, жыл төрт мезгілден, т.б. және Мұхаммед пайғамбарымызға 4 сахабаның дінді, имандылықты меңгеруде басты жәрдемшілері болса; «Бас екеу болмай, мал төртеу болмас» деген қазақ нақылының да астарында осындай бейнеленудің сыры бар. Олай болса жеті бой өрісімізді толық қалыптастыру арқылы екі қол аруағымызды жетілдірмей, алды-артамыздан хабар алуымызда мүмкін емес. Сонымен құдай патшалығына еніп,  Алланың бір тұтас дін жібіне, текке жалғанып, жанымызды көбейтіп, өсіріп; Бір ғылымды меңгеру арқылы ғана адамдық, толық әулиелікке құдайдың өзінен тікелей хабар, уахи алу мүмкіндігіне жетеміз.

Аруақтық бір қуаттың, шындық болып түрленуінің 7санды қуаттық жүйемен, 14 жұптық бейнесі және көрнеу, көмес сипаттары мен 37-43 сандық мәндердің арасын құрап, түр-түстік сипатында қара қуаттармен бейнеленген кісіліктерді де меңгеру шарт. Раббымыз; «Қалада бұзықтық жасайтын 9 кісі бар еді..» деп ескерткендей адамзаттың 9түрлі ылғалдылықтан да тұратынын және 9түрлі кісілік сипатымыз барын да жадыңызға тоқып алаңыз. Олай болса, мұндай ғаламдық қуаттық жүйені меңгеру үшін де оның үлгісін қалыптастырып қасиетке айналдыра білген киеліктермен, аруақтарымен жалғану арқылы ғана мүмкін болатыны сөзсіз. Бұл иманның 9дәрежесін меңгеру құлшылықты; «Тоғыз төрені төбеден келтіру» деп атап; 1. Ақ түспен; Мұса пайғамбарымыздың емшілік қасиетімен, жусан шөбімен; 2. Қара түспен әрекетінде; Дәуіт пайғамбармен, жәндіктер әлемімен және күн қуатымен байланысты;3. Көк түспен әрекетінде;Темірқазық жұлдызымен, Лұт пайғамбар мәдениетімен байланысты болады.4. Қызыл түспен әрекетінде;Қазан-ошақпен, Би-Фатима анамыздың кірпияздық қасиетімен және «Сапсандық» белгімен байланысты. 5. Жасыл түспен әрекетінде;  Көкірекпен, ұждандылық қасиетпен, Зеңгі бабамыздың қасиеттілік, сәуегейлік, көріпкелдік, алысты болжау қабілетімен байланыста болады. 6. Сары түспен әрекетінде;Сүлеймен пайғамбарымыздың тағымен, зеректік қасиетпен, есекке берілген төзім, күшпен байланысты. «Бейнет түбі зейнет» деген нақылмен байланысты. 7. Көгілдір түспен әрекетінде; Жер ана қуатымен, жер көк арасы кеңістікпен. Адамдық қасиетке айналғанда; Көңілдің кеңдігі, пейілділікпен, жүректің кеңдігімен байланыста болып; Жақып, Яхя пайғамбарлар меңгерген қасиеттіліктермен; ізбасарлық, жаратушыға деген мүлтіксіз сенім қуатымен жалғанады. 8. Күлгін түспен қатынасында; Көзге көрінбейтін кеме қозғалыстарымен, табиғи тылсымдық кемел құбылыстармен байланыста болып; қайнар көзі желмен болатын қуаттық жүйелер болып табылады.  Және Аронмен байланысты дыбыстың шығу тегі болмақ.  9. Күлгін сары түспен қатынасында; Әрбір қозғалыстың жақсылық жамандық шегімен және Зұлқарнайын Құдыс әулиенің ілім мен білім арасын жалғаушы көместік қуаттардың жүйесімен байланысты. Негізінде күн нұрынан қуат алып, Кер баба таңбасымен белгіленеді.

Шындықпен шынның ортасы хақиқат болып, Алла тағаланың түсірген хақиқаты арқылы ғана біз бүгінгі, өткенгі білім жүзіндегі, ілім тұрғысындағы көмес жағдайдағы аруақтық шынымызды тазартып, шындыққа айналдырып, болашақ ұрпақтарымызға жарықтық қазынаны көкте жинай аламыз. Әлемдегі барлық бүлікте, апаттарда құранды теріске алудан немесе мүлде бас тартудан пайда болып жатқаны да хақ. Ал енді мұндай қияметтік мезгілді меңгере алатын, болашақта нақты іс жүзінде құлшылық амалдарымен жаратушыдан дұға тілекпен, әлемдік қуаттарды басқарумен түсіндіре алатын қазақ елі болып қалыптаса да аламыз.  Неге десеңіз өзін тану, жан ғылымының білімі, тура жолдың нұрландырушы кітабы амалдармен, намаздармен үлгісі дәстүр болып қалыптаса білген қазақ елі ғана екені хақ.

Ата жолының негізі қандай болуы және қай жолмен жүруіне осы жазбалардың аруақтардың батасымен, Алла тағала тарапынан көрсетілген аяндармен жазылып, қазақ әулиелерінің астарлап, жасырын ұстаған, ұрпақтарына мирас, аманаттарының сырын баяндаумен кез келген пенденің өзін-өзі танып, тағдырын тазартып, ата-бабаларының аруақтарына, мирас болған кітаптарына жалғанып, ақ пен қараны ажыратып құранның насихатын өз еркімен түсінуіне жол ашылатыны да хақ. «Ер мойнында қыл арқан шірімес» деген бабалармыз. Яғни аттың құйрық қылынан жасалған арқан ешқашан шіріп үзілмейтін болса, жанға жазылған құдайдың ғылымы, хикметті құпия білімі ешқашан жоғалмайды, жағалы+ көк кітапты, көк тәңіріне табынған бабаларымыздан құран арқылы ұрпақтарына қайта жүктеліп, жанына жазылып  беріледі де қасиетке, аруаққа, кісілікке айналады.

Расында құран хақиқат-насихат тұрғысында; Алланың сөзі болып, арап тілінде үгіт қана болып түсіргенімен, әр ұлттың ана тіліне, ділдік қуатына байланысты ойлау еркіндігі, жаннының еркі, үндік ерекшелігімен, атау сөз ұғымдарымен насихаты, ғылымы ашылуға негізделген. Сондықтан да құранның әлемге ортақ жеті үні болып, бұл үнді меңгеру үшін ұлттық ойлау қасиетіміз; сана-сезімді жетілдірудің құлшылығын дәстүр деп атаймыз.

Дін ғалымдары бұл қасиетті мақам табу деп атаған. Ібілістің де мақсаты адамзаттың ойын қарама-қарсылық бағытқа бұрып, Алланың сөзін теріс түсініп, шындықты қабылдауға жүрек құлағының жабылуымен, ұжданының-жүрек көзінің жетілмеуіне кедергі болып, хайуандық, ойсыз жануарға, сезіммен ғана өмір сүретін жәндіктерге айналуға себеп болады. Біздің меңгеріп жатқан барлық білімнің негізі ойға қарсылықтан пайда болып, оны ілім арқылы үнемі тазартып, ақылмен ғана меңгеріп, адамзаттың игілігіне пайдаға жаратып, дүниенің қызығын көруге себеп қыламыз. Олай болса, бес күн жалғандықты меңгеруге, аруағымызды қалыптастыруға негізделген исламдық бес парыз құлшылық жүйесінің бүгінгі таңда, бұл бағытынанда жаңылып, қанды тазартудың, ақталудың сонымен бірге қазақ ата жолының құлшылығы болуға тиісті төртеуімізді түгелдеп, бесінші төбеміздегі білім иесіне, құс тілін меңгеру арқылы жоғарыдағы баяндаған аруақтық түрленудің сапалары; «Тоғыз төрені», қайратты, жігерлі, ақылды «мал табарлық» қабілетті меңгеріп, жалғанудың, және бір ақылын ұжданды жетілдірудің, санаға жол ашатын жетеліктің маңызы мүлде жоғалғаны да хақ. Ал ұждансыз пенденің толық, бүтін адам болып «қожалық»-жолтабарлық қасиетті меңгеруі де мүмкін емес! Арап ұлтының бәрі жан, рұқына қожа-ұжданды дегеннің өзі Аллаға ортақ қосу екені хақ.

Сондықтан адамзат бір-біріне тек қана мұқтаждықпен, дүниенің байлығын арттырумен, жақсы тұрмыс кешуде өзара өнер, білім алмасып, сауда-саттықпен ғана емес, орта топтық (араптық салт) жетелі бүтін адам ретінде белгілі бір мақсатпен де қарым-қатынаста бола білу керек. Қазақтың дәстүріне сай; «Атаның ғана емес адамның баласы бола білуге» яғни адамгершілік мақсатпен, шариғат, масһаб білімімен, құлшылықпен жинаған ақылымызды-жетемізді онан ары таза ой қуатымен, ғылыммен байытып саналыққа, арлылыққа тәрбиелейтін; ізгілікті, игілікті арттыратын өнер, ғылыммен өзара қарым-қатынаста болу, адамзатқа деген махаббаттан, сүйіспеншіліктен (тектік жасыл ағашымыздан) ғана пайда болып, мұны толық адамдық, мүміндік (момындық) қасиет деп атаған. Ал енді бүгінгі таңдағы; өзге жұрттан дүние байлық, ішіп–жемнен, дүниенің қызығын көруден кем болмаудың қамында аманат ар-ұятын тастап, тек қана дүние байлығын жетілдіргендерге ұқсап немесе артық боламын деген пиғылмен саясатты жүргізу, хайуандықтан сәл ғана жоғары тұратын жындылық болып саналады да, егер ар-ұяттың қағидаларынан мүлде бас тартып,  арсыздыққа жаппай бой ұрғанда онда шайтанның жамағаты, іс басындағылар, ел билеушілері ібілістің ұрпағына айналып, әйелзаттары жәндікке, еркектеріміз шайтаннан болған жынға айналып, кісілігімізде; рухани тұрғыда бой өрісімізбен қара шекпен жамылып бейнеленіп алғанбыз.

Адамзаттың естілігі болып; іштегі жасылдық отын тегінің жануымен сыртқы жарық өрісінде ақтың негізігінде 7түрлі жарық өрісінің, денеміздің бейнесі болып және олардың да жеті қабаттан тұруымен 7х7=49 санды имандылық қуатымен, Ғиса пайғамбарымыздың үлгісін, рухани тұрғыда өлімнің сатыларынан өтіп ақтала білумен және көркем сөз өнерін меңгерумен саналы болып табыламыз. Және ақтың да төрт жұбы болып, 4х7=28 санды қуаттық жүйені меңгеруді, құдайдың хабаршысы, елшісі, пайғамбарлық қасиетін меңгеруді аятта; «…Бірақ ұнатқан елшісіне білдіреді. Өйткені Алла, елшісінің алды-артына (хабаршы, аян уахи көрестуші)күзетші қояды. (27) Олардың, Раббыларының міндеттемелерін анық жалғастырғандарын білу үшін. Әрі олардың жағдайын толық біледі. Және әр нәрсені санап, түгендеп қойған.» (72-28) (100)  Әрбір мұндай жарығы, бойы қалыптасқан адам баласының құдайдың хабаршысы, елшілердің ісін жалғаушысы болып, міндеттемелерін жоғарғыдағы көрсетілген 9 сипатты аруақтық қасиеттіліктерді қалай меңгергендерін білу үшінде, қол аруағымызға жалғанған, алды артымызда Алла тағала тарапынан күзетшілері болатынын да ескертіп тұр. Иман келтірдік пе, әлде жоқ па осындай Алла тағала тарапынан берілетін кісі-нұрлары арқылы ғана анықтауға болатынын жадыңызға тоқып алыңыз. Енді мұндай дәрежеге жетіп, яғни жүзімізді (жүз қой) меңгеріп, бет-жүзіміз нұрланып, пенделерден емес жаратушымыздан ұялып, жамандықтан арланып, Алла тағала тарапынан хабарларды алып, оны жорып амалға айналдыра білу қабілетін қандай құлшылық арқылы меңгере аламыз деп сұраңыз… (жалғасы бар Қараша айы 2015 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *