Ұлт арманы, елдің болашағы  

Бөлім: Ата дәстүрі өлеңдері №7 152

Армансыз пенде бар ма бұл жалғанда,

Армандатпай ақыл, нәпсің тұра ала ма?

Дәулет пен дүние байлық аңсамайтын,

Жының барда арман қылмас мұрша бар ма?

 

Жанды – адам, жынды  -пенде  ұғымдарда,

Сезім- шайтан, жын- қаракет ақылға бағынғанда.

Төрт ақылдан естілік жете шығып,

Жетеден ұждан шығар санаға жалғануға.

 

Ғылым тапқан- бір есті, болады санасы да,

Жалғаннан жалығатын адамдық бар жанында.

Арманы да есті үлкеннің жастан бөлек,

Малым жанға, садақа дер жаным арға!

 

Арлы адам арманы артта із қалдыруға,

Даналардың аруағына жалғануға.

Атадан мал емес тал-тегің қалсын,

Арманы мен аманаты бабалардың ұрпағына.

 

Жалғанған шежіренің көркем сөз ағашына,

Алланың жібі ұлтқа берген жоба.

Ұлт арманы Алланың жібін үзбей,

Дін дәстүрін сақтаумен болмақ тұлға.

 

Бүгінгі таң арманың дүниенің жалғанында,

Арсыз, ұятсыз қыз, қатының ел бола ма?

Мәңгілік ел болуға дүние байлығымен,

Ұлтың түгел айналар ібіліс ұрпағына.

 

Әлемде, тарихта көп ғибрат алса,

Талай бай жиған дүниені патшалар да.

Бір перзентке зар болып  бай, патшалар,

Бар дүниесін арнап еді жаратқанға.

 

Армандап өткен ғұлама, даналар да,

Мәңгілік өмірдің кілтін іздеп алмай қолға.

Таза ақылмен мәңгілік жанды өсіріп,

Ұлт бақшасын, тегін артқа қалдыруға.

 

Ұлттың тегі көкте жиған байлығында,

Жер ананың рұқы бар ойпатында.

Жерден есік, көкке саты тек ағашың,

Пайғамбарға үммет боп жалғануға.

 

Ұлт арманы жаратқаның жаннатында,

Ата-ана мәңгілік жан тұрағында.

Тылсымнан хабар берер әули-әмбилер,

Жалғанып пайғамбардың кәусарына.

 

Аманатың тағдырың бұл ақталуға,

Ата-ана аруағынан қуат жалғануға.

Алланың жібі болып алған сыйың,

Бөленсең ата-баба аруағының ризалығына.

 

Үш байлық алған сыйың арманың да,

Жан мәңгі өлмейді ар сауытың таза болса.

Жанға қуат мал-ақша, бақшаңды өсір,

Тазартып жын, шайтаннан қанды аздырма.

 

Ұят, жете, ұждан, сана арың барда,

Бес күнің жалған емес, жарық болса.

Бес қуатың, бұл парыз ұлттық нұсқа,

Аманаты ата-бабаң жол мен жоба.

 

Ұяттан иман шығар ақыл толса,

Иманды болар пенде сөзді ұқса.

Жете деп ат қойыпты мұндай текке,

Жетеден ұждан өсер дінін бақса.

 

Ұжданнан сана өсірген кіріп жолға,

Нұрлы жол, төбемізден келер жанға.

Дүниенің қара жолын, нұр жолы атап,

Құранмен жаратқанға серік қоспа!

 

Ұлттың тегі, тілі мен діл байлығы анамызда,

Етектен сана, ары әйелдің жаулығында.

Ұлттың тегі жоғалды, үйреніп арсыздыққа,

Ашылып бар әуреті  қызың мен қатынның да.

 

Әлеуметтік қасиеттілік дәстүрі ұлтымызда,

Сөз қадірі ой қуатын ұмытуға

Ібілістің ұрпағына айналып зиялылар,

«Әлеуметтік» деп ат қойыпты дүниелік тұрмысыңа.

 

Елді байлап ібілістің қақпанына,

Әлеуметті болған ата-баба аруағына,

Жалғандырмай өз тегіңе жын өсірген,

Рұқың өлі, жан жоғалған ұлтымызда.

 

Әлеуметсіз бүгінде тәуелсіз ел боламыз ба,

Жиырма бес жыл ұятты, арды еске алдық па?

Қияметтің сын  азабын түсінбейтін,

Жетесіздер ел басқарса бүгін таңда.

(Қаңтар айы 2016 жыл)

***  **

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *