О заман-ай, заман-ай,
Қазақтың тегі азғаны-ай.
Ібілістің болып ұрпағы,
Аманат артта қалғаны-ай.
Ақылдан білім озғаны-ай,
Ұждансыз басшы болғаны-ай.
Өлімді ойлап қорыққанмен,
Құдайдан ұялу қалғаны-ай.
Алды- артың қалды қорғалмай,
Аруағына тектің жалғанбай.
Жындылық болып бар салтың,
Қайратың сонан хайуандай.
Ғалымың есек жануардай,
Арқалап алтын алғандай.
Егесін жүктің ұмытып,
«Жапарқұл» мырза болғаны-ай.
Жаны жоқ, өлі шайтандай,
Қатын-қыз жәндікке айналды-ай.
Мәңгілік ел қалай болмақсың,
Дәстүріне елдің жалғанбай?
Құдайды ісін — жоба алмай,
Аянға, кітап жалғанбай.
«Имам», «хазірет», пірлерің,
Халықтан да жүр ұялмай.
Ақыннан шындық қашқаны-ай,
Жын шайтаннан ақталмай.
Жамандығын артқа жинап ап,
Аяны ата тұр жорылмай.
Рұқы тұр қазақ оянбай,
Аталар жолына жалғанбай.
Дәстүр деп бүгінгі әдетті,
Киесі сөздің ұрғаны-ай.
Аманатың артта ақталмай,
Жамандықтан діні тазармай.
Зұлымдық қылған бүгінде,
Ұлт арманы осы ма-ай?
Данасы болған Абайдай,
Дәстүрін қазақ жазғаны-ай.
Сөз түзелді қазағым,
Осы деп үлгі алғандай.
Сөз айтады ұялмай,
Жер үстінде құдайдай.
«Нұрлы жол» дүние ісі деп,
Дінсіздігі аз болғандай!
Бабалар аруағы назданды-ай,
Аманатын қайтып алмақ-ай.
Ұрпағын өзі жейтінге,
Айналма түгел шошқаға-ай!
(Ақпан. 2016 ЖЫЛ)
*** ***