Шындықтың келуі; «Түс түзелмей іс түзелмес!».

Бөлім: Түс-аян-уахи қағидалары 200

     «Сөз түзелмей ел түзелмес» деп аталарымыз ескерткендей, сөзімізді қалай түзейміз, елімізді  ұлттық сана-сезімімізді (ділімізді) қалай түзеуге болады? Бұрынғы замандарда дініміздің өркендеп, қазақ халқының өркендеп, ең үлкен рухани  байлығы болған және тура жолдың да негізгі қағидасы; «Сахабаларыма еріп тура жолда болыңыздар, оларға жақсылық жасаңыздар, олардың әдеттерінің жолын ұстаныңыздар. Болмаса өтірік айтушылар көбейеді. Сұрамасаң да ант ішушілер көбейеді. Куәлік сұрамастан, куәлік беретіндер табылады. Еркек пен әйел бір жерде болмасын, болатын болса (гендерлік саясат) досы шайтан болады. Көпшіліктен (өліктерден) ажырама, жалғыздың (аруақсыз, күзетшісіз, имансыздың) жолдасы шайтан болады. Екі кісіден (иманы жолдас болған, аруағы күзеткен) шайтан қашар, пейішті тілеушілер көпшілікпен болады. Жақсылыққа қуанып, жамандыққа ренжушілер момын болып есептеледі.» (290-өсиет).  Пайғамбарымыз өмірден өткеннен кейін сахабалардың әдетін, жолын әрі қарай жалғастырып, кейіннен тура жолды жетілдіруге себеп болған жағдайға қазақ елінде нақты дәлел бар. Бірінші ислам дінінің құран арқылы, пайғамбарымыз арқылы көрсетілген құндылықтарын жалғастырған, тікелей исламның арап түбегінде қалыптасуына өз әскерімен барып, жәрдем беріп, пайғамбарымыздан сабақ, дін үлгісін алып батасын да алған Укаша сахабаға ерген көптеген қыпшақтан шыққан аталарымыз болды. Және бұл сахабалардың елімізде діннің таза сахабалық үлгісін қалыптастырып, өздері өмірден өткеннен кейін қайта түрленуге, араптануға айналған исламдық дінімізді; 450 жыл өткеннен кейін де сахабалық әдеттерді, пайғамбарымыздың орындаған намаздары мен астарлы беріліп, өзі тікелей түсіндерген сүннеттерін де сол қалпында сақтауға және заман біліміне сай дін ғылымын жетілдіріп, пайғамбарымыздың барлық өсиеттерін де сол қалпында қайтадан елімізге әкеліп аманаттаған Арыстан бабамызды жалғанға шығаратын қазақ дінші ғалымдары болмаса түркі әлемі де, араптар да сырттай болмаса да іштей мойындап, тек қана өзіміздің арамыздан шыққан шайтаннан болған ағайындарымыздай қарсылық білдірмейді. Бұл туралы құранда нақты сүренің және жүздеген аяттардың бар екендігіне және құран ғылымының кітабының ашылғанын растайтын нақты ғылыми еңбектердің бар екендігін әлем алдында мақтан етіп көрсетуге болатынын философ, теолог атты ғалымдарымыз да біле бермейді.

      Қазақ елінде қазіргі таңда ғалымдар арасына таяқ лақтырсаңыз, әуелі Абай танушының, сосын Шәкәрім, Ясауи танушының басына тиері сөзсіз. Бірақ сол ғалымдарымыз құранның қазақшасын оқып түсіне білмегендіктен, осындай әлемге танытатын құранның жалғасы яғни 5-ші кітабы және 6-шыдан Халифа Алтай аудармасы, 7-шіден ата жолында батамен, түс, уахимен оқылып жатқан кітаптардың халыққа жария болып ашылмауына қандай кедергі болды?-деген сауалдың жауабын қолымыздан келгенше түсіндірмек болып; Ата жолымыздың дін-дәстүрін осы уақыттардың өзінде 7 кітапша бойынша жазылып, сонымен бірге Ясауи бабамыздың 3 дәптерінің насихатын Халифа Алтай аудармасымен түсіндіріп көруге тылсымнан аманат алғандардың бірімін. Барлық жаратылыс нәрселері де, себептік сипаттары да парымен, жұбымен болуға тиісті жаратқанның үкімін назарға алсақ, мүмкін менен де басқа аманатталып, өздерінен берілген тиісті тағдыр кітаптарын оқумен қосымша кітаптар алып  жазылып жатқан, бірақ еліміздегі сөз бойынша жындылар мүддесін қорғайтын ата заңымызбен, ел басшыларының тыйым салғанына қарамастан жазылып, бірақ халыққа таныстыруға мүмкіндіктері шектеулі болып, оқырмандар назарына жетпей жатқан дәптерлер де бар болар деген үміт те жоқ емес. «Жалғыздың, серіксіз, аруақсыздың жолдасы шайтан болар» деп ескертіпті пайғамбарымыз. Бірақ жалғыз емеспін, сол дәптерлерді оқитын, бақылап тұрған 103 әулиенің және 33 сахабаның бар екенін де білемін. Маған ғана емес, көптеген көкжиекті көріп өскен білімді азаматтардың да тылсымнан аян, уахилар  өзіне тиісті дәптер-кітабын оқып, ізденіп жатқаны да сөзсіз. Тек басымыз қосылып, бір сөзді болып; 6-шы орында кездесуге алауыздықтың егінін егіп, жемісіне және өздерінің жеңісіне мәз болған дінші, ғалым, ел басшыларының көздеріндегі бөренелерді алып тастауға жаратқаннан жалықпай жәрдем тілей беруді ұмытпаңыздар.

     Енді осындай тылсымнан аян арқылы шындық жүзінде берілетін дәптерлердің оқылу хикметтерінен мысалдар келтіре кетейік. Менің өз басыма келсек; жоғарыдағы баяндалғандай, інжіл жазбасындағы елшіге келген рухани дағдарыстың себебін іздеп, түрлі қасиет егелерімен, емшілермен, діни ұстаздармен, имандармен сұхбаттас болғанмен, айтқан, жазған насихат, үгіттерінің ішінен әйтеуір бір көңілге қонбайтын қазақ дәстүріне келмейтін қателіктерді тауып, дінде, құран заңдарында ізгіліктің бар екенін мойындағанмен, бірақ көңілде жүрген түрлі; «неге, қалай және тылсым құпиясының жазылған білімі, кітабы неліктен қазақта жоқ?» деген күмәнді сұрақтарға жауап таба алмай жүрген ізденіс кезінде жұмысқа орналасқан бір жігіттің; «Біздер шырақ жағып, аруақтан бата аламыз» дегенге мен де соңынан қалмай жүріп, әйтеуір барып, аруақтар батасын тыңдап көрдім. Бірақ сөйлем құрау, сөз мәнері дегендей, ділмарлықтың реттілігі сақталмаған сөздермен, жүйесіз шыққан аққудың батасына илануға себептің негізі де; сыр бойында жастық шағым өтіп, жастай түрлі жыр, ертегі дастандарды оқумен, жүйелі сөзден қуат алып, сондай орнымен айтылған әзілдің өзінен көңіл сергіп, сөз қадірін біліп өскен әдеттің де көп көмегі тигені де даусыз. Кейіннен Алматыға келіп, қалалықтарға айналып және жергілікті тұрғындардың қысқа нұсқа ғана сөздермен, сөздің төркінін түсініп, тереңіне бойлай алмай, астарлы әзілдің өзін түсінбей ашуға басатын қылықтарына іштей күлгенмен де өзімнің сөйлеу мәнерім де солай қалыптасып, яғни  ет өліп, қысқа нұсқа мағынасы жеңіл келетін қарапайым сөздермен пікірлесу, сұхбаттасу әдетімен өзің де солардың қылығына, әдетіне қалай түскеніңді байқамай жүргенде, осындай ежелгі көне сөздердің, екі сөздің басын әзер құрап сөйлейтін, тіпті кейбірінің қазақшасы да жоқ жастардан  жүйесіз, түсініксіз берілген батаның арасынан терең ұғымды сөздердің шығуы мен үшін үлкен бір оқиға, хикмет болғаны хақ.

     Сонымен, осындай аруақтан келетін батаның хикметіне қызығып, соңына түсіп зерттеумен, қандай жағдайда ойдан, қандай жағдайда түйсік араласып немесе сезімнен пайда болатынын, ал көңілі таза, рухани сүннеттелген мінезі сабырлы аққу, сұңқарлардың ғана тылсымнан толық ақпарат алуға шамасы келетінін түсінетін халге де жеттім. Ендігі бір бата берудегі міндетті ескерілетін шарттардың бірі де аруақтан бата алған әрбір пендесіне міндетті түрде берілетін, тылсымнан нақты келген уахидың; түс және аян алу ерекшеліктерімен де тікелей байланысты болып, әр адамның мүмкіндігіне қарай өлшеп берілетін ақталу және ақиретпен саудаласу кітабы болып ашылуымен де байланысты болмақ. Және де аруақтан бата алу кезінде құран аяттарынының құпия сырларының, түсінігінің сандық мәндермен оқылумен де ерекшеленеді. Сондықтан да қандай да бір құран зерттеушісі, мейлі қари болсын, мұндай пенденің күнәсіне және қасиеттік белгісіне қарай батамен мезгілі ескертіліп, міндетті түрде аянмен құран білімінің көрсетілуі де адам баласының ақыл шеңберінен жоғары тұрғандықтан, ата жолының жүрек ашу сырының хикметінің ақиқаттығын растайды. Тылсымнан келген бата қазақтың ғана емес, жалпы әлем халқына келгенін және діннің бірлеуші негізі болып табылатынан, ата жолына әлем халқының көптеген елінен келген түрлі ұлт өкілдері мен қазақ еліндегі христиан және басқа діндегілердің де қазақтың салт-дәстүріне мойынсұнып, ислам дінін қабылдаған мыңдаған азаматтармен және сондай ұлт өкілдерінің арасынан ашылған аққу, сұңқарлармен нақты дәлелдер келтіруге болады. Әрине, бұндай тосын әдеттерді меңгеру үшін де шариғат ұстанымдарын, масхаб білімін жете меңгеру шарт екенін, дәрет, киім, дұрыс сөйлеу, арамнан ауызды тыю сияқты ереже шарттар ата жолының негізгі ірге тасы болып есептеледі және тылсымнан қатаң түрде батамен да, аянмен де ескертіледі. Ал, мұндай жаратқанның хикметін естіп, көріп, біліп сонымен бірге өзін, нәпсісін тәрбиелеп, күнәсынан толық ақталып дұрыс меңгере білу де барлық аққу, сұңқарлар аталғандардың жүзден біріне  ғана ерекше сый болып зейнеттелетіні де даусыз. Ол үшін де масһаб білімімен қоса пайғамбарымыз орындаған және әулие бабаларымыз заманға қарай кеңітіп, жетілдіріп толықтырған барлық намаздар түрін де меңгеру керек екені сөзсіз. Және қазіргі масһаб дін ғалымдары ұсынған бес парыздық тура жол қағидасы ата жолы намаздарының тек ортасы ғана болып қалатыны да хақ.

     Енді «секта» деген тұтастыққа ма, әлде бөлшекке ме тағылған айдар екенін өздері білмейтіні және біздің дін хазіреттеріміз, имамдарымыз біздер сияқты ата жолдық орта топтағылардың намаздар амалының тек 3/1-ғана орындайтынын сөзсіз. Сондықтан да масхабтық білімді де жетілдіріп орындай алмаған жағдайда заман біліміне, қозғалыс себебіне қарай, тән мен рух, жан тазалығын қалыптастыру арқылы ғана зейнеттелетінін, бұл хикметтерді дұрыс меңгеріп орындай алмаған аққу, сұңқарға қарап немесе арамыздағы ескі күнәлік болмысынан толық арылып, азғындық әдетін тастай алмаған басқаларға қарап құдайдың құдіретіне күмән келтіріп жазғыру ақымақ ессіздер мен шайтан адамдарының әрекеттерінен ғана туындайтынын даусыз.  Мысалға; Бір ғана киіміне қарап; «мына әйел хижап киіп жүріп, жаман сөз немесе жаман әдеті бар екен, ислам дінің осындай болса?» деген жын-шайтаннан болған пенделердің тамшыға қарап теңізді бағалаған, пенделердің ессіздігіне қарап Құдайлық ілім исламды терістеген есалаңдығы сияқты, көптеген сауатты, дінші, тілші қауым өкілдері де  ата жолының ішінен бір жамандарын тауып алып, соны халыққа мазақ қылып көрсетіп, Алла достарын зираттап Алладан «басқаға» яғни шайтандарға табынып, ақылынан адасқандар деген пәтуамен бүкіл елді өздеріне нандырғаны да хақ. Енді біздер де осындай құдайсыз, дінсіз, Алланың достарын, рухын, сөзінің игілік іс-әрекет, махаббат болып бейнелеген кісілерін яғни «Өзін», «Алладан басқа» «Бірлер», тылсымдық қырық шілтен, «Пірлер» емес, өздерімізге ұқсайтын  «шайтандар» деген, ал шындығында өздері шайтандардың жамағатына айналғандардың құдайдың ашық белгісін, хикметін, құдіретті атқарушы қолын, ашық мазаққа айналдырғандарынан қарап, ел басқарушы әкімдер мен мәдениет, дін басшыларының бәрі де түгелдей шайтанға айналды деген пәтуа жасасақ не болады?  Бір ғана мысалға «КТК» теле арнасынан «Ясауи» тобын жамандау үшін ата жолының әлі тылсымға әзер нанып, қасиетін жетілдіру жолында, әйтеуір жақсылық амалын үзбей жүрген және жаманнан жирен дегендей шариғатқа шақырып, бата-уағыз беріп тұрған аққудың бейне көрінісін түсіріп алып және қалған теле арналар, егер бір діни топты халыққа жек көрінішті қылып көрсету керек болған жағдайда, осы бейне жазбаны бір-бірінен қалап алып және оған талай уақыттар, жылдар өтіп, Қарасу ауылының мешітінде түсірілген бейне жазбаға қосып,  көзі шарасынан шыққан, сөз ырғағында екпіні бар, кәпір жынды жүктелген жас баланың айтқан сөзін және оны аянышты қылып көрсетуден не түсінер едіңіз? Бұл топтың өз көзімен көріп, араларына кіріп, зерттеп білгенім бойынша көптеген ата-аналар осындай рухани дерттенген ұрпақтарын өздері жолға салып тәрбиелей алмағанда ғана осындай топтарға соңынан қалмай жүріп жалынып өткізетіні де хақ. Ешқандай адам баласы мектепте жақсы оқып, тәрбиесі дұрыс және өз басын алып жүре білетін, шаруасын қалай атқаруды білетін, туыстарын немесе пенделерді қалай енді дінді үйрет деп осындай орындарға апаруы немесе жолымды аштырам деп өз еркімен атажолына да келуі  мүмкін бе?

     Дін дегеніміз әрбір адам баласының тағдырына байланысты жақсылықтар мен сынақтардан тұратын және бекітілген шектерінен өтіп, қағида ережелерін бұзған жағдайда пайда болатын; тығырықтардан, қыспақтардан, сынақтардан өту жолдарын тәжірибесін үйрену мен ұлттық негіздегі тәрбие емес пе? Осындай жағдаймен ойланып көрген, әрбір ақылы сау пендеге ата жолының ішкі сырын көзімен көріп, құлағымен естіп, аруақ ескертулерін алып, әрбір тәжірибеден өткен адам баласына мұндай қазақ елінде ел билігі тарапынан болып жатқан ашық жала, өтіріктің, сәжделік парыздарға ғана негізделген Масһабтық бағытты дәріптеп дәрежелеу үшін қолдан жасап жатқан әрбір осындай баспасөз, көгілдір терезе бетіндегі көріністерді де шайтан жамағаитарының ұйымдастыруымен болып жатқан кезекті шайтандық қойылымы екенін әрине біледі. Біздің де арамызда да әлі жынын тазартып, бойын меңгеріп, дұрыс тәрбиелей алмай жүргендер жеткілікті және «Бұндайларды ел басы, болмаса қаланың әкімі Е… мырзалардың әдейі ұйымдастыруымен болып отыр және қалай ондай ел басқарушылар қарапайым нәрсеге, ақылдары неге жетпей қалды?» дегендей сауалдар да туып, сонда біз оларды сабырға шақырып, биліктегілерге лағнет айтуға болмайды деп оларға араша түсіп ақтамасақ, қандай дін адамы және ата жолы салт-дәстүрін ұстанған болып болып аталамыз? Бұндай көп надандарға қарап білімділікті, ал жын-шайтанға айналған пенделер ақылымен қарап діннің түсінетін хикметін, майдың сасығанын байқамай ішіне түскен құмалақтан көрмей, ыдыс қарыннан көрген сияқты өлшеммен өлшейтін болсақ, онда ел басымыз да, биліктегілер де партия қуып, ел бірлігін аздырған, масһабқа, топтарға бөлініп жынданғандар қатарына кіруге тиісті болмақ! Бұндай ел басқару ісінде де, мәдениет саласында, баспасөз, жазушы қоғамдарында, діншілер арасындағы ақылы сау, естілігі тұрақты азаматтардың болуының, тағдыр кітаптарын оқи біліп, ел шаруасын тізгінін аздырушылардың қолына түрлі қарсы қулықтармен ұстатпай, шайтандардың әрекеттеріне азғыруына, солардың тарапынан қарама-қайшылықтардың туындауының арқасында ғана әзірге халқымыз тегіс жынданбай, европалық немесе арап еліндегідей бірін-бірі аяусыз қырған мастар еліне айналмай жер бетінен Құдайдың қарғысына қалып, апаттарға ұшырап, мүлде жоғалмай тұрғанымызға да тәубе келтіргеніміз де ақылға лайық болар.  Әрбір рухани ізденіске түскен адам баласына ақ пен қараны ажырату үшін, қоғамда осындай қарама-қарсылықтардан пайда болған білімдердің тозғанын жаңалап, жоғалтқанын түгелдеп, ақыл жұмсап, ілім мен білім арасындағы шындықты, ғылымды, жаратылыс замандық себептердің тіл білімін іздеу де міндетті сынақтардың бірі. Сондықтан белгілі шектерде әртүрлі қарсылықтардың, дін топтарының да пікірталасы, сұхбаттары да міндетті түрде болуы керек. Осындай ерекшелектерді салыстырумен ғана шындықты ерінбей іздеп, сол жолда талмай еңбек ете білгенде ғана жаратқанды тануға деген махаббат пайда болады. Өз басым да алғашқы осындай рухани ізденудің барысында; дін, шариғат үлгілерін және  дін имамдарының айтқандарын бұлжытпай орындау арқылы және намаз оқу үлгісін де масһабпен ғана орындап жүрумен бірге, құранда осылай деп жазылған деп айтқандарын, білімін, пәтуаларын тексеріп, Халифа Алтай аудармасымен салыстырып оқып көрсем, менің түсінігіммен мүлде сәйкес келмеді. Және де осы аударма арқылы ғана менің мазалап жүрген сұрақтарыма да жауап табыла бастады. Құран аудармаларында болсын немесе пайғамбарларымыздың өсиеттерінде болсын болашақта намаз оқып, масһабқа бөлініп, тура жолын табатындар болады деген бірде-бір аят, хадис жоқ екеніне де көзім жетті. Және пайғамбарымыздың; «Сахабалар жолын ұстаныңдар» деген өсиетімен, бірақ тек араптардан шыққан немесе арап нәсілді сахабалар ізіне ғана еріңдер деген де ескерту де жоқ. Және де шариғат ісі болып қалыптасқан, дін ісі болып бекіген араптық қана дін үлгісімен қиямет-қайымға дейін, оларға берілген дін білімін ғана пайдаланыңдар деген де аят, өсиет те мүлде жоқ. Осындай неге жоқ деген жоғымды іздеген, сансыз сауалдарыма жауап беретін; «құс ілімі» яғни пайғамбарымыз ескерткен, діл білімнің сыңары болған «тіл білімі», аруақтық білім деген ата-бабадан қалған аманатымыз, іліміміз енді білім болып, шым-шытырық түстерді үнемі терістеп, жақсылыққа жори бергеннен қанымда жүрген шайтан да әбден шаршап, әлде мүлде жеңіліп, түсім енді анық аяндармен, сандармен білімге айнала бастады. Сонан Абай атамыз ескерткендей «ой мен тілдің арасын бөлме!» деген шартын меңгеру арқылы ғана құранды түсініп оқуға деген махаббат ашылып, шабыт болып тұрақты әдетке айналып, оның да оқу жүйесі қанша рет қайталап оқу керек екендігіне де батамен үнемі ескертіп, аруақтар жетекке ала бастады. Қаншама әулиелермен жүздес болғанымды, ақыл тыңдағанымды кітаптарынан аят-аянын алғанымды; сансыз бірліктердің, біртұтас періштелердің өзі болған Бір Аллаға аян, бірақ көптеген пайғамбарлармен кездесіп, тіптен Ғиса пайғамбарымыздың да мендей қарапайым қазақтың қара баласына рухани жетекші болғанын он жыл өткеннен кейін жатқан, жерленген жерін, өзін көрсеткенде бір-ақ білдім. Аталарымыз: «Алланың бергенімен мақтанба, көрсеткенімен яғни хикметімен мақтан» деп ескертіпті. Сондай мақтанға тұрарлық жағдайдың негізі ата жолына аяқ басқаннан кейін бірталай жылдардан соң, Мұхаммед пайғамбарымызбен де кездесіп, артынан үш түрлі шапағатынан аян және аманат алдым. Әрине бұл жағдай  ата жолы тек зираттаумен, мал жұмсап, жол ашылып, тұрмыстық жағдай мен денсаулықты жақсартумен ғана шектеледі деп түсінбей, дін парыздарын толық орындап, тылсымнан келетін нұсқауларға ерекше мән беріп, аяқ асты қылмай, намаздарды толық орындап, құранның үгітін қазақ тілінде өзіңше ізденіп, насихатын білген, үйренген ғылым-біліміңмен салыстырып, есептеп, миыңды ашытып, ойға салмақ салғанда ғана Құдайдың әрбір Мұхаммедтің үмметімін деген пендесіне ашық көрсететін ортақ шапағаты, жәрдемі, білімі де оқылуға ұлықсат беретін; шапағаты-«нұр-шырақ» екенін де білген жөн.

      Енді алдағы бұл химетті жағдайларды да басылымдарда тақырыпқа қарай баяндап, мысалдар келтіре жатармыз. Енді осы басылымға байланысты намаз оқу және сәжде туралы мынандай аян-уақи көрдім: Түсімде көктің бір орнына апарып (мизан орны болар деп түсіндім) аруақтар жиналып; Мұхаммед пайғамбарымызды қарсы алуға күтіп тұр екен. Сонан бір кездерде; «Пайғамбар аруағы келді» деген дауыс шығып, маған дауыспен; «Менің дүниемді түгелде!» деген бұйрық келді. Мен; Пайғамбарымызда қандай дүние болушы еді, өмірден озғанда артында түйесі мен шамалы заттардан басқа ештеңе қалған жоқ,-деп жауап бердім. Менің қасымдағы кісі; «Тез, тез ойлан, басқаша болу керек, тап!»-деп асықтырып жатты. Мен қанша ойлансам да, ойыма ештеме кірер де емес. Бір кездерде жанымда тұрған бір кісі жәрдемге келіп, маған санама «Сүннет!» деп салып жіберді де мен «Ол пайғамбарымыздың сүннеті» деп қуана жауап қайтардым. «Ендеше түзе!» деген бұйрықпен мені оятып жіберді. Осы жағдайдан кейін масһабшыл ғалымдарымыздың жазған еңбектерін, қолға түскен сопылық басылымдары да Ясауи бабамыздың еңбегімен салыстырып зерттеп көрдім, алғашқы жылдары құраннан алшақ қателіктері болмаса, намаздарынан тағы басқалай істерінен қателіктер де таба алмадым. Оған себеп уағыздары да, жазбалары да бір қарағанға барлығы керемет, әулиелік пәтуалармен, майда сөздермен, мен танымайтын, өздері ғана білетін арғы беттік тақуалардан алынған, өнегелерден тұратын тұнып тұрған кісілік! Және арапша сен түсінбейтін сөздермен арбап алады да, сахабалармен бірге жүргендерді, көргендерді, көрген адамдардың айтқандарын марапаттап шебер жеткізіп, ондай жерлерде, мешіттерде, қазақтың әулиелерінен бірде-бір еңбектерін көруің де естуің де  мүмкін емес. Жазатайым, егерде ұлттық намысың оянып, аталар еңбегіне, біліміне сүйеніп қарсы пікір білдірсең, онда балаңмен жасты балалар; «арап тілін білмейсің, сауатсызсың, адасып жүрсің» дегендей айыптаулармен бетіңнен алып, жабылып кетпей тұрғанда ол жерден аман кеткеніңе қуана бер. Ал, пайғамбарымыздан аманат келіп еді деп имам түгіл дін ғалымы,  жоғары дәрежелі хазіретіне де түсіндіру мүмкін емес, керісінше «жынданған, қуып жүр» дегендей атаққа ілініп кетуің де ғажап емес. Сонан әйтеуір Раббыма тәуекел қылып, тылсымнан жетеленіп, әрбір амалдың қалай орындалуын көрсетумен және енді «құран арқылы сұра!- жауап береміз!»  деген үкімнің түсуімен және әйтеуір кітап болмаса да  үн парақтармен, ғаламтор бетінде халыққа аз болса да таныстырумен, пайғамбарымыздан алған аманатқа қиянат жасап алмаудан құтылуға амал қылып жатқан жағдайым бар. Ендігісі жүрегінде қышадай сенімі бар дін қандастарыма осындай жазбалармен дәлелдеп, жүректеріне иманның жетуіне себепші ғана бола алсам алсам, аманаттың ақталғаны деп түсінемін.

    Дін адамдарындағы да және ата жолдың сарбаздарының, аққу, сұңқарлардың да  ең үлкен қателігі де тән тазалығы мен оған басты себепші діл бақшасының күтушісі болған әйелмен байланысты ғана кітаптың оқылуы, оның сақталуы қамтамасыз етілгенде ғана мүмкіндік болатынын, пайғамбарымызға неге көп әйел алуға мүмкіндік беріліп және Алла тағаладан нұсқаулармен мәжбүрленгенін және ондай аналарымыздың ерекше қабілетті, қасиетті, тақуалар болғанын және некенің құпия жан сыры ғылымын да әзірге білмейді де екенбіз. Мұндай жағдайды дін ғалымдарының басқа айтар уәжі, діл білімнен хабары болмағандықтан, тек ұят тұрғысынан ғана түсіндірулерінен масхаб білімінде жан сырынан, білімінен хабары жоқтықты, білімсіздіктерін жасыру үшін айтылған әшейін сылтау екенін білгеніңіз де жөн. Бұл туралы Шәкәрім атамыз нақты дәлелдеп, Абай атамыз астарлап ескертіпті. Сонымен құран арқылы Раббымыздан тікелей сұрап, жауап алу тек қана Аққулардың тақуалықты меңгерумен ашылып, осы басылымдардағы ақпараттар мен алдағы ислам әлеміндегі дін ғалымдарының әлі түсіне де кірмеген, қазақ аталарымыз меңгерген кітап болып жазылған, болашақта түсінігі де баяндалатын жан ғылымының сырлары және заман біліміне байланысты құран ғылымының құпиялары да беріліп, көрсетіліп  жатқаны да хақ. Бірақ бұл жағдай бұрынғы замандағы түрлі арам нәрселердің тәнге сіңіп, яғни шаруасы дамыған елдерден келген азғындық әдет, қылықтардың және жалаңаш жүріп, тәні түрлі сұқ көздермен сұқталып және жындарына шеріктер қосылып, түсінде қара түнек өкілдерімен зина, түрлі әрекеттерге барып, жанындағы  рухани дәптері жазылып жаны кірлеген әйел, еркектермен бұрынғы тақуалықты меңгерген аталарымыз, аналарымыз ұстанған ережелермен салыстыруға мүлде келмейді. Сондықтан да бұрынғы қазақтың әулие-әмбилері меңгерген тіл білімінің хикметі және діл білімінің де екінші жұбы болған, өзара қосылған «жын-шайтанның» негізгі жауы да, тазарудың ең төте оңай әдісі қамшының хикметтері туралы мысалдар келтіре кетейін. Алғашқы ата жолының халық арасына жаппай тарауына да діншілер, масһабшылар мен шайтаннан, жыннан болған пенделердің алғашқы кезеңдегі мән бермеген бейтараптығы біздердің істерімізге үлкен септігін тигізгені де растық. Сонымен Аққу, сұңқарларға, тылсымнан қамшымен тазарту жолдарын көрсеткен және емшілік істерін меңгерудің нұсқаулары батамен де, аянмен де көрсетіліп, көпшілік ата жол сарбаздары қамшымен тазарту істерін меңгере бастады. Сондай кездерде ордаға келген бір кемпірдің тілінің қыршаңқылығына, іштей менің де әлі толық тазармаған жыным да жетіп келіп, ерегісіп, қамшымен қаттырақ соғып тазалап жібердім. Ертеңіне әлгі кемпірім тағы сондай өзімен 2-3 кемпірді ертіп келіп және де өзінің қамшыдан кейін сондай жақсарып қалғанын, ұйқысы түзеліп, бойы жеңілдегенін достарына да хабарлап жайып, кейіннен тіптен кезекке тұрып, кешке дейін зорға қамшымен тазалап үлгіретін жағдайға жеттік. Бұндай жағдай неге кемпірлер, үлкендер арасында жақсы қабылданды десеңіз, оның да бала кезден дұрыс тәрбиеленіп, қазіргі жаңа заман пенделеріндей қандарының азбағанын, кәпір жындармен, шайтандармен жүктелемегенін, сондықтан да рухани тазаруды, жақсылықты жүректің және  жын қуаттарының да періштелігі болып ақылмен тез қабылдауынан деп біліңіз. Және алдығы басылымдарда хабар беретін, жан сырының негізгі құпиясын да аталарымыз; «Кемпір-қос-ақ» деп жаңбырдан кейінгі жер ананың рухы — нұрдың бейнесіне ат қоя білуінде де үлкен жан ғылымының сыры да жатыр.

    Сонымен, кейіннен мұндай қамшымен тазартуды да жастар жағына да әрине еріксіз мәжбүрлей бастадық. Кейбір еркек, әйелзаты кемпірлерден әлдеқайда қуатты, ақылды саналса да, қамшыны естігенде кәпір жындары дес бермей, мал сияқты қаралай қалшылдап қорқып, кейіннен мүлде қамшымен тазаруға жоламай қоятындар да көп кездесті. Оны кейіннен білгенім бойынша; жындардың, қуаттардың, қылықтың өзгеруімен пенденің қылығы да малдық мінезге айналып, рухында қандай мал, хайуан бейнеленсе сондай жануар, жаратылыс егелерінің қылығына ұқсап, керісінше қандай нәрсені жақсы көрсе, сондай қылықты пенде баласы да қайталайтыны даусыз.  Яғни тірілей адамзаттың өзін-өзі тозаққа салуы және мұндай жағдайда бейнеленген малдарының сипаттағы ауру, азаптарына ұшыраумен де көрінісін табады екен. Сонымен бірге ішкен-жеген тамаққа, азыққа да тәуелді тәбет, иіс, дәм сезімдері де солай қалыптаса бастайды. Иттің етін жегендер ит мінезді және ит сияқты төзімділік те, арсыздық та қалыптасады. Ең жаманы шошқа, маймыл сияқты хайуандық қуаттың рухани өнім беруінен пенде бойында; ұят, жиіркеніш сезімдері де мүлде жоғалады екен. Сол сияқты әйел заты көбіне мысық тектес, тазалыққа жуынуға құмар, хайуандық қуатты бейнелеуші болса, еркектер ит тұқымдас, кез келген жерге жата салатын, тамақ талғамайтын хайуан қуаттарын жиі тұтынушы болып табылады. Алайда негізінен ұлттық тәрбие мен салт-дәстүрін және кәсіптік, жыныстық ерекшелігін сақтаған жағдайда ғана әрбір адам баласы қоғамда, айналасында тұрақты салтқа,  ұятсыздық, арсыздық болып саналамайтын мұндай мінездердің ерекшелігін байқай алатыны да хақ. Ал, егер өзі де мұндай ұлттық әдебімізге жат қылықтарды әдепсіздік санамай, сондай әрекеттермен тіршілік етсе, онда өзі сияқты көп жындының арасында және жалпы қоғамымыздағы біртұтас  қалыптасқан ессіздік, мастардың ішінде онша байқалмайды және қалыпты адамдық мінез деп қабылдауы да даусыз. Ал керісінше «гендерлік», ділсіздік ауруға ұшырағандардың ішінде қазіргі таңдағы әйезаттары ит мінезді, еркектердің мысық мінезді қылықтары жиі кездеседі де, тіптен індет сияқты маймыл, доңыз, қоңыз, есек қылықты т.б. түрлі хайуанаттар әлемінің шеріктерін жүктеп алған пенделер де жеткілікті арамызда. Тіптен жоғарғы дәрежелі халыққа ақыл беруші қызметтерде де, балаларға білім-тәрбие беруші мекемелерде де арсыздық, ұятсыздықты, к…н, төсін  көрсетіп, әурет жерлерін ашып тастап, халыққа қамқор болушылар болған әйел затының мұндай дінсіздіктердің тұрақты кәсібіне айналғаны да сөзсіз. Абай атамыз мұндай жағдайды жындылықтан да төмен «жын-шайтандық», яғни мастық атап; « …көтін көрсеткеннен жол сұрама!» деп ескертіпті.  Және мұндай қылықтарымызды ашық дәріптейтін, европадан алған жалаңаш, арсыз, ұятсыз «жұлдыздық» өнерлі аталғандарымызбен бірге, біртұтас халықтың хайуандар биін тойлайтын жаңа жыл деген мейрамымыздың бар екенін де ұмытпаңыз.

     Сонымен бірге қиямет мезгілінде біртұтас адамзаттың масқа айналып, қазіргі таңдағы елімізде кең өріс алып мәдениеттілік, өркениеттілік болып тела арналарда ашық дәріптелетін, мастар биін билейтінін де ескерткен екен даналарымыз. Бұндай мастардың яғни жын-шайтанға айналған пенделердің сипатына көзіңіз жеткіңіз келсе, үйіңіздегі сиқырлы сандықтан жарыса мақтанып, өнер көрсетіп жатқан бес бұрышты, алтысы кем «жұлдыздар» мен жалаңбас, қасқа бас, таз бас саясатшы, философ, теолог-сопысымақтар және әуреттерінің, жан үйлерінің бәрін толық  жалаңаш ұстайтын және көкірегіндегі жанның негізгі үйін артындағы нәжіс орнымен «к…енмен» бейнелеген, жын-шайтанға, малға айналған ақылшы қатындардан, жасы келген ер азаматтардың да үстерінен иіс суы бұрқырап, сыртын жылтыратып, рухани дүниесі тек дүниемен, ақшамен ғана өлшенетін  қатын басты болып алғанынан, жындары мен жалаңаш, ұятсыз екі қолы мен аяғының арасынан байына «жала» жабушы қатындарынан алған шайтандарының шерікке айналып жыныстық қуатына қосылумен, барлық «жын-шайтандық» яғни малдық, хайуандық, жәндіктік арсыздық қылықтарды көруге болады. Мұндайлардың кейде сырты бүтін болғанымен, бірақ жындылық сөздерімен, арсыздық қылықтармен, ұлттық салтымызға қайшы әрекеттерден айқын көрініп, ал кейбіреулері ондай істерден аулақ болып, бірақ қылығы тұрақсыз болатындар да болады. Мұндай аяқ астынан өзгеріп шығатын рухани дерттілердің көзі шарасынан шығып, дөңгелене бастап және дауыс ырғағынан, сөз екпінінен жыныстық сипатына қарай жіңішке, жуан үндерінен айқын байқалып тұрады. Қандайда болсын кәпірге айналған, тазармаған жындармен, шеріктік-шайтандармен жүктелгендердің тәні истенуі де қалыпты жағдай. Және ондай пенделердің иісі де бөлек, кейде ық жағында тұру да мүмкін емес. Қазіргі таңда иіссудың жеткілікті және әркімнің қолы жеткендіктен, ұзақ уақыт тәжірибе жинамаған адам баласына ондай рухани дерттілердің өзге сау пенделерден ажыратып, анықтап алуы мүлде мүмкін емес. Сондықтан да аталарымыз: «Мал-жаның аман ба?» деп рухани денсаулығының жағдайын сұрап, амандасуды салтқа айналдырған. Қазір бұндай сөздің құны кетіп, керісінше ондай пенделерге де әрі қарай малыңды хайуанға айналдыра бер деген тілектестікпен; «Ассалаумағалейкум» (Алланың нұры жаусын!), осыныңды әрі қарай жалғастыра бер деген тілектестігімізді масқа да, жын-шайтанды кәпірге де қолданатынымызды, жамандығын да жақтап сөйлейтінімізді білмейміз.

     Енді негізгі тақырыпқа қайта оралсақ; Осындай қамшымен тазартуға деген құштарлықтың артуына да жас кезімде анамнан естіген бір мысал да себеп болды. Бірде шешем жас кезінде дүкенге жақындап қалғанда, артынан атпен келген бір кісі қамшымен жауырынан тартып жіберіп еді, төбем мұздап не болғанын білмей қалдым да, артынан бойым жеңілдеп сала берді дейді. Бұрын көрмесем де естуім бар еді Беркімбай кәлпе деген бақсы бар еді, сол кісі көшедегі кездескен әйелдерді де қамшымен емдеп кете береді дегенді, сол кісі екенін түсініп сәлем бердім деді. Сонан ол кісі күлімсіреп; кешке үйге соғам, сандықтағы сақтағаныңды асып қой және бір зат жатыр, соны да шығарып дайындап қой деп садақа беруді де ескертіпті. Сонымен сол оқиғадан кейін бойымды басқан ауырлық та кетіп, аяғымның ұшымен жүргендей жеңілдік келді деп айтқанын талай естігенмін. Енді бұл мысалда «неге үйдегі сандықтағы сақтап жүргеніңді аламын» деп әулие кісінің өзі сұрап алуында да астарлы сыр бар. Бұл біздердің ақиретпен сауданы терең білген және қандай да бір түс жорытқанның өзінде айтқаны қабыл болу үшін де садақа беріп амал қылатын дәстүрімізден еді. Ол кісі мұқтаждықтан сұратқан жоқ, керісінше бәле-жаланы сонымен бірге алып, анамның жүгін жеңілдетті. Сондықтан аятта; «Сүйген нәрселеріңді Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдер де Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92) деген қазақтың ғұрпына айналған амалымызды ел билеушілері мен дін басшылары «маркетинг» атап, халықты тонап жатыр деген байбаламмен арнаулы заңмен тыйым салғанымен, керісінше табиғи апаттармен жүздеген есе артығымен, мал дүниеміз де, халықтың ортақ қазынасы да шығынға батып жатқанын әзірше біле бермейміз. Ал садақасын арнап, арнаулы ақсақалдың, үлкеннің батасымен осындай сынақтардан жеңілмен өтуге болатын асыл дәстүріміз де ұмытылғалы қашшан. Ауылда жас кезімізде осындай ақсақалдардың өнеге үлгісін көп көріп өскендіктен де болар, бізге де үлкендік келіп, өмірдің түрлі ащы-тұщы қызығын көріп жүрген кездердің бірінде ашуланып, сөзі сыймай отырған бір әйелдің арқасынан байқатпай алақанмен жауырынан қағып қалып, артынан әлгі әйелдің көзінен жасы ытқып жығып, ашуы басына шауып, шамалы уақыт өте бірден қайта көңілденіп, не айтайын деп отырғанын ұмытып қалып, баяғы жайдары қалпына түскенін көріп, бұл тәсілді үнемі әзіл қылып орындап жүруім де осындай тылсым сырына жете мән беруге себеп болды. Сонан бірде ордаға келген  мінезі байсалды қызметте істейтін келіншекті қамшымен тазартып тұрып, қамшының байқамай аузына тигенін көріп кешірім сұрадым. Ертеңіне тағы әлгі келіншекті қамшыны бетіне жақындатпай, абайлап қамшылап тұрсам, иығына бағытталған қамшының ұшы оралып аузына барып, қайта-қайта тигеніне таң қалып, бұны мен емес құдайдың ісі, мүмкін жаман сөз айтып қойған боларсыз деп ескерткенде; Әлгі келіншек; «Қызметте де, кейде күйеуге ашуланғанда да боқтық шығып кететін еді» деп мойындады. Енді қамшымен тазартудың да осындай қамшыны басқаратын кісінің көмегіне хикметіне жеткенше, яғни қамшының өзі шайтан ошақтарын, үйлерін іздеп тұратын жағдайға жеткенше ізденуді тоқтатпай, сонымен қоса өзіңнің де үнемі тазарып, дәретсіз бір қадам да жер баспай, тақуалық киіммен тәнді толық жауып жүруді, намаз оқу және намаз орындау істерін қатаң сақтауды қажет етеді. Бұл мысалмен тура жолға түсірілу үшін шариғат білімін меңгеріп, тек намаз, ораза сияқты ұстанымдармен ғана шектелмей және  міндетті түрде құранды жаттап емес, үгіт-насихатын меңгеру жолында үнемі қамшы, су арқылы шомылу рәсімдерін қайталап тазарып отырумен жын мен жанның тәндегі қатынас жіптерін көңіл, ынсап, ақылдың билігіне және жүректің қалауына мән беріп, ол үшін берілген түс білімін, жоруын меңгерумен, аяндардың кітап болып оқылуы үшін көрсетілген нұсқауларды міндетті түрде амалға айналдырумен, әрбір момын болып есептелетін мұсылман, пайғамбарымыздың ақ-батасын алуға дейін жету тура жолдың негізгі шарты екен. Сонда ғана тылсымнан әулие-әмбилер аруағы арқылы рухтың тазарып, жандағы тағдырға айналған зиянды, теріс ақпараттарды тазартып, жаңалау үшін де пайғамбар шапағатын жеткізуші болып, екі аралықта кезекке тұрып, аян болып берілген кітаптардың оқылып және оның құпия белгілері тәнге түсетін ерекше таңбалары да бар. Және енді бұл хикметті істердің құранды бойға, рухыңызға сіңіру үшін де зікір ғылымын меңгерудің де әр адам баласына жеке берілетін құпия зікір шарттары да бар. Ал мұндай арнаулы аманаттарды намаз қылып, тұрақты амалға айналдырмай құран аяттарынан ем-шипа рахмет берілмейді де, рухыңыз да, жаныңыз да толық тазарып сүннетелмейді. (Келесі басылымда мысалдар келтіріп, баядай жатармыз.) Сондықтан осындай сатылардан өтіп барып, құранның құпия сырлары, ғылым-білімі оқылып, ондай дәрежеге жеткен әрбір құранды зерттеуші, теолог, ғалым-сопы, хазіреттерден қандай таңбаңыз бар және пайғамбардан аманат-бата, яғни пайғамбар денесінің ерекше бір мүшесін, белгісін есіңізге жазып алдыңыз ба?- деп сұрауға мұсылман ретінде қақыңыз да бар. Және де қандай да бір «намазхан» аталған, мейлі имамдар болсын, сопылық жолдағылардың арқа тұсы, жауырындары үнемі тұтасып тұруы да сөзсіз. Бұл намаз, құран оқу арқылы алдындағы жазылған сөздердің солға қарай айналумен, арқа тұсында «Тіл-көз» болып, өрістік сипатқа айналумен, көпшілік жағдайда мұндай пенделер өздерін, бір-бірлерін құран аятымен немесе арнаулы дұғалармен тазартумен айналысады. Бірақ, мұндай тәсілмен өрісін аластағанымен, өрістегі бейнеленген таңбалар мен қаралықтардың тәнге еніп, ет пен тері арасындағы бос кеңістікте кенелерге айналып бейнеленіп кеткендерін және қан арқылы пайда болған шайтан ошақтарын қамшысыз жағу мүлде мүмкін емес. Ата жолында мұндай қайта-қайта дұғалар, зікірлер оқып және де ұзақ уақытқа созылатын өрістік тазалауды шырақ, от, майдың иісі арқылы да алып тастауға болатынын да біле бермейміз.

      Сонымен енді  сізге пір, ұстаздық етуші; хазірет немесе имамдар, дін ұстаздары, діни топ басшылары немесе ата жолындағы жоғарғы топтағы аққу, сұңқарлар болсын, Мұхаммед пайғамбарымызбен кездесіп, ақ батасын алмаған болса, онда әлі өздері де тура жолын таппаған және жазған кітаптары да, берген пәтуаларында әйтеуір бір көмес жалғандық бар екені хақ. Бұндай ата жолындағы негізгі хикметтер иманның хақиқатығының дәлелдері болып саналады. 2006-шы жылы «Ақиқат бастауы» атты 2-ші кітапта; мүфтият және қазақ діншілерінің негізгі жіберіп жатқан қателіктерін және ата жолының ғылыми маңызын, болашағын баяндап  көрсеткен, қазіргі таңдағы болып жатқан дін зұлымдықтарын философ, дін ғалымдарына таныстырып, елдегі дін сынақтарының туындау себептері мен апаттарды алдын ала ескертіп таратқанмен ел билігі тарапынан да жауапсыз қалғаны хақ. Бірақ мұндай жазбаларды халық арасына еркін көп тираждармен басылып таралуына муфтият ғалымдар пәтуасы болмай, тыйым салынғандар қатарынан болып табылған «Ақиқат бастауы» атты кітаптан  бір мысалдардан үзінді келтіре кетейік. «Сол жылдары «орталық мешітке барып жұмаға қатыс» деген уахи-бата алып, жұманы көпшілікпен және қазақтың ең басты дін ғалымдарының, хазіретінің қатысумен жұманы оқып, енді таспих тартуға дайындалып отырсам, олармен амандасуға «намазхандарым» орындарынан тұрып кетіп бара жатыр. Сол кездерде қазақ діншілерінің масһабының көрсетуі бойынша, жұмадан кейін Алланы еске алуға тыйым салуымен бірге, Раббының көркем есімге айналған аттарын еске алып, пайғамбарларға, әулие аруақтарына да құран да бағышталмайды екен. Олай болса, зікірдің ең басты негізі бұзылып, екі-үш жылдың көлемінде ғана осы қателіктер толық болмаса да түзетіле бастады. Сондықтан зікір туралы сол кездерде басылымдарда надандық пікірлер; «Зікір-гипноз» дегендей дін пәтуалары жарияланып, «Ясауи зікіршілері» тобының да сұхбат пікірталастармен  зерттелмей, ғалымдар кеңесінің де маңызы болмағандықтан, дін топтары өз бағыттарынан қайтпай, кемшіліктерін қателіктерін түзетпегендіктен де біржақты болып, арты қайғылы көріністермен аяқталуына; біріншіден дін ғалымдарының, имамдардың надандықтары, өздерінің де құран аятынан, пайғамбарымыздың сүннетін орындауларынан бас тартулары басты себеп болды.» Өкінішке орай, қазіргі таңда да масхаб біліміндегі намаз оқудағы ғана қателіктер шала түзетілгенмен, сол жартылай орындалатын намаз қағидаларының өзі жалпы қазақ елі бойынша көптеген мешіттерде жұма зікірі әлі де сақталмайды деген хабарлар бар. Сол сияқты тарауих намазын әдепкі жылдарда халықпен бірге оқып, артынан зікір деген мадақ арапша өлең айтып, мәз болып қайтып жүрдік. Кейіннен тарауих сәждесінің артынан зікірдің орнына жастар арап тіліндегі дұғаны өлеңдетіп айта бастағанда; арқам мұздап, мазасыздық пайда болып, тылсымнан белгілер келіп, қорған түсе бастағандықтан, өз ақылым бұл жағдайды шешуге қауқарсыз болып, амал жоқ Раббымнан құран арқылы себебін сұрадым. Және жалпы тарауих намазы қалай оқылады деген де сұрақ қойдым. Негізінен жаратушымыз; «Мұсаның сұрағанындай сұрамаңдар» деген ескертуінің сыры; Раббыңды яғни Алла өзіңді көрсет деп сұрамасаңдар болды, қалғанын сұраңдар деген ұлықсаты да бар құранда.

     Сонымен Раббымыздың ескертуінен кейін білгеніміз; масхаб білімдегілер Ясауи тобының жария зікірін айыптап соттаған «Фиқһ» ғалымдарымыздың өздері бір ай бойы бүкіл қазақ елінің бар намаз оқушыларын мешітке шақырып алып, кәпір жынды шақырумен айналысады екен. Тек «Ясауи» тобындағылардың кейде жеке пенделерде сирек кездесетін естен тану, түрлі жағдайларға түсу сияқты көріністің болмауы; ораза кезінде нұрдың түсуімен шайтандардың өрістік жағдайда қозғалысы да шектеліп, яғни байлаулы тұруынан ғана аман қалып жатқан жайымыз бар екен. Сонда Қазақ еліндегі 4000-дай мешіттегі адамдар санын орта есеппен жүзге көбейтсеңіз бір күнде 4-млн дай адам баласы ораза айында жүрегіне кір жинап және қосымша шерік қуаттарын алады екен. Бұл тек сүйегі қатып, 40-тан асып, ақылы толған мұсылманға көп залалы болмай, ал зираттаудан қашатындарға керісінше тіптен пайдалы, қосымша өзгелердің артынан еріп жүрген, тазармаған жынымен жүктеледі. Ал сүйегі былқылдап тұрған «көк қамыс» жастарға Абай-Шәкәрім аталарымыздыңдың ескерткен: «Сарынға жастар салмасын, кәпір жын келіп қалмасын..» «Нені тапсаң, оны тап, Жарамайды керекке. Өңкей уды жиып ап, Себеді сорлы жүрекке. Адасқан күшік секілді Ұлып жұртқа қайтқан ой, Өкінді, жолың бекінді, Әуре болма оны қой. Ермен шықты, ит қылып, Бидай шашқан егінге. Жай жүргенді уерд (жынды) қылып, Тыныш өлсеңші тегінде» деген ескертуі әулиелігі осындай жағдайды алдын-ала болжаған екен. Және Раббымыздың; «Тарауих намазы; 20 ракатпен, құнт дұғасымен оқылады» деген жауабын және осы шарттарды және бір ай жеке оңаша пайғамбарымызға мәуліт оқылғаннан кейін, міндетті түрде ораза айында немесе кейін пайғамбардан хабар келетінін, шапағатына жолығуға болатынын білдім. Енді сонда масһаб осындай намаз оқу арқылы берілетін игіліктерден неге хабар беріп жол көрсетпейді?-деген сұрағымыз орынды болар. Осындай намаздардың оқылуының өзінен және нәпіл намаздардан аталарымыз оқыған намаз бен масһаб ұсынған ережелерде неге қайшылықтар бар? Және тура жолдың намазы 8-ден тұратынын хазіреттер мен сопылар да неге мүлде білмейді? Құранда нақты парамен белгілеп көрсеткен намаз орындау, оқу шарттарын неге тақуалық діни топтарда бұзып оқиды дегендей сансыз сауалдардың жауабын ата жолында нақты көрсетіп, үйретіп, шәкірттер дайындалып, ізгілікке, мәрхаметке бөленіп жатса да, неге білімді аталған ел басшы, дін басшыларымыз, ғалымдарымыз ата-бабаларының өсиетіне қарсы болып, халықты зұлымдыққа итермелеп жатыр деген сауалды міндетті түрде қойып көріңіз. Енді адамзаттың осындай рухани кірлеп, аян, түстерге мән бермей және кейбір іс басындағылардың мүлде жүрек көздері жабылып, бірақ Раббымыздан белгі дәлелдерді көрсетуін тоқтатпайтынын жүздеген аяттарда ашық ескертеді. Сонымен мұндай белгілерді қалай ажырату керек деген сауалға мысалдар бере кетейік.

     Осы жылғы ораза алдында жұма намазын оқитын мешіттің бас имамы мен жоғарыдағыдай муфтият ғалымдарының берген пәтуларымен келіспей сөзін бөлгенімде; «Сіз үнемі менің сөзімді бөліп, осымен 4 рет қарсы болдыңыз. Егер керек болса біз масхаб білімділері, имамдары сіздердің ордаларыңызды да тексеруге хақымыз бар!» деп күш көрсетіп, оған мешітке келген көптеген жастар менің жасымның үлкендігіне де қарамай қарсы сөздерге келіп және өздері осыдай пікірлерімен құран аяттарына да байқамай ортақ қосып, ислам дінінің бірлігіне де қарсы сөздер айта бастағанан кейін, мүлде құран аяттарын теріс түсіндіріп жатса да имам сөзін бөліп, басқалай да қарсы пікір айтқанды да доғарып, барлық шешімін беруді құдайға тапсырған едім. Сонымен менің ескертіп;  «құранды басынан аяғына дейін жаттап алып және қатым қылып оқуға да болмайды» деген пікіріме де қарсы және жалпы жаратқанның үкіміне де қарсы биылғы жылғы ораза айында бас имамымыз өзі ынталандырып, құранды жатқа білетін қариларды алдырып, қатым құранды таруих намазымен бірге оқытты. Сонан оларды  намаздан кейін үйіне алып бара жатқан көлік жол апатына ұшырап, қариларымыз бір жеті ауруханада жатып шығып, кейіннен құранды басынан аяғына дейін өлеңдетіп оқуды қайта жалғастырғаны бар. Бірақ тағы да екінші рет осындай жағдаймен жол апатына ұшырап, енді бұл жолы жүргізушінің қайтып келе жатып жолды мас күйінде кесіп өткен пендені қағып кетіп, арты өліммен аяқталып, құдайдың қарасуымен және жамағаттың жабылып жәрдем беруімен сотталудан аман қалды. Сонымен енді бас имамымыз жұмадағы сұхбатында «…Осындай жағдайдан кейін қатым оқуды доғарсақ па деп ойладық, бірақ Алланың сынағы ғой ..» деген пәтуасына мен қарсы болғым келді, неге екенін қайдам, үндей алмадым. Сонымен қош, қатым шығарылды, ораза аяқталды, бірақ белгісіз себептермен имамның үйі құрбан мейрамында өртеніп, төбесі ортасына түсіп, бала-шағасы, жан ұясы аман қалды әйтеуір. Сонымен не ұқтыңыз оқушым? Бұл құрбан айында мұсыман пендесінен сынақтың түсуі және отпен ескерту де бүкіл масхаб имамдарына және маған да жазып түсіндір дегендей ірі белгі болып саналады. Сондықтан да тарауих намазының да дұрыс оқылмағанын және құранды жаттап, қатым шығаруға да болмайтынын да білдірген Раббымыздың үнсіз, харіпсіз қозғалыс себептермен көрсетілген аяты, бейнелі белгісі болғаны хақ. Бірақ оны жүрегімен қабылдап, ділімен түсінетін, Алладан, азабынан қорқып дұрыс шешім шығарған имамдар тарапынан әрекетті бұл жағдайдан кейін көре алған емеспін. Онда енді бүкіл масһаб білімі мен имамдарына, дін ғалымдарына да жеке-жеке сынақтардың басталатынын да білдіреді. Енді мұндай өрескел бұрмалаушылықтарды алдағы басылымдарда дәлелдермен көрсете жатарымыз, әзірге хижра уақытымен заман, дәуірлік, айлық оқиғалар уақытымен күндік намаз бен пайғамбарымыздың туған күнін, айын, мәулітін бұзып орындау сияқты жүздеген құран аяттарына қайшы, ғылымында қате намаздарымыз да жеткілікті. Бірақ бұндай ескертулер түгіл жазған еңбектері мен кітаптарынан жүздеген қатені көрсеткенмен қазіргі таңда арланып, ұялатын дін, ел, сөз басшыларын кездестіре алмайсың.  Баяғы жартас бір жартас, сол әңгіме, сол пәтуа, сол дұға арнаулы дін ісі мекемесі құрылса да  ешқандай рухани өзгеріс қазақ елінде болған жоқ. Бірақ, мен өз басым мұндай дін қандас бауырларымыздың да бұдан да әрі қарай «Жұт жеті ағайынды» болғандықтан да енді жан құрбандығымен жан ұясымен де есептесіп азапталғандарын да қаламаймын. Мүмкін осындай жағдайлармен адасқан діндес бауырларымыз тәубеге келер деген оймен осы ашық белгіні жария қылып отырған жайым бар. Сондықтан да ата жолына келіп, беріліп, көрсетіліп жатқан түрілі жағдайдағы хикметтерге көзін жеткізгісі келген оқырманға; ата жолы салт-дәстүрлі дінін орындап, бірге сырын зерттеп, шындығына үңіліп, Раббымыздың көрсетіп жатқан хикметтеріне көңілдің сәулесімен, жүректің көзімен бірге қарап көрейік, алдағы басылымдардан аз болса да рухыңызға, жаныңызға жарық нұр, иман болып келсе демекпін. Ал иман жарығының негізігі белгісі де сөздің астарын түсініп, өзің істемей-ақ өзгенің істеген, айтқан теріс сөздерінен, жындылық қылықтарынан  ұялып, іштей бұл қалай деген сұрақтың пайда болуымен белгісін беріп, осындай ар қуатының пайда болуынан кейін ғана түсіңіз де түзеліп, тылсымнан ерекше белгілер келе бастауы шарт. Иман мен ұят егіз ұғым болып, сөзден ұяла білуді меңгеру де иманға қарай басталатын саты болмақ. Ал, Раббымыздың берген белгісінен, аяндарынан, түстерінен, көрсеткен уахиларынан намазға, амалға алып ұялмақ түгіл, тітіркеніп қорқа білуді де меңгеру иманның өзі болып табылады. Сондықтан да бұл ақпараттар; Раббымыздан келген белгілер мен көрсетілген шындық бойынша ғана жазылғанын, бұл жазбалардың менің ойымнан пайда болмағанына, қазақтың ата-бабамыздан келе жатқан барлығымызға ортақ, біздерге сақталған мұрасы, аманаты екендігіне иман келтірейік те, яғни білімін, сырын ақылмен түсініп, ал енді құранның ғылымдық насихатына дін ғалымдарымыз түгіл бүкіл ислам араптардың өзі де мешіттерде серік қосып, аяттарға ортақ қосатынына көзіңізді жеткізгіңіз келсе, құранның Халифа Алтай аудармасын үнемі қайталап оқып, Алланың түсірген хикметтеріне жете мән беріп, рухани денеңізді, мал және жан амандығын қалыптастыру үшін дін ісі мен құдай ісінің ерекшелігін ажырата білу керектігін ескеріңіз! Егер құраннан ана тілінде үгіт, насихат білімі болмаса, сандар тағлымын да меңгермесеңіз, онда құран, хадистерді басынан аяғына дейін жатқа білсеңіз де құран аяттарына байқамай, күдіксіз серік қосып, Аллаға да ортақ қосумен айналысуға шайтанның азғыруына түсуіңіз де хақ екенін жадыңызға тоқып алғаныңыз жөн.

One thought on “Шындықтың келуі; «Түс түзелмей іс түзелмес!».

    1. Түс көре білмеген адам баласы жаратушысын да тани алмайды. Масһабтың адасқандығы да түстің маңызын жоғалтып алғаныда

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *