( Жалғасы, басы1;- 8;-ші бөлімдерінде)
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin-top:0cm; mso-para-margin-right:0cm; mso-para-margin-bottom:10.0pt; mso-para-margin-left:0cm; line-height:115%; mso-pagination:widow-orphan; font-size:11.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-ascii-font-family:Calibri; mso-ascii-theme-font:minor-latin; mso-hansi-font-family:Calibri; mso-hansi-theme-font:minor-latin; mso-bidi-font-family:"Times New Roman"; mso-bidi-theme-font:minor-bidi; mso-fareast-language:EN-US;}
Сонымен адамзаттың көместік жағдайдағы бейнесі екі жиіліктегі жаннан және рухтан тұрып, бұл рухани болмыстың заттық сипатында тән, ал рухани сипатын «дене» деп атаған дұрыс. Жан ақпен – жарықпен байланысты болса, ал рухани өріс жер бетіндегі барлық жаратылыс нәрселерімен байланысты болмақ. Ал адамзаттың негізгі болмысы «АДАМДЫҚ» болса, кеңістіктегі тұрақты орынмен және адамдық, денелік сипаты ағаштың жарыққа айналған зейнетінен және оны қоршап тұрған өрістік сипаттағы жеті түрлі бақшадан, ақыл сөз өнімінен құралып, шайтан да, жын да және екі түрлі еркектік, әйелдік адамдық бүкіл періштелік болмыс та осы орыннан, бақшадан өз орындарын алып, біртұтас бүкіл жаратылыс періштелерінің қасиеттік сипаты адам денесімен және көңілге байланған армен бейнеленбек.
Ал енді 4-ші негіз; адамзаттың құдайдан берілген нұр сипаты – жандық болмысы да топырақтан, яғни ақтың негізінен басталып, қанмен сия болып жазылып және қалам ағашы да осы дененің ішкі рухани ағзасы «Мен» болып бейнеленеді. Адам атамыз бен Хау анамыз бастапқы жаратылғанда материалдық емес жұмсақтық жағдайда, ақ негізді шаңнан, тозаңнан рухани көмес ерекше нұр жаратылыс егесі болып, мұндай күрделі періштелік адамдық болмыстық денені сыртқы әсерлерден қорғап, шектеп тұру үшін ақтан, ақылдан, сөздің буынан перде ерекше киімі болғаны да мәлім жағдай.
Енді жаратушыдан болған жаннаттағы ілімнен жеміс жеумен, ақпен араласудан қызыл түске боялып, бұл жанды-қанды нәрселердің жаратылысы, басы тек Адамнан ғана басталуын да есте сақтаған жөн. Және қанның қандайда бір негізі топырақпен ғана байланысты болатынын да естен шығармаңыз. Енді еркек қаны мен әйел қанының да ерекшелігі сонау жаннаттық алғашқы жаратылыстан басталғаны да сөзсіз.
Сонымен Хау анамыздың қанына араласқаннан жыланға айналған; «іштен шыққан шұбар жылан шайтан» ібіліс періштесінің жартысы болғаны сөзсіз. Ал Адам атамыздан қуылған ібіліс, еркек қанымен араласқандықтан жақсылық пен жамандықты ажыратып тұратын жын ағашына айналған еді. Бастапқы жылан және ағаш жақсылық пен жамандықтың арасын бөліп тұратын тек «МА» болып бекіді. Енді «Н»-ың негізі толық «Ман» болу үшін «Қан»-ның болуы да міндетті болмақ. «Қарын қаны мен жын (сұйықтық қуатының) арасынан, сендер апппақ таза сүтті ішесіңдер» деп ескертеді Раббымыз аятпен. Яғни, адамзаттың тектік белгісі де ана сүтімен, ділмен байланысты ұғым да осындай жағдайдан ғана пайда болары да хақ. Ібіліс біліммен және Адам атамызға берілген ілімнен тұрғандықтан, барлық бейнеленген әшкере болған білімді, ілімді білуші, сақтаушы жын қуаты екені және құранда 72 санды періштелік мәнімен адамзат білім-ілімінің теңдік көрсеткіші; Жын сүресі екені де хақ. Енді жын сүресін меңгеруге байланысты пайғамбарымыздың; «Менің үммметтерім 72 топқа бөлінеді, 73-ші топтан бастап тура жолын табады» деген өсиеті де қазіргі таңдағы масһабшылардың да, теолог ғалымдардың білмейтін және құран аятына да мән беріп ескермеген ғылымдық негіз жатыр. Бұл сыр алғашқыда Алла тағала; «Мұхаммед сол уақытта Раббың періштелерге; «Әрине мен жерде бір орынбасар жаратамын!» деген еді. Періштелер; «Онда бұзақылық істеп, қан төгетін біреу жаратасың ба? ..» деді. (3-31) Яғни, Адам атамызбен бірге қанның да пайда болып, жындардың бұл қан арқылы түрлі бейнелерге, хайуандарға айналып жер бетінде қан төгіс, шайқас болып, жануарлардың бірін-бірі қыруын, осы аяттың насихатын әшкере жария қылып тұр. Демек жын да, періштелер де тек адамзат қаны арқылы ғана барлық жанды жаратылыс әлеміне түрленеді. Ал қансыз періштелерінің сипатын шеріктер деп атаған дұрыс. Жер бетіндегі алғашқы судан шыққан ірі денелі хайуандар әлемі де жаннаттағы Адам ата, Хау анамызға байланысты оқиғадан ғана өрбиді, тарайды. Адамзат маймылдан тарайды емес, керісінше бүкіл жанды жаратылыс адамзат қанынан тарайтынын және адамнан ғана маймылдан доңызға, хайуандарға айналатынын да құран насихаттап тұрғаны хақ.
Жалпы дінші қауымның пайғамбарымыздың; «Жындарды ырымға айналдырмаңдар» деген ескертуі де осы жаратылыс сырын пайғамбарымыздың білгенін де растап тұр. Егер құран аяттарының сандық мәнімен меңгеруді үйренген әрбір оқырман 73-ші сүренің 20 аяттан тұратынын яғни 19 санды сынақтан, шайтанның салғанынан құтылудың және 20 сандық мәндегі философиялық қабат, деңгейден өтудің сыры екенін, насихатын да меңгерер еді.Сондықтан да 19 санды ғана меңгерумен, яғни 98 нәсілдік қуатты меңгерумен ұрықтың тазаруын аталарымыздың; «Ұлдың жақсы болуы нағашыдан, үйдің жақсы болуы ағашынан» деген нақылдың өзі еркектің қаны тектік ағашқа айналуын ескертеді. Қыз әурет үйлерінің де ағашы еркек ұрығынан пайда болып, сондықтан әйел затын «бай тал», яғни көптеген ағаштан тұрады, яғни «жеміс беретін талға бай» деп атаймыз.
Сонымен ата-аналарымыз шайтан-жыланның азғырумен ағаштан ( ібіліс ілімінің бейнеленген білімінен) дәм татқандықтан бұл киім жаннатта жарамсыз болып, Адам атамыз бен Хау анамызға берілген кітап білімі, яғни әуретті сызықтар, барлық құпия сырлар сыртқы жаратылыс егелеріне айқын көрінетін болып қалды. Яғни, адамзаттың жер бетіндегі білім де, қалам-ағашпен байланысты болуы да осы жағдайдан басталады. Және құранның да пайғамбарымызға әуелі Ғалақ-96, сонан кейін «Қалам»-68 сүресімен және осындай санның ретімен емес, керісінше түрлі жағдайда оқылуы да жаратылыстың жаралу реттілігін, құлшылығын меңгеруді білдіреді.
Ал, Адам атаға берілген ілім – бұл қорған киім болғандықтан, біліммен ілімді үнемі түрлендіріп, заттандырып отыру да осы хикметті жағдайдан басталады. Енді адамзатқа екі түрлі киімді меңгеруге тура келеді. Бірі – ілімді меңгеріп, жаннаттық рухани киім бақшаны өсіріп, суғару болса, екіншісі – материалдық жағдайда тақуалық киімді қалыптастыру де тәнді ыстық, суықтан және сыртқы әсерлерден қорғауға іштегі шайтанды жынның өрістік ықпалына қосылуға, онан шайтанын жыланға айналдырмауға да себепші болмақ. Бұл жағдайда тақуалық киімінің соңғы нұсқасы арап елдеріне Мұхаммед пайғамбармен толық бекіп қалыптасса, ал сақтарда жаратылыстың басынан, Нұх пайғамбарымыздан бергі тұстан қалыптасқаны жерімізден табылып жатқан мұрағаттар дәлел бола алады. Қазіргі жағдайдағы жалаңбас, жалаңаш, жалаңаяқтық арсыздықтардың батыстан келуі де діннің тақуалықты меңгеру, даму сатысының шығыстан басталғанын ескертіп тұр.Сондықтан да осындай тақуалық киімді, адамдық болмысты қалыптастыруға және барлық періштелер де өзіндік қозғалыстық қасиеттерімен бірге ібілістің де тектік екі сипатын да меңгеріп, онымен бірге жаннатқа өтуге аманат алғаны да белгілі.
Сонымен шайтан бастапқы ілімнен пайда болып, ал жын білімге тәуелді өсіп-өнеді, жетіледі, адам баласымен бірленеді. Ал ілім негізінен адамзаттың тақуалық қылып жанын тазарта білген ерекше дарынды, елшілік қасиеттерді меңгерген кісілікке жеткен ер азаматтарына ғана уахимен оқылады. Қандай жағдайда болсын, ілімнің адамзатқа оқылумен жындық қуатқа жазылатын болса және сыртқы әсер адамзат рухани өнімі – болмысы тазармаған жағдайда жындарға да айналумен, онан жындар арқылы білімге, өнерге айналып, жандағы-қандағы сезімдік шайтандарды да жетілдіруге себепші болмақ. Мұндай жағдайда қанның қуаттанып өсуі болмай, яғни жан жетілмей тұрақты болып қалғанда адамзат азып, руханият өркениеті де қалыптаспай, тек дүние қызығы мен білімді меңгерумен ғана шектеліп, ұрпақтан ұрпаққа берілетін тек ағашы жетілмей, азғындыққа түсе бастайды. Діннің де мақсаты заман біліміне қарай ілімді де жетілдіріп, яғни құранның бұл заманға дейін белгісіз болған ғылымын меңгеру арқылы ғана иман қуаты, яғни 3-ші тек жетіліп, қанды тазартуға жақсы мен жаманды електен өткізуге, адамзаттың көріпкелдік қасиетін жоғары қарай жетілдіруге себепші болмақ. Ал бұл қуат үннің үнемі жетілуіне, яғни шайтан қуатына да тәуелді болса, ал жын қуаты қол өнеріне – шеберлік қасиетті меңгеруге, Абай атамыздың; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп ескерткен насихатына сәйкес болмақ. Ал енді 3 қуат ішкі үнмен байланысты болып және әрбір ұлттың үндік таңбасының жүз жыл сайын үндік өзгеріске қарай сөз ұғымдарын, атауларды қайта қарап жетілдіріп отырумен де ерекшеленеді. Шәкәрім атамыз; «Таңба ыдыс, үндік несібе» деп ескерткен екен. Бірақ бұл тұрғыда да қазақ еліндегі тажалдық білім меңгергендер, болашақ үннің жетілуі көркем өнер арқылы дамуын да ескермей, таңбаны қысқартып, латын таңбасын алмақ болып, халықты азғындыққа, жанды жетілдірмеуге және жансыз білімге байланған 13 жасқа толмай өзге тілді меңгеруге зорлап, болашақта иманы кемелденбейтін мәңгүрт ұрпақты тәрбиелеуге жан беріп, жан алысуда.
Негізінен құранның 7 үнін әр халық өзіндік ұлттық 7 үнмен (до, ре ми, фа, соль, ля, си) арқылы ғана 49 үнді қалыптастырып, соған байланысты ғана таңбаларды да жетілдіретін әулиелік, елшілік сатыға көтерілген, құдайдан уахи алатын ғалымдардың ғана жұмысы екеніні түсіндіріп көр. Әрине, ондайлар түсінбейді де. Себебі ел тұтқасын ұстағандардың негізі білімді болғанымен, жанды біліммен кітапты, ілімді меңгермеген жындылар қатарынан болып табылады. Сондықтан да шайтанның жауы кітап болып оқылып жатқан ілім емес, керісінше иман қуаты болып көктен келетін жанды ілім. Осындай жағдайда шайтандық қуаттың жарыққа айналуымен ғана жақсы мен жаманды айыратын қандағы тек оянып, сонан кейін ғана жын қуатын жанды біліммен ғана тазартып, адамзатқа тұрақты қызметке кісіге айналдырумен біртұтасқа айналып жаннатқа енеді. Негізінен Інжіл бойынша жын қуатының саны 8 түрі болып, құранда да; «Сендер үшін сегіз түр жараттым» деген. Бірақ 8-ші, қара түсті аққа айналдыру адамзатқа діннің ілімдік сынағы болып саналады. Сондықтан да жын сүресінің 70+2 санмен, ішкі аят саны 28 мәнмен (72+28=100) белгілі болуында да үлкен сыр жатыр. Адамзаттың құлшылық сыры да 3 рет, (3х7=21) (12) жын қуатын 28 санмен яғни; 28х3=84 (48) санды аят, сүрелер де дінде жеңіске жету, иман қуатын толық меңгеріп, Раббымыздан сый алумен баяндалады.
Негізінен Адам-ата, Хау анамыз да 3 түрлі өлім сатысынан өтіп түрленуге түскені де құранда 3 рет сандық мәндермен ескертіледі. Сондықтан бұл тұрғыда да дін ғылымында да, әлемдік теологияда да мүлде ескерусіз қалған. Иттің, аттың да неге жеті қазынаның бірі болуының да сыры адамзат қанымен, жынымен байланысты екенін де біле бермейміз. Сонымен енді, адамзаттың рухани жартысы да бастапқы жаннаттағы ібіліс періштесіне «Кет» деген қарғыс алған екі тегіміз, яғни адамзат тіршілігі арқылы түрленуге түскен «МАН»-дығымыз болмақ. Жалпы жоғарыдағы ескерткендей, қайталай кетсек; адамзаттың мандық, тектік жаратылыстан тағдырмен берілген жақсы жаман белгісі, дәрежесі үшеу болып, төртінші замандық өзгеріске, ғылым, білім жетістігіне де қарай рухани бейнесін 101 түрлі, яғни адамзатқа сынақ болған 3 түрлі 11,81;9 мәнді сенімдік қуаттарды меңгерумен, 60+70=130 мәнді иман қуаты арқылы ғана қалыптастыру керек. Қазақта; «Мың бір атты қатерден (өлім) 101 атты пәледен сақта Құдай!», деп жалбарынған мал баққан аталарымыз, қазіргі түрлі білімді меңгерген, сөз баққан ғалымдардан да, ел басшыларынан да жан сырын, дін ғылымын әлдеқайда артық меңгере білген.
Енді бұл тектердің қалай қалыптасуына аз ғана мысалдар келтіре кетсек; Мұхаммед пайғамбарымыз; «Расында, әрбіреулеріңнің жаратылыс ана құрсағының жатырында 40 күн бойы бір тамшы түрінде қалыптасады, сосын дәл соншама уақыт, ұйыған қан қалыптасады сосын дәл соншама уақыт бір тістем ет түрінде болады. Сонан кейін Алла тағала бір періште жіберіп, оған төрт сөзді жазуды әмір етіледі және «Оның амалын, ризығын өмірін және бақытты бақытсыз болатынын жаз!» деп айтылады. Сонан кейін жан үрленеді….» (1294; 3208-өсиет)
Бұл өсиеттен 120 күн, (толық иман санынан 10 кем) яғни осы санды мәнімен адамның 3 түрлі тектен белгі қалыптасқаннан кейін ғана оған 4 сөзбен рух, яғни қасиеттілік еніп, оның адамзат тағдырының негізін қалап барлығы 7 белгіден тұратыны, 8-ші жалпы қуаттық шамада, ал рухани, тағдырлық белгіде 5-ші жан болып енетінін де пайғамбарымыз ескертіп кеткен.
Сонымен жаралыс 3 тектен негізі ата шауқатынан басталу керек. Және тектердің негізгі қасиеттері; Тәндік 3 түрге, Шеберлік 7 түрге бөлініп толық «МАН» қуатын құрау да керек. Ал негізінен жоғарыда баяндап кеткендей, көріпкелдік қасиет тылсым үнімен, Раббымызбен, ақиреттік періштелермен байланысумен және текпен берілген музыкалық дарындылықтар да жатады.
Енді негізгі 8 қуат ата-анадан және жаратушымыздан тағдырмен сыйға берілетін болса және ол жанмен басқарылатын болса, бұл қуаттарды жетілдіріп өсіріп, көбейту үшін де меңгеру үшін тағы 2 түрлі қуаттық сапаны, қарсылықты меңгеру керек. Сондықтан бұл сапаны, яғни рухани қуат-қасиеттер адамзатқа меңгеру – аманаттың негізі болмақ. Осындай жағдайда адамзатты руларға, ұлттарға, түрлерге бөліп, әрбір ұлттың сөзіне, тіліне қарай өзіндік жол-жоба, дін жолын өз арасындағы әулиелер арқылы түсірген. Ал, бұндай аманатты енді біз кейде «ТАЛ+АНТ» деп, адамдық қасиеттілікті атаймыз. Яғни; «ТАЛ» – ағашымыз ана қанымен, сүтімен нағашыдан ал «АНТ»-ымыз, яғни уәдеміз – ол нәсілдік белгіміз, тіл, сөз, ұлттық сипатымыз ілімде әулие-әмбилер арқылы түсірілген жол-жобамыз, дәстүр негізі болмақ. Бұл туралы аятта; «Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл, екі ерін?(9) Оған екі жол көрсетпедік пе?» (90-10)
Ана құрсағындағы тағдырлық белгінің жетпейтін 130-120=10 (күн, ай) санының мәні де осы аяттан аңғаруға болады. Міне, бұл әрбір пенденің шайтандығы көздермен байланысты, ал жындылық қуаты тіл, сөзбен, екі ерінмен, дәм сезуімен байланысты қалыптасып, «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» деген аталарымыз бұл аяттың және сүренің де шешімін ескерткен. Шайтандық қылық пен жындылықты меңгеру үшін әрбір адамзаттың өзіне тән тағдырлық екі жолы аян, уахи болып оқылады, көрсетіледі деп те ескертеді Раббымыз.
Алдыңғы тақырыптарда баяндалғандай әйел затының тәндік негізі еркекпен ұқсас болғанымен, ал жыныстық қуаттық, қандық құрамдық та, рухани қуаттық та сипаты мүлде бөлек екені де даусыз. Әйелдер негізі жыланмен және балықпен, яғни су жануарлармен жан негізімен байланысты. «Әйелдің шашы ұзын, ақылы қысқа» деп әйел затының шаш ұзындығы жыландық, (аминокислота) шайтандық қуаттың жіңішке әрі ұзын болуымен байланысты. Сондықтан бұрымды – жыланы ұзын қыздың да жыныстық қуаты да қалыпты болмақ. Керісінше «Шашты кестің бақты кестің» деп «Бақ-ағашын» жоғалтумен, жындық қуатының басымдылығымен, құйрық, ішек майларының тез өсуімен семіздікке ұшырау дертінің, европалық салттың азғындығын білуге болады. Сондықтан европа халық ертегілеріндегі шашы ұзын және жайылып тұрса; «Су перісі», сұлу қызға айналатын немесе садақпен оқ атып, көлдегі көл бақаға тиіп оның сұлу қызға айналу сияқты ертегі қиссалар мен т.б. көптеген жәндіктерге, тілекті орындаушы алтын балықтарға байланысты әңгімелер әйелдік рухани болмыспен, адамдық негіз – жанмен қатысты. Және негізгі аурудың түрі шайтандық қуаттардың бір-біріне қосылуынан немесе жындық қуаттарға тікелей адам тәнінде қосылуынан өрістік түрде де жәндіктерге (паразиттерге) айналуы болатынын да білген жөн. Мысалы «рак-шаян», «көкірек ауруы-грудная жаба» дегендер осындай тазармаған шайтандық, жындық қуаттардың арам қанмен қосылып, тәнде заттануынан, бейнелеуінен пайда болады.
Ал еркектер құрлықтық жерлік хайуандар әлемімен байланысты. Себебі, еркек жындық қуаттарды меңгеруге жаратылысы бейім болса, ал әйелзаттары шайтандық қуаттарды меңгеруге бейім болмақ. Сондықтан бөтелкеге, сандыққа салып қамалған диюлар туралы әңгіме ертектер де осындай жын қуаттарының адам болмысымен түрленуіне, ілімді білімге айналдырып, түрлі хикметтерді меңгеруіне де тікелей қатысты болмақ. Егер екіқабат болған, болатын әйел баласы түсінде теңіз жануарларын немесе балықтар көрсе, онда қыз баланың өмірге келуін ескертеді. Ал ұл бала киелі болып келетін болса арыстан, жолбарыс т.б. жануарлар болып аян беріледі.
Сәл шегініс жасап, бұл тақырыптардың бас жағында баяндалған; Адам атамызға және Хау анамызға қызмет қылған және қарсы болған барлық жаратылыс періштелер саны жаннатта 38 болып, бұл сан жаннаттық орын саны болып, ал енді жерлік болмысқа айналғанда 83 түрлі періштелік қуаттар жиынтығы болмақ. Абай атамыз да бұл сандық мәндегі қара сөзімен жаратылыс себебінің қазақ дәстүрімен байланысын баяндап өткен. Сонымен 83-38=45 санды мінез атты періштелік қуатты өндіру, 45 кітапты меңгеру білімді, ілімді адамзаттың ғана ісі болмақ. Бұл жерде теологиялық сандар философиясына сүйеніп отырған жайымыз бар. Бұл білімнің сырларына арнаулы тақырыптар да арнап жазармыз.
Сонымен адамзаттың барлық қуаттық періштелік шамасы 114 санымен белгілі болмақ. 83-38=45 (9) сандық мәнді рухани болмысты меңгерудің адамзаттың тәубасы болып, Абай атамыздың да 45 санды қара сөз жазуы да осы жағдайды білдіреді. Ал 114-83=31 санды адамзаттың білім мен ілімді меңгерумен, жақсылық пен жаманшылықты айырумен, ақыл қуатын меңгерумен қалыптасатын құлшылықтар мен даналық негізін меңгеру де осындай құран сырының ғылымын ескертіп тұрғаны да хақ. Сонымен 83 періштелік жағдайда толық тәндік және рухани адамдық болмысымыз қалыптасса, онда 83+10=93 сандық мәндегі рухани қуатты меңгерумен барлық періштелерді басқарушы дәрежесіне жетуге, яғни сабыр қуатын меңгеру болып табылады. Және адамзаттың өнімі болып табылатын; 45+31=76 санның құпиясын Абай атамыз «Жазғытұры» деген өлеңмен тіршіліктің өсіп-өнуімен суреттеген.
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі….
Безендіріп жер жүзін Тәңір шебер,
Мейірбандық дүниеге нұрын төгер.
Анамыздай жер иіп емізгенде,
Бейне әкеңдей үстіңе аспан төнер….
Күн-күйеу, жер-қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті.
Түн қырындап жүргенде көп қожаңдап
Күйеу келді, ай жұлдыз к…н қысты.
Күн – күйеуін жер көксеп ала қыстай,
Біреуіне біреуі қосылыспай,
Көңілі күн лебіне тойынған соң,
Жер толықсып, түрленер тоты құстай… (76-шы өлең)
Абай атамыз жер рухы – жан негізі болса, аспан рухы күнмен – күйеу болып, некелі жұбайдай жер бетінің түрленіп өнім беруі, яғни адамзаттың өзіне міндеттелген өсіп-өну, түрлену құлшылығын құран аяттарының насихатын да ескертеді. Теология шарты бойынша құранның «Мүлік-67» сүресін атамыз осындай бір өлеңмен насихаттап өткен.
Ал, енді бұл жазбаның негізгі тақырыбы болған, толық ар білімін меңгеру үшін 99-93=6 сандық мәнді; «Алтауды араздастырмауды» меңгеру арқылы ғана ар білімі қалыптаспақ. Алтау дегеніміз жалпы нені білдіреді? Бұл ақылдың адамзат бойы болып бейнеленуін ескертеді де аталарымыз; «Ақыл алтыда, ой жетіде» деген нақыл қалдырған. Ақыл суықтық, сондықтан 7 ойдың, ыстықтың 10 күнмен дәрежеленуінен «Жазғытұры» жағдайы адамзат табиғатында да түрленетіні де сөзсіз. Ол үшін де 114-93=21 сандық мәндегі ата жолының Айша ана туындағы жұлдыздар санымен, яғни көктік несібеге тәуелді екенін де білген жөн. Енді жерлік тұрғындарға 12 санмен, ал көктік 21 санмен белгілі болған мұндай рухани негізді жалпы түсінігіне аз ғана мысалмен тоқтала кетсек;
Сонымен адамзатқа да барлық тіршілік әлеміне ортақ 8 түрлі қозғалыс себебі мен 4 түрлі қозғалыс жаралыс басы болып, барлығы 12 түрлі адамзаттың да жаратылыстық нәрселердің де несібесі наны, қуаттық өсіп-өну азығы болмақ. Ал, енді адамзатқа ғана байланысты 8 түрлі екі аралық қозғалыс себепшісі болып, оның негізі 3 түрлі қуаттық жаралыс басы қозғалысы, яғни ойлау, көру, есту сезімдері қанмен байланысты болғандықтан, шайтандық қуатқа тікелей қатысты да болатынын еске сақтап қойыңыз. Және бұл 8+3=11 санды қуаттардың «БІР», яғни «МЕН» құдайлық негіз арқылы басқарумен 12 сандық толық қуаттар тізбегі, 12 мүше, 12 ішек ұғымдары да пайда болады. Келесі бөлімде арнаулы Ғиса пайғамбарымыздың мұғжизасына тоқтала да кетерміз.
Енді адамзат қызметі үшін жаратылған 8 түрдің 3-еуі тікелей жанмен, қанмен, шайтандық қуатпен байланысты болса, қалғаны; 5 түрлі шеріктік, адамзаттың рухани өнімі — жындық рухани қуаттарынан тұрады. Бұл қуаттарды меңгеруді қазақта; «Сегіз қырлы, бір сырлы, сегіз сері» деген атаулар бар. Құранда бұл жағдайды 58-ші (50+8) сүремен; «Үш кісі сыбырласса 4-ші Алла, 5-кісі сыбырласса 6-шы Алла» деп ішкі және сыртқы әсерлерді ескерткен. Сыртқы әсер, жындық негіздегі сырттан келетін әсерлік қуаттарды Абай атамыз; «Бес қуаттың бәрі де өнерге салар бар күшін» деп насихаттаған. Ал, адамның ішкі сезімдеріне, жанына байланысты болған 3 қуаттың жағдайын 43-ші қара сөзбен баяндап көрсеткен; «… Жан қуаты дейтұғын-бек көп нәрсе, бәрін мұнда жазуға уақыт сыйғызбайды. Бірақ әрбір өнердің тыстан тауып алып, ішке салғанын, соның тамырын берік ұстап тұруға жараушы еді…Бұл қуаттардың ішінде үш артық қуат бар, зинһар соны жоғалтып алу жарамас, ол жоғалса, адам ұғымы хайуан болады, адамшылықтан шығады…»
Бұл жан қуатына жататын қуаттардың да 9 түрі болып, 18 және 82 сандық өлшемде болады. Және ақ түсті құраушы қуаттар болып, барлық рухани жағдайды қамтитын және түрлі жағдайда дінде де, адамзат өмірінде де сынақтарды, аурулар мен жындылықтарды туындатуға себепші болатыны да даусыз. Абай атамыз ескерткен бұл қуаттардың ішінде ерекше орын алатын, қанға және шайтандық қуаттарды (гормондарды) меңгеруге, тазартып көбейтуге де байланысты адам өлгеннен кейін де кеңістікте бейнеленетін 3 түрлі адамдық бейнедегі қуаттардың да болатынын білгеніңіз жөн. Келесі тақырыпта бұл қуаттардың сипаттарына тоқтала кетерміз, енді тікелей жынға байланысты, адамзаттың білім, өнерді меңгеруге байланысты рухани негіздегі жансыз қуаттарға тоқталып кетейік. Рухани жағдайдағы жансыз бес қуаттың жайын құранда; «Олар зор айлакерліктер істеді. (22)Және олар; «Тәңірлеріңді тастамаңдар; Уад, Суағ, Яғұс, Яғұқ және Насырды әсте тастамаңдар» деседі. (23) «Расында олар көпшілікті адастырды. Раббым! Сен де залымдардың адасуларын ғана арттыр.» (71-24).
Бұл қуаттардың адам тәніндегі және рухани өміріндегі жағдайын «Ар мен Ман және Уақ қуаттары» деген 6-шы кітапта баяндап өткенмін. Дін ғалымдарының да адасуына және философ ғалымдарының да адамзаттың руханиятынан алыстап кетуіне де, осы қуаттардың адамның тәндік болмысына, гендік, гормондық өсіп-өнуіне де тікелей әсер беретін қуаттардың сыртқы, ішкі әсерлерін меңгеру тәсілдерінен және қазақ ұлтының даналарының тура жолды, сопылық ілімді меңгерген дін дәстүрінен бас тартып, діннің даму руханиятын мыңдаған жылға кейінге шегеріп, орта жолдық қауымдардың дін салтын алумен де зиялы қауым өкілдерінің, ел басшыларының жындылықтың құрсауынан шыға алмай, рухани жетілмей қалуына ғана себеп болғаны да хақ.
Аталарымыз мұндай жағдайды; «Кедей бай болсам дейді, Бай құдай болсам дейді» деген астарлы нақылымен де түсінуге болады. Ел шаруашылығын көтеруге, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған ел биліктің саясаты да, халықтың нанымы да қалайда өзге елден қалмай байлыққа кенелу екені де сөзсіз. Мұндай жағдайда тек жындылық пен шайтандық қабілеттер жетіліп, ал құдай ұғымы, естілік қасиеттердің даму жағдайы байлықпен бірге немесе қатар тұрмайтынын және рухани дәрежеде де меңгеру мүмкін болмайтынын Абай атамыз бірінші қара сөзінде ескерткендей, бірді табу үшін де өмір базарынан босанып, оны меңгеруге тиісті аға буын өкілдері мұндай рухани ахуалды меңгеруді, жан тазалығын мүлде қаперден шығарып, ел тұлға халық мойындайтын әулиелік қасиеттер тек шаруашылықты меңгеру мен шаруашылығы дамыған мемлекеттерге еліктеумен әлемге ортақ білім дәрежесінде қалғаны да даусыз. Ал ілімді меңгеруге арналған және өзін осы жолда бағыштағандар да пәндік жансыз сипаттағы білімге айналған дін қағидасынан шыға алмай, ақылды тежеп, ойға шек қоюмен ұлттық руханиятымыздан өз кіндігінен ажыратумен, ұлт дәстүріне тарих шежіресіне жалғана алмай, жындылық деңгейдің құрсауына, яғни 19 санды кедергіден өте алғаны жоқ десек қате емес.
Антын алғанмен өз шежіре «ТАЛЫНА» – әулие, даналар аруағының жанына, жанды кітабына-аянға жалғана алмағандықтан, қазақ еліне келген қияметтік сын сағатының отын қоздырып үрлеуге, ел басына түскен рухани сынақтарды еселеп арттыруға ғана себепші болып жатқаны да хақ. Сондықтан қазақта халыққа тұлға болмақ болған, тек бес қуатты, яғни жын қуатын, өнерді, білімді меңгерген бәйтерек көп, бірақ жан қуатын жетілдіріп негізгі 3 қуатты меңгере алмағандықтан, имандарының жапырағы жайқалып өсе алмағандықтан, дін дәстүрін, әулиелікті меңгере алмағандықтан, халыққа берер жарығы түгіл ағашының көлеңкесі де жоқ. Шәкәрім атамыз «Адамшылық» атты өлеңінде;
Кісіге адамшылық неге керек?
Адамдық-өзге айуаннан артық, демек!
Ит талаған төбеттен қалай дейсің, (Жындылық қасиет)
Аямай әл келгенін жұлып жемек.
Мейірімсіз қасқырда да күшті өмір бар,
Артылған жерің қайсы онан бөлек?
Үнемі сен жеріңді қайдан білдің? (Қанағатсыздық)
Бұл дүние кезек берер істі өңгелеп. (Сынақ, не істесең басыңа қайта келер)
Онан қорқып, обырлық қоймасаң да,
Адам боп, хайуаннан болсаңшы ерек?
Жалмағанша, жәрдемің тигізсеңші,
Жығылған, жылағанға болып көмек.
Мархабатты теріс деп кім айтады? (Артық хайыр жасау)
Адамшылық сол дейді тамам зерек.
Мейірім-жақсы, зұлымдық-жаман дейсің,
Қасқырлыққа қайтесің құр дөңгелеп (жындылыққа)
Жаны ашып жәрдем қылмай өткен адам,-
Өсіп, өшіп құлаған бір бәйтерек.
Адамшылық неден бұзылады және қазақ елінде ел шаруашылығын меңгеріп, соншама әлем таң қалатын жетістіктерге аз уақыттың ішінде жеткенмен, қайғы-қасіреттің жылдан-жылға үдеп, жастарымыз бүлікшіл аталып, халықтың ауыз біршілігі қазақтың тұтастығы тек дүние байлығына, күнделікті тіршілікке ғана байланып, заңның қадағалауынсыз өмір сүре алмайтын дәрежеге жетуімізге, бір-бірімізді түсіне алмайтын және ұлтымыздың бәйтерегі болған ақсақалдар міндетінің жоғалуына, құлауына не себеп болды? Рухани құндылығымызды, дәстүрімізді түсінбей, ел биліктегі сондай ақылды азаматтардың адасып, өзге елден көшіріп алған жындыларға ғана арналған заңдарға табынуына, үнемі жүгінуіне да себеп болды деп сауал қойыңыз.
Жындылықтың негізі әуелі біздің дін ұстанымыз бен ғылым-білімімізде тұрғанын дәлелдеп шығу үшін де оны түсінетін ел басқарған, зиялы қауым аталған азаматтардың сөздің астарын, сөз ұғымдарын түсінуге жүректерін ашу керек. Болмаса ешқандай білім де, ашық құдайдан түскен белгіге де жындылықтары мойын бұрғызбайтыны, қандағы шайтандары қарсылық білдірулері де хақ. Қандайда бір философиялық ой қабаттарының кедергісінен өту үшін күнәлі рухтың өлуі керек. Бұл шариғат ісімен мүмкін емес. Құдай ісі хикметке жолығумен ғана мүмкін болмақ. Сондықтан да ондай қарсылықты жеңу үшін Раббымыз; «Інжіл мен Тәуратты және өздеріңе Раббыларыңнан түсіргендерді (дәстүрлік амалдарды) меңгермесеңдер түк емессіңдер» деп ескерткен. Ал Ғиса пайғамбарымыз мұндай Құдай патшалығына кіріп ақпарат алу үшін, жүректегі жабылған мөрді ашу үшін де, дүние байлығы мен рухани байлықты қатар ұстап терең меңгеру мүмкін еместігін Інжілде; «Басшылардың біреуі Исадан;
-Ізгі Ұстаз! Мәңгілік өмірге ие болу үшін не істеуім керек?-деген сұрақ қойды. Иса оған;
-Мені неге ізгі дейсің? Құдайдан басқа ешкім де ізгі емес. Оның өсиеттерін білесің ғой; «Неке адалдығын бұзба, кісі өлтірме, ұрлық жасама, өтірік айтпа, ата-анаңды сыйла!»-деп жауап берді. Ол кісі;
-Бұлардың бәрін жастайымнан орындап келемін,-деді. (шариғатқа берікпін, парызшылмын). Иса мұны естігенде:
-Саған тағы бір нәрсе жетіспейді. Қолыңдағы бар мал-мүлкіңді сатып, түскен ақшаңды мұқтаждарға үлестіріп бер, сонда сенің қазынаң көкте болады. Өзің қайтып келіп, шәкіртім болып соңымнан ер!-деді.
Бұларды естігенде әлгі кісінің еңсесі түсіп қапаланды. Себебі ол өте бай болатын. Иса оның қайғыланғанын көріп;
-Мал-мүлікке бай адамдардың Құдай Патшалығына кіруі қандай қиын! Байдың Құдай патшалығына кіруінен гөрі түйенің ине көзінен өтуі оңай,-деді…» (Лұқа 18-ші тарау).
Міне қазақ елінде де Алла жолында соғысу үшін Інжілдік елшілік қасиеттерді меңгеруге, күнәлі рухын өлтіруге, өлім хикметімен кездесуге шыққан бұқара халықты масһабшы парызшылар көмегімен ұлтымызды бір-біріне айдап салып, садақамен байып жатыр деген байбаламнан құрбандық шалумен зияраттап, аз ғана ақшасын жұмсаған кедейлерді де бұндай Құдаймен байланыста тұратын аруақтық білімге ел билік заңмен тыйым салып кіргізбей қойды. Сонан халық жынданған үстіне жынданып, рухани азғындыққа белшесінен батып жатыр. Ал масһаб білімімен шариғат ұстану арқылы тек сыртын тазартып, күнәлі рухы өліп, бірақ өлім хикметімен, аруағымен кездесе алмаған жастар өлімге басын байлап азғырғандарға, бірін-бірі өлтіріп жоюға арналған жындылар тобына қосылып кетіп немесе өзіне-өзі қол жұмсауға да барып жатқаны да даусыз. Ал жағдайы келетін, тәрбиелі, тәртіпті меңгерген білімді қауымның, ел биліктің қанша шариғат ұстанып парызды орындағанмен, көкке рухани дүние жинауға, байлығын мұқтаждарға толық үлестіріп кедей болып бұл жолға ізденуге ары-намысы жете ме? Жоқ әрине. Бірақ сонда да қарапайым бұқара кедей қауымының арасынан Құдайдан келген ақпарат-уахиды, алдағы болатын сынақтарды, азаптарды ескерткенмен мойындауға тағы да жын-шайтандары жібермей, «еркі» ағаш болып қатып қалғаннан, Құдай оларға бастарын күте алмағасын маңдайына тағдыр тақтай ағаштарын таңып, арқасына «Крест»-өмір, тек ағашын арқалатып қойғандарға түсіндіру де мүмкін емес.
Осындай көрініспен ел биліктің түрегеліп ағашқа айналуымен, үнсіздікпен өлгендерді еске алуы немесе шайтанға құрмет қылып гүл шоқтарын қоюы, шайтанды мадақтап өлікке қол шапалақтап шығарып салуы және Ғиса пайғамбар жұбы Исаның крестен түсіртіп алғандағы жалаңбас, ағаш болып қалған жағдайына еліктеу сияқты исламнан теріс айналғандар негізінен ақсақалдар тобы мен зиялы аталған қауым үлгі болуда. Сол сияқты жын ағашын оттың негізінен атамыз бес жемісін, анамыз үшеуін жеп қойғаннан кейін жеміс бермей қалып, оны ескерген жындылар шыршаны төрге қойып, оның басына бес жұлдыз – шерік жын қуатын (жемісін) жұлдыз қылып қадап, айнала түрлі жемістерін (нәсілдерін) қуыршақпен бейнелеп әсемдеп, іліп және адамзат өнімі болған барлық хайуандармен бірге ағаш айналып табынудан елімізге қайғы-қасіреттен басқаның келмейтінін, керісінше жаратқанның лағнетін ғана арттыратынын түсіндіру мүмкін бе? Әрине мүмкін емес. Абай атамыздың «Мақсұт» поэмасындағы жынды суды ішіп мас болған халыққа амал жоқ, патша мен уәзірдің де ішіп алып қосылуы қазақ елінде де дәл сондай болып қайталануда.
Бұндай адамзаттың тегінің ағашқа айналуын талқандап сындырған, сәждеге иген Мұхаммед пайғамбарымыз да; «Қиямет күні Ғиса пайғамбар жерге түсіп, крестерді сындырады (сәждеге жығады) «жазияны»-тәкаппарлықты түгел жояды» деп ескерткен екен. Сондықтан өздерінен артық әулие, білімді жоқ, біз халықты дүние байлығымен ғана бақытты ел қыламыз деген тәкаппарларды Құдайдың көмегінсіз халықтың рухын оятып құдайдан жәрдем сұратпайынша, мұндай «бәйтеректерді» мойындату, дін-діңіне ию насихатпен, сөзбен мүмкін емес. Шайтанға айналған қара қатындай қағыс естіп, тағы сайтта билікті мазақтағандарды 3 жылға емес, мүлде қамап шығармау керек деген де бір адамға да арнап заң шығартары, оған «халықтың қалулылары» бір ауыздан қол көтеруі де, ел басын ондай жындылықтарға қол қоюға мәжбүрлеуі де сөзсіз.
Олай болса бір ғана амал бар. Бұл жазбалар ішінде жын-шайтаны барлардың ашу-ызасына тигенмен, ел билікте, зиялы қауым арасында өздерін байлықтың құлы қылып арын жоғалтпаған, «Үш ағаш тегіне атын байлай білген» ер азаматтар да баршылық. Ел биліктің арасында да 40-тан асып ақылы толып, елуді еңсергендерден 7 азамат, ал зиялы қауым ішінде де 40 шақты ғана жүрегі мұндай білімге қозғалып өзгелер үшін, ұлтының болашағы үшін арланып тыпыршитындар да бар. Онда, сондай көкжиекті көре білетіндер үшін де бұл тақырыпты әрі қарай, адам баласының еркі-тегі қалай қалыптасатынын да, дін ғалымдары мен философия, психология білімінің мүшкілдігін, қателіктерін баяндауды жалғастыра береміз. Себебі, түбі сондай азаматтарды Құдай қолдау беріп, бұл ендігі 6 жылға созылатын рухани сынақтан халықты мүлде қырғынға ұшыратпай алып шығуға ата-жолына сапқа тұрары да, бұқара халықтың мұқтажына қорған болары хақ.
Ата жолы жазбалары мен ата дәстүрінің насихаты, кітаптары және құран теологиясы мен Ясауи діни жолымен, қазақ әулие-әмбилер аманаттарымен танысқыңыз келсе мына сайтқа кіріп көріңіздер; http://btk.atazholy.local/