XXXIV-Ойға түрткі, ақылға дем. Жындылық пен ынсаптылық және  адамдық  ұждан, ар текті  меңгеру

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 144

«Шын асықтың әрбірі Өліп топырақ болды да. Жаралыстың тағдыры Жаратты мені орнына. Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар. Жалғыз жарға шоқынған Қайда мендей пенде бар? Менің жарым қыз емес Хақиқаттың шын нұры. Оны сезер сіз емес, Көзге таса бұл сыры…»  (Шәкәрім әулие). Қазіргі таңдағы «зайырлы мемлекетпіз, зайырлы дін ұстанамыз» деген дінші, ел билеушілердің пәтуаларының қазақтың нанымына, сөз өнеріне, атау сөздердің ұғымына ашық қарсылық болып; «хақиқаттың нұрын жүрегіне алған, еліміз түгел әулиеге айналған, құдай патшалығындағы  елміз» деген ұғымды меңзейді.  Атау сөз ұғымдарының ойына жүгінсек; Сауаттылық – тектілік, ұғымдылық болып адамзатқа тән қасиет болады.

Зайырлық – ішкі жаратылыстық құпия сыры, тегі болып барлық жаратылыста кездесетін қуатқа жатады. Шәкәрім атамыз; «…Бәрінің нұры қосылған Мол керемет менде бар.» зайыр ұғымының адамзаттың болмысында кездесетін Алланың нұрынан, жанның ғылымдық сырын хақиқаттың шын нұры, құдайлық белгі-жар деп түсіндіреді. Олай болса, мұндай атау сөз ұғымдарын терістеп, халықтың ақылын қазыққа байлаушылар ібілістің ұрпағы деген ұғымға да лайық болады.

Қазақ еліне құдайдың хақиқаттың нұры түсіп, халықтың жанының ішкі зайыры болып қалыптасу үшін жоғалтқан аманаттарына, үзілген дін жібіне, ата-бабалар есі жадына жалғану басталған еді. Ол үшін де жер кезіп, табанымен жер ана қуаттарына жалғанып, әулие-әмбилердің алдынан өтіп, құдайға сыйынып, күнәсінен ақталып, мал, дүниесін тазартумен әлемге ислам дінінің бірлігін, тура жолдың үлгісін яғни құдайшылдықтың негізі болған ата дәстүріміздің заманға бейімделген ата жолы құлшылығын көрсетіп, рухани өркениеттің көш бастаушысына айналуы да тиіс еді. Бірақ әрбір қозғалыстың қарсылығы да қоса пайда болуымен, қазақтың өз ішінен ібілістің көмекшілері мен ұрпақтары ел билеуші, дінші, білімді қауымнан шыққаны да хақ. Әрине жаратқанның үкімін өзгертуші жоқ, сондықтан болашақта бұл белесті меңгеретін топтардың қалыптасуы да хақ.

Алайда дүние байлықты, жалғанның тіршілігін басқарып, дүниелік істерде керемет таланттылардың ел билеуші, дін имамы, ғалымдар болып, ата дәстүрін меңгеруге, дінге қарсылық білдіріп, құдайсыздықты дәріптеумен ібілістің ұрпағы болып алғаны да хақ. Негізінде адамзатты адамдық жолдан тайдыру білімде ғұлама болған, ілімді түсінуден бас тартқан ібілістің де жаратушыдан алған үкімі екені де мәлім жағдай. Сонымен мұндай замандық толғаққа қарсы әрекет қылатын білімді, өнерлі, дүние ісін жетік меңгеретін ел билеуші, дінші, ғалым, жазушы, ақын сияқты ібілістің ұрпағы, білім тұрғысындағы жәрдемшісі болып, құдайға ашық қарсылық білдірушілердің де қазақ елінде жеткілікті екені де хақ.

Және қазақ еліне түскен хақиқаттың қарсылық  істердің басында ел басшымыздың өзі тұрып, біздердің, ата жолындағы қасиеттілік жолында ізденгендер арқылы беріліп жатқан хабарларды тексеріп, зерттеуді былай қойғанда, құдайдың күнде ашық ескертіп жатқан белгілеріне, табиғи апаттарға, оның алдын-ала берілген хабарларына да мән бермей, тек қана әлем елдерінің өткен тәжірибесін, дүние табу өнерін, салтын қазақ еліне, халқына, дәстүріне лайық па, лайықсыз ба қарамай, қазақ елі үшін  жаңашылдық деп қабылдап қандайда бір ой жорыған шешімін заң шығарып мақұлдайтын ел билеушілірдің тобын құрып, өз саясатын құдайға қарсылығын да халыққа мақұлдатуға шебер болып алғаны да сөзсіз. Жалпы Алланың жолы – нұрлы жол, Алланың өзі болған құдайлық жолы сара жол және қарсылықтармен кедергілермен ібілістің араласумен болатын дара жол болатынын да естен шығармаған жөн.

Ел басымыздың мемлекетіміздің көлік қозғалысының жолын қалыптастыруға арналған жарғылары қара жолға және арба жолы, ұшақ жолы, темір тұлпар жолдары болып ұғымдық тұрғыда белгіленуі тиіс. Ал өркениеттілік тұрғысында болашаққа даңғыл жол деп аталғанда ақылға онша теріс болмас еді. Сонымен бірге халықтың дүние тіршілгіндегі тұрмысын жақсартуды әлеуметтілік деп атаудың өзі сауаттылық (тектілік, ұғымдылық) қасиетімізді теріске бұру болып табылады. Осындай әрекеттердің дін ғалымдарының, философ, теолог, ақын, жазушылардың да тұрақты кәсібі болып, қазақ сөз ғылымына 8 сандық, 13 сандық қуаттық жүйесін жоғалтуға яғни жетелік, саналық ақылды меңгеруге жолдың жабылып ақылды білімге байлап матап рухани өлі мәңгүрт елді қалыптастыруға қызмет қылып әлі күнге дейін жалғасып жатқаны да хақиқат.

Мұндай жағдайда  рухани өркениетіміздің үлгісін, сөз жүзінде Абайын, даналарын үлгі қылып, іс амал тұрғысында мүлде қарсы, дінсіз яғни құдайсыз билікті қалыптастырғаны да бұл айыптауымызға ашық дәлел болады. Ел билігі, шығармашылық қауымы, дін имамдары қанша білімді болып, меңгерген білім тұрғысында адамгершілікті қауым құрмақ болғанмен Алланың жібінен, ата-баба жады естілік қуаттарынан, жүректерінен ажырап құдайсыз қауымға айналуы да заңдылық. Мұндай қауымда, мемлекеттің ел басқару саясатында құдайдың барлығы, растығы, хабары мүлде ескерілмей тек қана заңға, өзге елдердің жақсысына табынған дара жолдардың түрлі сипаттарына бөлініп алып, өзаара қым-қуыт тартыста өмір сүруі де хақ.

Қазіргі таңдағы қазақ мемлекетінің бастан кешіп жатқан жағдайы негізінде ел басшымыздың таңдаған дара жолымен яғни белгілі бір дүниелік, рухани құндылықтарды бөліп алып саясатқа айналдырып өзін құдайға айналдырумен де байланысты екені сөзсіз. Бұл сөзімізге ашық дәлелді «Нұр отан» партиясы ғана «дара» болып, әділетті заңдар шығарып, қазақ елін жеке дара бақытқа жеткізеді деген құдайға ашық қарсылық пәтуасынан да аңғаруға болады. «Құдай қаласа» деген ұғымды ел басшымыздың аузынан есту де мүмкін емес. Ел билеушілердің, іс басындағылардың осы сөзді пайдаланудан шығарып тастауынан да иман, сенімдерін жоғалтып алып құдайсыздарға айналғанына куәлікке  кепіл болады.

Жалпы әлемде мұндай тарихи оқиғалардың да болғаны хақ және ол замандарда да белгілі бір дүниелік біліммен елдің шаруашылығын өркендетумен озық болған ел билеушілердің өзінің дара жолын таңдап, құдайдың хабарына қарсы болып, бірақ ОНЫ жеңгені де болған емес, керісінше талай елдердің осындай әрекетпен жер бетінен тұқымсыз жоғалғаны да хақиқат.  Енді мұндай қоғамның құдайсыз басшыларын; «Аурусыз жанға айла жоқ, Аурулы жанға дәрі бар. Аурусыз адам қайда жоқ Аурудың онда бәрі бар. Аурусыз жандар-мисыздар Мисызда ауру бола ма? Тәні сау, миы науқастар, Ондайға дәрі қона ма?..» деген Шәкәрім атамыздың ойшылдығымен пайымдасақ сөз мәресі-нәрі жүрекке енбесе, ол пенденің қандай білімді, ғалым, атақты болса да белгілі бір жындылық топтың біліміне, тәжірибесіне негізделіп алатыны да хақиқат.

Алланың жібі – дін жанның тұтастығы болып, әрбір ұлттың таихи жадымен өрілетіні де хақ.  Жалпы арап елдерінің даралық жолы масһабтарға бөлініп немесе белгілі бір тарихтағы әулиелерді құдай қылып алып тікелей Аллаға құлшылық қылу деген фанаттық, қияли діншілдік емес, әлемге ортақ бір құдайшылдық дінімізді сақтау арқылы ғана елдігімізді, жер бетіндегі ұлттық белгіміз бен жеріміздің де бүтіндігін сақтауымыз парыз екені де мәлім. Қазақ дәстүрі ата жолы құдайдың қалауымен ғана ақылды меңгеріп, даналықпен, естілікпен түп негізді жаратушымызды тануға негізділген. Алланы ЕСКЕ алу дегеніміздің өзі есіңді тауып жалғану, яғни туысқандық жүйені бір жүректі меңгеру екені де сөзсіз. Пайғамбарымыз «Туысқандықты үзбеңдер» (естің жүйесін) деп ескертіпті.

Қазақтың ел билеу саясатында европа батыс елдерінің өнерін, шаруашылық даму жолын таңдағанмен, рухани тұрғыда естілік жадымызда түркілік негізімізді сақтаумен, екеуінің арасын естелік бір ақылдың қуатымен бірлеуіміз керек еді. Бірақ ел басшылармыздың ата-бабаларымыздың аманаты ата дәстүрі – дінінен бас тартып, қызылбастық масһабтық тәпсірлік білімдерге негізделген тарихи кезеңдерге дара жолдарға қайта оралып, бір жақсының кісілік, әулиелігіне табынып, құдай қылып алатын, құдайсыз мемлекетті қалыптастырумен байланысты құдайшылдық сара жолымыз болған Ясылық – діннің ақ бастауынан өз тегімізден ажырап, рухани мәңгүрт тек қана заңға бағынып, дүниемен басқарылуға оңай, ұлттық тұрғыда ғана даралығы бар мемлекеттің негізін қалап та үлгіргені хақ.

Бұл жағдайда ел билеушілер үшін; үш түрлі құдайға ашық қарсылықтың қазақтың тарихында таңба болап қалатыны да хақ. Бірінші; ата жолын садақамен байып жатыр деген көре алмастықпен қудалап, ғылымдық тұрғыда зерттеп, ақ қарасын ажыратып, рухани тұрғыда білімін меңгеруден бас тартумен 15-20 жылға заман ырғағынан, толғағынан кешеуілдеп қалуға себеп болды. Осы жағдайға байланысты қияметтік сағаттың үкімі түсіп қаншама азап, апаттардың ескертілуімен халықтың да ауруы, өлімі еселеп артып жатқанымен, оған қарсы ібілістік білімді, европалық емдеу тәсілдерін, құл темірге табынуды, тәнді ғана сақтауды өркениетілік деп қабылдап, жан қуатын жоғалтқан халықтың мәңгүрттеніп, тектің азғындауымен ғана нәтижесін беріп жатқанын аңғарудан да қалғанбыз. Рухани тұрғыда халықтың жандары өлі, әлемнің бар құзғындарын қазақ елінен, ақпараттық жүйесінен көрінісін тауып жатқаны да дәлел болады.

Халықтың рухани ояу болып, жүрек көзін ашудың жолына түспеу үшін ібілістің кедергісі ғылымды терістеу болып, бұл тұрғыда да ел билеушілер ібілістің ұрпағына лайық бола алғандары да сөзсіз. Білімділікті, біліктілікті, өнерді Алланың құпия білімі, жанға қуат иман, ғылым деп атап, үш тілді меңгеріп ағылшын халқынан ғылым іздетіп, шынында нәсілдік азғындық белгілеріне, жындық қуатына жанды айырбасқа саудаға салып қойғандарын да әзірге дәлелдеп, түсіндіру мүмкін емес. Себебі дін масһабтың Ханафилік дара жолды таңдап, сара жолымыз құдайшылдыққа, әрбір пенденің қауымы аруағы болып, құдайдан өз менімен хабар алуға да қарсы. Азаматтық ғылым мектебінің негізі болуға тиісті философиялық, ойшылдық ғылымның да бұл дара жолды қолдауымен жетесіз, санасыз ел басқарушыларының жоғарғы дәреже, марапатқа ие болуына жол ашып қойғаны да сөзсіз. Сондықтан сана түгіл жетесі қалыптаспаған лауазымды ел билеушілер ақылдарының қуаты әлсіз, сауаттылық тектілігі, ұғымдары жетілмей, ата-бабаларымыздың жүректермен байланысты естілікке жалғана алмай, тарихымыздан, болашақтан хабар беретін құдайдың хабарын ертегіге санайды.

Әрине мұндай жағдайда сара жолдың шарты, жандардың бірлігін сақтаудың, сөз ұғымдарын, сауаттылықты меңгерудің яғни жүректен-жүрекке имандылық қуатын беретін, құдайдың қалайтын туысқандық жібін сақтайтын еліміздің үлкендері, пайғамбар жасына жеткендер мен ақсақалдар болуы керек. Бұл қуатты ар білімімен байланысты намыстылық деп атап «Бөрікті бөріктінің намысын қорғайды» деген бабаларымыз. Ал «БӨРІКТІ» болу үшін де Алладан ұялу, яғни құдайшыл болу керек.

Құдайшылдықтың негізгі шарты; Алланың сөзі – рұқымен, бастың тазалығымен Ғиса пайғамбарымыздың ғибратты үлгісімен және Мариям сүресімен 19-санды қарсылықты меңгерумен тікелей байланысты. Пайғамбарымыздан; «Алладан шын мәнінде ұялыңдар!-деді. Біз; -Уа Алланың Елшісі! Құдайға шүкір, біз Алладан ұялудамыз дедік. Пайғамбармыз; -Менің айтайын дегенім сіздер білетін ұят емес. Алладан шын мәнінде ұялу; бас пен ондағы ағзаларды, дене мен ондағы мүшелерді қорғауыңыз, өлімді және топырақта шіруіңізді еске түсіруіңіз болып табылады.  Ақиретті ойлайтын адам дүниелік өмірдің қызығушылықтарын тәрк етіп, ақиретті таңдаған жөн. Кімде-кім осы айтқандарды мүлтіксіз орындайтын болса, Алладан шын мәнінде ұялған болады.» (Термизи Қиямет 24;2458) Еркек басы Адамдық сипат болып, ақ топырақпен яғни жердің барлық жыныстық қуатымен жалғануы, ағаруы шарт. Ал әйел басы еркектің аяғынан, ақтан ақылдық қуаттан болып, алтын басты болып және аяғы жермен жалғануында да ғылымдық сыр бар. «Алтын басты әйелден, бақыр басты еркек артық» деген даналарымыз.

Сөз патшалығында ғылымының бар белгісін алып өмір сүрген халықтың даналық ақылын білімге байлап, ойлау қуатын шектеуде қазақ ел билігінің атқарған істері болашақ тарихта  Назарбаев билігіндегі шындыққа, хақиқатқа қарсы тұрған қияметтік қызыл қырғын болып аталатыны да хақ. Алланың ғылымы кереметімен бірге болып, 80 түрлі сипатты болатын оның дәні әрбір пенденің жаратылыстан Мен атты дін жанымен бірге нәрестелік шақта қырық күнде үрленетінін баяндадық. Алланың нұры ортасы ақ, оң жағы көк, сол жағы қызыл болып сипатталады да біз мұны өзіміздің рухани өнімімізді, тәңірлік қуатымызды ғылым байлығын өсірумен ғана меңгере аламыз.

Сонымен 72 санды белігіні қара түспен байланысты жын қуатын меңгерумен яғни ақ, қара, көк, көгілдір нәсілдік тұрғыдағы қуаттық жүйенің бірлігін қалыптастыруымыз керек. Жан қуаты ақ түстің құпия білімі болып, көк түсті тәңірлік қуат болса, ал рұқ қуатының, қызыл түсті шындықтың  ішкі сыры; сары тәңірлік қуат болып саналады. Адамзаттың Мен сипаты осы үш тәңірлік қуаттың ақпен бейнеленуімен жан және ар сауытымен, денемен бейнеленбек. Негізінде сары, көк тәңірлік екі қуатты  зайырдың негізі деп, иман және сенім қуатының, екі сөздің бейнесі болмақ. Көк тәңірлік қуаттың (темірмен, оттегімен) еркектің басымен, «бөрікті» болуымен; Жылқының әулиелігі, тазалығымен, тез шешім қабылдаумен байланысты; «Қазақ жылқы мінезді» деп астарлаған. Еркек басының ағзаларының тазалығымен байланысты; 1. Сіңір жұмысын; 2. Буын қозғалысын; 3. Тіршіліктік қуат қозғалысын; 4. Көк тәңірлік ақпараттық белгілерді меңгерумен, көк түйме (интернет, ақпараттық жүйе) байланысты көрінісі қалыптасады. Көк тәңірлік қуаттың төбеден келетін 9 кісілік сипаты барын да жадыңызға тоқып алып; «Төртеу түгел болса төбеден келеді» деген дана қазақ. Ал төртеуді түгелдеу үшін де гендік бүтіндікті сақтап, «Екі жарты бір бүтін болу», «Жаман деп қатыныңды, көшем деп отыныңды тастама», «Қызға қырық үйден тыйым», «Қырық қожаны қырқа асыру», «Қызды қырымға қондыру» деген шарттары бар.

Қазақ көк тәңірге табынған деген ұғымының әдет-ғұрпымызбен байланысты болып, ал көк тәңірлік сипаттың жұбы сары түссіз меңгеру де мүмкін емес екенін де естен шығармаған жөн. Сары түс әйелзатымен Мариям сүресімен, 19 сандық қарсылықпен, Сүлеймен пайғамбарымыздың ғибратты үлгісімен де байланысты САРА ЖОЛ  аталып; 1. Желмен; 2. Ғылым-біліммен; 3. Көкіректе ұждандылықпен; 4. Қол екі істермен, аруақтық тағдырмен байланысты болады. Сонымен қазақ ел билеуші, білімді қауымының ғылымды меңгеру дегеніміз осы сары түсті сара жолымыз, құдайшылдығымыз, тәңірлік қуаттың төрт белгісінің бірлігімен байланысты болмақ. Қазақтың даналығында үш тәңірлік қуаттың негізін «Үш байлық» деп атағанын және оның ортасы болған ақ жаулық байлығының алтын түспен мал қуаттық ақшамен байланысты болуын, ал ақ – жан арқылы осы үш тәңірлік қуатты, құдайшылықты меңгере алуды да; «Аққа құдай жақ» деген.

Сонымен құдайсыздықтың негізі «Гендерлік теңдік» деген ақ жаулық байлығымызға қарсы арсыздықты ел басшымыздың өзі қолдауымен, қазіргі таңда ақ жаулық байлығының аяқ асты болып, сары тәңірлік байлықтың жоғалып, түгелдей қазақ халқының азғындауына да, ел басшыларының мәңгүрттігіне де себеп болып жатқаны да хақ.  Денсаулықтың да он саулықтың да қалыптасатын ортасы ақ жаулық байлықтың жағдайын пайғамбарымыз; «Егер жаннат тұрғындарынан бір әйел жер тұрғындарына қараса аспан мен жердің арасын жарық етіп, иісі жайлап алар еді, ал оның басындағы орамалы-дүние мен ондағылардан қайырлы» деген» (1152 –ші өсиет). Әрине мұндай жұпар иісті отанымыздың бүгінгі таңда сасық иісті бастармен, тән жалаңаштығымен, қол алақанның тазалығы да өзгеріп, ішкен-жеген асттардың жаппай улануымен байланысты қаннан беретін әйезатының шарабы араққа айналып, немесе мүлде теріс қуаттарға уға айналып, мұндай дәрі ішкен рухани ұйқыдағы елдің өлі жағдайы ібілістің дүниелік ісімен халықты өз бағытынан бұруына да жақсы жағдай туғызып, ең маңызды жердің қадір-қасиетін дүниелік пайдаға ғана жаратуға ақылдың негізделіп жатқаны да дәлел болады.

Жалаңбас, етексіз әйелдердің қолынан тамақ ішкен, қойнына жатқан еркектің бас ағзалары таза болып, ойлау қабілеті қуаттанып, бөрікті қадірлеп, ұжданын ойлауы мүмкін емес. Ал мұндай қатындардан туылған балалардың да болашағы, тағдыры да жарқын болуы мүмкін емес. Білімді меңгеруге құштар болғанымен ойлау, ойлану қасиеті, зайырлығы жетілмей қалады. Алланың бүкіл әлемнің тағдырын басқарушы болып, мұндай әлемдік азғындықтан да құтқарылуға шақыратын бір елдің көш бастаушы болуы болып қалыптасуы да заңдылық. Қазақ еліне осындай үкімнің түсіп, бірақ ел билеушілердің халықтың көлеңкесі, ниетімен байланысты да болатыны, сонымен қазіргі таңдағы барлық қайғы-қасіреттің негізі де халықтың өзінде тұрғаны хақ. Ата дәстүрімізбен өлшеген жағдайда қазақ елі кәпірлікке негізделіп алған ел болғанымыз да хақ. Кәпірліктің белгісі; сөздің ұғымдарын бұрмалап құдай патшалығы яғни көркем сөз патшалығының орнауына қарсы соғыс ашумен де байланысты екені де хақ. Бірақ қазақ ұлтының тағдырында құдай патшалығында өмір сүрудің, сопылық дін өркениетінің дәстүрі, сара жолы болып қалыптасып,  бүкіл халықтың да өмір сүре білгенімен де ерекшеленеміз.

Ата жолы жазбаларында бұл сырлардың баяндалып және оның Абай-Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп, Жүсіп Баласұғұн т.б. даналардың қалдырған насихаттарының Ясауи бабамыздың ақыл дәптерінің түсінігі болып табылатынын дәлелдеуге, аруақтар жетегімен құранның жеті үніне, таза ой қуатына жалғануды тарқатып, түсіндіріп жатқанымыз да бар. Бірақ қазақ ел билеуші, білімді, дінші қауымы бұл ақпараттарды неге қабылдап, түсінуге сауаттануға қабілетсіз, құлықсыз деген сауалды тылсымға қойып көрдік. Раббымыздан; «Қазақ ұлтында 10 мың ғана ұждандылық белгісі тағдырында бар пенделер бар. Сол пенделердің бұл жазбаны меңгеруімен ғана 100 мың пендеге өз нұрымен бөлісіп, сонымен ғана қазақ елі құдай патшалығына енеді» деген хабар келді. Олай болса, ұждандылық сары тәңірлік қуатты көбейтіп меңгерумен, ғылым-біліммен, желмен, қол екі істердің, тағдырдың тазалығымен, күнәдан ақталумен байланысты болуын ескерттік.

Енді мұндай төрті түгел болған пенденің көркем сөзге көндірілген, ақыл иесі мүмін болып аятта;  «Сондай сөзге құлақ салып (уақи, батаға), сонда оның ең көркеміне ілесетіндер, міне солар, солар өздерін тура жолға салғандар. Ал міне солар ақыл иесі.»(39-19) Құран сөзі көркем сөз, бірақ арап тілінде ғана. Ал ақылдың ана тілімен, діл білімімен байланысты ғана өсіп, өркендейтінін білген пендесіне ұлтымыздың сөз мәресін меңгерген даналарын түсініп, оған ақыл тоқтату да иманға, ұждандылыққа көңілді ашатынын естен шығармау керек. Сонымен бірге шындықтың Құдайымыз – Раббымыздан әрбір пенедесіне сөзі оқылып, аян болып, әулие-әмбилер, елшілер, пайғамбарлар  аруағы-шындық кітабы оқылып  тұратыныны да хақ.

Енді мұндай шындық кітаптарға жалғану үшін; «Кімде-кім тәубе қылса, Сондай-ақ иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстарды. Алла өте жарылқаушы, ерекше мейірімді.» (25-70). Тәубеге келу – намаз оқып жалбарыну емес, намаздарды орындау сипатындағы иман келтіруге, артық хайыр жасап, ата-баба аманаттарын, ізгіліктерін жалғастырумен, тағдырдағы қарғыстарды жақсылықпен айырбастап алумен, ақиретпен саудамен байланысты екені де хақ. Ал мұндай тәубешіл қауымның; «Олар өтірікке айғақ болмайды да бос сөздерге кездессе, маңғазданып өтеді.» (25-72) Ұжданнан белгісі бар пенденің ойы терістелген сөздерді жүрекпен қабылдамайды, керісінше жиіркеніші пайда болатыны да хақ. Ал қандайда бір ішкі ойы терістелген атау сөздердің өтірікке айналып ібілістің қызметіне тұруға себеп болатынын, ал мұнымен ел билеуші, дінші, білімді қауымның айналыспайтыны да аз ғана.

Ел басшымыздың; «Мәңгілік ел, нұр отан, нұрлы жол, ұлт арманы, зайырлы ел, зияткерлік мектеп..т,б» ұғымдарды керемет жолдау қылып тартуға себепшілердің кәпірге айналуына ғана жол екені хақ. Ал дін муфтият имамдары мен ғалымдырының, дін ісі басшыларының сөздің ойы, көркемдігі тұрғысында өтірік айтпайтындары мүлде жоқ. «Аллаһ, аллаһым, иқтипат, кәфәрәт, тәуәссіл жасау, ғалайксалам, алейксалам, анху т.б.» түрлі ойы бұзық сөздерді пайдаланатындардың ұждансыз, өтірікші екендеріне дәлел болады. Әйел, қыздарымызға орамал тағуға да тыйым салып, оған қарсы түрлі заңдар шығарып жүргендердің ақпараттық жүйелерден; заманның әдебі, заманға лайық болу деп дәріптейтіндердің бәрі де ібілістің ұрпағы, өтірікшілер екені де сөзсіз.

Енді құдайсыздықтың жоғарғы шегі болған ел билеушілеріміздің жерді жекеге сатып, мол өнім алып, бай ел боламыз деген өтірігі ібілістің еркін орындаудың амалы болмақ. Құдайдың өзі көктен түсіріп, жерден беретін несібесін жерді көбірек өңдеп аламыз деген имансыздық және де кәпірлік  болып саналады. Құдайдың халықтың ниетіне қарай өлшеп берген несібеден бір пұт та артық астық, немесе бақша өнімін алу мүмкін емес екенін де білген жөн. Бұл да көп ұзамай дәлелденетін хақиқат болып, мұндай өтірікшілердің құдайдың жазасына ұшырауы да түсірген шындығына, хабарына дәлел болмақ. Себебі мұндай өтірікші қауым Құдай –Раббымыздың үгітін, ескертуін, хабарын тыңдау түгіл оған сенбейді де. Алайда аятта; «Қашан оларға Раббыларының аяттары арқылы (аруақтық кітаптарынан) үгіт берілсе, оған құлақ салмай, көз жұмып, кете бермейді. (73) Олар; «Раббымыз! Бізге жұбайларымыздан, ұрпақтарымыздан көзайымдық (ұждандылық) бер. Сондай-ақ бізді тақуалардан қыл!,-дейді» (25-74)

Сонымен осы аяттың негізінде қазақ елінде 10 мың ұждандылықты, кісілік парасаттылықты меңгеретіндер болып, олардан  «КӨЗАЙЫМДЫЛЫҚ» яғни жүректен жүрекке көздері арқылы Раббымыздың аяты, үкімі, кітаптардың оқылып, қазіргі замандағы надандық, кәпірлікке тосқауыл болуы керек. Өз басымның тәжірибесінде талай рет аянда ел басшымен жолығып, оған қателіктерін айтып, алдағы жағдайларды да түсіндірген кездер көп болды. Бұл Раббымыздың ел басшымызға беріп жатқан үгіті, аятының оқылуы болар деп; елдің рухани жағдайына өзгеріс келетін болды деп ұзақ уақыт үміттеніп жүрдік те. Бірақ жалған оймен негізделген сөздерді айтуымен, дүние ісінен басқаны ойлаудан бас тартуымен және хандық дәстүр түгіл үлкендік, ақсақалдық тұрғысында басын да қорғамағандықтан, бұл аяттардың бәрін шайтанға ұрлатып, енді жер сату деген құдайға ашық қарсылықты бастап, өз басы түгіл соңына ерген уәзірлерін де тозаққа матап байлаумен аяқталатыны да хақ.

Енді сәуір айының аяғында осындай жүрек көздернің жалғануы «көзайымдылықтың» сипаты Путинмен де болып, ата жолының мақсаты мен болашағын түсіндіруге тура келеді. Путиннің мұқият тыңдап,; «Егер мұны іс жүзінде дәлелдей алатын болсаңдар, мен қандайда бір заңға қол қойып, орыс халқының ниетін бұруға дайынмын» деп қолын берді. Осыған қарағанда, біздің ел басшымыз дүние ісінен таланты болғанымен, рухани тұрғыда, отаншылдық, құдайшылық тұрғысында Путиннен әлде қайда төмен екені де белгілі болды. Сондықтан сөз жүзінде мақтанғанымызбен, негізінде біздің ел билеу және рухани саясатымыздың түркі елдеріне емес, жанын жынға айырбастап алған ақылдарын білімге, жындылыққа негізделіп алған европалық елдердің үлгісіне, кәпірлік салтына еліктеумен түркілік туыстықтан да үзілуге ел басшымыз жан таласып жүргенінде де осындай сыр бар.

Сонымен қазақ елінің билік басында, ақпараттық жүйелердің басында ібілістен сөз сатып алушы, тәңірдің атқан екі сөзін (иман, кәлима) қараңғылыққа салушылардың кәпір болып саналып, аятта; «Олар Алланың нұрын (сөз қуатын, ой үнін, дінін) ауыздарымен өшіруді қалайды. Егер кәпірлер жек көрсе де, Алла тағала мұны ұнатпайды да өз нұрын толықтайды.» (9-32) Алланың нұры сөздің үні болып ойпатты жерлерден тарайтынын да білсеңіз, қазіргі таңда қазақ жерінің әлемге ем-шипа, рахметінің қазынасы болып, яғни көркем сөз ағашын өсіріп, ой қуатын өндіруші, жер ұйыққа айналуы тиісті болып, ата жолы болып басталып, оны заңмен тежеп, қудалап, жойдық, жеңдік дегенімен, орыс халқының да аруақтары көтеріліп, көп ұзамай үлкен рухани жаңғырудың, заман толғағының қайта басталатыны да хақ.

Ібіліс ұрпақтарының басында ел басшымыздың өзі тұрып, алдын-ала қарсылық соғысының жер дауының шығуы да бекерден емес. Жердің қадір-қасиетін түсінбеуден, жүректің қараңғыланумен байланысты екені де хақ. Сондықтан болашақта ашылатын ақ бастау бұлақтардың орындарын тезірек жеке меншікке өтіп, халықтың мұндай ісіне де кедергіні қойып үлгіруге жанталастың өтірікші қауымның тарапынан атқарылып жатқаны да мәлім. Бұл қарсылықтың муфтият пен дін ісі тарапынан да қолдау болып аятта; «Әй мүміндер! Алланың ашуына ұшырған елді дос тұтпаңдар. Олар кәпірлердің қабырдағылардан күдер үзгеніндей олар, ақиреттен де үміт үзген.» (60-13) Қазақ халқын аруақтан бас тартқызып ақиреттен күдерін үзуге, тегімен жалғануға қанша жыл ел биліктің қолдауымен өтірікші ібілістің ұрпақтары «шерік қосу, серік қосу» деген ой бұрмаланған жалған сөз ұғымдармен соғыс ашқанымен толық жоя алған жоқ. Сондықтан қазақ халқының құдайшылық жеті киесінің бірі болған жердің қасиетін түсіне білуі белгі беріп, ақша байлыққа қызықпай жаппай қарсылық білдіре бастауы және бұл жағдайдың енді заңмен де, білімді қауымның алдауымен тоқтатуы да мүмкін еместігі де хақиқат…(жалғасы бар Мамыр айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *