Төре мен қожа Адамнан…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 117

Шыңғысханнан үлгі алған,

Төрелік қасиет аталған.

Ел басқарған патшалық,

Әділдікпен жол салған.

Алланың сөз рұқ болған,

Сөзінен әлем жаралған.

Алты ақыл тегі даналық

Ғиса боп адам аталған.

Адамнан иман жаралған,

Жанға білім қоса алсаң.

Көгіңнен кісі келетін,

Жанға күйеу аталған.

Төрелік-кісілік аталған,

Ібілісті жеңген пір болған.

Кемпір деп атап қасиетті,

Иманға, рұққа жалғанған.

Тікелей рұқтан жаралған,

Пайғамбарлық қасиет қонғанан

Төре деп, атап рұқ текті,

Жұлдызға жеті жалғанған.

Ру басы қасиет атаудан,

Қазақта ежелден салт қылған.

Әр рудың басында,

Таңбасы қасиет ұстанған.

Төрелер шықты бас болған,

Ел бірлігін сақтаған.

Бөрікті деген ұғымның,

Киелі рұқпен жалғанған.

Төртеуі түгел аталған,

Төбеден білім сөз алған.

Тоғыз кісі төбеден,

Жалғанса төре атаған.

Алатын ақыл аяннан,

Ақыл-ой бақша ұжданнан.

Білімді келер төбеден,

Ғылым боп қуат құдайдан.

Төрелер дінін тазартқан,

Қасиетін алып қожадан.

Дінінен ислам бас тартқан,

Төрелер бұрын болмаған.

Дін ислам азғаннан,

Бөлек деп төре қожадан

Жан мен рұқын қоса алмай,

Ажыратқан қазақ ортадан.

Абылайхан баба толғанған,

Аянын көріп құдайдан.

Төреден ұрпақ азғындап,

Бақа мен шаян айналған.

Төремін деп мақтанған,

Қазақтан бөлек ру қылған

Жан мен рұқтан білімсіз,

Тегіне рудың мас болған.

Төртеуі жоқ жан-жақтан,

Бөріксіз еркек жын болған.

Жаулықсыз қатын шайтаннан,

Садақа текті бабадан.

Қияметтік бұл заманан,

Сөз ұқпас өңкей наданан

Білімге ғана шоқынып

Кісілігіне ескі табынған.

Төренің тегін былғаған,

Суық ми сасық тұманнан

Алтауы араз қожадан,

Тектілігі қазақ жоғалған.

Өрісі жоқ санадан,

Арсыз төре болмаған.

Қожалықтан хабарсыз,

Қырқын қырқа асырған.

Ел басшысы Нұрсұлтан,

Төрелік ісін жалғаған.

Төбеден келер кісіге,

Төре емес ол да алмаған.

Таза ақылдан уахи алмаған,

Төрелік қасиет қонбаған.

Алты ауыз жанын көбейтпей,

Қожа емес, сопы аталған.

Амал мен ісі бір болған,

Әділдікті ту қылған

Нағыз төре қазақта,

Керейханнан жол қалған.

Үлгісі Жәнібек сұлтаннан,

Қожа мен төре бір болған.

Ел басшы діннің турасын,

Меңгеріп ханда бола алған.

Сұлтандық қасиет ұстанған,

Орыстан қауіп аздырған

Жолында Алла соғысып,

Дәстүрін қазақ қорғаған.

Кенесары хан болды,

Тегің боп қазақ аталған.

Ендігі төре, қожалық,

Адамнан неге бас тартқан?

Қожа да төре қазақтан,

Алты алаш еді аталған.

Жетінші арыс Мұхаммед,

Төре де қожа бола алған.

Тек болып қасиет жаралған,

Төре мен қожа «Мен» алған.

Атаның ғана ұлы аталсаң,

Жындысың шыққан шайтаннан.

(Маусым 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *