IV-БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 100

    Бүгінгі таңда, Ақтөбе қаласында болған бүліктен кейін; Қазақ қоғамында дін мәселесі қызу талқыланып, көптеген дін ғалымдары, имамдарымыз бүгінде дәстүршіл аталып, масһаб дін ұстанмының халықты құтқарушы тура жол, құдайлық таза ақылдан хабар келтіруші өздері екендерін дәлдеп бағуда. Және халықты рухани тәрбилеуде үлкен еңбек атқарып жатырмыз, деген өздерін-өзі ақтаған әңгімелерді естуге болады. Ал шындығында қазақ ұлтының біртұтас бірлігін, туыстық жібін жалғап, алтауын араз қылмайтын ата жолын, дәстүрін меңгермеуге басты кедергіні масһабшы діншілердің себепші болғанын білеміз бе? Алайда оқырман қауым 6-жыл бұрынғы ақпараттық деректерге қайта шолу жасап, өзіңіз пайымдап көріңіз. Дат газетік басылым бетінде қазақ дәстүрін ұстанушы мен масһабшылар арсындағы өз ара дауға бергісіз сөз майданына жазылып, ұсынылып бірақ, жарияланбаған мақаладан…(шілде 2016 жыл)

Сауға Әзірет Барбол! Датым бар Қайрат Жолдыбай?

Атам Қазақтан бастап келе жатқан салтымызды осылайша ырым қылдым. Екі азамат сен үшін қып қызыл шаттаққа дейін барып жатса, қалай сыртан бақылап қарап отырайын, сондықтан сіздерде кешіріңіздер оқырман қауым. Екі азаматтыңда дауының басы; «Дайрабайдан қалған көк сиырға» ұқсайды. Сол көк сиырды «атамнан қалған сарқыт қой» -деп егеленіп жүрген қазақтың біріміз. Оның да себебін алда түсіндіре жатармын. Әңгімеге негіз болған; «Абай уаһһаби ма?» деп аталып Әзірет Барболдың жалаларына жауап –деп Қайрат мырза өзінің жоғарғы дәрежелі дін ғалымы ретінде газет бетінде уақыттарының қымбаттығына қарамастан, жауап пікір таласқа келуі мен үшін үлкен мархамет. Сондықтан екеуі де «БІЗ» үшін дауға түсті деп сауға сұрап дауға сұрануымның мәнісі осы.

Біз үшін деп отырған себебімде «діни сауатсыз» атағандардың қатарынан және бұндай істер әдет-ғұрпымызда болған деп, пікір айтып жатқан қара халықтың қан сонардан із кескен аңшының немесе жолға шығып қай бағытқа қарай жүрсем екен деген жолаушының кейпіне түскен, үкіметіміздің құзырлы орындарымен заңды түрде сотталып; «ит жекен жаққа» емес «күл төкен жаққа» айдалуға дайындаған «Ата жолы, Ақ жол» атты топтың негізгі басты орындаушысының, ұйымдастырушысының бірі болып табыламын. Қанша іргелі ғылымдардан хабардар болып, есептің түр-түрін шығарып кезінде озаттар қатарыннан табылып, елге қызмет жасап әр түрлі мамандықты және қиын кәсіптерді меңгергенмен, Нұр Мүбарак универиситетін бітірген немесе Арапша жүргізіп оқу дәрежесіне жеткен, шетел асып дін оқуларын бітіріп келгендердің алдарында «сауатсызбын».

Шындығында Қайрат мырзаға қарағанда арап тілінен әрпін танығанмен, задын білмейтін мүлде қараңғы соқырдың бірімін. Сондықтанда менің пір тұтатын тілмашым Халифа Алтай атамыз болса, қалған дінім де, ділім де қазақтың өзімін. Қош! Мақала барысында екі адамның арасында ғана болатын әңгімелер бар екен оған тоқталмаймын, Өйткені сауатсыз болғанмен әйтеуір мұсылманмын және Әзіреті Сұлтан бабамыз; Біреу сені жамандаса, көңілді бол-деп күнәсінің төгіліп, жақсылыққа жететін ескерткен. Ал Құранда да сондай үкім бар. Мүмкін Әзірет Барболдың Қайрат мырзаға жасаған бір сауабы болар. Енді мені толғандырған мақаладағы; «Үшіншіден мен оқырман сауалдарына берген жауаптарымды исламның классикалық қайнар көздерінен пайдаланып дайындағанымды сен білмесең жұрт біледі. Күрделі сұрақтарға жауап ретінде жазылған бір ғана «Дін мен діл» кітабымды жазу барысында сексенге жуық әрқайсысы ондаған томдардан тұратын исламның классикалық Қайнар көздерден тұратынын сен білмей-ақ қой, оған әр ісімді бақылап тұрған Ұлы Жаратушым мен бөлмемнің бүкіл қабырғасын жауып тұрған жеке кітапханам куә». Олай болса; Қайрат мырза, сіздің қазақ елінің дін істерін жүргізудегі басты танымал тұлға екендігіңізге шүбәм жоқ.

Және көп еңбегіңіздің оқушысы ретінде Әзірет Барбол ағайыным үшін мен кешірім сұрайын. Жұмсақтық мүміннің басты белгісі ғой. Ол да мына негізінен мен сияқты қараңғы қазақтың мүдесін қорғап шырылдап жүр. Бүлдіріп жүрген мына біздерміз. Жеті жылдың көлемі болды діни сауатсызсыңдар, деп бүкіл баспаханаларда өздеріңізде есіктеріңізді жауып алғасын, анда-санда шаң басқан қағаздарымды тесіктерден тықпалап, сіздерге аруақтың шаңын апарып түшкіртіп, Мұса пайғамбардың таяғын, Сүлеймен пайғамбардың қамшысын, Дәуіт пайғамбардың үнін салып, шариғат негізі ақиқатта, ақиқат қазақтың бес таңбалы теріге жазылған кітабында-деп, «науша» жасқа келсемде, аруақ десе үйде отырып делебем қозып тақымын қысатын, көптен бері түрткілеп мазаларыңды алып жүрген тазша бала болармын. «Таздан жарғақ бас туады, кедейден мал бақпас туады, ай қасқадан құла төбел туады» деп аталарымыз бекер айтпаған-ау шамасы.

Сырдың бойында туып, массына таланып ақсақалдардың қолына су құйып, сарқытын ішкеннен болар, керек болар деп ескінің бәрін тастамай сіздерше «бүйректен, сирақ шығарып», мазаларыңды алып жүрген жайым бар. Жастайымнан мал бағуды меңгеріп, өсе келе сөз аңдитын, сөз бағушы болып алдым. Енді қалай сөксеңізде ата-баба аруағының алдында жаным пида. Сондықтан сіздің «күрделі» «классикалық», «том томдаған» ойларыңызбен (егерде жекешеленуге кетіп қалмаса) Ұлы жаратушыңыз Раббыңыздан ұлықсатын алыңызшы? Сауалдарым «сауатсыздау» (тексіздік) болса алдын ала кешірім өтінемін! Біріншіден; Ислам класикасында жаратушымен, жаратқанның сипатын қалай түсіндіреді. Сол сізді де мені де жаратушы, жаратылуымыз үшін жаратқандыжаратыпты. Жаратқанды «Бір» деп жаратушыны «Жалғыз» деп, Алла жар бол деп қысқартып, аруақ қолда (аяқта емес) оң қолдағы 18 санымен, сол қолдағы 81-ді айтамыз.

Ал енді ортасы 63 пен беріліп сіздің кітапқанаңыз сол 63-тің ішінен қағазға түсірілген. Тек күмәнді жері құраннан алшақ кеткен жері болуы даусыз. Құранда да санмен солай көрсетілген. Оның орындаушылары сіздің де біздің де Рабыларымыз екен. Әрине сіздің арап тілінің маманы ретінде күрделі сұрақтарды «шемішкіше шағатыныңызға» шүбам жоқ. Екіншіден; арап тілінің класикалық маманы ретінде тікелей класикасын Абай атамыздың орыс классиктерін қазақтың бай тіліне, ұшқыр ойына қауыштыра білгендей «пәлсәпалық» еңбектеріңізде бар шығар? Бұл сұрақты қою себебім; Халифа Алтай атамыз арап тілі маманы ретінде, араптардың өзін мойындата біліп, құпия сөздерді қазақтың бай тіліне жақындата білген және грамматикалық, тыныстық белгілерімен, әрбір сөздің баламасын жеткізуге тырысып берген қасиетті кітаптың аудармасы мен үшін баға жетпес сый.

Сондықтан қазақтың қара халқының атынан шексіз ризалығымды білдіріп; «Жаны жаннатта болсын» деп үнемі еске алып, басына барып тағзым етіп, зираттап құран бағыштауым парызым деп білемін. Сіз сол аударманы мойындап, болмаса арап тілінен ол кісіден де өздеріңізді жетікпін деп санайсыздар ма? Ол кісі арап класикасынан сіз сияқты көп ізденбегені және дайын тәпсірлерді пайдаланып, күдіксіз серік қосылған түсіндірмелерді пайдаланған. Оған қандай уәжіңіз бар? Әзірге ешқандай еңбегіңізден кездестіре алған жоқпын. Және менің «сауатсыздар» тарапынан сіздерге деген өкпем қара қазандай. Құранның бір әрпі немесе басқалай сөзін өзгерту зұлымдық, күнә болып табылады, деп өздеріңіз мысалдар келтіріп айта беретіндей, сол Құранда неге кешірілмейтін баспадан (аудармашыдан емес) қателік кетіп, оны екі-он жылдан бері араларыңыздан бірде-бір ғалым, сопы Құранды қорғаушы қазақ шықпаған?

Негізінен Меккелік араптарды ар сотына тартуға болатын қылмыс! Тағы қынжылғаным мақалада Абай атамызға сүйеніп; «Аят, хадис емес қой, Күпір болдың демес қой, Қанша қарсы келсеңіз..» Абай бұл жолдарда аят аят пен хадиске қарсы келудің күпірлік екенін әрі құран аяты мен пайғамбар хадистерінің сөздердің ішіндегі ең қастерлісі екенін әрі олардың қисынынмен қиысатынын жеткізген.» Кешірерсіз бұл сіздің пікіріңіз. Аяғына дейін түсініп оқымай діни әдеттеріңізге басып Абайға жала жаптыңыз Қайрат мырза! Абай атамыз аят хадис емес дегенді астарын айналдыр , сонда хадистің бәрі аят емес, ішінде жалғаны аятпен қабыспайтыны бар, абай бол күпірлікке түсіп кетем деп ақылды тұмшалама қатесін ізде деген сияқты. Сондықтан сіздің Бұхари атамыздан берілген хадистерге сүйенетініңіз бір жағынан қуантады. Өйткені Бұхари атамыз алғашқылардың бірі болып 92 санмен белгілеп, тек санмен берілген хадистерді пайдаланған. Бірақ сол кездегі білім, ғылым деңгейімен дұрыс келгенімен, бүгінгі таңда аяттардың сандық мәнінен мүлт кеткен жерлері көп. Сіз қалай ойлайсыз? 92 санымен нені меңзеген?

Енді Ясауи бабамыздың еңбегін зертегеніңізді мақтан етеді екенсіз. Сондықтан да неге әрбір хикметтерді санмен белгілеген қандай мәні бар? Негізгі жобасы, ғылымы неше бөлімнен тұрады? Өзіңізге ілімділігіңізге берген бағам бойынша ишандық дәрежеден көп болмаса кем емес сияқты. Ясауи бабамыздың бағасы бойынша ишан екі жанды меңгеруші екен. Бірақ мен сол ишандық немесе хазіреттік дәрежедегі сіздің соңғы еңбегіңізді сөрелерден көрдім, бірақ алып оқымадым, себебі алдыңғы кітаптарыңыздан көптеген жан ғылымына қайшы және бірде-бір Ясауи бабамыздың көрсеткен жан ғылымынан хабар бермепсіз, нақты дерек жоқ десе де болғандай. Соған қарап сіздің арнаулы кітап алып,(40 күн аян) ол үшін Мұхаммед пайғамбарымызбен жүздесіп, батасын алғандығыңызға ишандығыңызға күмәнім бар.

Айтпақшы ондай араларыңызда кісіліке жеткен кісілер яғни жаратушымыз ескерткендей; «Ілімді іздегеннің үстінде білімді тұратын» аян ғылымын меңгерген ғұлама сопыларыңыз, хазіреттеріңіз бар ма? Мейлі өздеріңіз танитын арап жағынан болсын. Пайғамбарымыздан қалған толық жорылмаған аян бар еді, соны 1431- жылдай өтті мүмкін толықтырып жорыған еңбегі бар шығар. Ясауи бабамыз шешкен екен , бірақ толық түсіне алмай жүрген жайымыз бар. Діни сауаттылықтың дәлелі ретінде қазақтада ілімділер бар екеніне мақтанайық, аят-аяндарымыз бар әлі құпиясы шешілмеген, елдің болашағынан хабар ортақ ісіміз болар еді. Сіздің пікіріңіз бойынша; «Олардың мазмұнынан Барболдың ешқандай діни білімі жоқ екенін анық байқалады … қарапайым кітап оқығаннанан да төмен екен» деп ескертіпсіз. Бірақ маған сол сіз сөкен Барболымыз, қарапайым ғана емес жаратушыдан оқылып тұратын күрделі кітапты (Түс көруді) білетін сияқты сөз саптауларынан. Жақын тарты деп сөксеңізде мен үшін «Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын» дейтін діни сауаты жоқ ауылданмын.

Бірақ жаратушы тарапынан түсетін күрделі кітапты оқуға алған ұлықсатым және нақты әлем әлі білмеген хабарларым бар. Біздер көбіміз сондай тіл ғылымынан бөлек тұратын діни кітаптарды оқымайтын «сауатсыздар» қатарынан боламыз. Оқығым келмейді емес, серік қосылған атаулармен шала піспеген сөздерден, үндестігі бұзылған атаулардан басым ауырады. Әлде мүмкін мен ауру шығармын? Бімеймін… діни сауатсыздық па, әлде адамдық қасиет, тілге жанашырлықтың пайда болғаны ма? Мүмкін себебін білерсіз?.

Пайғамбарымызды еске алатын мәуліт туралы көп жаздыңыз. Бірақ сіздер оқитын дін ғылымында әлем ғылымынан бөлек сияқты. Мәулітті өз орнына 32 жылда бір-ақ рет оралатын қылып, неге «хижра» (көшіріп) жасап жібердіңіздер? Уақыт үш өлшемнен пайда болып, хижраның есебі аймен жұлдыздың (үркердің) тоғысымен өзіңіз жазған қазақтың дәстүрлік жыл санауы екенін білмейді екенсіз? Сондықтан хижра 11 санына тәуелді қарсылық қозғалысын, жыл ішіндегі, ғасырлардағы маусым белгілерін туындатады. 35-пен 36-ның арасындағы қозғалыс жүйесі емес пе? Әлде құранның реттік саның қойған сүйікті сахабамыз қателесті ме? Оған пайғамбарымыздың туылған күнінің қандай қатысы бар? Қырық жыл өмірін неге жоққа шығардыңыздар? Әлде «Мені бауырым Ғисадан бөлме» дегенін оқымадыңыздар ма? Жұманы қалыпты жыл санаумен, қалған құлшылықты хижрамен орындаңдар деген құранда үкім бар ма?

Сіздің «Дін мен діл» туралы кітабыңызбен танысуға уәде берейін! Егерде сіз баспасөз беттерінде және де мынандай сұрақтарыма жауап берсеңіз. Ділде ұлтық, үндік белгі бар ма? Болса, Құран арқылы сандық мәнін берсеңіз? Тіл неше негізден пайда болып, дін қалай пайда болады? Өзіңіздің нағыз қазақ ретінде, қазаққа тән ерекшелік діндік, ділдік белгіңізді (кодыңызды) көрсетсеңіз? Жалпы дінмен ділдің қандай ерекешелігі және байланысын, өлшемін түсіндіре кетсеңіз? Арап танушы ғалым ретінде ол туысқанымыздан да хабар берсеңіз? Құранда қалай белгіленген? Інжілмен, Тәуратты білмесеңдер, түк емесіңдер-деп құранда ескерткендей, сол киелі кітаптармен түсірілген сауап амалдарды неге исламнан бөліп тастадыңыздар?

Біздер «Хижраға» ұшыраған 72 сауап амалды жоғалтып, із кесіп таба алмай жүрсек, ақыл беріп жөн сілтеудің орнына, үкіметке шағымданып, пайғамбарларлар нұсқауларын қудалап, сотқа беріп, қазақтың «кісілігін» соттап жамандықты елімізге неге шақырып жатырсыздар? Әдет, ғұрып, салт, дәстүр амалдарына жеке-жеке тұжырыммен сандық белгісін кітапханаңызды ақтарып көріп, шек арасын белгілеп, Құранның асыл сөздерімен қауыштыра кетсеңіз. Мүмкін сонда төрт кітаптың белгісі мен амалдары екенін жаратушымыз төрт мықты сөзбен бекіткенінен хабардар болармыз.. Бұл өтінішім әйтпесе елде ой шебері (шешендер, абыздар) филосовтарда жоғалды да бәрін қысқартып дәстүрге айналдырып жібердік. Әдеттің де- дәстүр, ғұрпыңда- дәстүр, салтыңда- дәстүр аталып, онан миымыз ашып, тіпті кей ақындарымызда үш негізден тұратын, орысыңа да аударылмайтын «махаббат» атты киені; ғашықтыққа, құмарлыққа, құштарлыққа, асықтыққа, ынтыққа айырбастап үріп кетті. «Абайламаса ақындарға азғындар ереді» деп жаратушымыз бекер ескертпепті!

Сөзі азған елге жұлдыздар жерге жақындап, қиямет сағаты «ойбайласу мезгілі» болады деуші еді, әлде жердегі өзін-өзі мақтап ат қойған қаптаған «жұлдыздар» Аллаға серік қосып, көкке әсер етіп жатыр ма? Жұлдыз адамзаттың ақылының жарығы- деп айтып кетіпті әулие аталарымыз. Осы тіл мамандарының, мәдени майталмандардың осындай қылықтарына түсінуге «діни сауатым» жетпей жүр. Сондықтан да, Алла сізді мұсыманшылықтан айыратын, өзіне-өзі баға беріп, күпірлікпен күнә жасататын осындай «жұлдыз» ауруынан сақтап, бес күн «жалған!» -5000 жыл шежіреге жалғанып, шежіреден аян алуды нәсіп етсін! Әлемде тәртіп орнатқан Алаш Қаһан, жұбайы Ұлсай Емер (алтын адам) анамыздан тарап, бабамыздың анасы Ізбөрі анамыздың туын ұстаған Қазақ, Созақ бабаларымыздың ұрпағымыз ғой әйтеуір. Бүкіл дін ғұламалары болып басына барып зиратаңыздар!

Білмесеңіздер «діни сауатсыз» болсақта шежіреден хабарымыз бар көрсетеміз. Текті бабаларымыз туралы Інжілде де хабар бар. Араптарды да шақырсаңыздар. Жамақұт аталарыда осы жерде Қазақтың бір ұрпағы ғой әйтеуір. Сауап жинаңыздар! Құрметті Қайрат Жолдыбай мырза, бұл біздердің діни сауатсыздар ішінде күнделікті талқыланып жүрген сауатсыз сұрақтарымызды қойғаныма ғапу өтіне отырып, алтын уақытыңызды бөліп, (нағыз мұсылман екеніңізге шүбамыз жоқ) тек сыздауықтай сыздатқан нәрселеріміздің жарылып, исі шығып, зиянымыз сіздерге тиіп кетпесін деп еміне шипа, дертімізге дауа таппағандықтан ғана осындай әрекетке барып отырмыз. Кім біледі мененде өткен діни сауаты төмен «тазша бала» шығып; Құрандағы барды жоқ қылып, аяттарды ертегіге айналдырып, кітаптарды бөлшектеп, өзі аз қазақты біріне-бірін айдап салып, сыңар езу «Білдіман» жастарды дайындап, Құранды тек арапша жаттатып, көкейін толтырып білімге жолды жауып, санасын өзгертіп, тақ санды дұғаларды шұбыртып, жан ғылымына қарсылық білдіріп, тілдің үнділік санатын бұзып, ғасырлар бойы жиналған асыл қазынамыз ділді өзгертуге тырысып, елдің басына апаттарды, зұлымдықтарды шақыруда деп әлемге жар салмасына кім кепіл?

Сүйікті және әрбір намаз оқыған сайын, біріншіден сәлем беріп жүрген, оң жағымызда тұрған Ғиса пайғамбар аруағына жалғанған «Рахмет» сипатын (Інжілді қара) мазақ қылып жүргенімізді білімді, төбесі тесік христян халқына жетізіп қойса не бетімізді айтамыз? Дінді біріктіреміз-деп ел басшымыз шырылдап жүрсе қарны тоқ дінші қазақтың істеп жүргені қандай опасыздық демей ме? Құдай сақтасын әйтеуір! Сіздердіңде халықтан жинаған садақаны, зекетті әр қазақтың қолының кірі, маңдайының ашы тері мен ата-бабасының төкен қанынан пайда болатынын ұмытпай, діннің негізі сипаты жер ана «отан» екенін ұмытпай, таулардың ар жағына мойынды соза бермей, үкіметтің сенімін ақтап жүрулеріңізге тілектеспіз әйтеуір. «Ырылдасың қаппасың, өзіңнен (аруағыңнан, арың мен малың) жақсы таппасың» дегендей ағайынның аманы жақсы.

Пайғамбарымыз ескерткендей адамзатта болатын, тозаққа түсіретін үш қателіктің бірі; өзін-өзі дәріптеп, өзгелерден жоғары санап «Білдіманға» айналып, шайтанға жәрдемшілікке тұрудан сізді әрдайым аман қылып, әйтеуір бір баспасөз бетінін таңдап, бес-алты рет пікір алысуға, болмаса араларыңыздан ең ғұлама деген Құдайдың нағыз құлы бар болар деп, осы «үшбу» хатты діни сауатсыздар тарапынан «Датымды» жолдап отырмын. Салтымызды (дәстүрді емес) құрметтейтін әрі жанашыры ретінде жауапсыз қалдырмассыз деп, келесі жолы сіздің дәрежеңізге сай, діни сауатты сұрақтарды қойып, еңбектеріңіздің ішіндегі көптеген мүмкін әдейі байқамай Аллаға ортақ қосқан жерлеріңізді (зұлымдықтарды) жазуға, халыққа білдіруге ұлықсат ете көріңіз!

Сауатсыздығым «ныспымнан» (фамилия) білінер. Аталарымды жалғаусыз ататпаймын да, (әркімнің құрдасы емес) қабірінде тыныш жатсын деп, орыс болсада жиендер «Кер-гер» атаның ұрпағымыз ғой, Алланың болашаққа бірлеуіне берілген үкімі, білімі, ғылымы болар-деп, сабырлықпен болашағымды (бала-шағамды) ойлап өзгемеуді ырым қылдым. Құдайға нағыз құл болуға үмітті, діни ағайындар арапқа тартып аталарынан артық болды-деп айтама, дегеннен күдікті және елге берген түгім жоқ, өзім үшін оқыған намазым мен жасаған сауабым болса, сіздің ауылдың жасы, кәрісі «намазхан» деп хан сайлап, текті бабалардың аруағының назына қалудан қорқамын. Бір басыма жететін осындай түрлі қайғыларым жетерлік, хош көріп сәлемімді қабыл алсаңыз сіздермен мұңымды шағып бөліспек ойым бар. Сәлемнен екі «меннің» егесі! Байтасов Тоқберген Кескір ұлы. Алғабас ауылы. Бейбітшілік көшесі 6 үй. Маусым 2010 жыл.

Андатпа; Бұл мақаланың жазылуына себепші болған Қазақстан атты апталық басылым бетінде қазаққа тән мақалалардың жарияланып мешіт дін танытушылар арасындағы пікір таластар еді. Баспа бетіне ұсынылғанмен басыла қоймады, мүмкін дұрыс болар. Осы мақалада көрсетілген Халифа Алтай атамыздың аудармасында баспадан кеткен Құранның кешірілмес қатесін мешіт ғұламалары неге көріп араптарға ескерту жасап түзетуге тырыспады? Әлде діни сауатты дегендеріміз араптардың ғана мүддесін жақтаушылар ма? Енді қазақ дін танымындағы 7-8 жыл ішіндегі сыртқы бейнесінің сипатын, тарихын көрсету үшін, осы уақытқа дейін баспасөз және жеке-жеке кейбір зиялы қауым мүшелеріне ұсынылған еңбектердің бөліктерін сіздерге танысуға ұсынамын.

Осы мақалалар желісіне қарап діни сауаттылармен зиялы қауымның көпшілігінің және қазақтың мәдени ақпараттық жүйесінің кімдер мүдесі мен ықпалында екендігіне қарапайым халыққа түсінікті болар демекпін. Баспасөз бетерінде кезінде «Зікіршілер кім?» деп Ысматула бастаған топты «Зікір гипноз» деп қудалап, мешіт дін танытушылары үлкен белсенділік көрсеткен болатын. Сол кезде ара ағайындыққа түсіп пікір таласқа шақырған мақалам мен Ақиқат бастауы атты кітабымның бірінші бөлімін Оңғар қажы мырзаға апарып, жалпы қазақ дін танымым туралы пікірлесіп, ақ жолдағы бата т.б туралы танысып зертемек болған уәдесін берген болатын.

Керісінше баспасөз беттерінде «Ақ жол» деген шерік қосушылар деген бүкіл қазақ тілшілері, діншілері ерінбей жазып, көгілдір терезеден түспейтін әдет пайда болғасын, «Арап емес қазақ болайық ағайын» деген мақала жазып тағы ұсынып көрдім. Ол да алдыңғылар кебінін кигесін, мүмкін жанашыр бір қазақ табылар немесе әкім қаралар құлағына жетсін деген мақсатпен өзіндік құны да алуға қолайлы болсын деп 2007-ші жылы «Құлшылық құпиясы немесе Құраннан үзік бір сыр» деген кітапша шығарып, дін сауатыларын ашық пікір таласқа шақырып және хазіреті мырзаларға да апарып бердім, мүмкіндігімше шығартып тараттым. Сол мылқау көрніс.

Оның алдында 2006-шы жылы жан ғылымынан хабар және жаратылыс және тозақ ғылымының құран сырларынан, пайғамбарымыздың өсиеттерінен, Ясауи бабамыздың меңгерген хикметтерінен, Ата жолында түсіріліп, көрсетіліп жатқан құпия ілім көрністерін баяндаған Ақиқат бастауының екінші бөлімін шамам келгенше шығарып, қазақтың көптеген ғалымдарына, зиялыларына ұсынып көрдім. Солардың бірі қазақ философиясының бас ғалымы Ғ. Есім мырзаға өз қолымнан ұсынып, ғылыми сараптама жасап, қателігін айтуын өтінгенмін. Советтік білім алып, бұндай күрделі еңбекті түсінбейтінін мойындап, арап таныушы ғалымдарға ұсынып сараптама жасауға уәде берген, өкінішке орай зиялылықтың зайырлығын өз басым көре алмадым. Тағыда сол үнсіз жауап.

Осы басылым бетін пайдаланып, сол кездегі тура жолды түсіне алмайтын діни білімсіздігін мойындағанның өзі адамгершілік деп рахметімді айта отыра, еңбектерін қазбаламай, бірақ кейінен дінді білмеймін деп, дін туралы жазғандарын ғана сынауды жөн көрдім. Бұл кітаптарым көптеген ғалымдармен, сол кездегі бас кітапхананың меңгерушісі болған тектінің ұрпағы ғой деп Мұрат Әуезов мырзаға да ұсынғанмын. Онан кейін жазылған, бірақ аруақтың жариялауға тиым салған, «Құлшылық құпиясы намаздар мен амалдар» атты шағын кітапшаны да осы басылым беттеріне сол қалпында бөлек орналастырмақпын. Бұл еңбектердің қалай жазылғандығы қандай мәнісі болғанын алда «Ата жол» даму тарихы, дін баспалдақтары сипаттарымен қоса таныстыра жатармын.

Былтырғы жылы Қарасай аудандық сотының шешімімен «Ата жолы» халықты зияраттатып садақа жинап, ел қауіпсіздігіне зиянын тигізіп, халықты кедейшілікке ұшыратып, ауруынан, бәле-жаладан құтылуға берілуге бұйырылған садақадан мемлекетке салық төлемеді, деген айып тағылып, басылымымен қоса, жаратқанның заңына, тиым салынған үкім шыққан болатын. Үкіметтің мұндай құран үкімі мен, құдайдың түсірген пәрменіне қарсы шығуы әр түрлі апаттарды туындатып және сондай дінге қиянат жасаушы әкімдердіңде болашағына, ұрпақтарына қасірет келетінін, елді қиямет оқиғаларына соқтыратынын ескертіп, мақала жазып, көптеген баспасөздерге апаралып берілді де.

Ал, баспасөз қызметшілерімен, европашыл мәдениет үлгісін ұстанған ақпарат құзырлы орындардың өзге жұртан келген ақылшылар мүддесін қорғайтыны көпшілікке мәлім. Құдайдың аманатын орындаушы мешіт дін танытушылары, бірақ бұл шешімді ауыр жүктен құтылғандай, қуана қоштап жарыса жазғанымен қоймай, маусым айында «Рұхқа табыну шайтани іс» деп қазақ дәстүрлі дінін тамырымен құртуға бағыт алған мақала жарық көруіне байланысты жаратқаннан солар үшін кешірім сұрап, хазіреті дін басшысына да датымды айтып мұңымды шақтым. Ол мақаларды да Мұхтар Шаханов, Есенбай Дүкенбай, Рысбек Сәрсенбай т.б зиялы қауым өкілдеріне де ұсындым. Соңғы кісі қол беріп, өз меншігіндегі баспасөз бетінде жариялауға уәде берген. Мүмкін қанша дегенмен сөз саптауларына қарағанда қара халықтың жоғын іздеуші болып, әділ партия құрып «ақиқат» деп жар салушылар болғасын көпке дейін үміттенгенмен, бірақ ақталмады.

Халықтың рухани мүддесін түсінбеген қандай зиялылық, қандай «еркіндік», әділетті қоғамдық ұжым болмақ? Және де алматыдағы нұр отан партиясының әділет бөліміненде табыс етілді. Адам аласы ішінде деген рас шығар, кім біліпті. Қазіргі таңда кейбір шариғатымызға, зайырлығымызға қарсы бір бетінде Абайшыл, Шәкәрімшіл келесі бетте қазаққа жат, немесе жалаңаш әйелдерің сандырағын, болмаса сананың бірлігіне қарсы, қазақ діни ұстанымына ел бірлігіне, ұжымдық салтына қарсы мақала беретін пәтуасыз басылымдардың баспағанына құдайға мыңда бір шүкір! Болашақта бет пердесін нағыз бейнесін көрсетуге ұяла қоймайтын болдым. Сондай әлқиса баспасөз, мәдени майталмандардан әбден түңілгенмен, бірақ желтоқсан айында елге келе жатқан суық хабарды астыртын түрде ескерту, тәубамызға келейік, деген шақырумен мақалаларды жинастырып, қолдан келгенінше көптеген баспасөз, көгілдір терезе мамандарына ұсынып та, айтып жеткізіпте көрдім, сол баяғы үнсіз тас жартас.

Қазағым қалай ел боласың?-деп Абай атамыз мұңданып, «етекбастыны көп көрдім»-деп бекер айтпапты. Бас қамын ғана ойлайтын етекбастылар елімізде, әсіресе билік бастарында көбеймесе әзірше азаймапты. Арты не болғанын жаратушымыздың мемлекетке де, халыққа да садақаны қалай төлетіп жатқанын төбеңізде тесігіңіз бітеліп қалмаса көріп, естіп жатқан боларсыздар? Ешкінің арандатуына ерген қой мінезден арылып, тылсымға құлақ түріп, европаның тірлігіне, арап елдерінің дініне еріп емес, нағыз діннің, мәдениеттің қандай екенін көрсетіп, өзге елді соңымызға ерте білетін бабалар ізін жалғастыратын уақыт келді. Ал егер бұдан бұлай да осы қалпымызбен, надандықпен бөліне берсек, үлкен шығындар мен садақаны, хайырды еріксіз түрде бір-бірімізге төлейтініміз айдай анық.

Үкім түсіп қойған, шегінерге жер жоқ! Қазақ еліне діннің сынағы келіп құранды жаттап алып, тура жолдамын, дегендердің өзі қайғы-қасіретке ұшырайтыны даусыз. Сонымен бірге тек бес парызбен жаннаттық боламын деген діншілерге жастарға үлкен рухани дағдарысқа түсу қаупіде бар. Қазақтың ортақ қазаннан ас ішіп, артық хайыр жасап, әуле-әмбилерін, ата-аналарын, қабірдегілерін құрметтеп, соған байланысты; «Өлі риза болмай тірі байымас» деген дәстүрлі дінінің үстемдігі орнағанша, жаратқаннан елімізге түсетін сынақтардың еселеп арта берері сөзсіз ақиқат. Сондықтан көкірегі ояу, еліне, жеріне, ана тіліне салт-дәстүр, әдет-ғұрпына деген рухани сенімін жоғалтпағандарды көркем түрде құран арқылы ашық баспасөз беттерінде, көгілдір терезелер арқылы, пікірталастың халықтың пікірінің жариялығын қалыптастырып, бүкіл ислам діншілерінің серік қосып, аяттарға ортақ қосушы болып, тура жолдан бұрылып кеткенін дәлелдейтін ақпартты, ақиқатты жариялайтын уақыт жеткенін ескерткенді жөн көрдім. (2010 жыл Тамыз айы.)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *