V- БҮГІНГІ ӘДЕТ, САЛТЫМЫЗ, ЕРТЕҢГІ ЖАЗЫЛАТЫН ТАРИХЫМЫЗ

Бөлім: Бүгінгі әдет, салтымыз ертеңгі тарих 136

Өмірдің, тіршіліктің, заманың уақиғалары тағдыр болып өткен шақтағы уақыттан туындайтыны, ал уақытың сол кезеңдегі адамазат өмірінің рухани өнімінен, әлемдік, отандық, туысқандық қуаттық жүйеге қосқан үлесінен уақытық бөлшектерінен, аруақтық сипатынан бірлігінің нәтижесі болуы керек. Олай болса бүгінгі таңдағы болып жатқан уақиғалардың уақыт дәнін, өткен күндері өзіміз екенімізді біліу үшін, өткенге шолу жасау да абзал. Сонымен ақпараттық баспасөз орындарына беріліп жарияланбаған мақаларға шолу жасап, бүгінгі күнгі рухани жағдайымызға себептерді іздеп көрсек. (Шілде айы 2016 жыл)

Айтаққа ерме ағайын! Әулиелер құдай емес, бірақ құдайдан да былай емес!

«Шыннан өзге құдай жоқ, Анық құдай шын Құдай. Ұқпай қалма алаң боп, Шын болмаса кім Құдай?!… Баянсызға (сабырсызға, ғылымсызға) бәрі құл, Жынданбаған пенде жоқ. Әулиедей асықтың, Қасиетін былғайсың. Қылығын қылып жастықтың, Бір қалыпта тұрмайсың. Әлде сайтан, әлде жын, бірін тастап бірін мін. Адам емес, айуансың, Неге тұрсың сенде шын!» (Шәкәрім ата)

Қазақ елінде әулиеге тас атып, үкіметтің «Фархатшылар» деген күнге табынған тобыршыларымен , қазақтың дәстүрлі дінін қолдаған «аруақшы» қауымды қосып бір заңның мәтіне тығып соттаған және бүкіл мемлекет тарапынан қудаланған Қарасай аудандық сотының шешімін мүлтіксіз орындауға тырысқан үкіметтің іс шараларына көктен лағнет келіп, қаншама қасіретпен, әліде жалғасын тауып жатқанына қарамастан сайтанның, жынның жетегіне ерген қызметшілері жақында Алматы телехабар тарату арнасынан діни топтарды әшкерелеген хабарды таратып, арасында қайтадан «ата жолын» мазақтап, әулие аралағандарды адасқандар жын-шайтанның жетегіне ергендер, деген ескі жынды әнін қайта бастауы осы мақаланы қайта көтеруге себеп болды.

Ақталу үшін жазып отыр десеңіз үлкен қателікке бой ұрғаныңыз. Дұрысы пайғамбарымыздың; «Адамзатқа қайғы-қасірет екі мүшесінен пайда болады, бірі екі аяқтың арасынан, екіншісі екі еріннің арасындағы мүшеден» деген хадис-аятын ескере отырып, осындай істердің қасіретке бастайтынын, сонымен бірге талайдың көз жасын төктіретін елге келетін қайғы-қасіретті ескертіп, бір пендені болса да тозақтық болып, тұқымы тұздай еріп, құдайдың қарғысы, әулиелердің аруағының назына түсіп, оған дем беруші әкім қара, имам, хазірет, тілші, жазушы, философ, психологтардың надан, жынды шайтанның қызметшілері екенін, көп ұзамай халықтың көзі жетіп, тарихта «ат аттатырып сүйек сындырушы», дінін сатқан «дажалдар» болып әшкереленетінін, қасиетті Құранмен, Інжіл, Таурат және пайғамбарлар аруағымен ант етемін!

Ал қазақ елінің діни ақпарат бөлімінің меңгерушісі Оңғар қажы, Бекет ата мешітінің бас имамы, тағыда басқалай дін «ғұламаларының» сұхбаттарында; «Алламен тілдесу тек пайғамбарларға ғана тән және ондай бата алдым, немесе Алламен менімен тілдесті дегендер жын-шайтандар» деп Құранның негізгі үгітін (философиясын), насихатын (тиелогиясын), пайғамбарымыздың; «Менен кейін пайғамбарлық 46-ның 1-не ауысады.» яғни пайғамбарлық қасиет аян алып, дұрыс түс көрушіге қонады дегенін яғни түспен, аянды Алла Тағаланың әрбір қалаған құлына оқылатын аяттарын құранда «Уахи» деп атайтынын ескерместен, пайғамбарымызды да өтірікші атаудан үлкен зұлымдық болмайды дінде. Пайғамбарымыз тағы бір өсиетінде «Мені өлгеннен кейін християндар және басқа діндегілер құсап құдай қылып алмаңдар» деген ескертудің астарында, адам баласына көрінбейтін және адам баласының теңесе алмайтын Құдай сипатында емес, адам ретінде маған ұқсап үлгі алыңдар, болмасаңда ұқсап бағыңдар деп ескерткен.

Пайғамбар- дегеніміз сөз ғылымын қалыптастырушы, тылсым құпияларын түсіндіруші қазіргі ғылым тілмен бейнелесек «Философ» (сөзді танытушы,шешен), «Психолог» (жан сырын танытушы,бақсы), «Теолог» (Жаратылыс сырын танытушы,абыз) қазақтың қарапайым түсінігімен; Абыз, Сәуегей, Ақ-бақсы. Ғалым сопы- пайғабарлық, абыздық қасиет, сопы дәуріш, бақсылықтың, елшіліктің сипаттары. Сондықтан Құранда түсірілген (түспен берілген «уақимен») аяттарда және әрбір пендесіне көрсетілетін, батамен-«уахи» оқылатын сөздерде бұрыннан түсірілген, өмірден өткен жаратушының қалаған құлына берілген, жазылған кітаптары (тағдыры) болып (Алланың сөзі болып), оны оқыған адам баласы сонда кімнің сөзін тыңдап, кіммен тілдеседі.? Сондықтан кім сөзімнен насихат (теологиялық түсінік) алса онда; «Алла Тағала бір адам баласымен көкейіне салу түрінде немесе перде артынан ғана сөйлеседі; Не бір елші (періште) жіберіп, өз бұйрығымен қалағанын уахи етеді. Күдіксіз Ол, өте жоғары, хикмет иесі.» (42-51) Сонда қалай құранға, Раббымыздың уәдесіне сену керек пе, немесе жынға айналған діншілермен, Абай атамыз ескерткендей «к..тін көрсеткеннен жол (сөз, ақыл) сұрама!» дегендей әулиенің басында арсыз бұтын көрсетіп, жалаңбас ақыл беруші сайтанға айналған тілшілерге сену керек пе? Қазақтағы бұрынғы қарапайым шешешендік және ділмарлық қабілеттері бар билеріміздің өзі әрбір сөздің астарын жете меңгеріп халықтың «философиялық» қабілетін жетілдіріп отырған. Жыршылардың ақындардың сөздерді халыққа дұрыс жеткізе білуін қадағалап отырған. Қазақтың дала «философия» мектебінің оқытушылары сауатсыз қара шалдарымыз қазіргі әлемнің мүйізі қарағайдай философ, тиелогтарынан әлде қайда биік және сөз меңгеру шеберлігі сөзді астарлап бейнелеу өнері де жоғары тұр. Жалпы халықтың діннен азып, өзге жұртың ықпалына түсудің ең негізгі себебі сөз түсіну қабілетінің екенін жете біліп; «Санасызға сан айтсаң да, жетесізге жеті айтсаң да түсінбейді» деп сөз ғылымының есеппен меңгеретінін және жетеге алды-артындағы күзетшілерге, алты ағайынға байланыстылығын ескерте білген. «Алтау араз болса ауыздағы кетеді» дегендей. Бұндай мақалдардың нақылын (ғылымын) шешпек түгіл, ескі сөздерді көп қолдануымен және әрбір арап сөзінің үнделуіне, сөйленуіне қарай сөздердің өз орнын сақтап аударған қазіргі заманымыздағы ең сөз байлығымен әлем алдында мақтануға насихатын ашып көрсетуге, жаңа сөз ғылымдарымен ислам дінін жаңа белеске көтеретінін философ ғалымдарымыз, құран ғылымын ашып дәлелдеп дінді бірлеудің орнына, мағынасы ашық сөздердің өзін дұрыс орнына пайдаланбай, жастардың санасын жабуға, жетесін жоғалтқан азған діншілерге екінші жағынан жәрдем беріп жатыр. Абай атамыздың «Сөз (дін) түзелмей ел (діл) түзелмейді» деген сәуегейлігі келді қазақтың басына. Сөз ғылымын, дінді бөлшектеуге ақылы толмаған жастардың, жын-шайтанды дәріптеген азған қатындардың және залым ғалым, шала сауатты діншілердің талқысына беріп қойған ісімен сөзі келіспейтін «жал (сөз иісі) аң (хайуан) бас» қажыларға діннің тізгінін беріп қойған әкім қаралар, ел басқарушылар құдайдың құрығынан қалай құтылып кетемін деп ойлайды екен? Бір сөздері Абайшыл, Шәкәрімшіл, ойлары мен пәтуалары арапшыл, европашыл істері қулықпен, дүние есебінен басқаны білмейтін тексіздерді кімдер қолдау беріп халықтың алдында боқ жеген бұлбылша сайратып қойған? Қажы бабаның басынан табылған шырығданның бүкіл елшіліктің таңба белгісі болып, Құранның 20-шы сүресімен оқылатын Кемел, Толық адамның көрнісін, 1874-сандық әл-қуатық белгісімен елшіліктің биік шыңының таңбасы белгіленіп, Інжіл Тәураттың толық құлшылығының көрнісі қазақ жерінде жатқанын әлемге мақтанып, көрсетететін бірде бір сауаты бар тиеолог діншінің, қазақтың сопы ғалымының болмағаны ма? Әрине ол жерде Нух пайғамбарымыз жерленген емес және арапшы діншілердің жорығанындай Зәм-зәм суының басында да жерленбеген, қазақ елін аралап ақылмен өлшеген ғалымға әлемде кездеспейтін су апатының және кеме тоқтаған жаратқанның хикметінің таңбасы қазақ жерінде әлі сақталып тұр. Ел зираттап, оны да діншілер «серік, шерік қосу» деп айдар тағып қойған. Сондықтан ондай жағалы әулиелер түгіл, тозақтық болған кәпір құлын да жаратқан иеміз мазақтауға тиым салғанын, өлгеннің артынан жақсы сөзден басқа айтуға болмайтынын, арсыз қылықпен, етегін ашып, аяғын арамдап топырағын баспайтынын, біздің мәдениет қызметкерлері білмейді, болмаса құдайды әдейі ашуландырып, елді тағы қырғынға, ауруға, жынданып, асылып өлуге шақыған әдетін жалғастыруды ұйғарған деп түсінеді қарапайым халық. «Боқты, боқпен жуғанмен кірі кетпес» деп Шәкәрім атамыз айтқандай, діннің ақ-қарасын айыратын ақылы сау, қылығы әдебі дінге сай тілшілер, ғылым адамдары болмағаны ма қазақ мәдени орындарында? Әлде ақылы сау қазақтың ондайларды үйде отырып-ақ қарғап, құдайдан «осындай азғындардың жазасын бере көр»-деп тілейтінін білмесеңіздер жуық арада түсінетін боласыздар. Құдай халықтың жағында ма, әлде артымен диірмен тартатындар жағында ма? Құдайдың арнаулы ұлықсат беріп қойған, дін елшілігін атқаруға бұйырылған, сөз шеберлері «философ, психолг, политолг, социолг» абыздарымыз не бітіреді, қазақтың бір қара шалының ақша алмай әшейін атқарған ісін істеп, мәдениетті қадағлап дінді түсіндірмегенде? Енді үкіметіміздің, мемлекетіміздің құзырлы орындарының дінді саясаттан бөлек деген жарғысынан біздердей құдайдың өлімді құлдарына өлім, өмір, сынақ жер бетіне көктен жаңбырмен берілетін несібе дін қағидасы мемлекетіміз заңбен реттеп, өздері мәңгі өлмейтіндей және заңмен егін егіп, жаңбыр жаудырып, заңмен табиғатың түрлі құбылыстарын басқарып, заң арқылы адам баласының тегін, қасиетін, заманына сай ақылын, рухын санасына «хал-актілермен» құйып беретін, ал дін қызметі халықтың мұқтажын емес ермегін қанағаттандыратын «зайырлы» (адам баласының жасырын қасиеті мені) яғни «МЕН» -деп аталатын елге айналғанымызды мына мәтіннен оқып көріңіз; «Зайырлық- дегеніміз діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінгенін және мемлекеттік саясатқа арластырмайтынын білдіретін мемлекеттік констуциялық сипаты (ата заңы) болып табылады…Мемлекеттің зайырлығы еліміздің ішкі тұрақтылығы (діні ахуалы) мен өркендеудің (діни теологиясының) басты тірегі болып табылады… Көптеген зайырлы европа мемлекеттерінде де осындай зайырлы жағдай қалыптасқан.» (Дін төрағасы Қайрат Лама Шариф баяндамасынан). Философиялық бағыты мен түп негізден тамырынан ажыратылған қандайда бір ұғымсыз сөз, екі ұшты саясат елді құлдырауға әкеледі. Ал саясаттың діні (насихаты) болмаса, бүкіл сол жердегі халықтың түгелімен азып, тозып, азғындап жойылуына соқтырады. «Дүниенің қызығын кешіп өтіп, Тәтіліктің алмадық ләззатын. Пәраудигар сопылардың жолыменен Құдайға құлшылықта ғибадатым. Айырушы Алла бар, не ғамал бар. Адамның ішкі сырын зайыр затын» (Ақан Сері.) «Әл-Фараби арабтың шалынан; -Оның төрт пішіні қандай болған..? –деп сұрады қарттан. –Ол арасын мен зайыр біле қоймаймын…» (Әл-Фараби. Машанов Ақжан. 77-бет) «Ей перзентім, біліп алғын, алла тағаланың барлығы зайырда, жасырында. Оны (зайырын) жердегі, көктегі бар заттарының қадір қасиетінен ажырата білу арқылы ақылмен таниды.» (Кабуснама 1-ші тарау 11-бет). «Зайырын қуғанда (сырын зертегенде) нәумездену (күмән келтіру) де, көз жеткізудің, ізденудің бір жолы ғой.» (Шипагерлік баян. Өтейбойдақ Тлеуқабыл ұлы. 11-бет) Сонда біздің мемелекет басшылырының діндерінде іш пыстандары өзінде құпия бір мақсаттары, сырлары (зайыры) бар болғаны ма? Бәсе боқ сасиды ау –депті, жүрген жолына қарамай, боқ басып төрге шықан бір қонақ. «Ел жаратқан мен емес! Сыртқы сөзің шын болса, Ішің толған жын болса, Жүрегіңде мін болса, Айтқан сөзің ем емес!» (Шәкәрім ата) Жоқ, біздің мемлекетіміз халқынан ойын жасырып зайырламайды (құпияламайды) тек сөз қадірін білмегенен, өз қадірін жоғалтып алғанын білмегендердің сандырағы шығар деп түсінейік ағайын. Қажы болу Алла алдында ант беріп, аманат алған, сөзімен, жанымен дін жолында соғысушы жиегінде белдеуі бар сайрандармен, планеталармен тұрақты байланыста тұратын, сол планета жер сияқты жиегінде белдеуі сәлдесін немесе қазақша бөркі бар үнемі уахи көріп, уақиды алып отыратын, сөз соғысының «Бөрікті» сапқа тұрған Алланың жәрдемшісі- деп бұрын санаған. Қазіргі қағиданы мен түсіне алмадым. Қажыларды Ыбырайым пайғамбарымыздың аянмен шақырғандарын, болмаса дінге, елге қызметі жетіп, жасы келгендерін жіберетін еді бұрынғы аталарымыз, билеріміз. Енді қалтасы, билігі жеткендердің барлығы пайғамбармыздың орнына Құдайдың ұлықсатынсыз отырып алыпты. Дін қызметі елдің әскери қорғанысынан әлде қайда маңызды жене бүкіл елдің де адамзаттың да тағдыры (дамуы, өлімі) дінге ғана тәуелді болып, дінді таратушылардың елдің қауіпсіздігіне қарулы әскермен бірдей ықпалы бар екенін ескеру керек. Онда мемлекеттен қаражат айлық төленбеген дін қызметшілері қолына қару беріп, өз тамағыңды асыра деп ел арасына таратып жіберген әскермен бірдей. Сол сияқты егер саясатпен айналысқан қандайда бір адам баласы, философия тарихынан хабары болмай, ұлттық философиясын, сөз өнерін, ұғым астарларын толық меңгермесе ол да елге қауіпті жау. Ел басқару ісінде бір сөзбен халықты соғыстырып, бір сөзбен татулыққа шақыруға болатынын білетін уақыт жетті. Сондықтан философтардың дінді және әлем дін тарихының ақ қарасын ажыра білмеулері елдің мәдениетіне, біліміне тікелей әсер беретін күш болып, екі есе қауіпті болмақ. Ал дін адамының, имамдардың мемелекет ықпалынан, жәрдемінен тыс садақамен ғана күн көріп, дінді таратып, уағыздап қызмет етуі де, рухтарының кірленіп, жүректері жабылып, дінді аздыруға ғана себеп қана болады. Бұл пайғамбарымыздың Алладан үкім түскенше садақаны пайдаланбай, өз еңбегімен ғана азықтанып, орындаған жан ғылымының бір шарты. Сондықтан біздің елдің имамдардың қарапайым қазақ сөзінің мағынасында ұқпай арап тілінің артына тығылып, халыққа да құран қазақшасын оқытпай, зұлымдыққа ұшырап жатқанына осы жоғарыдағы көрсетілген себептердің бәрі зиянын тигізуде. Философ ғұламалдарымыздың жазғанынаның бәрі құран, інжіл, тәурат, забур пайғамбарлар философиясынан әлем дін тарихын таратқанымен өздері салыстырып, пәтуа беруге құранның, інжілдің бетін де ашпайды екен. Философия пәні оқулығында тек әлем құндылықтарын, өркендеу тарихын тізіп, көрсеткенімен ұлттымызға сай философиялық қалыптасқан діни ілімізбен салыстырып, пайымдап, білімін ширатып, өріп ақылы жетілмеген студентке оқушыға; мынаны ұстанғаның дұрыс, мынаусы қателік -деп ұсынған тұрақты пайымдаулары мен пәтуалары жоқ, керісінше шайтани түсініктерді тықпалап, аю тұзақтарын құрып, миларын ашытып, теріс ақпарттарды тықпалап отырған. Қарапайым сондай аю тұзақтың бір ғана көрнісін түсініп көріңіз; «Философиялық ақыл-ойдың ғылыми техникалық ойдың шексіз мүмкіншіліктеріне деген оптимистік сенім болып табылады. ( осы-Дінің.! деп түсіндіреді ) ХХ-ғасырда адамдар қоршаған ортаның осалдығын онан сайын сезіне түсті. Бұрынғы өтпелі кезеңдей адамзат өзін тұлдыр, тұрлаусыз сезіне бастады. (165-б) (Сондықтан жастарға мынандай ұстанымды ұсынады.) Бердяев құрған нақтылықтың дуалистік картинасында бір жағынан рух (Құдай), еркіндік, ноумен, субъект бір-біріне қарсы қойылады…ноумендік әлемнен феномалдық әлемге өтіп.. объективтілік формасында..субъектен бөлініп, эмпирияның барлық шектеулеріне..объективизация деп аталған..еркіндіктің қажеттілікке құлауы құлдықтың, зұлымдықтың болмыстың түбірін білдіреді.. ( бұл жерде Құдай, рух, еркіндік қажеттілікке құлап қалады екен! 70-бет) Шығармашылық (осындай! Қара!) –объективизацияны игеру жолы (діні), ал бұл игеру әлемдік тарихтың міні мен мақсатын құрайды … рух әлемі, өзге «ЭОН» ретінде тарихтан тыс жатады… Объективизациядан азат әлем Бердяевте Інжілдік Құдай патшалығымен.. өзге «ЭОН» ретінде тарихтан тыс жатады. Бұл метарихи ЭОН болмыстың белгілі бір «эсхатологиялық» қалпында өмір сүреді… кез келген уақытында, кез келген жерде қақтығыса алады. … тарих дискретті.. шығармашылық үдеріс.Құдайдың Көріпкелдігі доктаринасын теріске шығарады.» (71-бет) Енді сіздің нені түсініп нені пайымдағаныңызда дана ағаларымыздың шаруасы шамалы, егер саясатпен айналысып, ел басқарғыңыз келсе, немесе жоғарғы білімі бар деген мөр басылған қағаз керек болса жаттап алыңыз. Біз бұл субъективизацияланып, Құдай еркіндігінің матерхи объективизацияланған эсхатологиялық Құдайдың көріпкелдік объективизацияланған доктаринасын әрі қарай жалғастырамыз; «Тіл мен мәдениет-өзінің бастауын әдет –ғұрыптардан (діннен) алады… Жазу болмаған (кітаптар) жағдайда мәдени сабақтастық әдет-ғұрыптарға сүйенеді… Менің әкелерім, ата-бабаларым не істесе, мен де соны істеймін»,-деп жариялайды постфигуративті (зайырлы) мәдениет өкілі» ( 112-бет) Сонымен; «Абай-ұлы гуманист. Абстрактылы, утопиялық (?) сарынды (бақсы. шаман) гуманист…Өлмес жан туралы, мәңгілік, шексіздік жайлы ой қозғағанмен, бұл ұғымдар діни мағынада емес…Фараби секілді…» (135-бет) Астапыралла! де, тез сол жағыңа түкіріп қой.. Бұндай қазақ ойшылдарының шатпағынан дәріс алған студенттен қандай дұрыс тілші, саясаткер шығады? «Бұл идеяның классикалық көрнісі «Бірінші қазақ философы» Асан Қайғы шығармаларында орын алады.» (115-бет) Тағыда астапыралла де. Сонда қазақта Асан Қайғы атамызға дейін дінде болмаған, пайғамбарлар да қазақ еліне «ат ізін» салмаған. Құлтегін (Дәуіт пайғамбар), Тоны Көк Білекті Қаһан (Жүніс пайғамбар), Алаш, Қазақ, Созақ, Сансыз баба, Алтай Жүрсін баба, Бабыр Алым Бақанас т.б жүздеген абыз, сәуегейлерді тарихтан аластап жіберіпті. Сондықтан ойшыл төрелеріміз біздерге; «Шығыс Философиясына үңіле зер салсақ, оның ешқашан жалпы болмағандығын, ең аз дегенде, үш дердес бағытта, үнді, қытай араб мұсылман болып дамығандығын көреміз.. даналық бұл жерлерде орта ғасырларда туындап, оның кәсіби философия ретінде қалыптасқан уневерисеттік түрі болмады…» (90-бет) Яғни түркі философиясы да қазақтардың ежелгі сақтардың даналығы өркениеті шығыста болмаған деп ескертеді. « Философия мәдениетің дүниетанымдық (діни ғұрыптық) негіздерін толғағанда жаңа мәндерді (түсінігі беймәлім атауларды) дүниеге әкелетіні белгілі. Бірақ, Шығыста философиялық емес қабаттар (?? Мүмкін имамдардың араптардан тықпалайтын сөздері болар ) басымдығына байланысты бұл ұғымдар, мәтіндер көркем діни мәндегі әдебиеттердің дәстүрлі түрлерінде малтығып қалады.. Қазақ қоғамы үшін философиялық емес қалыптағы даналық тән.» (90-бет) Осындай жаңылтпаш оқулықпен ғалым, саясаткер атанғанды шынында сол өздері шыққан философиялық қабаттарынан, баспалдақтарынан тілшілерге ғана түсіндіріп, қазақ еліндегі миды ашытатын діндердің қаптап жүруіде философиялық өмір мектебіміздің жаңа жетістіктерінен болар. Қазақта өзіңіз оқығандай даналық философиясы қалыптаспағандықтан енді біздің ойшылдарымыз; «Жаңа заманның өзгерісіне байланысты жаңа түсінік келе жатыр. Ақпаратық ортада шек ара жоқ. Жастарымыз ақпаратпен жетіліп жаңа ой қалыптасуда. Бірақ олармен бірге жүре алмайсың. Сондықтан оларға қарсы жүріп алдынан шығуымыз керек. Ислам өркениетінің орны қалай болу керек?- деген сияқты құран аяттарын талқылайтын бітпейтін таласқа түсіп кетіп жүруі мүмкін. Сондықтан 1) Этнос аралық, 2) Дін аралық 3) Әлеуметтік саланы қамтитын саясатты ұстануымыз керек..» (Ғ. Есім. сұхбатынан) Құранда өздері оқып адаспас үшін философтарымыз өздері дайындап береміз дейді. Сондықтан тиелогиялық анықтамарға жүгінсек Этнос ұғымы адамзаттың нәсілдік белгісі яғни кісілігі болып табылады да адам баласының ұлттық тегімен өзге ұлттар арасындағы ұқсастықты қалыптастыратын көпір болу керек. Мысалға түрік тектес нәсілдер (этнос), арап тектес нәсілдер (этнос). « Ал соңғы зертеулер бойынша адамдар тоғыз нәсілге бөлінеді, оның үстіне 32-топтың ешқандай берілген схемаға енбейтінін аңғарылады..» (251-бет) Міне бұл нағыз құран ғылымын растайды. Жер бетінде барлығы 41-нәсілден яғни қазақша «Ғайып ерен 41-шілтенді» белгілеп тұр. Сонда Есім мырза бастаған философ қауымдастығы ғайыптан хабар алып, шілтендермен қатынас жасайтын болғаны ма? Әлде 9-ақ ұлтқа бірігуіміз керек болғаны ма? Егер этносты ұлт десеңіз онда; «Ұлт-бұл жан, рухани принцп…Жанды қалыптастыраты екі нәрсе бар.. Біріншісі-бұл ес пен жадының бай мұрасын игеру, екіншісі-шын келісім, бірге тұруға ұмтылу..» (257-бет) Яғни біздің даналарымыздың пікірінше жан біріншіден ақыл яғни ақылмен жыныс қатынасына түсіп, өмірге ұрпақ әкеліп, ақылмен құйтырқы ләззат сезімдерін қанағттандырамыз. Олай болса Құдайымыз тозақта өмір сүруі тиіс. Екіншіден кіммен бірге тұрып және белгісізбен жыныстық қатынасқа ұмтылып, бірақ арасында неке болу керек пе жоқ па айтпай кетіпті. Абай атамызды оқып зертемегенін былай қойғанда, Шәкәрім атамыз; «Рух деген сөзді жан дейді, Адасқан дінді пән дейді..» деп ескертіпті. Демек қазақ философтары тек пәншілер екен. Енді жалпы діни ұғымға, інжіл, құранға қарсы шығып, Раббымыздың аят, үкімдерін қайта түзету мақсатында «Ұлт дегеніміз-бұл жалпы жермен (территориямен) және біртұтас мемлекетпен біріккен, экономикалық, конфессионалдық, тілдік айырмашылықтарды құрметтейтін және ақырында біртұтас мемлекеттің тілі бар, өзіндік санасы (діни ұғымы) мен патротизмге ие (?) азаматтардың қауымдастығы.» (258-бет) Қазақ ұлтының негізгі анықтамасы ана тілінде емес, мемелекет тілінде сөйлесе болды қауымдастықпен қазақстандық ұлт болады екенбіз. Жоқ қазақтың ойшыл бас қауымы біліп қойыңыздар; Ұлтық құндылықтың көрінуі де, сақталуы да үнінде, сөз байлығында, қандық ерекшелігі ділінде! Кришналықтардың «Ән құдіреті» деп табынатын амалында, музыкалық білімдерімізбен ерекшеленеді. «Ал ұлтар бұл кезімізден екі ғасыр бұрын ғана қалыптасты. Айырмашылығы айдан анық. Этностар өз-өзінен табиғи жолмен пайда болады. Ұлтар болса, саналы күш жігердің нәтижесі, көбіне олар арнаулы иделогиясыз өмір сүре алмайтын жасанды құрлымдар ретінде көрінеді.» (158-бет) 18-ғасырдан ғана бастап пайда болған қазақ ұлты әрине араптың, европаның идеолгиясыз өмір сүре алмайтыны, сондықтан маймыл сияқты табиғи жолмен пайда болғандықтан да қазақтың бар сөз өнерінің білімін ширатқан атақты 12-ғұлама қол қойған осы кітапты жастарымызды болашақ ел басқару саясатына әзірлеп жатқан түрі бар. Ғ.Есім мырзаның ойлап тапқан жаңа бағыты «Әлеуметтік сала саясатын» кітапта; «Мысалы әлеуметтік өмір, адамзат баласының рухани-интелектуалдық өмірі (дін ерекшелігі), мәдениетің рухани мұрасы болып табылады. Осылайша адамзат әлемдегі өз болмысының жаңа тірегіне, жаңа инстанциясына ие, болды…Табыс көбіне адамның өзін рынокта қаншалықты жақсы сата алуына, оның «қорабының» (сырқы бейнесінің, жалаңаш тән сипатының) қаншалықты тартымдылығына, қандай клубқа(сектаға, ұйымға, хиттарға) жататынына, керек адамдармен ( басшылармен, заңгерлермен, продюсер, жұлдыздармен) таныстылығына байланысты. Адам өзінің өмірі мен бақыты туралы ойланбайды, қалай өтімді тауарға айналуын ойлайды. Ұтымды тауар сияқты адам да тұлға (жетілген адам) рыногында сәнді болуы тиіс! Ал сәнді болуы үшін тұлғаның (пайғамбарлық қасиеттің)қандай түрінің сұранысқа ие екендігі білуі тиіс. Мұндавй үлгілер картинасын жарнама, газеттер, журналдар, кино, теледидар, радио береді. Қазіргі адам өзінің базардағы сатушы ретінде де, тауар ретінде де қабылдағандықтан, оның өзін-өзі бағалауы өзінен тыс жағдайларға тәуелді. (Сырттан келген қалталы келімсектерді меңзеген) Егер ол үлгеріп қалса-құны бар, ал ондай болмаса-құнынан айрылады. Ол өзінің күш-жігерімен бірегей емес, өйткені оның қадеге асу кезіндегі өзін-өзі көрсетуі емес, сатылу кезіндегі табысы маңыздырақ. Ойлаудың мұндай типі қазіргі білім беру жүйесінде де өзінің терең ықпалын тигізеді. Оқытудың мақсаты ең алдымен нарық үшін пайдалы ақпартты барынша көп жинауға (сапасы да, мазмұны, бағыты маңызды емес көрінеді) келіп тіреледі. Студенттерге өте көп нәрсені білу керек, тіпті олардың ойлануға да күші мен уақыты жетпей қалады…» (157-ші, 301-ші беттер) Біріншіден жалпы әлем дініне, Құдайға қарсылық, екіншіден Абай-Шәкәрім, Фараби философиялық пайымдауына қазақ дәстүріне мүлде жат, талғамай алып, таңдамай жұтып рухани ауруға, елес ауруына, азғындыққа апарар жол. Үшіншіден бұл саясат өзінің өміршеңдігін көрсетіп, біздің ойшыл қауымның жастарымызға берген үндеу ақылы яғни әлеуметтік саясатымыз егемендікпен бірге басталып, қазіргі жастарымыздың енді мәдениет саласында жасап жатқан лаңының бейнесін Абай атамыздың «Мақсұт» әңгімесіндегі көктен жауған улы жаңбырды ішкен елдің жынды биіне ұқсайды. Қандай әулиелік! Өздерінше талпынып ізденген жастардың сәл мүлт кеткен қадамын аңдып, қудалап, мәденет орындарынан аластап тынып едік енді тағы қиялға негізделген саясат тағы бой көрсете бастады. «Бір ұлт-бір дін»- дегеніміз егер дүнетанымдық философиялық ұстанымызға сүйенсек, ұлтымыз қазақстандық болу керек болса, онда қандай дінді зорлықпен қабылдату ойларында бар ел басшыларының? Егер қазіргі этносты (нәсілді-47) ұлт деп алсақ онда қазақ елінде негізінен 9-діни ағым болып, тағы 38-секта жұмыс істеуі керек. Ал ұлт дегенді тілмен өлшесек 120-дан астам діни ұйым жұмыс істеуі керек екен. Егер тек ислам діні ғана деп арап түсінігімен қабылдасақ онда тағы «Өзің комсомолсың неге талқан жейсің?» деп атып тастайтын, болмаса жарып тастайтын, қазіргі арап елдерінің ұстанған дағдарыстық «нигилизм» және «кинизм» дін саясатына қайта оралу керек. Онсыз да елімізде жаратқанның адамзатқа түсірген несібелерін халал, арам деп енді ағайын арасындағы жасырын соғысқа келіп тірелдік. «Хиджап»деген сөзді сол қалпымен алып, оның райлық ерекшелігімен жалпы бүркеніш, болып; орамал, жаулық, бөкебай, киімшек, жамылғы т.б жасына қадіріне қарай киетін әйел киімдерін бет жабатын паражы ұғымына айрбастап, елді дүрліктіріп, ел басының да миын ашытуға себеп болған діншілерге тәйт дейтін қожаларымыздың, шешен, ділмар, сәуегей, би, хан, сұлтан, абыздарымыздың «философ» атын жамылған қой терісіндегі қасқырларға ұқсайды. Осылай кете берсек, орысша не болмаса арап тілімен сөзімізді шұбарлап, үнімізді жоғалтып, миымыз ашып, қанымыз сұйылып, ділі жоқ қазақстандық бір ұлтқа айналуымыз сөзсіз. «Аруақ» сөзінің ғылыми мәні бүкіл философтардың және киелі кітаптарда астарлы сөздермен берілгеніне қарамастан қазақ дін танутышылары халықтың жадынан шығаруға соғыс ашқанына бүкіл халық куә. Осындай күнәнің, азғындықтардың үстем болып құндылықтардың, қасиеттердің теріске шығарғанын «Құдай өлді!» деп жариялаған неміс философы Ф. Ницше. Құдайда, аруақ та мәңгі; «Философия», сөз ұғатын даналық өлді қазақта! Бұрынғы замандарда аталарымыз өз руластарына өкпелеп, парсылар жаққа көшіп бара жатқан керейдің бір ауылына «Керей қайда барасың? Қызыл бастан қыз алсаң үн жоғалар, Үн жоғалса көкіректен сөз жоғалар!»-деп кейін қайтарған екен. Үннің әйел сүтімен келіп көкіректе ұясы болатынын, кеуде өлшемі мен бөксе өлшеміне қатыстылығын мөлшерін анықтауды аталарымыз бағзы замандарда біліпті. Ондай сөзге тоқтап, ұялатын ел басқарған «Бас» қайда? Бастары барлардың бөркі болмай, шатыры кетіп милары ашыған заман болды. Сондықтан; «Мұндай жағдайда діни сұрақтарға жауаптар сенімге негізделуі мүмкін, өйткені Құдайдың өмір сүретінін біз дәлелдей де, теріске шығара да алмаймыз. Бірақ біздің сенуімізде мүмкін немесе сенбеуімізде мүмкін.» (48-бет) дейді сөзді ұқтыратын даналарымыз. Енді бұл кітаптағы ақпарлар қазақ ойшылдарының сөзі емес, тек әлемдердің философия тарихы деп уәж келтірсеңіз онда құлақ салыңыз. Болмыстың жаңа стратегиясы яғни жаңа дініміз, тылсыммен қатынасымызды; «Сұхбатта (пікір таласы, мәдениет ақпарлары), коммуникацияда қатаң ғылыми, легитимді бекітілген гносеологиялық тұрғыда Ақиқаттың ашылуы маңызды емес, ал «Мен» және «Өзгенің»(мейлі арап, мейлі европалық, үнділік т.б) «әр түрлі жорамалдарды» тыңдау маңызды. Күнделіктің ойлау аурасына(бүгін ғана жақсы болу), тіршілік аурасына бет бұру болмыстың постмодеринистік стратегиясына тән сипат болып табылады… Әрбір мәтін (текст, аят) әр түрлі түсіндірілуі мүмкін, мәтінді түсіндірудің міндеті оның мәнін ашуда (ғылымын білуде) емес, кеңейтуде. (жатап алуда)» (171-бет) Бұндай сөз мағынасын толық аудармай тек сол қалпында пайдаланып және сол арқылы адам баласының жадын өсіру әдісі европа, үнділерде қара магияның, исламда түрлі арапша дұғалармен, мұсылман қорғандарымен және құранды талғамай жаттату арқылы теріс сандармен бойын толтырып, сонан ойлану еркіндігі шектелген, басқаруға оңай, мәңгүт өзінше пайымдауға есі жетпейтін, айдағанға көніп, айтқанға оңай көнетін, пенденің рухын өлтіріп, сөзбен сиқырлаудың тәсіл-амалдарына жатады. Студент, мұндай мың құбылған ойдың сиқырынан миын ашытпай баға алу үшін амал жоқ жатап алып жадына тоқып алады. Ібілістің негізгі мақсаты да осы. Толған ақпараттардың арасына түсініксіз сөз арқылы өз ұрығын, ұғымын (вирус) егуінде. Адам баласы әсіресе қырыққа келгенше ақыл толатын ерлердің санасында мағынасын ұқпай, құр жаттау түрінде сақталған мәтіндер, рухтың өсуіне байланысты өзін бой көрсетіп, адам санасын өз бағытына бұрып әкетеді. Сондай түсініксіз ұғымдарды босқа жаттаған жастардың, өсе келе аяқ астынан бүлікші немесе қылмыс әлеміне өтіп кетуі де сырттан дәстүріне сәйкес келмейтін, теріс білімді беру арқылы сол мемлекетті жаулап алу, жер бетінен жойып жіберу әдістерін қазіргі заманда өте жетік меңгергендер ел басқару, ақпарат тарату, әсіресе діншілер арасында жеткілікті. Сырттан салады, шайтан болып іштен өсіп шығады дегеніміздің дәлелі өзіміздің діни кітапатарымызда, оқулықтарымызда, мәдени ақпараттарымызда жағдайларын жасап қойғанбыз. Болмаса өзге елге сапарға апарып, киелі жерлерінен ұлтқа жат ақпараттарды еріксіз алдыртып, 40-қа толмай қажы атандырып, жасы келгендеріміз жалаң аяқ, жалаң бас діннен өкшесіне кейін қайтып, шайтанның қызметіне тұрады. Қажылық адам баласының еріп, сүйретіліп жүретін, 40-тан асқанша ақылмен өсетін, бой көлеңкесін кестіру, қазақша піштіріп сүндеттеу. Сондықтан оның жеті өлшемі бір рет кесуі болады. Енді қазір қырық түгіл, бір-екі парызбен кестіріп келіп, рухани әтек қажыларды дайындауға мемлекетіміз болып көмек беріп жатырмыз. Көп жастарымыз діншілеріміз сөз түсіну пәлсәпәсы болмағасын сақал қойып, мұртын алып тастап; «әтекпін», тек етектің иісімен қоректенемін, «текемін»,- деп ұятсыз қылықты жарнамалап кетті. Жаратушымыз адамзатқа бар үлгіні табиғат жаратылыс егелері арқылы көрсетіп қойған. Дәретін үзбейтін, тазалықты жақсы көретін, пенденің мысық сияқты мұрты болады. Иістен тазарушы деген белгі. Сондықтан алда үкіметіміз болып мақтап, қаржы бөліп таратып жатқан «Дін мен діл», «Ислам ғалымхалы» т.б кітаптардың ішінде Шәкәрім атамыз ескерткендей адам аулайтын аюдың тұзақтарының қалай құрылғанын «философиялық», «психологиялық» (жан-сыры), «тиеолгиялық» (өркениеттік) қателіктерін жазамыз, бірақ ол өкінішке орай ел басқаратын, мәдениет, дін саласындағы ойшылдарға түсініксіз боладыма деп қауіптенемін. Егерде қазақтың білім беру саласында «Тіл және философия» мектебі өз дәрежінде қалыптасып барлық білім, саясат саласындағы сөзді қолдану шешендік өнердің қадағалаушы, қалыптастырушысы болып, өз орнын таба білгенде, надан діншілермен, шалағай саясатшылардың бүлігіне ұшырап, еліміз мұндай діліміздің азып, жасымыздың қысқарып, жастарымыздың мәңгүтенуіне жол бермес еді. Қарпайым ғана сауатсыз аталған дала философтары аталармыздың ғана меңгергенідей сөз құписын білген мамандарымыз ел бастарында отырған болса және философиялық даналықтан, абыз бабаларымыздың дайындап беріп кеткен жан ғылымының дайын құндылықтарынан, заман біліміне сай ала арқанды өре білген ғалымдарымыз болған жағдайда Халифа Алтай аудармасының құндылығының әлемде теңдесі жоқ екенін түсініп, бұндай халыққа келген надандыққа тосқауыл болатын, халықтың ойын бір бағытқа бағытайтын, үгіт алатын бір кітабына айналып және Бақара сүресінің 224-ші аятының жоқ екенін, екі онжылдан бері түзетіп, бүкіл қазақтың дорбаға салып ілетін кітабы емес басына жастап жатып оқитын бір кітабына айналған болар еді деген арман ғана бар. Ондай жағдайда құранды теріс зиянына алған, өзіне-өзі қол жұмсап бүлік шығару болмаста еді. Таураттықтарда кітаптың бір таңбасы өзгерсе немесе қалып қойса өлім жазасына кескен екен. Халқының ортақ оқитын кітабын сақтап, қорғай білмеген қандай мәдениет, қандай дін, қандай философия мектебіміз бар деп мақтанамыз? Құранды тек қазақша түсініп оқығанда ғана сананың ашылып, ақыл көкжиегінің кеңіп, түс түзеліп, құран аяттарынан ем шипа, рахмет түсіп ақыл азбауға кепілдік болатынын түсіндірмек болып 3-4 жылдан бері баспасөз, ақпарат орындарының есігін қағып мазалағанмен ештеме шықпағасын, енді құранның бір аятын тауып беріңдер деп жар салғанмен халықтан ұялуды былай қойғанда, Құдайдан шын қорқатын жазғыштарды да, әкім қараны да, дін ғалымдарын да көре алмадым. Қайта дін басшысының орынбасары ұялмақ түгіл; құранда тек араптар біледі, қазақтың намысын неге қорғайсың- деп желкемнен түйіп, бөлмесінен қарауылдарымен жабылып айдап шықты. Ал сауатты қазақ баласы Абай- Шәкәрім философиясын түсінсе әлемдегі ең толық дінді түсіндірген жан ғылымының Ясауи бабамыздан кейінгі теңдесі жоқ философиясы мен тиеологиясы екенін тәпсірлесе діншілеріміз де, оқыған жастарымызда үкімет орындағы әкім қаралардың да ойлары азып, секталарға, діннің бөлшектенуіне жол бермейтін жарғылар шығарып, ата дініміздің іргетасын қалағанымен келістіре алмай жатқан қарапайым халықты жабылып, көшіміздің қисайған жүгін түзеп, сонда қазақ ата-салт дәстүрінің әлем діндері алдында салтанат құрары сөзсіз еді. Дінді білмейтін надан жазғыштарға; «Сендерден біреулеріңе өлім келіп: «Раббым! Мені жақын бір мерзімге дейін кешіктірсең де садақа беріп, ізгілерден болсам» деуден өздеріңе берген несібемізден тиісті орынға жұмсаңдар.» (63-10) «Шын мәнінде малдарың, баларың бір сынақ. Әмірлерін (уахи, аян, түс) тыңдаңдар, бой ұсыныңдар (жорып іс қылыңдар) Сондай-ақ тиісті орындарға (киелі жерлерге) мал жұмсаңдар (құрбан шалыңдар); сендер үшін қайырлы болсын. Кім нәпсінің сараңдығынан (ақша таусылып қалады деп қорқудан, хайыр жасаудан бас тарту) сақсынса, міне солар құтылушылар.» (64-16) Баларыңмен, малдарыңды сынақтан аман алып қалу үшін зират жасаңдар деп ескерткен Раббымыздың әмірін мазаққа айналдырып, казиноға ақша жұмсағаннан бетер байбалам салған елді теріс жолға азғырған, ақпарат майталмандарын кім айдап салып отыр? Асылып өлген жастардың ата-анасының құрбандықтың қарызын өтеуге шақырған түсті, аянды, уахиды тыңдамағасын «Шақырғанға зар болып, асылынан айрылып жатқанын» кім түсіндіреді? Әлде осылай жастарымыздың сайтандардың азғыруының құрбаны болу ел басқарушыларына тиімді ме? Халықтың басын қосып ақталуға, өлімін кешіктіруге, ел тілегін көк есіктеріне жинастыруға шақырғандарды байып жатыр,- деп байбалам салу ібілістің лаңы екенін кім түсіндіреді? Тілші жазғыштардың, имамдардың «Жер жыртып жүрген өгіздің аузын бума!»- деген Мұса пайғамбар өсиетін мазаққа айналдырып, дінді мазақтағаны деп түсіну керек. Қазақтың діні, ата салт-дәстүрін толық меңгеру арқылы ғана салтанат құрары сөзсіз. Оған көмекті тегіне тартқан, көк жиекті (түс,аян, уахи) көре білетін ақын, жазушы қарапайым қазақ ағайындарымыздан ғана күтеміз. Тегімізді сақтау үшінде ата дәстүрлік ойлау мәдениеті болу керек. Ондай жағдай тек зираттап, ата-баба рухын үнемі қадірлеп, ұлттық амалдарын ұдайы үзбей орындағанда ғана мүмкін болмақ. Керісінше ұлттық арқауымызды үзу үшін «даналарымыз», ойшылдарымыз болашақтың бағытын діндік ұстанымыздың, ұлтық саясатына өз пікірін білдіріп кетіпті; «Алайда, кейбір зертеушілердің ауылдарда, деревняларда, қыстақтарда этникалық (дәстүрлік, ұлттық) құндылықтар жақсы сақталғанын, консервативтілігін алға тартып, «кері қарай» шақырумен келісуге бола ма? Этникалықтың бұл ұғымы (әдет-ғұрпы) ескірген жоқ па? Бұл мәселеге қатысты этностар менталитетінің түбегейлі өзгертетін кез келген сияқты. Біздің ойымызша, (12-ғалым, қазақтың сөзінің беті!) этникалықтың дәстүрлі белгілерін сақтай отырып, оларды жаңа қасиеттермен және сапалармен белсенді түрде толықтыру керек. ( дінін өзгертіп, рухын түзету туралы..) Егер де жапондықтар өздерін дәстүрлі этникалық қасиеттермен шектегенде, онда олар қазіргі жетістіктеріне жете алмас еді…» (252-бет) Жапондықтардың европа, амаерикалықтардан дәстүрін қоса алуымен жаңа сапаға көшкенінің жемісін қалай жеп жатқанын бүкіл әлем себебін білмесе де нәтижесін көріп отыр. Бұл қазақ еліне де сендер де соған ұқсайсыңдар деген ескерту белгісі болар. Аталарымыз «Балық басынан шіриді» деп ескерткені бекер емес. Заң шығарушы әкім, ояздардың да, ел қауіпсіздігін қорғаушы қызметшілердің де, алған негізгі білімі «психологиялық» даналықтары да осыған ұқсас. Сонан болар ата- салт дәстүрін бас көтере бастаса тұншықтыруға, өсіп өнуге мүмкіндік бермей, аруағын соттап, кешірім сұрап құдайға бас иуден бас тартып, жаратқанның ашуын шақырып, елді қырғынға, апаттарға жетелеп әкеле жатқандығы. Ғ.Есім мырзаның жоғарыда ұсынып отырған 3-бағыты негізінен саны дұрыс тек сапасы мен сөз мөлшерін таба алмай отыр. Баста ақпаратық дәреже көбейген сайын ыстық (радиация) мөлшері де артады. Кейде таза емес дәрет (сары су) басқа шауып жаман ойларға жетелеп кетеді. Қажылықтың мәні де әуелі бойды, сосын ойды меңгеріп көктен бөрік кию. Інжілдіктер «Назереттік ант» деп атаған. Ондай ант берген, қажылықтың таңбасы «шырағдан» қазақ елінде санды білмейтін санасыз, түс көрмей тек кітап арқалаған надандардың сайқы мазағына ұшырауда. Шатырдан су тамса да ұйқының да мазасы кетіп түсің бұзылады. Мүмкін европадан жұқтырған ауруымыздың кесірі болар. Философиялық ақылдың қалай келетінін Шәкәрім атамыз; «Оқи алмай ғылым тілін, Тұман болып жарық күнім, Қасықпен аршыдым жылым, Не көрмеді ғаріп басым. Әлемді оймен кездім, Перевод малтасын ездім. Жарымның сәулесін сездім, Моланың ақтарып тасын.Қабірден шықты көп нұрлар, Нұры өлшеусіз сұлу бір жар; «Деме-деді- ғылымым тар,- Ерінбесең мені аласың». Кіндігімен ата-бабасымен және табанымен жер ананың, көктің есігіне жалғанып нұр жинамаған қандайда ғалым, сопы, хазірет тура жолын табуы мүмкін емес. Ғылым (иман) өздігімен іздеп келмейді «(Мұхаммед) саған шынайы түрде Құранды өзіңнен бұрыңғы кітаптарды растаушы және оларды қорғаушы түрінде түсірдік. Олардың араларына Алланың өзіңе түсірілгенімен үкім қыл. (Берілген уахи, аян түс бойынша) Өзіңе келген шындықтан (Аяннан) айрылып олардың ойларына еліктеме! Сендердің әрбіреулерің үшін бір жол-жоба(уахимен нұсқау) қойдық. Егер Алла қаласа еді барлығыңды бір-ақ үммет қылар еді. Алайда Алла сендерге берген жол-жобаларында сынамақшы. Ендеше жақсылыққа (уахимен тапсырма алуға) жарысыңдар. Біртұтас барар жерлерің Алла жақ. Ол сендердің таласқан нәрселеріңді білдіреді.» (5-48) Жаратушы иеміз істеріңді шариғаттарыңды әрбіреулеріңе яғни тек пайғамбарымызға ғана емес сендерге де солай, бөлек –бөлек жоба істер түрінде көрсетемін, сонымен сыналасыңдар деп ескертеді. «Сондай қарсы болғандар: «Оған Раббынан бір мұғижа неге келмейді?»,-дейді. Шын мәнінде сен ескертушісің. Сондай-ақ әр елдің бір жолбасшысы (ескертушісі) бар.» (13-7) Әрбір ұлттың өз ескертушісі жетімен өлшеп, хикметтер көрсетіп шариғатын қалыптастырушысы және дін ғылымын жетілдіруші өз ғалым-сопылары уахимен берілетін нұрландырушы кітабы болатынын ескертеді иеміз. Енді жоба шариғат істері яғни дәстүрі болса онда жолы нешеу?«Оған екі көз жаратпадық па? (8) Әрі бір тіл екі ерін? (9) Оған екі жол көрсетпедік пе? (10) Сонда ол, кедергіні асуға тырыспады.» (90-11) Сонда әрбір құлына орындайтын екі жол, бір жоба бір тіл арқылы адам баласының жеке діні философиялық түсінігі, білімі қалыптасу керек. Жол дегеніміз көктегі сөздің «философиялық» қабаттарын айтады. Әрбір елдің ана тілімен байланысты, жұлдыздармен, көктегі жарық құстармен, құс жолымен байланысатын күміс жіптерді ұстап тұратын жердің есіктерін, киелі жерлерді құранмен суарып тұруды намаз орындау деп атайды. Әрбір адам баласы өзіндегі екі «менімен» атман арқылы көктегі жеті жолға «Брахмаға» жалғану арқылы 9 жолмен тура жолға шығады екенбіз. Ал «ханфи масхабын» тура жол деген мейлі хазірет, шейх болсын серік қосып, аяттарға ортақ қосушылар, залымдар. Ислам діні негізгі 4-дінді және 5-ші Ақиқатты біріктіруші діндердің ортасы «Жұма». Тура жолды табу бестен (парыз) басталып, оңға сенбіге (тәуратты меңгеру), сосын тағы оңға жексенбі (інжілді меңгеру), сосын солға бейсенбі (забурды жынды меңгеру) қайтып келіп бесінші күн жұмаға келеді. Тәубаның 9-баспалдағы дегеніміз осы. Оны қазақ даналары өлеңмен де мысал әңгімелер, тәмсілдермен де жазып айтып кеткен. Заманның ғылым жетістігіне қарай діннің даму сатысын қабылдамай тек шариғаттқа байланып қалудан, бес парызбен арап мемлекеттері қасіретке ұшырады. «Таза ақылдан жоқ сұрақ. (Аян, уахи) Пәнші нанды бес сезімге, Дінші адасты жолынан, Сал ақылға, дұрыс не? Дәлелін тап жақсырақ.» (Шәкәрім ата) Жаратушымыз дінді жол-жобасын, дәлелін әрбір пендесіне көрсетіп кеңес арқылы яғни «БІЗ» бен ақылды басқарады екен. Біз-деп аспандағы бүкіл көктің мүлкін айтады. Қазақта; «Менде бес бересің, алты аласың бар ма?» деген астарлы сөз бар. Рухты 3-жол-жобасымен жұбымен 6-мен 3-рет (18) аласың. Бесті жұбайыңа қалың мал-47сін төлеп, мал(жын) қылып берсің. Малыңның (еркек ұрығы, нәсіл) қалың болуы киіміңнің толық болып, тәніңнің иістен тазаруына дәмге байланысты. Жалаң бас, жалаң аяқ еркектің малы түгел болмайды. Басында жаулығы, етегінде байлығы жоқ шалбар киген әйелдің аяғының арасына жала бітіп жанына торсық байлатпайды. Еркекқұмар әуейі болып кетеді. Адам баласы көкте өмір сүреді. Сондықтан ата-ана баланы таңдай алмайды, бала ата-ананы таңдайды. Көктегі сайрандардың, ұшпақтың ең жерге жақын келетін киелі орындары қазақ жерінде. Сол жерден пайғамбарларды іздеп табасың, көке жалғанып таза ақыл аласың. Жұлдыздардың ең жақын келетін қарапайым көзбен-ақ, әлем құралмен көре алмайтын жұлдыздарды бақылайтын киелі орындар қазақ жерінде жеткілікті. «Үстеріңдегі қанаттарын жайып, қомдап ұшқан құсты (құс жолын) көрмей ме? Оларды Алла ғана тоқтатады. Сөзсіз Ол, (Біз,Рабб) әр нәрсені толық көруші.(19) Сендердің Алладан өзге көмек беретін жасақтарың (құстарың, жұлдыздарың) кім? Кәпірлер алдануда ғана» (67-20) Аспандағы құс ол біздің мылтықпен атып тоқтата алатын құс емес. Барлық нәрсенің өлшемі сандық мәні бар. Алланың құдірет қолы Аруақты іздесеңіз құранды сан мәнімен зерте. Және ол қазақтың нақылында тұр. Әлем іздеген жан ғылымы дегеніміз сол. Онанда сол құстың сәулесі түсетін жерлерді былғап, күміс жіпті үзуге жанталасып жатқан, арсыз қатындармен, кәпір еркектерге тиым салатын зираттаудың жарғысы заңы керек. Ол біздің көктегі мұра асыл қазынамыз екенін мемлекетіміз болып қолға алып, түсіндіргеніміз ақылға, дінімізге лайық болар. Бұл мақаладағы деректер болашақта қазаққа ғана емес әлем алдына шығаратын аруақтың үйретіп жатқан ақылдарының 1000-нан бірі ғана. Білім тау-тастан келеді. Қанша ғалым болғаныңмен таудан бойың аса алмайтынын білгеніміз абзал. «Бізі» түгіл, «менін» білмейтін қазақтың ел басқарушылары төраға сайлап, Құдайдан да жетілгендігін көрсетпек болып жатыр. Қазаққа жалаң бас төрге шығаратын аға емес, төбесінде жол көрсетіп, аянмен жетелейтін ағасына жалғануды түсіндіретін жағалы сопы-ғалымдар керек. Дінді таза ақылға сұрақ қойып, жауап ала білетін, құдайдың сүйген құлдарымен, ғалымдар кеңесі арқылы, төраға сайлай ма, қожа сайлай ма және халыққа жариялықпен, сұхбат арқылы басқармаса бәрібір жаратқанның сынағынан құтылу мүмкін емес. Сондықтан әзірше осы арадан тоқталып, болашақта бұл тақырыптарға қайта оралып, қазақ философиясының, жан ғылымының бүкіл әлем құндылықтарын біріктіретін дінді бірлеуші саясатының негізі болатынын алысқа бармай-ақ Абай-Шәкәрім теологиялық танымымен дәлелдеп береміз және оған лайық көсететін хикметті істеріміз де бар. Европа білімді жұрт бәрібір түсінеді. Бір қазақ бір қазақты мұқатудан басқа жол қалмаған сияқты. Егер қазақ елінің бүкіл діндерді бірлеуші дәстүрін ғалымдардың, діншілердің өзге діндерді пайғамбарларды мазақ қылған кітаптармен, мақаларды аударып, жариялап және құранның ғылымдық, сандық, сызықтық мәндерін бүкіл әлем діндерінің тазасын қорғайтын мақалаларды жариялайтын болсақ әлемге масқара болғанда сосын қайда көшіп, қайда тығылады? Әлем алдында тірнектеп жинаған беделімізден ғалымдарымыздың, ел басшыларының бір мезетте айрылғанынан кімге пайда? Қол сынды аруақты қорлап, жең ішінде жазылар. Басты жардыңдар, әулиерімізді мазақтап, өзгенің айтағына еріп, бөрік кисек ауырғаны да басылар. Онан да тереңге кете бермей ортақ шешімге келейік. Ештен кеш жақсы, әлде де ойланып, аруақтың пәтуасына жүгінейік. Ал әзірше бұл талқылаған философиялық оқулық кітаптың құрастырушы Ахмет Байтұрсынов атындағы «Саңлақ автор» медалімен марапатталған екен. Сондықтан атамыздың өз сөзімен бағалатып көрейік; «Сасық ми, салқын жүрек санасыздар Алаңсыз ақ малтасын езіп жатыр.» деп «Жалаң аяқ жалаң бас, жөндеріміз қиюсыз, етектеріміз жиюсыз ашылып, шашылып жатқан қамсыз халықпыз» деп ескерткеніндей, қазіргі таңдағы етегін өзі әзер жапқан әйелге «к..тін» ашқан әйелді мәдениет ошақтарының төріне шығарып, қызмет беріп, ақыл айтырып қойған ел ағаларында қандай діні, зайыр-парасаты, ұлтық намысы, ел алдына арсыз көрнісімен ақыл айтырып қойған қатындарының қанында қандай ұят, ардың ділі болып, сөздерінде пәтуа болмақ? Сөз түзелмей елдің түзелмейтінін ескертіп; «Бұзықтық бай жарлыға бірдей нәрсе, Пиғылды түзетпейді дәулетпен бақ.» «Ұлтың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тіл» «Сөзі жоғалған жұртың өзі де жоғалады.» «Өзіндік даралығы жоқ, қуыс кеуде адамдар қандай болса, ұлттық белгісі, бет бейнесі жоқ халық та сондай.» «Сөздің шырайлы ажарлы болуына ойдың шеберлігі керек; ұнамды, орынды, дәмелі болуына сыншылық керек, маңызды болуына білім керек.» Жалпы толып кеткен дінші атанған жалаңбас қажыларға Шәкәрім атамыздың қытай патшасының, ми ашымас үшін жасаған «Қол шатыр бұйрығын» түсініп оқып көрсе және қазақтың зиратшы қауымды қудалап, дәстүрлі дінге қарсы тұрушыларға; «Алашқа аты шыққан адамдар! Көсемдіктеріңді адаспай түзу істеңдер! Сендер адассаңдар, арттарыңнан алаш адасады: артарыңнан ергендердің обал-сауабына сендер қаласыңдар.» «Қазақтың бас (бөрік киген төрелері,қажылары)адамдары! Әуелі сендер адаспаңдар: адаспас үшін ақылдасып, ойланып, ынтымақпен іс етіңдер!»

(Ахмет Байтұрсынов) Шілде айы. 2011 жыл. Байтасов Тоқберген Кескір ұлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *