Алланы тану…

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 146

Түп негіздің барлығын,

Тәңір, Құдай, Раббының,

Алла тағала сипаты,

Жарығы таза ақылдың

Өзі дейміз Жар үнін,

Төрт сипатты барлығын.

Алла баурап тұрушы,

Сипатымен растығын.

Алғашқы нұрдан Раббының,

Ілімнің тегі байлығың.

Сары түсті ғылыммен,

Киесі барлық жандының.

Қызыл түс ғылым байлығың.

Тіл мен үні жандының.

Шындығы Алла рұқынан,

Хикметімен Алла барлығын.

Көк түстен шыққан сан ғылым,

Сипаты бұл да тәңірдің.

Көк пен ақты жұп қылып,

Жаратқан жанның барлығын.

Қара түс қуат тәңірдің,

Жын жұбы барлық жандының.

Адам мен жынды бірлеуге,

Бес қуаты керек тәңірдің.

Ұқсасы болмақ Раббының,

Меңгеріп сөзін, жар үнін

Адамнан тарқап адамзат,

Әскері болар тәңірдің.

Аруағың болар тағдырың,

Әрекеті қолмен жазуың,

Құранның болған кітабы,

Иықта періште «лахфуздың»

Дін дейді Алла танымын,

Қасиетін әлем зайырын.

Алланың өзі құдай деп,

Бейнесі нұры Раббының.

Жаратқан түрлі жарығын,

Меңгерсін дер қарсысын.

Кигізген ар сауытын,

Артық қып адам затының.

Дінмен беріп жарлығын,

Меңгер деп өмір тағдырын.

Жүктеліп түрлі қарсымен,

Тазартып ал бой жарығын.

Меңгеру дінді парызың,

Ғылымға жалғап жан үнін

Жер кезіп, іздеп иманды,

Шариғаттан алмақ қаруын.

Тарихтың алған нанымын,

Тарихат тағдыр жазуың,

Аманат жүгін ақтаумен,

Ата –ана есін жадының.

Үшінші сипат танымың,

Іздейтін нұрын Раббының.

Ғылымның кенін мағрипат,

Жер ана рұқы, тас, тауыңның.

Жерге есік, көкке сатының,

Бір ғылымын Алла танымын

Ақиқат жеті жолыңда,

Жалғанып бізге- Рабб үнін.

Алланы білмек танымын,

Мен деген нұры жарығын.

Жан-рұқ және дәні иман,

Мұхаммед сипат «Бол» күнің.

Жеті күннен бой жарығың,

Сипаты Алла өзінің.

Жетінші сана -Мен болып,

Келеді иман байлығың.

Киімің Алла Өзінің,

Ар сауыт қорған сөз үнің.

Баураған Алла барлығын,

Кіші әлем-Адам жан күйің.

Адам жан, дене киімің,

Жарықтық сипат өмірдің.

Жарықтан бейне өсіріп,

Салдырған сарай жан үйін.

Түбінде келер өлімің,

Таусылып тұзы өмірдің.

Жарығың тағдыр жазылған,

Аруақ боп бейне тегіңнің.

Жарығы ішкі өмірдің,

Менікі мен екі меніңнің,

Мен мәңгі жан ұждан боп,

Ақталған атың Есімің.

Меңгерген көркем есімін,

Қасиетін алып өзінің.

Алланың досы Біз болып,

Жалғыздар құрған Бірлігін.

Жарықтың нұры тегінің,

Иманның дәні өзінің.

Бір ғылымнан иман өсірген,

Сәждесі адамзат өмірдің.

Үлгісі құлшылық дінінің,

Иманына жалғап өлінің,

Біліммен жарық көбейтіп,

Өсірмек иман егінін.

Бәйшешек бақша ұлтыңның,

Ризығы мал, жаны тірінің.

Дәстүрің тура жол болған,

Ризалығын алған өлінің.

Дәнінен иман менінің,

Бөлшегі ұлттың тегінің,

Өсірген рұқтан сөз үнін,

Бақшасына кіріп ділінің.

Үкіммі аят сөзінің,

Құлшылығың маған дініңнің,

Елшілеріне Алла табын деп,

Адамдық қасиет үлгінің.

Бір Алла өзі тәңірің,

Сипаты Біздер нұрының.

Елшісі деген Мұхаммед,

Меңгерген ислам бірлігін.

Таза ақыл дінсіз Раббының,

Патшалығына Құдай өзінің,

Енгізу бүкіл халықты,

Мақсұты әлем діннінің.

Аян мен уахи тілінің,

Бейнесін аруақ сөзінің.

Меңгерген тақуа ғылымын,

Дамытып заман білімін.

Алдағы тағдыр білімін,

Еститін сопы жар үнін.

Сақтансаң сақтар дегенді,

Хабарлап құдай шындығын.

Қарасаң тақуа бүгінгің,

Сипатын білмей өзінің

Аманат, тағдыр ақталмай,

Имансыз өлі сенімің.

«Тура жол-Масһаб» дініңнің,

Ортағы болды тәңірдің.

Әлемді қалай құтқармақ,

Құдайсыз тәпсір білімің?

Ханафи дінсіз ақылың,

Бола ма мұндай тақылың.

Құдайсыз қурай сынбайтын,

Меңгермей қазақ дәстүрін.

Тыңдаған әулие ақылын,

Табады жанға жақынын.

Үзілген жібін жалғайды,

Аманатын алып тағдырдың.

Алланың досын асылын,

Ұлағаттау адамдық қарызың.

Меңгермей иман шарттарын,

Жеті сипат діндік парызын.

Төрт намаз қалған парызың,

Көбейтпес Мен ішкі жарығын.

Алты ауыз жаның өне алмай,

Қалады ажырап тағдырың!

Имансыз сенім ақылың,

Қақпаны ібіліс жасырын.

Жыныңа қосып шайтанды,

Терістер Алла танымын.

Ұрлаған ұлттың ақылын,

Масһабшы, сәләф уағызың.

«Намазхан» болған топтар көп,

Көрсетпек жүзін Раббының.

Хикметі, кереметін хақ үнін,

Меңгертпей құдай уахиын.

Тура жол ондай дін емес,

Терістеп жүрген ата дәстүрін.

(Шілде айы 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *