Қарызбын мен өмірге

Бөлім: Ата-дәстүр өлеңдері №3 101

Бауыржан Қарағызұлы

Бұл Өмірді біреуден сұрап алған жоқпын Мен.
Қалай сүргім келеді, солай сүрем қарағым…
Жақсылықты шынайы жақсылықпен таптым Мен,
Өзіме-өзім сенемін, өзіме-өзім жүрегіммен қарадым…

***  ***

Өмірді мен сыйға алдым Құдайдан,

Білмеймін мен өмірге келдім қайдан.

Білмеймін мен жаным іздеп таңдауын,

Серіктерін тапқандарын қай сайдан.

Білем маған әкем шешем себеп боп,

Бала деген тәтті қылық керек боп,

Бірін-бірі жақсы көріп қалған соң

Жалғандым мен ізін басар тұяқ боп.

Мен Адамнан тарағанмын нәсіл боп,

Хау анамның қанын алдым адам боп.

Аманат бар Мен аталған ішімде,

Қайтар деген аманатты парыз деп.

Қарызбын мен әке-шеше, ұлтыма,

Бабаларға сыйлап кеткен жұртына.

Қарызбын мен жаңа туған сәбиге,

Үйретуге уәде бергем ата дәстүр салтына.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *