Жұмбақ қылған даналар,
Астарлы нақыл сөзің бар.
Ілім мен білім ортасын
Таппаған пенде адасар.
Сауал беріп мен талай,
Сөз жұмбақ қылып таңбалай
Шешуге ой тастағам,
Бермеген жауап оқырман.
Шешейін сөздің жұмбағын,
Жаратылыс сырдың ортасын.
Ілім жеті, білім алты дегенді
Аруақпен ғана қосасың.
Он үш болып қуаты,
Бұл себептің ортасы.
Бірінші мүшел болмақшы,
Қуаттардың торқасы.
Ақылың алты майменен,
Білекке жазған санменен.
Ақ білек ару аталар
Нәзіктер ұят, арменен.
Ерліктің сыны ақылмен,
Білекті шығар біліммен.
Тоны Көк Қаһан бабаң бар,
Меңгерген білім санменен.
Ал ілім қарың жырлаған,
Қалауын тапсаң қар жанған.
Ілім мен еңбек егіз боп,
Бұл сырды ділден ер алған.
Тазалықтан тағдыр боп,
Мүшесін атар шынтақ деп.
Әке-шешеден тек алған
Шын әрі тақ сан боп.
Нәзіктің шынтағы жалғанған,
Айнасы болып жатырдан.
Жер рухың таза екені,
Шынтақтан кітап оқылған.
Еркектің жайы белгілі,
Шынтақтан біл белдіні.
Ғылымда бұл сыр белгісіз
Адамзаттың мөрі нәсілі.
Қолтықтан иман үй алған.
Ішекпен қарың жалғанған.
Үш белдеу болып қолыңда,
Жалаңаштан арың жоғалған.
Шұғара аруақ кітабы,
Қанат боп қолда тұрады.
Қол бала, қанат дегенің
Аруақ боп сенен туады.
Шайтаннан алып білімді,
Қазақта шынтақ бұзылды.
Еркек түгіл әйелдер,
Тарылып жері бүлінді.
Ал енді саусақ, алақан,
Бұл сырға қалай жалғанған?
Білезік тағуда не сыр бар,
Құпиясын кім шеше алған?
(Т.Б.К Желтоқсан 2013)