Қазақтың бар дін дәстүрі,
Білгенге ғылым жан сыры.
Қонақ келсе айтатын,
Алты ауыздың бар сыры.
Мағрипаттан бұл қалған,
Ясауи баба жол салған.
Алты дәм бар тататын
Алты ауызды тарқаттым.
Алты ауызға алты дәм келді,
Бас деген негізгі мәні еді.
Алты мүше, алты ауыз,
Қазақ білген «Нан» еді.
Екі еріннен бірінші дәм,
Тілмен болар екі дәм.
Ғашықтар мұны байқаған
Жүрекпен ауыз байланған.
Тілің бар қызыл сайраған,
Көмейде тіл бар ойланған.
Басқа бәлен тілден кеп,
Бұл дәмнен болған ел ойран.
Үшінші дәм бар көз көрген,
Оң мен солын меңгерген.
Көзбен дәмді кім білген,
Сопылар көзбен нәр ілген.
Төртінші дәм бар естіген,
Естумен де талай дәм сезген.
Бір жағың дыбыс, бірің үн,
Түсініп пенде сүйсінген.
Құлақтың көзі ашылса,
Тылсымнан уахи үн алса
Төртеуің дәмің түгел боп,
Төбемен бұлар жалғанса.
Бесінші бар келетін,
Төбеңе ризық бертін.
Екі көздің дәл ортасы.
Мұрынмен тұрар жалғасып.
Мұрында ауыз иіске,
Бесінші көзге тиісті.
Ініңнен келер тынысың,
Меңгерсең діннің діл ісін.
Ал енді ауыз табаннан,
Ақ табан болсаң ағарған.
Құранда ашық аят бар,
Пайғамбарлық қасиет жалғансаң.
Алты ауыз алты кие еді,
Даналар мұны біледі.
Төрт тобық және табанмен,
Балтырға балды түйеді.
Ақын көп қазақ елінде,
Сөз түзген түрлі көңілге.
Көңілдің және бар аузы,
Жетінші ауыз бұл енді.
Жеті сүйек, жеті ағза,
Пайғамбар сәжде қылған да.
Үш жеті мүше жалғанып,
Аруағын туар адам да.
Еркектің жаны қанатсыз,
Жаралы құстай шарасыз.
Жарынан қанат алмаса,
Иманың да болар тұрақсыз.
Ал дін білгендер кеңесін,
Жабылып мұны тез шешсін.
Жетімен келер ғайыпты,
Аузы қайда көрсетсін!
Шешпеген мұны ақын ба?
Білмеген дәстүр, салтын да
Жаңылтпаш, қисық сөз емес
Қайтарған діншіден кек емес.
Ойлансын деген жастарға,
Шариғат — жол деген мастарға.
Атаңнан діні, жолы аманат
Шежіреңе жалған тарихат.
Жан сырың бар мағрипат,
Жанды білім алған хат.
Қалдырған нақыл артында,
Меңгерсең сырын аруақ.
*** ***