XXXVIII-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 166

Қандайда бір елдің ұлттың сол қоғамдағы отбасылық және жеке пенделердің бақытты, бақытсыздық жағдайын, тектілік сәйкестігін, ата-ана аманатына адалдығын, тағдырындағы қарыздарын өтеген салт-дәстүрі діні ұстанумен құдайшылдығын үш түрлі рухани байлығымен; Денсаулық, Ақ жаулық, Он саулық арқылы анықтау керек. Бүгінгі таңдағы қазақ елінің де; ұлттық жобамыз, дәстүріміз, арманымыз, дін ұсанымыз, ғылым-білімді аталып, ел билеудегі саясатымыздың бәрінің нәтижесін үш байлықты меңгерумен өлшенуі керек. Бірінші байлық болып, адамзаттың Адам болып қалыптасуының белгісі; денсаулық байлығы екені де хақ.

Әрбір жартылыс нәрсесінің, себебінің, қуттық жүйесінің өлшемі сипатын анықтай білумен ғана ақылымыз толымды болады. Бірақ қазіргі таңда біздердің ел билеушілерімізбен зиялы қоғам, дін ғалымдары мен білімді қоғамның жете мен сана атты екі күнін шайтанға ұрлатып алғандықтан, жалпы ұлттық тұрғыдағы денсаулық байлығымыз түгел, деп айтудың өзі қателік. Себебі әрбір пенденің өзін-өзі танып, қоғамдық өмірдің жағдайын бағалай білуі, заманға сәйкес өмір сүру қабілеті мен сенім, иман, нанымы да денсаулық атты қуаттық жүйенің сипатына тәуелді болуы шарт.

Денсаулық туралы орыстарда; « …здаровем теле здаровый дух..» деген сиқты мақалдары болса, қазақта; Тәні саудың жаны сау деген. Тәніміз жер анамыздан туындысы болса, жанымыз көктің жарық туындысы болады. Бірақ тән мен жаның ортасында аралық ортақ азығы, қуаты болып, яғни жан сау болу үшін де рұқымыз таза, күнәдан пәк, тәнімізді қозғап өмір сүру үшін күресуге керекті малдық қуаттарымыз, қайратымыз өз жасымызға, жыныстық ерекшелігімізге сай болу керек.

Сонымен дені сау адам баласы әлемнің кіші көшірмесі, қуаттық жүйесінің бейнесі болмақ. Енді тәіміздің тіршілігін қажетін қамтамасыз етіп, жанымызды тазартып, көбейту үшін материалдық, қаректік азықтармен бірге екі аралық қуаттық рұқымызды (рухани азықтарды) меңгеруге және оның сарайы, ақыл, жан ошақтарын, ағзалармыздың саулығын сақтауға, жандық, малдық қуатарымызды өсіріп көбейту арқылы бір-бірімізге және әлемдік жүйеге қуат қосуымыз денсаулықтың кепілі болуы керек. Сондықтан малдық, жындық қуат күшімізді өмір сүруге лайық бейімдеу үшін де білім және ілім негіздірін, өмір сүру қағидаларын бағыт-бағдар беруші жарығын меңгеру керек.

Жер бетіндегі тіршіліктің тәнің, ніпсінің қажетілігін, тірі болып қалудың жағдайын қамтамасыз ететін білімнің теріс ойдан, яғни ібілістік білімнен көк пен жердің арасынан пайда болады. Құран аятында; «Көк пен жерді әрі екі арасындағыларды босқа жаратпадық, Ол қарсы келгендердің ойы. Сондықтан оттан азап болатын қарсы келгендерге не өкініш!» (38-27) Олай болса барлық жаратылыстың білімінің үні ой болып теріс ой қуатты шеріктер көкте, жерде, екі аралық жаратылыс егелерінде шеріктер болып саналды екен. Және барлық жартылыстың қозғалыс, қуаттық жүйесінде уақыттың себептерінде Алланың белгілері яғни өзіндік сипаты ойы, яғни адамзаттың серіктік қуаттық жүйесі бар деп ескерткен (2-164) аятта.

Сонымен біздер жер бетінің тұрғыны болып, өмір сүру барысында шеріктерді тазартып меңгерумен, серіктік қуатарды өзіміздің жанымызға, рұқымызға қосумен Алламызға құлшылық сәжде жасаумен айналысамыз. Шеріктер теріс ойдан түрлі қарсылық қуаттар «вирустар», жегілер, өрістік, сасық иістік, қараңғылық сипатарында үлкен, кіші, ұсақ бейнелері болып біз оларды ауа арқылы да тыныс алу жүйесі арқылы тазартып жағып пайдалы қуатқа айналдырамыз. Сондықтан жаратылыстың барлық нәрселері адамзаттың шамасына қарай жер бетіндегі тіршілігін қамтамасыз етуге пайдалану үшін жаратылған. Аурумыздан сауығу үшінде оған қарсы У-ды яғни теріс ойдың қуатын пайдаланамыз.

Енді адамзаттың жақсы тұрмыс құруы, қол еңбегінің үлесін азайтып, бәрін мәшинемен, құрылғылармен басқаруға, өмірдің қызығын көруге арналған қандайда бір білімнің ібілістік негізден пайда болуын да естен шығармау керек. Білімнің негізі жарықтан пайда болатыны және жарықтың оттың жалынан күлгін түсті ібілістік білім болып, әлемннен өз орнын алу үшінде, оның тұғыры ақылға қосылып шырақ арқылы ғана жарық беріп пайдалы қуатқа айналады. Шерік қосылу дегеніміздің себебі ақылға теріс қуаттың араласуымен ақылдың әлсіреуін туындатып естіліктің жоғалуына соқтыратын артына түрлі тән ағзаларын дертке, ауруға айналуына себепті айтамыз. Сондықтан адамзатқа ең басты сынақ білімді меңгеру барысында ақылдың сапасын жоғалтып азғындық жолға түсіп алуымен болмақ.

Ал ақылдың таза ойдан, құдайлық нұрдан, ғылымынан пайда болатыны және оны жер бетіне түсірген діндері арқылы ғана меңгеруге бұйырғанын да естен шығармау керек. Бірақ біздірге түсірілген діндердің білімдеріне де теріс ойдың араласуымен ақылмен өлшеп алмаған жағдайда, қуаттық қатынасы азайып, дін білімдерін ақыл деп түсініп, құлшылыққа айналдырып өмір сүру әдетінен түнек күштерінің қызметшісіне айналып алу да заңдылық. Абай атамыз; «Ғылым көпке келіп пе? Біреуден тарап па? Хикмет көптен тарай ма? Бірден тарай ма? Көпке қорлық жүрмей ме?..» (23-сөз) деген өсиетінің сөз астарына, ойына үңіліп көредіңіз бе?

Әрбір адам баласы жалғыз жаратылған. Яғни ешкімге ұқсамайтын қасиеті, тағдыры, жанына берілген аты бар. Дінімізге сәйкес өмір сүру арқылы ғана біздер жалғыздық сипатмызды меңгерумен деніміз сау болып аталмыз. Әрбір дені сау пендесіне құдайдың уәдесі нұры, білім аян, уахи болып жанына жазылып отырады. Мұны иман келтіру, құдайлық білімді меңгеру, жобасын алу, яғни ғылымнан кітап алу деп атаған жөн. Құдайлық білімге, ғылымна толық жалғану барша адамзатқа бұйырмаған. Сондықтан да Абай атамыз ғылыммен хикметі бірден көпке тарайды деп ескерткен. Қазіргі таңдғы қазақ ел билеушілерінің үш тілмен білімді меңгеру арқылы барлық жастарды ғылымды қылмақ болып жатқан әркеттері ібілістің теріс ойымен керісінше ғылымнан ажыратумен, жанын өсірмеудің, ұлттың денсаулық байлығының тамырына балта шабудың амалы болмақ.

Сол сияқты діншілерінің масһаб тура жол яғни ғылымды болу көптің ісі деген, тәпсірлік білімге негізделген құлшылық амалдары да осы теріс ойға негізделіп, құдайлық жобадан жаппай бас тарумен байланысты, денсаулық байлығына қарсылық екені де хақ. Және ғылымды болу құранды арап тілінде жатап алумен байланысты деп түсіндіреді. Раббымыз аятта; «…Мұхаммед саған уахи бітуден бұрын Құранды оқуға асықпа да: «Раббым, білімді артыр!»,-де. (114) Рас бұрын Адамға үкім берген едік. Алайда, ол ұмытты. Оны төзімді тападық.» (20-115) Олай болса, құран кітап тұрғысында насихат болып Адам атамызға да беріліп, құран болып арап тілінде жинағы түскенін және оның білім үкім-аян түрінде Раббымыздан беріліп отыратын ескертіпті. Адам атамыз бұл білімді алмай, тиым салған ағаштың жемісін жегенін ескертеді.

Сондықтан да пайғамбарымызға құран аяттарын уахимен ала салысымен оны түсіндіруді шектеп, толық оқылып болғаннан кейін таза ақылдан білімін алып қана насихатын меңгере алатынын ескерткен. Олай болса біздерде құранды оқып оны сол қалпымен немесе өткен замандағы білімдерге сүйеніп тәпсірлеуден Раббымыз тиғанын білген жөн. Неге десеңіз құран шындық тұғысында қызыл түсті нұрмен уахи болып оқылса, ал Раббылық білімнің сары түсті бастапқы нұр екенін білген жөн. Жалпы аян дегеніміз сары нұрдың ақтың ішінде бейнеленумен байланысты болады. Ақ жанның періштелік сипаты болып, оның ең жоғарғы жеті қанатты дәрежесі Мұхаммед пайғамбарымыздың жаны екенін де жадыңызға тоқып алаңыз. Ата-аналармыздың жандараның қанатына қарай аяндардың да жеті дережелі берілу, көріну сипаты кітабы болады. Бұл мирас кітаптардың сипатын алдыңғы таруларда баяндадық.

Олай болса; Раббылық білімді, аянды сары нұрды меңгерумен ғана, ақылымызды қуаттандырып, білімімізді теріс ойдан тазарту арқылы, құран аяттарының қызыл нұрын, ой үнін анықтап, насихатын түсініп, ақылымыздың сапсын артырумен яғни денсаулықтың өркениетін қалыптастырумен байланысты болуы керек. Ал Раббылық білімнің, аянның қызыл түстің негізінен жаралған рұққа емес, ақ түстің негізінен жанның тазалық сапасына қарай аяның да өз дәрежесімен құпия білім болып жазылуынан ғана жалғыздықтың, бір сипатының қасиеті пайда болмақ. Денсаулықтың кепілі болған жан саулығы мен рұқ тазасын, құдайлық таза ақылды меңгеруге ілімнің, ұстанған дініміздің әрекетімен ғана мүмкін болмақ.

Оң сипатты шындық негізінен, ойдың қуатынан пайда болатын іліммен және теріс ойдың, сезімдік негізіндегі білім қуатының жаратылыстың басынан бері өз ара қарама –қайшылықта болып, екі басын тең ұстап, үнемі ортасын тауып ақыл арқылы ғана керегін өлшеп алумен ғана адамзаттың жер бетіндегі өмірі бақытты болмақ. Ал білімнен бас тарту арқылы, ілімнің соңына түсіп оның ішкі қайшылығы теріс ойын аңғарудан қалып, дін тазасы осы деп ислам әлемнің адасуы да, ой қуатын, ойшылыдықты меңгеруден бас тарудан болғаны да хақ. Ойшылдық мектебінсіз, ақылдың өркениеті ғыллымды меңгеру тоқтап, қандайда өлшемсіз меңгерген білім, ілімнің адамзатты азғындыққа түсіру, түсіріп жатқаны да хақиқат. Ал бүгінгі қазақ ел билігінің саясатымен үш тілді меңгертіп барлық жастарды ойшыл, философ қыламыз дегенен артық надандық бола ма?

Шындығында; «Білім адамзатты тозақтан да құтқарады» деген даналар. Бірақ білім теріс ойды, және тозақтық жүктерді, қара қуаттарды меңгерумен байланысты болып тозақтық ата-аналарымды құтақаруға да себеп болады. Ал егерде ілімнің, діннің жүйесі Раббымыздың жалғыздықты меңгерген қасиеттілердің құдайлық білімге жалғанумен, ғылыммен басқарылмай, кітаптық тұрғыдағы білімділердің ықпалында кететін болса, онда дінде азғындықтың пайда болуымен, әлемде бүліншілікке соқтыру заңдылық. Қазіргі таңда бағзы замандағы ілімнің ақ бұлағына білімге айналған дін қағидаларының білім арқылы ғана пайымдауынан немесе сол қалпында ақылмен тазартып, өлшенбей, осы замандық өмірге көшіріп алудан әлемдегі рухани дағдарысқа исламдық дінінің себепші болуында да заңдылық бар. Олай болса, денсаулық байлығымыз қалыпты болуы да мүмкін емес.

Енді іліммен, білімнің екеуінің ортасынан адамзаттың даналығы ақылдың қуаты пайда болып, замандық өзгеріске тіршілікке қарай бейімделген, ұлттық негіздегі тарихи тәжірибелері мен ғибараттарынан денсаулық атты ақыл мен өмір тәжірибесінің бірлігінен естіліктің қуаттық сапасы пайда болады. Сонымен денсаулық байлығын ұлттық, жеке адамдық дәулет, жалғыздық сипаты деп атаған жөн болар. Дәулет тұрақсыз, оның күтімі, күзетшісі де керек. Себебі есті шығаратын, жоғалтатын дүниелік қызықтың, ібілістік әсерлердің шабуылы өлім жеткенше тоқтамайды. Біздер дәулет-денсаулықты, тән қажетін өтеу арқылы, сырттан екі аралық жаратылыстармен қуаттық қатынасымыздан тауып, іште ағзаларда сақтап, сыртқы жаулардан, ұрлатудан, жоғалудан дініміз арқылы қорғауымыз керек. Діннің мақсаты жаратылыстың себебіне, қуаттардың жүйесін меңгеруге адамзаттың заманға тәуелді түрде бейімделіп, қарсылыққа түсіп азғындамауына жәрдем беруі керек.

Жаратылыстың негізгі шарты; «Барлық нәрсені жұп парымен жараттым деген» жаратушымыздың үкімін басты назарда ұстауымыз керек. Және жұп негізі екі санымен, ал парлық үш санымен байланысты болуын жадыңызға тоқып алыңыз. «Сендерге түсінікті болу үшін барлық нәрсені парымен жараттым» деген Алла тағала. Құранның жалпы түсінігі 3-сүремен, елдіктің сипаты болса, 2-ші сүре жұптық негіздердің бастауы, қағидасы деп білу керек. «Екі жарты бір бүтін болу» дегеніміз жұптасу арқылы парға айналумен байланысты. Жарты –жалғыздық адамзаттың жаратылысы болмақ. Бір-жалғыздық, Алланың өзіндік сипатында, ақиреттік өмірде қайта жаратылу түп негізге қосылумен байланысты. Алланы өзі-Бірлерінсіз ешқандай ісіміз, амалымыз жарыққа айналмайды. Қарсылықпен ғана жалғанып, шеріктер қосылады, денсаулық байлығы қалыптаспайды…(жалғасы бар Тамыз 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *