XXXIX-Ойға түрткі, ақылға дем Құдайшылдық және денсаулық, ақжаулық, он саулық дін байлығы

Бөлім: Ойға түрткі ақылға дем 128

Ақылдың естілік тұрғысында адамзаттың қалыптасуы үшін; оң солын білу арқылы өмірден өз орынын тауып және төрткүл дүниенінің төрт жағын танумен жер әлемін, өмір сүрген ортасымен жаратылыс әлемімен қуаттық жүйеде тұтастықта болумен ғана адамдықтың, даналықтың сипатымен бейнеленуі керек. Адамдықтың танымы; ішкі қасиеттің (тігінен, биіктік) 3-сипатына және сыртқы әлеммен, кеңістік көлемдік төрт жағына қатынасымен 7-өлшемді танымдық қуаттық жүйе шығады. Әлемді жеті күнде жараттым деген аяттың негізіне сүйенсек, адаматтың жаратылыстың қуаттық әлемдік толық жүйесінен туылуы 7-жарықтық жүйемен байланысты болмақ.

Адамзаттың жер бетіндегі тіршілігінде әлемдік 7-жарықтық жүйеге қосылуға 7-қараңғылықты, түнек күштерінің қарсылығын жаратқан. Және ешқандай тең қуаттарды жаратпағанның дәлелі болып; жарықтың тұрғысында, ақ түстің негізінде 8-түрді, сегіз жаннаттық ақиреттік өмірді, Алла тағаланың сегіз сипаттық қадір қасиетінің негізінде тарқатқан. Сонымен әлемдік жеті жарықтық жүйені меңгеру барысында адам баласының туылуы, көбейуі бір жарықтық сипатты өндіріп, одан үш түрлі жарықтық қасиетті тарқатумен, көбейтумен және бір қуатқа жүйеленумен ерекшеленеді. Сондықтанда аспандық әлемдік жарыққа айналу 10-сандық өлшемен кезеңдермен, 10-күнмен байланысты екенін құранда ашық баяндаған.

Жеті күндік жарықтық белгіні жеті өрсімізбен, чакрамен белгіліп бой жарығы аталса, ал үш күндік жарықтық негіз Алланың өзі сипатынан; Алла тағалалық- ақ түсті періштелік, жандық; Раббылық –бастапқы сары нұр негізін ғылымдық; Тәңірлік қызыл түсті шындық арқылы қара түсті де меңгеруменбайланысты. Және бұл сипаты тек қана адамзаттық ақыл-ойының, даналығының нәтижесінде ғана меңгеруге Алланың жер бетіндегі орынбасарлық қабілетмен, қадірмен байланысты кісілік ұғым. Олай болса, жеті белгі әлемдік жарықты да біз адамзаттың өнімі үш жарықтық, кісілік қуатпен көбейтіп меңгереміз де 21 санды ақпараттық жұлдыздық жүйеге (ата жолыныда Айша ананың ақ туында) тұрақты байланамыз. Осы үш кісілікті меңгерудің үш түрлі құлшылық негізі болып, бір жүйеге қосылғанда қазақта «Үш байлық» негізін қалыптастырады деген түсінік қалған.

Ал, енді жердің өлшемдік сандық белгісі 14-санымен байланысты болуында да жұптық тұрғыда жарықтық негіздің (7+7) жер ана рұқымен байланысты болып, адамзатты жер анамыз туады деп түсінеміз. Біздер үшін қандайда бір қуаттық жүйенің оң, сол қарсы бағыттардан тұратынын да естен шығармаңыз. Бір жеті еркектен рұқпен екі арлық кеңістікпен жалғанумен, екінші жеті әйелден жер ана рұқымен жалғану болып, «Екі жарты бір бүтіндік» яғни үшінші көктік жарықтық көк тәңірлік жүйені меңгерумен байланысты болмақ. Жер бетінің тіршілік өмірінде; малдық (жындық негіз), жандық, арлық қуаттық жүйенің жер анамыздан туылған тәнімізде үш түрлі жиліктің мекені, сарайы болатынын да білген жөн. «Малым жанымының, жаным арымның садақасы» деген ұғым осы қуаттық жүйе ерекшеліктердің табиғатын меңзейді де (3+3=6) аятта; «…Үш кісі сыбырласса; (ойлау, көру, есту) сөз жоқ төртіншісі, әлбетте бестің (бес сезім бес ақыл), алтыншысы Алла..» (58-7) деген ескертумен әрбір пенденің құдайлық болмысы болған Мені арқылы басқарылуын, үш түрлі құлшылық сәждесінің намаз орындау амалының, үш байлықтың негізі болуын білдіреді.

Бұл аяттың сандық жүйенің өзі адамзатың рухани қуаттық жүйесінің (5-сезім, 8-түр- жындық, 7-жарықтық, аруақтық) қалыптасуын көрсетіп тұрғаны жақ. Және жанның сыртқы дүниемен, екі аралық жаратылыспен, 6-күндік табиғат әлемімен байланысы; 6-түрлі кезеңдік қалыптасуы болып, адамзатта жеті жанның аруақтық негіздің кітабы барын жоғарыда баяндадық. Жер бетінің тіршілігі 6+6=12 санды қуаттық жүйемен өлшену ерекшелігі де осындай жанды өсіріп көбейтуге байланысты болып; 4-мезгілдік сипатқа, төрт жақтық, 4-көздік кеңістікпен жалғану ерекшелігін «Төртеуді түгелдеу» болып қалыптасуы керек.

Сондықтан да адамзаттың бірінші байлығының қуаттық жиесін қарастырсақ; адамзаттың туған жерімен қатынасымен, жерге деген құрметімен, жер анамыздың табиғаттың, жан-жануарлар мен өсімдіктер әлемімен де ақпараттық тұрғыда байланыста болып; 6-қуаттық, қозғалыстық жүйемен берік жалғануымен ғана қалыптасуы шартты. Қазақтың даналық ұғымында мұны «Уақ» яғни уақыттың мезгілдік бөлшегі ретінде түсінген. Енді адам баласының рұқпен жаның қатынасынан, кісілігін пайда болуы 3 сипатты биіктік кеңістіктің уақыттың, тағдырдың бейнелік үнімен, және 6-сипатты (6-күндік) жер әлемі оның көкпен екі аралық жаратылыстық тұрғыдағы жүйелік замандық қозғалыстың, әлемдік жандық жүйенің қозғалыс бірілігіне жанның 9-санды қасиеттілік белгісі кісілік байланысы пайда болады. Олай болса 9-сандық негізден; 9-жолдың торабында болу, үйірмен үш тоғыз, тоғыз төрелікті меңгеру т,б үш байлықты меңгерудің құлшылығы пайда болады.

Тоғыз санмен өлшенетін иманың (9; 49) негізі болатын; тәубелік, өлімдік, бір жағдайдан келесі жағдайға өту қасиетімен дәрежеленумен маңызды болмақ. Дін тұрғысында төбеміздегі жеті жол және өзіміздегі екі жолмен; жандық -періштелік сипатпен жындық-малдық-кісілік қуаттық жүйелер бірлігінен тоғыз жолдың торабында болу тура жолдық сипатты білдіреді. Енді дін саясатымыздағы; Ханафилік сенімді меңгерумен байланысты тәпсірлік білім тұрғысындағы шариғат дін ісін, бес күндік қарсылық, сезімдік жалғандықты меңгеруді тура жол, деп атаудың ешқандай жаратылыстық ғылымдық негізі де жоқ. Шариғатты меңгеруден денсаулықтың негізі іргетасы қаланғанмен, толық үш байлық болып, бір есіліктің жетілуі де мүмкін емес. Естіліктің үш негіздегі қуаттық жүйенің, сегіз түр жындық қуаттармен жүйеленіп (3+8=11), алты ақылға дәрежеленіп (6х11=66) жер әлемінің және екі аралық қозғалыстық қуаттық жүйелердің үнімен жалғануымен және ойдың қуаттық жүйесі әлемнің жеті күнімен (7х11=77), жаратылыстың ішкі сыры үнімен бірлігімен (66+77=143) ғана байланысты қалыптасады.

Бұл сандық негіздің арап елдеріне орта топтық құлшылықтың белгісі болып (2-143) аятпен баяндалған. Ал енді пайғамбарлық намаздың хақиқатпен (ақаиқатқа жету) байланысты (2-147) аятпен баяндалғанын тоқталсақ, онда ұлттық үш байлықты, немесе ар білімін, ар қуатын толық меңгерумен яғни тарихат, мағрипат, ақиқат іліміне жалғанумен ғана байланысты екенін қазіргі масһабтың қателігінін айқындап тұрғаны хақиқат. Себебі ақылмен қабылданатын барлық жаратылыс нәрселерін парымен ғана жараттым деген Алла тағала. Ал парлық жаратылыстың тақтық негізде үш санымен байланысты қалыптасатында жадыңызға тоқып алыңыз. Сондықтан қандайда жаратылыстың себептері, қуаттық жүйесі, уақыт, тағдырдың бейнесінің түсінгі 3-өлшеммен ғана ақылға түсінік болып енеді. Діннің де толық түсінігі шариғат, тариғат, мағрипат болып төтінші жағдайда ғана Алллаға бірігу мен тура жолға жалғану деп түсіну керек. Кеңістік жұйлік қуатарды жұптық, жұптасу арқылы меңгерсек, ал биіктікті парлық тақтық тұрғыда меңгерумен Алламыздың өзіндік сипатына жалғанамыз.

Адам баласының барлық жаратылыс егелерінен ерекше жаратылып, жер бетінің халифасы, Алла орынбасары болып бейнеленуі де көру, есту, ойлау (парлық тұрғыда түсіну қабілеті) кісілігінің негізін меңгерумен байланысты жандық, рұқтық және малдық қуаттардың бейнесі жүрек, ақыл, қайраты болып қалыптасуымен үш байлығы, денсаулық, ақ жаулық, он саулық байлығымен, яғни 3+3+3=9-белгімен толық кісілігі қалыптасады. Кісілігімізді бағамдап, пайымдау үш түрлі қасиеттің, тектіліктің жағдайымен көру, есту ойлау қуаттарының теңдігімен жандық, рұқтық, малдық қуаттарының жағдайын анықтай аламыз. Адам баласының ана құрсағында үш қараңғылықты меңгеріп өсіп жетілуі осы үш қасиетті үнді бір жарыққа жүйелеумен кісілік сипатымен (9-ай 10 күн) байланысты болмақ.

Ана құрсағында қанымызбен алған көру қасиетімізді яғни жандық қуатының жағдайын, яғни сыртқы бейне естілігін жасына, ортасына ар ұяттылық сипатына, қылығына қарай киім кию үлгісімен бағалау керек. Егер анамызда ұятылық көру қасиеті шайтанмен негізделсе онда жалаңаштықа құмарлық, қалай болса солай киінуге еліктеудің де сезімдік ақылдың теріс қасиетілігі, көңілдің соқырлығы пайда болады. Көңілі соқыр пенденің адамдықтан алшақтап ұятты сақтау қасиеті жоғалып; орыстардың «По одежде встречает по уму проважает», «Ұяттылығана қарап қарсы ал, ақылына қарап шығарып сал» деп мақалдаған. Ал енді есту қасиеті қайратылығымен, сөз түсіну, тыңдай қабілетімен, түйсікпен жындық қуаттың шамасымен байланысты болып; «Саңырауға сәлем берсең атаңның басы дейді»,«Саңыраудың астына түспе» дегенде мақал бар.

Ал бұл қасиеттің жетілуін, «Сақ құлақ, ақ құлақтық, қатты құлақ болу» деген ұғым бар. Негізінде біліммен, біліктілікпен байланысты болып, көру қабілетімен негізделіп, ойлау қабілеті жоғалғанда есекке теңеген. Көру, есту қасиеттерінің ортасы, төрешісі ақыл болып, ақылдың ойлау қасиетімен дәржеленунебайланысты; тән саулығымен, жанның қуаттылығымен естілік денсаулық байлығымен, адам баласының сырттан алып ішке сіңіре білген тектілігі яғни негізгі рухани дәулеті деп атаған абзал болар. Дәулетілік, естіліктің сарайы болып; әйелде етекпен, еркектерде аяқтың тазалығымен жер анамен жалғанумен негізделеді. Және саналық ақылдың да жалғану жүйесімен байланысты болмақ.

«О Құдай бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең ала бер» деген екен текті бабаларымыз. Саналық қуаттық жүйенің ойлау қасиетімен әйел, қыздарымыздың, аналармыздың етекті, ақ босаға қазықты болуымен, жер анамызға тұрақты жалғанып тұруымен яғни табандарының тазалығымен, аяқтарын арамдамай, сұқтандырмай, жезөкше болмауымен байланысты болады. Қазіргі таңдағы шалбар киіп, ашық шашық жүрген қатын, қыздарымызда ойлау қасиетінің жоғалып, қалай көрсе соны ақылға алып, естілік ақылды естуден қалып, ойлау қасиеті яғни саналық қандағы ұлттық ділі мүлде жоғалтып алған.

Ұяттылық қасиеттің қуаттық жүйесі де көру және ойлана білумен, ерлерде естіп ойлана білумен байланысты қалыптасады. Ал ұяттың Алла тағала ғылымының қызыл түсті шындық сипатынан болып, ойлана білудің үштен бірін құрайды. Аталармыз; «Әдебі жаман ауылға әйеліңді апарма» деп шындықты түсіну қасиетін жоғалтып алмауды ескертіпті. Сондықтан әйел мен ердің құдайлық шындықты меңгеру де екі түрлі болып, көру қысқа жилікті, есту ұзын жилікті қуаттық жүйе екенін де ескерген жөн. Ал енді ұяттылығы қалыптасып үлгірмеген ана ділінен толық жалғанбаған жас балаларымызды үш тілмен ғылымды-ойшыл қыламыз деген, яғни қызыл, сары, көк тәңірлік жүйені құдайсыз меңгермек ел билеушілердің саясаты ұлтты мәңгілік жойумен, құдайшылдықты мүлде жоғалтумен айналысып жатқандары да хақиқат. Ойдың Алланың үнсіз тілі, тіл білімінен болып оның үш сипатты түрден тарайтынын 9-белгімен, жолмен бейнеленетін, соңғы түр жасыл болып, Мұхаммед пайғамбарымызға тән екенін де естен шығармаңыз. Ал теріс ойдың білімі күлгін ақ түсті негізі ібіліс екенінде ұмытпаңыз. Мұнан көктік 10-,саның сипаты пайда болып, ой әлеміне жалғануды білдіреді.

Сонымен үш байлықтың негізі; Денсаулық дәулетті сақтаудың әрбір ұлттың өзіндік тарихы өмір сүру ерекшелігі мен дін дәстүрі болуы да шартты. Енді денсаулық байлығымыз ақыл, ғылымның сарайы тәндік (малдық) қуаттық жүйесінен ғана пайда болмақ. Олай болса, кімнің адамдығы, діні, ұстанған жолы кісілігі дұрыс, бұрысын тәнін қорғап, тазалығын сақтай білуімен, өз ортасында ар-ұятылығын сақтап, өзін ақылмен басқара алуымен, яғни естілік шамасымен денсаулығы арқылы анықтаған жөн болады. Ол үшінде; денсаулықтың қандай қуаттық жүйе екенін, тәндегі ағзаларда оның бейнеленіп көрінуін, жартылыспен жүйелік байланысын және қандай жағдайда зиянға ұшырап, қандай амалдарымен көбейтіп, дәрежелеп меңгеруге болатын қағидаларында ақылмен пайымдай білу керек (келесі тарауда баяндаймыз). Денсаулық негізінде; қайраттық қуаттық шамамыздың, малдық қуаттың тазалығын, өлшемін білдіргенімен; ақыл, жүрексіз жеке қуаттық жүйе болып саналмайды. Және көру, есту, ойлау қасиеттерінің де белгілі шамада өз ара қатынасынан туындайды.

Қазақтың даналығында денсаулықтың кепілі арлылық, ар білімін меңгерумен бағалаған. Денсаулық қуаттың қарсыласы және жұбы жын қуаты, кісіліктің негізгі бейнелеуші қуаттық жүйесі болып саналады. Ал адамзаттың 8-жындық қуаттық жүйеден тұратынын, алу, жарату, қозғалысқа бейнелену қаракетіміздің бәрі осы жүйеміз арқылы орындалатыны да хақ. Адам атамыз жалғыз кісілікте жаратылғанмен, Ібілістің жұптық тұрғыда жаратылысы бар. Бірі іштен нәпсінің үнімен, бірі сыртан әсер беруші сөз білімімен түйсік болып әрекет етеді. Сөз өнерімен, бой өрісмен жындылықтың негізделу себебі де осы құпиядан шығады. Сондықтанда жан мен жын қуаты бірі сезім үні болып, екіншісі сырттан алатын түйсіктің үні болып, үнемі өз ара бәскеде болуы да заңдылық.

Егер жын қуаты таза болмаса, ақылға бағынбаса, онда сыртқы әсерлерді таңдаусыз, талғамсыз ішке алумен, жанның әрекеті, қуаты әлсіреп, жындылық, шайтандық мінез, дерт, ауру болып, ақылдың кемістігі, сөз түсіну қабілетінің әлсіздігімен, адамзат қылығына, іс әрекетіне әсер беріп; «Денің сау ма өзіңнің?» деген қазақта. Жан қуаты мен қайратымыздың шамасын тең ұстанудың қазақ дәстүрінде жасына, қабілет, қасиетіне, жынысына қарай тәрбиесі, қызметі қылықтарының шектері бекіп естіліктің ғибаратты үлгілері де қалыптасқан.

Сондықтан қазақтың денсаулық сұрау амандығы; «Мал (жындық қуат) жаның (адамдық) аман ба?» деп сұрасқан. Қазіргі таңдағы «Денсаулық сақтау министірлігі, Жан сақтау бөлімшесі» деген сөз атауларының денсаулығы бүтін емес, ақыл дәулетсіз, екі есті пенделердің түсінігімен қалыптасқаны да хақ. Қазақтың бүгінгі ел билеу саясатындағы; Нұрлы жол, нұр отан, ақ жол партиясы, ұлт арманы, мәңгілік ел, Назарбаев зияткерлік мектебі, сауатты жазу, т,б сөз атауларының ойы терістелген ұлттық тұрғыдағы, үш ағаш тектіліктің негізі денсаулықтың әлсіреуінен туындағаны да хақ. Жүздеген жыл қалыптасып, нәсілдік тұрғыда бірігіп кеткен орыс халқын жек көргізу, адамдық бүтіндікті туысқандық дін жіпті үзумен байланысты; «Атыңды қазақшала» деген үрдісті қалыптастырушылар да осы денсаулық текті терістеумен айналушылар, шайтаннан болған жындар тобынан болады.

Мұндай дінсіздікті, ібілістік түнек күштерінің әрекетіне қызмет қылушы ағайындарды түзеп жолға салатын; масһаб, муфтият пен дін ғалымдары, теолог аталғандардың да өздерінің денсаулықтары мүлде жоғалтып алғандар екені де сөзсіз. Себебі дін дегеніміздің өзі көркем сөз өнермен, насихаттан сөз ұғымдарының ой қуаттын өзгертпей түсіну, жүрекке сіңірумен, сөз ғылымын түзеумен, рухани тұрғыдағы дәулеттілікті қалыптастырумен байланысты болуы керек. Ол үшінде әйелдерде жүрек көзімен тылсымның бейнелі үнін көру, аян алумен, ұжадандылықпен, ал еркектер үшін бұл қасиетке әйелдер арқылы жалғанумен бірге жаратушымыздың үнсіз тілін есту, уахи алу қабілетіміз және білектілік, біліктілік тұрғыдағы қайратымыз қалыпты болуы керек. Ал қайраттың жүректі тыңдап, ақылға бағынбауынан, бар ақылдың ойдан қуат алмауынан әлемдегі барлық бүлікшіліктің, адасудың, зұлымдықтың жағдайы туындайды.

Мұндай адамдық, қоғамдық, ұлттық сипаттағы дәулетіміздің түрлі қас жаулары мен оның кеселдері, кесаптары тиетін нәрселері де, әрбір заманың біліміне қарай жетіле беруіде хақ. Адамзаттың денсаулық байлығын сақтау және үнемі жетілдіріп отыру үшін, тәннің ағзаларының тазалығы мен қалыпты өсіп жетілуі үшін, малдық қуаттардың да меңгеру тәсілдерін яғни түрлі спорттық, ойындық, тәндік жатығуларды, еңбек етудің түрлі әрекеттерін де жасына, жынысына қарай дін қағидаларына сай орындай білу шарт. Сонда ғана оның адам баласының қайратылығы, қажырлығы, еріктігі қасиетімен жетілуіне жағдай болады, денсаулықты қалыптастырады. Енді денсаулық байлық қазынамыздың жарықтық тұрғыдағы қарсылықсыз жұбы пары болған; ақ жаулықтық, он саулықтық байлығының да меңгеріп бағуын да денсаулық арқылы атқаруға тапсырған жөн.

Денсаулық дәулетіміздің орны сарайы тән болғанымен, оны жан қуаты арқылы ғана жинап көбейтіп сақтай аламыз. Ал жан қуатының қазынасы Ақ жаулықта, әйелзатында болуы да хақ. Олай болса, тән саулығынан жан саулығы, ал жан саулығынан тән саулығының жағдайы қалыптасатыны да сөзсіз. Бұл да тауық пен жұмыртқа сияқты бірінсіз-бірі көбейіп өркендей алмайды деп түсінген абзал. Және денсаулық негізі атадан, әкеден тектіліктен пайда болғанымен, оның жартысы әйезатында қанында ділінде болады. Сол сияқты ақ жаулықтың ана сүтімен келген жартысы еркекте болуы шарт…(жалғасы бар Тамыз айы 2016 жыл)

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *