Шерік қосушылар  

Бөлім: Шәкәрім және дәстүр, дін 115

Адамның ең жақсысы

Үш нәрсеге шоқынар,

Мақтаны, асы нәпсісі-

Шоқынғаны осылар

Асты билер жас болса,

Мақтанар, баққа мас болса.

Аулақта арам ас болса,

Асаудан деме шошынар.

Сайтанмен ойнас жүрегі,

Пайда мен мақтан-тілегі,

Арамға батса білегі,

Жақсыға қайтып қосылар…

(Шәкәрім әулие)

****   ***

Бүгінгі қазақ жақсысы,

Байлық, атақ шені бар.

Дүниемен болып бар ісі,

Діннен бөлек сөзі бар.

Күнде жиын қосылар,

Шаруаны айтып жосылар,

Ар, ұятта несі бар,

Отыз ел арман қосылар.

Бүгінгі қазақ ерлері,

Ақылдан бөлек сөздері.

Суық ми, сасық өрісті,

Ұждансыз жабық жүрегі.

(Т. Б. К)

****  ***

Тамақ үшін тіл жалдап,

Арын сатып елді алдап,

Сауысқанша қылмаңдап,

Әр үйден боқ шоқынар.

Бірін-бірі дос десер,

Жауымның алдын тос десер.

Дос қолымен от көсер,

Өзі аман отырар.

Мен де артынан барам деп,

Өлтірсе, құныңды алам деп,

Құтылмас менен, бәлем, деп,

Аузымен қоқай-лоқылар.

Тілімен бал, ішінде у,

Көз байлағыш көп жаду.

Жақсы атанып өңкең қу,

Алдап алған досы бар.

Арақты судай сіміріп,

Тілі мен уын жымырып,

Маскүнем мәңгі боп жүріп,

Жауырын жаба тоқынар.

(Шәкәрім әулие)

***  ***

Тілшілер жүр тіл жалдап,

Философ, ақын сөз талдап,

Дүниелік байлық уайымдап,

Саясат шықты ел қылар.

Қазақты текті қылам деп,

Құтқарып орыстан алам деп,

«Ов», «Евты» надан деп,

Қана тегін елдің аздырар.

Саясат қуған көп есер,

Гендірлік теңдік біз ерер,

Ар, ұяттыз ел кесел,

Салтына заңмен шоқынтар.

(Т.Б. К)

****  ***

Жүрегі қатып мұз болған,

Майда тілі біз болған.

Қызтеке еді қыз болған

Бейне алдамшы сопылар.

Барма маған бір сын деп,

Ұстағаным не дін деп,

Ойламайды кіммен деп,

Жүрегінде тоты бар.

Қанша жарық нұр құйсам,

Хақиқаттан сыр құйсам,

Өршеленер су құйсам,

Нәпсі деген оты бар.

Күндеп іші қайнайды,

Қызыл тілін қайрайды.

Әлі-ақ өзі жайрайды,

Алдында әділ соты бар.

(Шәкәрім әулие)

***  ****

Тарихатты жеке дін қылған,

Бір әулиені таңдаған,

Тірі пенде пір болған,

Қазақтан шықты сопылар.

Ұжданым менде бар ма деп,

Ақылдың күші қайда деп,

Өліге пайдам бар ма деп,

Жауапсыз қалай дін тұрар?

Атаның жолын қуғызсам,

Хабарын аруақ жаздырған.

Ақылмен алып іс қылған,

Болмады есті жандылар.

Масһабшы тісін қайрайды,

Тура жол деп елді алдайды.

Құдайдан жоба алмайды,

Түбінде бұлар тұтылар.

(Т.Б.К)

****  ****

Ашуланып албастың,

Күндемей мені қалмасың,

Тілімді кесіп алмасың,

Ақты айтуға еркі бар.

Алдауыңа сенбеймін,

Алысып сені жеңбеймін.

Ащы тілмен емдеймін,

Жүрегіңнің дерті бар.

Адамды жауға бермеуге,

Жетсе қолды сермеуге,

Қызтекені емдеуге,

Ақылдың қылған серті бар.

Айырам деп жендеттен,

Тазартам деп індеттен,

Құтылам деп міндеттен,

Иманымның беркі бар.

(Шәкәрім әулие)

***   ***

Атаның жолын алмақтың,

Дәстүріне әулие нанбақтың

Пәтуасы деп масһабтың,

Көреалмастық сөзі бар.

Аруағына көнбейтін,

Аянын біліп көрмейтін.

Тәпсірді түгел жөн дейтін,

Имансыз елде дінші бар.

Ғылымсыз елді жөндеуге,

Ақылға таза сенбеуге,

Заңменен елді билеуге

Шоқынды бүгін басшылар.

Нәпсінің жындық түрі бар,

Шындыққа қарсы іс қылар.

Ата жол, ата дәстүрден,

Бір топты артық қылғызар.

Айырғанмен құрметтен,

Емес деп бұл сүннетен,

Тәпсірге білім сенбектен,

Оянар халық күні бар!

(Т.Б.К)

****   ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *