Сусының діннің саулығың  

Бөлім: Ата дәстүр өлеңдері №8 169

«Бүгін бір ішейінші, құйшы шарап!
Моламнан, өлсем, исі тұрсын тарап.
Тұсымнан қабірімнің өткен адам
Елітіп, естен танып, қалсын қарап. 

Шараппен жуыңдар мен өлген күні,
Жоқтаңдар, шарапты айтып, көмген күні.
Орнынан шарапхана мені іздеңдер,
Дүрілдеп ақырзаман келген күні.

(Омар Хаям)
***  ****

Ғисадай пайғамбардың болған қаны,

Шараптан жұпар иіс аңқыр жаны.

Шарапты тойып ішкен әулиелер,

Қабірінен жұпар иіс дем шығады.

Құранда аятпенен үкім барды,

Алланың ардақтысын ұлықтауды.

Шарапхана ойпаттарды аралаумен,

Тазарған пендесінің рұқ пен жаны.

Саудасы ақиртпен болмақ қаны,

Құрбандықты құранмен бағыштауы.

Орнына жұпар иіс шарап ішпек,

Табанмен төбеменен жалғанбағы.

Қияметтік бұл мезгілі сыналмағы,

Діншілер қарсы тұрып тажалданды.

Сәлемге лайық деген Алла досын,

Тозақтық сипатымен басқа атады.

Әр ұлттың ділінің бар сусындары,

Жылқы мінез қазаққа дін сынағы.

«Аяқшы құйшы қымыз шар кесеге»,

Шәкәрім сопылығынан үлгі қалды.

Ішіп жүр тәті, ащы сусындарды,

Кейбіреу газды сумен діні барды.

Сүтпенен, қымыз, айран қазақ ішсе,

Жолының тура болған бұл айғағы!

Ділінен әйел қаны шарап ішпек,

Қанын таза сақтаған әйел зерек.

Ар ұятты қазақтың текті қызы,

Жанынан сана қуат ерге бермек.

(қараша 2016 жыл)

***  ****

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *